Банктік пайыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 22:13, курсовая работа

Описание

Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде керсетіледі. Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың әсерінен ауытқиды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Банктік пайыздың теориялық негіздері 5
1.1 Банктік пайыз түсінігі және қызметтері 5
1.2 Банктік пайызды қолдану механизмдері 10
1.3 Бантктік пайыздық саясатының шетелдік тәжірибиесінде қолдану
2 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау 15
2.1 «Эксим Банк» АҚ даму тарихы мен қызметтінің сипаттамасы
2.1 «Эксим Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау 15
2.2 «Эксим Банк» АҚ пруденциалды нормативтерін орындауы н талдау 27
2.3 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау 29
3 Банктік пайызды қолдану механизмдерін жетілдіру жолдары 31
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А - «Эксим Банк» АҚ бухгалтерлік баланс 40
Қосымша Ә - «Эксим Банк» АҚ пайда және шығыны туралы есеп 41

Работа состоит из  1 файл

курс эксим.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

      Кіріспе            3

1   Банктік пайыздың теориялық негіздері      5

1.1 Банктік пайыз түсінігі және қызметтері     5

1.2 Банктік пайызды қолдану механизмдері      10

1.3 Бантктік  пайыздық саясатының шетелдік  тәжірибиесінде қолдану

2   «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау     15

2.1 «Эксим Банк»  АҚ даму тарихы мен қызметтінің  сипаттамасы

2.1 «Эксим Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау                              15

2.2 «Эксим Банк» АҚ пруденциалды нормативтерін орындауы н талдау    27

2.3 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау     29

3   Банктік пайызды қолдану механизмдерін жетілдіру жолдары   31

      Қорытынды           37

      Қолданылған әдебиеттер тізімі        39

      Қосымша А - «Эксим Банк» АҚ бухгалтерлік баланс    40

     Қосымша Ә - «Эксим Банк» АҚ пайда және шығыны туралы есеп  41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеу жұмысының  өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика  жағдайында коммерциялық банктердің қызметі  адекватты пайыз саясаттарына тікелей байланысты. Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады Проценттің мөлшері (ставка) деген қарыздардын несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы.

Оның мөлшері  несие беру жөніндегі келісімде  керсетіледі. Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың  әсерінен ауытқиды.

Айталық, тұтынушылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.

Банктік пайыз  ссудалық пайыздың бір түрі ретінде  несиелік қатынастардың негізгі  категориясы болып табылады.

Банк пайызы банк несие бергенде пайда болады. Пайыз инвестор-кредит берушінің және қарыз алушының арасындағы делдалдық қызмет үшін алынатын өтемақыны білдіреді. Бұл арада банкке кредитті қайтару бойынша қарыз алушы өз міндеттемесіне үлкен жауапкершілікпен орындамау қатері пайда болады. Осының салдарынан банк депозит жөнінде өз салушылар алдында міндеттемесін орындамау қаупі туады. Сондықтан да кредит бойынша банк пайызы депозиттік пайыздан маржа және кредитке қызмет көрсету бойынша банктің комиссиялық шығындарын жабуға қарағанда жоғары болуы керек.

Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек.

Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.

Олардың айырмашылықтары  арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:

  • қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
  • несие  мен  қарыз пайызы арасындағы  экономикалық-құқықтық айырмашылық;
  • қарызға берілген кұн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
  • несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Егер   несие  -  бұл   қайтарымдылық  негізінде   құнның қозғалысы  болса,  онда  пайыздық  соманың  төленуі   құнның белгілі  бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды.

Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен  субъектіге көшеді,  яғни  пайыздық соманы алушыға.

Пайыздық соманы төлеуге байланысты қа-тынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға  иелік ету  құқығы  қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде  меншіктік  құкық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: банк пайызын қолдану механизмін зерттеу.

Зерттеу мақсатына  сай келесі міндеттер қолданылды:

  • Банк пайызының теориялық аспектілерін ашу;
  • Банк пайызы түсінігіне талдау жасау;
  • Банк пайызы категорияларын анықтау;
  • Банк пайызын қолдану механизмін «Эксим Банк» АҚ  мысалында көрсету;
  • ««Эксим Банк» АҚ қаржы экономикалық жағдайын анықтау;
  • «Эксим Банк» АҚ пайыз қолдану механизмін зерттеу;
  • Банктерде пайыз тәуекелін жетілдіру мәселесін шешуге тырысу.

Объектісі, пәні

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Банктік  пайыздың теориялық негіздері

 

 

1.1 Банктік  пайыз түсінігі, мәні және қызметі

 

Қарыз пайызы - ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан.

Қарыз пайызы тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды. Оның пайда болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік қатынастарына байланысты.

