- Елдің
шағын қаржылық ұйымдарының
саласы үшін қаржылық
және қаржылық емес
қолдауды жақсарту
- Аймақтық
салалық үлестіру және пайыздық мөлшерлемелерді
шектеу қағидасын ұстана отырып, соңынан
шағын несие ұйымдарын несиелендіру үшін
қаражаты екінші деңгейдегі банктерде
шартты түрде орналастыру.
- Соңынан шағын
несие ұйымдарын несиелендіру үшін мамандандырылған
(апекстік) қорды құруға атсалысу.
- Шағын несие
ұйымдларының қызметі бойынша деректер
жинау мен талдауды жетілдіру.
- Шағын несиелендіру
бойынша стандарттарды әзірлеу және ендіру.
- Квазиреттемелік
мипаттағы шағын несие ұйымдарының
қызметін бағалауға арналған технологиялар
мен көрсеткіштерді әзірлеу.
- Шағын несиелендіру
жүйесінің қатысушыларын оқып-үйрету
және біліктілігін жоғарылату және шағын
несиелендірудің мүмкіндіктері туралы
халықтың хабардарлығын жақсарту. [7, 93
б]
- Лизингтік
компанаиялармен келісіп
орналастыру бағдарламасын
жасау.
Шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілерін
лизинг арқылы қолдау бойынша бөлек бағдарлама
ұсынылады:
- Лизингтік
компаниялар экономиканы нақты саласынмен
жұмыс істейді, өндірістік кәсіпорындарды
техникалық жағынан қайта жарақтандыруға
ықпалдасады, ал тбөл өз кезегінде кәсіпорындардың
өнімділігінің өсуіне әсер етеді.
- Лизингтік
компаниялар негізінен қазіргі сәтте
несие қорларын жету мүмкіндігі шектеулі
шағын және орта кәсіпкерлік компанияларымен
жұмыс істейді. Бұл орайда лиизингьік
компаниялар ең болмағанда, аталған саладағы
өндіріс көлемдерін тұрақтандыруға ықпалдасады.
- Лизинг кәсіпкерлер
үшін банктік несиеге қарағанда әлдеқайда
тартымды құрал болып табылады , ол үшін
қосымша кепілзаттар қажет емес, лизинг
берілетін заттың өзі қаматамасыз етуге
жеткілікті, рәсімдері оңай әрі ыңғайлы.
- Лизинг сапалы
жабдықты тартуда маңызды рөл атқарады.
Лизингтік компания үшін клиенттердің
қазіргі заманға сай сенімді жабдықты
сатып алғаны пайдалы.
- Ауылдық
жерлердегі шағын несиелендіруді
жүзеге асыратын ШНҰ-рын
тікелей қаржыландыру.
ШНҰ коммерциялық ұйымдар болып табылатынын
ескере отырып, оларға жеңілдікпен қаржыландыру
берген кезде, алынған пайданы капиталдандыруды
міндетті шарт ретінде талап етуі қажет.
Алайда,
өтелімді қамтамасыздығы жоқ қарыздарды
беру тәуекелдігі жоғары іс болып
табылатындықтан, үшінші тұлғалардың
кепілдігі, банктік кепілдік немесе несие
қоржынын кепілге салу бойынша несиелендіру
кезінде шағын несие ұйымдарына төмендегі
негізгі талаптар қойылады:
- нарықта шағын
несиелендіру қызметтерін көрсету бойынша
шағны несие ұйымдарының үздіксіз қызметті
жүзеге асыру мерзімі – кем дегенде 2 жыл;
- алдыңғы есеспті
кезең бойынша аудиттелген қаржылық есептіліктің
болуы;
- соңғы 2 жыл
ішінде және өтінімді қарастыру кезіндегі
оңды қаржылық нәтижелер;
- меншікті
капиталы - кем дегенде 60 млн. теңге;
- ШНҰ басшысының
және несие бөлімі бастығының қаржы институттарындағы
жұмыс тәжірибесінің болуы - кем дегенде
3 жыл.
- Саll-орталық
құру. Саll-орталықтың құрылу кәсіпкерлерге
және әлеуетті қарызгерлерге «Даму» Қорының
бейіндік қызметкерлерімен интербелсенді
әрекеттесудің пәрменді құралын береді.
Бұл орайда Қордың кеңсесіне тұтынушылардың
өздерінің келуі қажет болмайды. Қазақстанның
кез-келген аймағынан соғылатын қоңырау
тегін болуы тиіс.
Саll-орталықтың
кәсіпкерлер үшін басты артықшылықтары
төмендегілер болмақ:
- Адрестілік;
- жоғары жұмыс
қарқыны;
- Транзакциялық
шығындардың болмауы.
