Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 07:36, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
«Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II тарау. Қазақстандағы кәсіпкерліктің мәселелері және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
2.1.
Қазақстандағы және
Ақтөбе облысындағы
кәсіпкерліктің дамуына
жалпы сипаттама
Қазақстан
Республикасындағы шағын
1 сурет. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі
Ұйымдық
құқықтық пішіндердің қимасындағы
жұмыс істейтін ШКС-лерінің құрылымы
көрсеткендей, 2010 жылы жеке кәсіпкерлер
(бұдан әрі ЖК) 430 мың субъектіні немесе
65%-ды құрады, заңды тұлға болып табылатын
шағын бизнес кәсіпорындарының (бұдан
әрі – ШБК) саны 66 мыңды немесе 10,0%ды құрады,
шаруа (фермерлік) қожалықтардың (бұдан
әрі – ШФҚ) саны – 170 мыңды немесе 25%ды
құрады. (2 сурет).
2 сурет. Кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдық құрылымдық нысандар қимасындағы үлесі
2005
жылға дейін елдің жалпы ішкі
өнімдегі ШОКС шығаратын өнімдердің
үлесі өтуге бейім болғанын атап өтудің
де маңызы зор. 2008-2010 жылдары шағын және
орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 30%-дан 33%-ға
дейін ұлғайды. (3 сурет).
3
сурет. Жалпы ішкі өнімдегі ШОКС шығаратын
өнімдердің үлесі
Дамыған
елдерде ШОБ өнімдерінің үлесі
ЖІӨ-нің 50%-ына дейін жетіп, асып та
түседі. Түрлі мемлекеттердегі
Қазақстанда қызмет атқаратын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 37%-ы сауда саласында, 4%-ы – құрылыс саласында, және небары 3%-ы – өнеркәсіп саласында жұмыс істейді, бұл дамыған елдердегі осы секілді көрсеткіштерден төрт есе кем. Бұл Қазақстанда ШКС дамуының бетбұрыстарының еліміздің экономикасын әртараптандыруға ықпалдаспайтынын растайды.
Алайда, мына бір маңызды жайтқа назар аударған жөн. Қазақстандағы жекеше кәсіпкерліктің даму тарихы 20 жылдан азырақ. Бұл орайда кәсіпкерлердің барлығы дерлік өз бизнесін саудадан немесе қызметтер көрсету саласынан бастайды – тәуекелдер аз, бастапқы капиталды көп қажет етпейді. Бизнестің ауқымы өсе келе олар өндірісті де игере бастайды. Және де көбінесе бұл бизнес едәуір үлкен көлемге дейін жетіп, шағын бизнес болуын тоқтатқан жағдайда басталады. Сондықтан сауда мен қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін көптеген ШОБ субъектілері – болашақ өндірісшілер.
Төменде
салалар қимасындағы ШОБ қызметтерінің
көрсеткіштері келтірілген. (4сурет).
4
сурет. Салалық қимадағы ШОКС қызметінің
негізгі көрсеткіштері
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі өзінің қызметін сауда саласында (37%) және ауыл шаруашылығында (23%) жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ең аз мөлшері өнеркәсіп саласында (3%) және құрылыста (4%) жұмыс істейді. [33]
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтіндердің салалық көрсеткіші халықты жұмыспен қамтудағы маңызды әлеуметтік міндетті шешудегі ШКС рөлін сипаттайды. Аталған көрсеткіш айтарлықтай дәрежеде экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істейтін ШКС санына тәуелді, бұл салалық қимадағы пропорциялардың ұқсас болуын түсіндіреді- жұмыс істейтін ШКС санының өсуі пропорционалды түрде жұмыспен қамту мәселелерін шешеді.
Шығарылған
өнімдерді талдау өнеркәсіп саласында
жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік
субъеутілерінің ролін
Сауда саласы ШКС санандағы ең үлкен үлесті (37%) иелене отырып, шығарылған өнімдер көлемінің небары 28%-ын қамтамасыз етеді де, сол арқылы өнім шығару көлемін ұлғайту жолымен ЖІӨ өсуі бойынша экономикалық міндетті шешудегі өзінің тиімсіздігін дәлелдей түсті. Ауыл шаруашылығындағы ШКС үшін де дәл осындай рөл тән, ондағы жалпы ШКС санының 23%-ы барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің небары 16%-дық үлесін қамтамасыз етеді.
Несиелендіру бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына несие берудің тартымды емес екені айқын байқалады. Жұмыс стейтін жалпы ШКС санының 23%-дық үлесін иелене отырып, олар банк несиелерінің небары 6%-ын алған. Бұл жоғары салалық тәуекелдерге және саладағы ШКС қызметінің тиімділігінің маусымдық сипатта екеніне байланысты. Соынмен қатар, аталған салада негізінен шаруа қожалықтары нысандарындағы ШКС жұмыс атқарады, олар шалғай жатқан ауылдық аймақтарда орналасқан және өтімді кепіл заттары жоқ.