Қарыз пайызы меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдаланушыға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз пайызы пайда болуы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары проценттің дербес экономикалық категория ретінде туындайтын  бірден-бір  негізгі  ортасы.

Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты - пайда  табу. Несие берушінің алатын пайдасы - процент. Проценттің мөлшері (ставка) деген қарыздардын несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде керсетіледі. Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың  әсерінен ауытқиды. Айталық, тұтынушылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.

Проценттің  мөлшері: нақты бекітілген (немесе есепке алынған) және өзгермелі, номиналды  және реалды, дисконтты болып бөлінуі  мүмкін.

Нақты бекітілген (есепке алынған) процент мөлшерін, әдетте, ресми процент мөлшері деп те атайды. Оны Орталық банк басқа банктерге, бірінші кезекте коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу түрінде жүргізілетіндіктен проценттің бұл мөлшерінің екінші атауы - "есепке алынған" деген содан шыққан. Орталық банк оның деңгейін өзгерте отырып елдегі коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені қымбаттатып инфляцияның күшеюіне кедергі жасайды. Ондағы есеп; ресми проценттің мөлшері жоғары болған жағдайда коммерциялық банктер де клиенттеріне процент мөлшерін өсіреді.

Несиені  беру  кезінде  келісім-шартта бүкіл  несиені  пайдалану  мерзімінде  нақты  бекітілген  тұрақты  немесе  өзгермелі  процент мөлшері көрсетіледі.  Өзгермелі мөлшер проценттің    базистік    мөлшерінің    өзгеруінен    туындайды.   Ал соңғысына  қарыз   капиталы   нарығындағы   конъюнктура, қарыздың     мөлшері     мен     қайтару     мерзімі,     қарыздардың қаржылық жағдайы мен оның даму болашағы  сияқты факторлар әсер етеді.

Номиналды процент  мөлшері негізінен екі фактордың: несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляцияның карқынына байланысты туындайды.

Реалды (іс жүзіндегі) процент мөлшері есептеу жолымен шығарылады, яғни номиналды процент мөлшерінен инфляцияның   қарқыны   алынып   тасталады.   Реалды   процент мөлшері -  несие  берушінің  алатын  табысының  көзі.  Одан қарыз алу және инвестиция алу шығындарын өтейді. Реалды проценттік    мөлшер:    ағымдағы    шығындардан    (тартылған қаражаттар  құны,  әкімшілік  және  заңды   шығындар,  төлем қабілеті  жоқ  борышқорлардың  шығыны)  салықтан,  тәуекел үшін төлемнен, пайдадан құрылады.

Процент мөлшері берілген несие мөлшерінің қарызы берілген құннан түскен табысқа қатынасымен анықталады, Бұл салыстырмалы мөлшер, әдетте, ол ондық бөлшек; түрінде, немесе процентпен шығарылады. Іс жүзінде 1995 жылы мамырдың он сегізіндегі Ұлттық банктің "Процент есептеудің тәртібі және Қазақстан Республикасындағы банктердің бухгалтерлік шоттарында оларды белгілеу туралы" Ережеге сәйкес базистік процент мөлшері шығарылады.

Қарыз пайызы біраз белгілерге байланысты жіктеледі:

  • несиенің   формасы  мен түрлеріне қарай:  коммерциялық, банктік  тұтыну проценті; лизинг  операциясы бойынша, мемлекеттік несие бойынша процент;
  • несие    мекемелерінің  түрлеріне қарай:  орталық банктің есепке алған проценті; ломбард операциялары бойынша процент;
  • банктік несиені тартумен   берілген   инвестиция түрлеріне қарай: айналым құралдарына берілген несие бойынша процент; негізгі құралдарға берілген несие бойынша процент; бағалы қағаздарға салынған инвестиция бойынша процент:
  • несиенің мерзіміне қарай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді несиелер бойынша процент;
  • несие мекемесінің операция түрлеріне қарай: депозиттік, вексельдік, банктің есепке алған проценттері; банкаралық несие бойынша процент.

Несие мен қарыз  пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық  айырмашылық  шарт   бойынша   қарыз   алушы   мен кредитор   арасындағы   екі   міндеттемеде   көрсетілген:   несиені  қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал карыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.

Несиеге және пайызға  байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген кұнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта - қарыз алушыдан кредиторға карай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы - бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз - бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін карыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан сон жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.

Несие және пайыз  бір бірінен олардың ұдайы  өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасында пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болып табылатын қосымша өнім. Демек, пайда және пайыз - бірегей бүтіннің бөлігі. Осыдан басқа жәйт келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пайда болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.

Ұлттық банктің  пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Ұлттық банктің  мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы  қаржылық операциялардың барлық түрлеріне  пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай  қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің  ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне  байланысты  темендеп  отырған.

Информация о работе Банктік пайыз