Бұл
орталық тұтынушыларға салықтық
заңнама, банктік, несиелік операциялар
бойынша кеңестеме, өз ісіңді қалай
бастау керек екені, несиені қалай
алу керек екені және т.с.с туралы
ақпатар беретін болады.
- Ұлттық
компаниялар мен мемлекеттік
ұйымдардың сатып алуындағы
шағын және орта кәсіпкерлік
үлесінің өсуін ынталандыру.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, шағын
және орта кәсіпкерлік өнімдерді шкөлемін
арттыру тәсілдерінің бірі кәсіпкерлерді
мемлекеттік сатып алулар мен тапсырыстар
бағдарламаларына қатысуға тарту болып
табылады.
Аталған
ақпараттық жүйенің негізгі міндеттері:
- Өндірушілер
тізімін, жеткізілетін тауарлардың жұмыстар
мен көрсетілген қызметтердің каталогтарын
жүргізу.
- автоматты
режимде электроындық сауда-саттық өткізу;
- Жеңілдіктер
мен артықшылықтарды ескере отырып, отандық
тауар өндірушілерге электронлық сау-саттыққа
қатынау мүмкіндігін беру.
Ұсынылып отырған
шешім аймақтардағы кәсіпкерліктің
барынша толық автоматтандырылған
қорын жасауға, оны қызмет салалары
бойынша жікке бөлуге мүкіндік
береді.
Осылайша жергілікті
атқарушы органдар тауарларды, көрсетілген
қызметтерді отандық өндірушілерден
сатып алуын ынталандыратын болады.
- Шағын
және орта кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі шетелдік
институттармен тұрақты
байланыс орнату. Шағын бизнесті дамытуда
елеулі табыстарға жеткен елдердің (Польша,
Италия, Оңтүстік корея, АҚШ), сондай-ақ
жапсарлас елдер (Ресей, Қытай) экономикаларының
шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
институттарымен тұрақты байланыс датмытып,
тұрақты араласып отыруға ұмтылудың жөні
бар.
Бұл орайда жұмыстың
негізгі бағыттары төмендегілер
бола алады:
- Тәжірибе
алмасу;
- Кадрлардың
біліктілігін жоғарылату;
- Халықаралық
конференцияларға қатысу;
- Зерттеулер
жүргізу және талдау материалдарын дайындау;
- Ақпараттық
ынтымақтастық;
- Қазақстан
кәсіпкерлері мен шетелдердің шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында
іскерлік байланыс орнатуда жәрдесдесу.
- Технологияларды
экспортқа шығару мен ьабыстауға жәрдемдесу;
- шағын және
орта кәсіпкерлік қолдау бойынша ьбірлескен
бағдарламаларды іске асыру.
Қазіргі
заманғы байланыс құралдарының көмегімен
аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар
қызметкерлері тәжірибес алмасу
мен біліктілікті көтеру бағдарламалырынң
шеңберінде семинарларға қатыса алады.
- Шағын
бизнесті дамыту жөніндегі
үкіметтік емес агенттікті
құру. Шағын және орта бизнесті қолдау
саясатын іске асырған кезде, осындай
қолдаудың жүйелілігі мен кешенді сипаты
үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, бұл
салықтық және әкімшілік реттеу, транзакциялық
шығындар, шағын және орта бизнесті ақпараттық
жағынан қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің
білім деңгейін жоғарылату және олардың
бизнесін қаржыландыру мәселелері кешенді
түрде шешілуге тиіс дегенді білдіреді.
Алайда қазіргі уақытта қазақстанда шағын
және орта бизнесті дамыту бойынша пәрменді
жұмыс істеп жатқан кешенді бағдарламалар
жоқ. Экономикалық осы бір аса маңызды
секторын қолжау көбінесе бөлшек-бөлшек
әрі жүйесіз сипат алады.
- Шағын
және орта кәсіпкерліктің
ірі кәсіпкерлікпен
экономикалық интеграциясы.
Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі кәсіпкерлікпен
экономикалық интеграциялануының пәрменді
тетігін жасау аймақта кәсіпкерліктің
дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға
мүмкіндік береді, Қазақстан экономикасының
әртараптандырылуына, кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпалдасатын
болады, сондай-ақ экономиканы индустрияландыру
мен жеделдетілген инновациялық даму
арнасына біртіндеп өткізуге жәрдемдеседі.