Құрылыс саласы екінші деңгейдегі банктер тарапынан несиелендіру үшін ең тартымды сала болып шықты. Жұмыс істейтін жалпы ШКС санының небары 4%-дық үлесін иелене отырып, олар барлық екінші деңгейдегі банктердің несиелердің 18%-ын алы. Бұл соңғы жылдары жылжымайтын мүліктің бағасының жылдам өсуіне байланысты болды, ал жылжымайтын мүлік нарығының дағдарысы аясында бұл жағдай өзгеретін болады.
Сауда саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері де осы көрсеткіш бойынша ең үлкен үлестік салмақты иеленеді. Жұмыс істейтін жалпы ШКС санының небары 37%-дық үлесін иелене отырып, олар барлық екінші деңгейдегі банктер несиелерінің 41%-ын алды. Бұл беталыс міне, жеті жыл бойы жалғасып келеді. Өнеркәсіп саласыедағы ШКС тартымдылық деңгейі бойынша екінші деңгейдегі банктер үшін ораңғы деңгейде тұр. Оларға арналған несиелердің көлемі 11%-ды құрады, ал өнеркәсіптегі ШКС үлесі 3%-ды құрайды.
Ақтөбе
облысының экономикасына кәсіпкерліктің
салған үлесі жыл сайын артып келеді. Егер
ЖАӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің
үлесі 18,5% болса, онда 2010 жылы 21,0% жетті.( 11 сурет).
5 сурет. 2008-2010ж.ж. Ақтөбе облысындағы
шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткішке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны болып табылады.
2010 ж. қорытындысы бойынша ШОК субъектілерінің саны 44,0 мың бірлікті құрады. Сонымен қатар субъектілердің негізгі бөлігі (70%) Ақтөбе қаласында тіркеліп отыр.
Аудандар бойынша ШОК субъектілерінің көбісі Мұғалжар ауданында – 2,7 мың бірлік , Алғада – 1,2 мың бірлік , Хромтауда – 1,3 мың бірлік және Шалқар ауданында – 1,5 мың бірлік.
Ең
азы Ырғыз (450 бірлік ) және Ойыл (568 бірлік
) аудандарына келеді. (6 сурет).
6 сурет. 2010 жылға аудандар кесіндісі бойынша ШОК даму көрсеткіштері
Кәсіпкерліктің
көп бөлігі келесі салаларда қамтылған:
сауда - 38 %, ауыл шаруашылығы - 12 %, қонақ
үйлер мен мейрамханалар - 10 %, көлік
және байланыс - 10 %. (7 Сурет).
7 Сурет. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін салалар бойынша бөлу
%-бен
2.2.
Кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламалары және
индустриалды-инновациялық
жобалардың ел
экономикасына салған
үлесі
Елбасы Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз ету тапсырды.
Бұл
бағдарламаның мақсаты
“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары:
1.Жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсету.
2.Кәсіпкерлік секторды сауықтыру.
3.Экспортқа
бағдарланған өндірістерге
Енді бизнес-бастамаларға қалайша қолдау көрсетіледі деген мәселеге келер болсақ, бұл ретте мына төмендегідей маңызды міндеттердің шешім табатынын атап көрсету қажет. Олар:
1.Жобаларды жүзеге асыру үшін банктер берген несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау.
2.Жобаларды
жүзеге асыру үшін банктер
берген несиелерді ішінара
3.Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымдарды дамыту.
4.
Бизнес жүргізуге сервистік
5. Кадрлар даярлау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:
-Борышкерге
банктер несиелері бойынша
-Борышкердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (дербес табыс салығынан өзге) төлеуін кейінге, яғни өсімақы есептеместен 3 жыл мерзімге қалдыра тұруды заңдық деңгейде қарау;
-кәсіпорынды
қаржылық-экономикалық
Бағдарламаның бұл бағытына экономиканың басымдықты секторларындағы кәсіпкерлер ғана қатыса алады.
Үшінші бағыт—экспортқа бағдарланған өндірістерге қолдау көрсету.
Бұл ретте мемлекеттік қолдау бұрыннан бар банк несиелерінің пайыздық ставкаларын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның бұл бағытына тау-кен және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарынан тыс, экономиканың былайғы барлық секторларында өндірген өнімдерінің 10 пайыздан астамын экспортқа шығаратын кәсіпкерлер қатыса алады.
Бұл жағдайда пайыздық ставкалары субсидияланатын несиелердің сомасы бір заем алушыға шаққанда 3 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкініктерін қарастыра отырып, 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды.
2010
жылы бағдарламаға қатысушы
2011
жылдан бастап субсидиялау
Пайыздық ставкаларды субсидиялау және банктердің несиелері бойынша кепілдік беру тәртібін бағдарламаның барлық бағыттары бойынша да Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады. [35]
Ақтөбе облысында «Бизнестің
жол картасы 2020»
Облыс әкімдігінің қаулысымен Ақтөбе облысының үдемелі индустриалды дамуы бойынша өңірлік Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаттарының бірі – Бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қарау және іріктеу.