Банктік пайыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 22:13, курсовая работа

Описание

Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде керсетіледі. Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың әсерінен ауытқиды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Банктік пайыздың теориялық негіздері 5
1.1 Банктік пайыз түсінігі және қызметтері 5
1.2 Банктік пайызды қолдану механизмдері 10
1.3 Бантктік пайыздық саясатының шетелдік тәжірибиесінде қолдану
2 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау 15
2.1 «Эксим Банк» АҚ даму тарихы мен қызметтінің сипаттамасы
2.1 «Эксим Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау 15
2.2 «Эксим Банк» АҚ пруденциалды нормативтерін орындауы н талдау 27
2.3 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау 29
3 Банктік пайызды қолдану механизмдерін жетілдіру жолдары 31
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А - «Эксим Банк» АҚ бухгалтерлік баланс 40
Қосымша Ә - «Эксим Банк» АҚ пайда және шығыны туралы есеп 41

Работа состоит из  1 файл

курс эксим.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға  мыналар жатуы мүмкін: клиенттің  төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі, клиенттің сипаттамасы, салық салу мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс жағдайы, қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол жетушілік, инфляция деңгейі.

Пайыздық мөлшерлеменің  қолдану сферасына және оның деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және базалық болып ажыратылады.

Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа да банктерге, бірінші  кезекте коммерциялык банктерге  берілетін несиелер бойынша орталық  банктер белгілейді. Бұл операциялар  ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің: тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықтық қатынастары дамыған елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістерінің қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені кымбаттату жолымен елде инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген сұраныс төмендейді.

Қазіргі уақытта  банкаралық мәліметтердің дамуына  байланысты коммерциялык банктер қажет болған жағдайда несиені эммиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме денгейінің банкаралық пайыздық мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.

Банкаралық  пайыздық мөлшерлеменің, мысал ретінде  ЛИБОР - лондондық банкаралық мөлшерлемені айтуға болады, ол евровалюталық нарықта депозиттік, несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР - париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі париждік банктердің мөлшерлемелері мәндерінің арифметикалық ортасы ретінде анықталады. Бұдан гөрі анағұрлым белгілі ЛИБОР банкаралык мөлшерлеме жекелеген халыкаралық несиелік мәмілелердің құнын - есептеу барысында базалық ретінде қолданылады. Бұл жағдайда ЛИБОР базалық мөлшерлемеге, әдетте, мәміле түріне, қарыз алушының қарыздық жағдайына қарай ақша нарығындағы конъюктураға байланысты маржа қосылады.

Ақша нарығында  несиелер бойынша базалық мөлшерлеме АҚШ-та қолданылатындай бірінші класты қарыз алушыларға "ПРАЙМ РЕЙТ" жүйесі бойынша ресми немесе банкаралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай - қарыз алушының сенімділігі, оның каржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады және бұған керісінше. Несиелік операциялар бойынша базалық мөшерлеме әр түрлі анықтамаларда қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы түрде тәуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар үшін белгілі бағыт ретінде болады. Банк-клиент қатынасында пайыздық мөлшерлеме тек қарыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойынша да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып табылады.

Қазақстан Республикасында  несие жетімсіздігі құбылысының  дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар, (төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі, салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саясаты да осындай факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жагдайлары арқылы көрінеді, сондықтан  оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.

Ақыр соңында, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МКМ) бойынша пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде  қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті – Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары болып табылады.

Яғни Орталық банктің саясаты пайыздық мөлшерлемелердің динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жагдайлары арқылы көрінеді, сондықтан оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын  талдау

 

 

2.1 «Эксим  Банк» АҚ қаржылық-экономикалық  жағдайын талдау

 

«Импорттық банкін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 805 қаулысының негізінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын «Қазақстан Эксимбанкі» Жабық акционерлік қоғамына қайта құру жолымен құрылған;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2002 жылғы 27 маусымдағы № 111 бұйрығының негізінде «Қазақстан Эксимбанкi» Жабық акционерлік қоғамы «Қазақстан Эксимбанкi» Ашық акционерлік қоғамы болып қайта аталды;

Акционерлердің  кезектен тыс Жалпы жиналысының 2004 жылғы 31 наурыздағы шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2004 жылғы 26 мамырда берген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №3941-1900-АҚ куәлігіне сәйкес «Қазақстан Эксимбанкi» Ашық акционерлік қоғамы «Қазақстан Эксимбанкi» Акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.

Банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде Қазақстан Республикасының  қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды  реттеу мен қадағалау жөніндегі  Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келісімдерді), осы Жарғыны және Банктің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

Банкте Банк акционерлерінің Жалпы жиналысы бекітетін Корпоративтік басқару кодексі қолданылады.

Банктің стратегиялық мақсаты – әмбебап, бәсекеге қабілетті Банктің қалыптасуы, рынокта өз орнын тауып, алдағы уақытта өз позициясын күшейте түсу.

Негізгі мақсаттар:

  • Өз капиталын өсіре түсу.
  • Халықаралық қызметін дамыту, несиелік жүйелерді тарту, сауда операцияларын және банкаралық қатынастарды дамыту.
  • Клиенттік базаларды қалыптастыру.
  • Банктік ақпараттық технологияларды одан әрі дамыту.
  • Филиалдық жүйелерді құру және олардың жұмысын оңтайландыру.
  • Қорландыру базасын әр тараптандыру.
  • Қазіргі өнімдерді оңтайландыру және Универсалдық банктің стратегиясына орай жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу.
  • Менеджмент тәуекелділігін одан әрі дамыту.

Банк рейтингілері

Маусым 2010 жыл 

2010 ж. 10 маусымда  «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ға В++ деңгейдегі несиеге қабілеттілік рейтингін және В++ деңгейдегі бірінші облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі облигациялардың үш шығарылымының сенімділік рейтингін берді.

Қаңтар 2010 жыл 

2010 ж. 01 қаңтардағы жағдай бойынша ИНТЕРФАКС рейтингі бойынша «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ меншік капиталының мөлшері бойынша 180 орынды, активтердің мөлшері бойынша 1000 ТМД банктерінің ішінде 221 орынды алады.

Шілде 2007 жыл 

Moody’s рейтинг  агенттігі «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ға В2 және NP (Not-Prime) деңгейдегі ұлттық және шетел валютадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттер бойынша рейтингтерді, сондай-ақ Е+ деңгейдегі, болжамы «тұрақты» қаржы орнықтылық (РФУБ) рейтингін берді.

 

 

2.2 Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы, оның табыстары мен шығындары, актив пен пассив құрылымындағы өзгерістер туралы объективті және толық ақпарат беретін бірнеше ақпараттық параметрлер алу. 

Банктің қаржылық жағдайын талдау оның банктік сектордағы орнын білуге, қаржы қызметінің нәтижелерінің оңтайлылығын анықтауғаа, банкке деген сенімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін шара болып табылады. Банктің қаржылық жағдайын талдау қаржылық есептіліктен бастау алады. Осыларға сүйене отырып, 2009-2010 жылдардың бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп нысандары қолданылады. Олар төмендегі 2-кестеде берілген.

 

Кесте 2 – «Эксим Банк « АҚ активтерінің құрылымы

мың теңгеде

Бап атауы

01.01.2010

Үлес салмағы, %

01.01.2009

Үлес салмағы, %

Өсім, %

Ауытқу, +/-

Ақша қаражаттары  және олардың эквиваленттері

 

18064824

40,58

 

9593113

32,28

88,31

8471711

Басқа банктердегі  қаражаттар

493173

1,11

683895

2,30

-27,89

-190722

Клиенттерге берілген несиелер мен аванстар

13699304

30,77

16402168

55,20

-16,48

-2702864

Қаржылық аренда бойынша алынатын төлемтер

 

0

0,00

 

58518

0,20

 

-58518

Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар

 

6550102

14,71

 

2008325

6,76

226,15

4541777

Өтелгенге дейін  ұстап қалынатын инвестициялық  бағалы қағаздар

 

4381780

9,84

 

0

0,00

 

4381780

Пайдаға ағымдағы салық бойынша алдын-ала төлем

 

264525

0,59

 

0

0,00

 

264525

Материалдық емес активтер

79020

0,18

100598

0,34

-21,45

-21578

Негізгі құралдар

743490

1,67

784166

2,64

-5,19

-40676

Басқа да қаржылық активтер

119362

0,27

22279

0,07

435,76

97083

Басқа да активтер

100924

0,23

63187

0,21

59,72

37737

Сатуға арналып  ұстап қалынатын ұзақ мерзімді активтер

 

21349

0,05

 

0

0,00

 

21349

Активтердің барлығы

44517853

100

29716249

100

49,81

14801604


 

Жоғарыдағы  кестеде көрсетілгендей, есепті жылда активтердің жалпы сомасы 2009 жылға қарағанда 49,81 % артып, 44517853 мың теңгені құрады. Бұл сома базистік жылға қарағанда 14801604 мың теңгеге артық. Бұл жағдайдағы активтердің сомасының өсуі негізінен ақша қаражаттарының, инвестициялық бағалы қағаздардың есебінен болып отыр.

Дәлірек айтатын  болсақ, ақша қаражаттары мен олардың  эквиваленттері есепті жылы 8471711 мың теңгеге, яғни 88,31 % артты, осылайша 18064824 мың теңгеге тең болды. Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар өткен жылдың басында қалпынан үш есеге көбейді, ол 4541777 мың теңгеге тең.

 Есепті жылы  аталған инвестициялық бағалы  қағаздар 6550102 мың теңгені құрады.

Ал өтелгенге  дейін ұстап қалынатын инвестициялық  бағалы қағаздар базистік жылы бухгалтерлік баланста көрініс таппады, сондықтан да есепті жылы пайда болған, 4381780 мың теңгеге тең келетін бұл бағалы қағаздар толығымен айырмаға өз әсерін тигізді.

Есепті жылы банкте тек қана баланс баптарының өсімі болған жоқ, сонымен қатар  азаюлар да көрініс тапты. Мысалға келтіретін болсақ, басқа банктердегі қаражаттар 27,89 % кеміп, 493173 мың теңгені құраған.

Клиенттерге берілген несиелер мен аванстардың алдыңғы  жылға қарғанда 2702864 мың теңге  бірлігіне азайғаны 16,48 % сәйкес келді. Ол есепті жылы 13699304 мың теңгені құрады.

Материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың  азаюы сәйкесінше 21,45 % және 5,19 %, ақша бірлігінде айтатын болсақ,  21578 мың  теңге  және  40676  мың  теңгеге  тең  болды.  Төмендегі 1,2-суреттерде «Эксим Банк « АҚ активтерінің негізгі үлестері көрсетілген.

 

 

1-сурет - «Эксим Банк « АҚ 01.01.2009 ж-ға активтерінің құрылымы

 

1-суретті негізге ала отырып, қарайтын болсақ ақша қаражаттары 32 % алып отыр. Клиенттерге берілген несиелер мен аванстар ең үлкен үлесті алып отыр, ол 55 % тең. Сатуға арналған инвестициялық бағалы қағаздар үшінші орында, оның үлесі 7 % алып отыр. Ал негізгі құралдар мен басқа да активтер үлесі 3 % тең.

2-суретке сәйкес банк активтерінің ішіндегі негізгі үлесті ақша қаражаттары алады, оның үлесі 40 % тең. Ол 2009 жылмен салыстырғанда 8 % артық. Екінші орында 31 % үлесі бар клиенттерге берілген несиелер, осы активтер ағымдағы жылы 24 % кеміген. Одан кейін 15 % тең сатуға арналған инвестициялық бағалы қағаздар алып отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе азайған. Төртінші орынды өтелгенге дейін ұстап қалынатын инвестициялық бағалы қағаздар алады, оның үлесі 10 %, ал басқа да активтер 4 % үлеспен соңғы орында.

 

 

2-сурет - «Эксим Банк « АҚ 01.01.2010 ж-ға активтерінің құрылымы

Информация о работе Банктік пайыз