Қорытынды
Кәсіпкерлік
іс-әрекеттің қазіргі анықтамасының
әртүрлі көзқарасы бар. Көбінесе
жалпыламасы – кәсіпкерлікті
кең түрде, қоғамдық қайта өндірістегі
(капитал, жер, еңбекпен қатар) арнайы фактор
ретінде қарастыру, онда ол өндірісті
өтімдік факторларының жаңа тиімді
комбинацияларын жасау арқылы қайта өндіру
үрдістерінің қажетті динамикасын қамтамасыз
етеді. Нақты формада, кәсіпкерлік – бұл
қатерлі инновациялық іс-әрекетке
негізделген шаруашылық жүйесі, оның
мақсаты – кәсіпкерлік табыс көру
және де қайта өндіру үрдісін,
немесе оның жеке стадияларын (өндіру,
тарату, алмасу және тұтыну) толық алып
тұру болып табылады.
Жеке
кəсіпкерлік субъектілері шағын
кəсіпкерлік субъектілеріне, орта кəсіпкерлік
субъектілеріне, ірі кəсіпкерлік
субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Шағын
және орта кәсіпкерліктің бәсекелесу
қабілеттерінің төмен болу себептері:
-
Өндірістік активтердің қатты тозуы және
технологиялылығының нашарлығы;
-
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілері мен жалдамалы жұмыскерлері
біліктілігінің төмен деңгейі;
-
Салық жүйесінде орта кәсіпкерлік
үшін жеңілдіктер қарастаралмаған.
Соның нәтижесінде шағын кәсіпкерлік
субъеутілеріне сапалық жағынан өсуге
және орта кәсіпкерлік санатына өтуге
деген экономикалық қозғаушы күштер жоқ.
-
Халықтың төмен тығыздығы және
сатып өткізу нарықтарының шектеулігі
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің өнімдеріне деген
сұраныстың төмен деңгейіне себеп болады;
-
Тұтастай алғанда шағын және
орта кәсіпкерлік саласының қормен
жарақталуының жеткіліксіз деңгейі;
-
Шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуына кедергі келтіретін ең
күрделі мәселелердің бірі шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
көпшілігінде инвестициялық және айналымдық
мұқтаждықтарды қамтамасыз ету үшін жеткілікті
қаржы қорларының жоқтығы
Аталған
мәселелерді шешуде жергілікті басқарушы
органдар төмендегі міндеттерді
шешу есебінен жетуі керек:
- Шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілері үшін несие
қорларына қол жеткізе алуының және олардың
шұғыл берілуінің дәрежесін арттыру.
- Аймақтық және
салалық қималарда шағын және
орт кәсіпкерлік субъектілерін
барынша кең қамту жолымен
несие қорларының тиімді үлестірілуін
қамтамасыз ету.
-
Экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу
және шағын және орта кәсіпкерлік
саласындағы бәсекелесу қабілетін
жақсарту
Аталған
мақсатқа басқарушы органдар төмендегі
міндеттерді шешу есебінен жетуі
қажет:
-
Ішкі өндірісін кеңейту, инновацияларды
ендіру және өз өнімдерінің бәсекеге
қабілетін жасқарту үшін жоғары әлеуетті
мүмкіндіктері бар шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін қолдау құралдарын кеңейту.
-
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландыруға арналған
мамандандырылған қорлар мен
басқа да қаржылық институттарды құруға
атсалысу.
-
Шағын және орта кәсіпкерлік
субьектілерінің кәсіпқойлық дәрежесін
жоғарылату және халықты кәсіпкерлікке
тарту
-
Бизнесті құру мен тиімді жүргізу
бойынша бір жүйеге келтірілген
әрі түсінікті етіп жазылған
білім кешені Қазақстанның барлық аймақтарындағы
шағын бизнес субъектілерінің және кәсіпкерлік
бастамасы бар тұрғындардың назарына
жеткізілуін қамтамасыз ету.
-
Шағын, орта бизнес субъектілері
үшін және кәсіпкерлік басқамасы
бар тұрғындарға арналған ақпараттық-талдау,
кеңестемелік қызметтерді қашықтан көрсету
құралдарын жасау.
-
Қаржылық емес қолдау субъектілерінің
күш-қуатын біріктіру, олар көрсететін
қызметтерді стандарттау, сондай-ақ
осы саладағ,ы сәтті шетелдік
тәжірибені қабылдау мен қайта
қолдану мақсатында кәсіпкерлікке
қаржылық емес қолдау көрсету инфрақұрылымы
Қазақстанның барлық аймақтарында дамыту.
-
Шағын және орта бизнес саласының
дамуына мониторингті жүзеге
асыру және дәйекті талдамалық
зерттеулер жүргізу.
-
Аймақтық салалық үлестіру және
пайыздық мөлшерлемелерді шектеу қағидасын
ұстана отырып, соңынан шағын несие ұйымдарын
несиелендіру үшін қаражаты екінші деңгейдегі
банктерде шартты түрде орналастыру.
-
Соңынан шағын несие ұйымдарын
несиелендіру үшін мамандандырылған
(апекстік) қорды құруға атсалысу.