Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 07:36, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
«Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бағдарламаның аймақтық операторы – «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ болып табылады. Біз «Ақтөбе» ӘКК бірігіп облыс кәсіпорындары арасында бағдарламаның қолдау құралдары туралы ақпараттық-кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні облыстың 6 кәсіпорыны консальтингті компаниялар арқылы кешенді жоспарларын әзірлеуде. Олардың 3-уі, бұлар «АЗНО» АҚ, «Қызылжар-2030» ЖШС және «НПФ техногендік қалдықтарды залалсыздандыру» ЖШС қараша айының аяғына дейін жоспарларын тапсыру жоспарлауда.
Технологиялық жаңғырту, өндірістік және бизнес процестерді оңтайландыру үшін гранттық бағдарлама іске қосылды. Бағдарламада алдыңғы қатарлы технологияларды, тәжірбиелік-құрастырмалық әзірлемелерді трансферттеу, шетелде отандық әзірлемелерді патенттеу қарастырылған.
Жоғарыда
атап өткендей Мемлекеттік бағдарламаны
жүзеге асыруда негізгі
2.3.
Кәсіпкерлік дамуының
өзекті мәселелері
және бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары
Бүгінгі күні елде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының сапалы түрде іске асырылуы үшін тікелей жауап беретін мемлекеттік орган жоқ.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік реттеудің біртұтас жүйесі жоқ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы тұтастай алғанда тиімсіз және кәсіпкерлік субъектілерінің біркелкі қамтылуын қамтамасыз етпейді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саясаты қарапайым әрі қол жетерлік болуы тиіс. Кез-келген кәсіпкердің мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты жылдам әрі еркін алуға мүмкіндіктері болуы керек. алайда қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерліктке қолдау көрсететін ұйымдардың санының көбі соншалық, ал олар қабылдап жатқан шараларының сан-алуандығы соншалық, олар туралы ақпаратты іздеудің қиындығына байланысты оның кәсіпкерлерге дер кезінде жетпеудің өзінен-ақ бұл шараларды тиімді деп тануға болмайды.
Қазақстан аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын кешенді қорғауды қамтамасыз етпейді және соның салдарынан жоғары транзакциялық шығындар орын алады.
Жеке кәсіпкерлік туралы қолданыстағы заңнама Қазақстанда 2006 жылдың 31 қаңтарынан бастап күшіне енді, ал оны әзірлеу және негіздемелеуші факторларын айқындау 2000-шы жылдардың бас мен ортасындағы деректерге негізделген еді. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңды әзірлеу кезінде өткен ғасырдың 90-шы жалдарының ортас ымен соңғы тұсындағы салыстырмалы шетелдік тәжірибе пайдаланылды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің қызметі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен реттеледі, ол кәсіпкерлік қызметті реттеуде алға басқан аса үлкен қадам болып табылады. Алайда, аталған Заң жекелеген жағдайларда басқа нормативтік кесімдерге (мысалы, шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызу өлшемдері бойынша Салық кодексіне) қайшы келеді, кейде суреттемелік және басқаға сілтейтін сипат алады.
Бүгінгі заңда шын мәнінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайлардың мақсатты күніне бағдар алмастан жасалған. Сондықтан заңнамалық құжаттардың қағидалары мен қолданыстағы ережелер іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлікті қандай да бір мақсатты бағытта дамытпайды.
Қолданыстағы заңнаманың іс жүзінде қолданылуда бірқатар кемшіліктері бар, олар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы ахуал тудырады, олардың қатарында төмендегілер бар:
Елде
бекітілген кәсіпкерлік қызмет субъектілерін
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
жатқызу өлшемдері әлемдік іс-
Дегенмен, кәсіпкерлерді шағын және орта бизнес субъектілеріне жатқызу өлшемдерін әлемдік іс-тәжірибеге барынша жылдам сәйкес келтірудің орындылығы туралы мәселенің шешімі бір мәнді емес. Белгілі бір деңгейге дейін төмендетілген құндық өлшемдер шағын бизнестің пайдасына көбірек жұмыс істейді, себебі ірі кәсіпорыфндардың жасанды түрде «ұсақталып», жеңілдіктер алу мақсатында олардың серіктес компаниялар құруын экономикалық жағынан тиімсіз етеді. Жұмыскерлерді «көлеңкелі аймаққа» шығару едәуір оңай болып отырған жағшығару едәуір оңай болып отырған жағдайларда, тек жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің санына бірден бір өлшем ретінде сүйену (дамыған елдердегі сияқты) тиімсіз. Ал айналымды немесе өндірістік актвитерді «көлеңкеге» шығару әлдеқайда қиын.
Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелесу қабілеттерінің төмен болу себептері:
Тұтастай алғанда шағын және орта кәсіпкерлік саласының қормен жарақталуының жеткіліксіз деңгейі, жоғары тозу деңгейі және негізгі қаражаттың жеткіліксіз жаңартылуы, сондай-ақ төмен технологиялылы шағын және орта кәсіпкерлік өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекелесу қабілетін төмедетеді. Тағы бір теріс салдары шағын және орта кәсіпкерлік субъеутелірінің кепілзаттық қабілетінің төмендігі болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін ең күрделі мәселелердің бірі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігінде инвестициялық және айналымдық мұқтаждықтарды қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы қорларының жоқтығы болып табылады. Несие қорларының тапшылығы әсіресе экономиканың нақты саласында ерекше сезіледі.
Шағын кәсіпкерліктің кепілзаттық қабілетінің төмен болуына байланысты банктер несие беру тәуекелінің құнын қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені көбейту жолымен көтеруге мәжбүр.
Әлемдік дағдарыс Қазақстан аймақтарындағы банктердің өтемлімдігінің төмендетіп, тұтастай алғанда экономикадағ, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы несие қорларының тапшылығын тереңдете түсті. соынмен қатар дағдарыс шағын деңгейде кәсіпкерліктің дамуына ықпалдасқан шағын несиелендіру ұйымдарының қаржыоандыру көздеріне теріс әсерін тигізді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері:
Аталған мақсатқа жергілікті басқарушы органдар төмендегі міндеттерді шешу есебінен жетуі керек:
Аталған мақсатқа басқарушы органдар төмендегі міндеттерді шешу есебінен жетуі қажет:
Аталған мақсатқа төмендегі міндеттерді шешеу есебінен жету қажет: