Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 21:08, реферат

Описание

Нарықтық экономика толқын тәрізді немесе циклді дамиды, ол көп факторлардың іс-әрекетімен анықталады. Нарықты экономикамен дамып келе жатқан елдердің бәріне тән белгі экономикалық цикл.

Работа состоит из  1 файл

кризис.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

                                                    Кіріспе 

     Нарықтық  экономика  толқын  тәрізді  немесе  циклді  дамиды,  ол  көп  факторлардың  іс-әрекетімен  анықталады.  Нарықты  экономикамен  дамып  келе  жатқан  елдердің  бәріне  тән  белгі  экономикалық  цикл.

         Экономикалық  цикл  дегеніміз   тұрақты  дүркін-дүркін  нарықтық  конъюнктураның , экономикалық  белсенділіктің  өрлеп,  қайта  төмендеп  қайталанып  отыруы.  Ал, цикл экономиканың  өрлеуден  қайта  дағдарысқа  дейінгі  қозғалыс  уақыты.  Циклділіктің  ерекше  өзіне  тән  қасиеті,  қозғалыс  дөңгелек  айналымымен  емес,  спераль  бойымен  қозғалыста  болады,  ал әр  жаңа  спираль  қоғам  дамуын  жоғары  сатыларға  көтерумен  сипатталады. 

         Нарықтық  шаруашылықта  циклділік   экономиклық  дағдарыстың  артық  өндіру  түрінде  көрініс  табады.  Белгілі  жай,  ұдайы  өндірістің  қалыпты  жағдайы  қоғамдық  ұдайы  өндірісінің  әр  түрлі  бөліктерінің  арасында  белгілі  бір  тепе-теңдік,  қатынас  болғанда  ғана  мүмкін,  ең  бірінші,  өндіріс  пен  тұтынудың  арасындағы  теңдік  болып  табылады. 

         Экономикалық  дағдарыстың  негізгі   және  абстрактылық  мүмкіндігі  сонау  жай  тауар  өндірісі  жағдайында-ақ  пайда  болған.  Ақшаның  айналыс  және  төлем   құралы  ретінде  атқаратын  қызметіне,  сонымен  қатар  жай  тауар  өндірісіндегі  жеке  және  қоғамдық  еңбек  арасындағы  қайшылыққа  тікелей  байланысты. Жеке  тауар  өндірушілер  қоғамдық  қажеттілікпен  сұраныстарды  білмей  және  еске  алмай-ақ  тауар  өндіре  береді. Осыдан  барып тауарлар  өздеріне  деген сұранысты таппай,  артық тауар болып,  нарықта өтпей қалуы ықтимал.  Бұның бәрі  дағдарстардың жай тауар өндірісіндегші  абстрактылық  мүмкіншілігі.

         Абстрактылық  мүмкіншіліктер  нарықтық  жағдайда  айқындала  және  нақтылана  түседі.  Шынайы  мүмкіндікке  айналады.  Бұған  екі  жағдай:  капитал  айналымы  мен  ұдайы  өндірісі  әсер  етеді. 

         Нарық  жағдайында  капитал   айналысында  жеке  капиталдар  тұтасып,  бір-біріне  тәуелділікте  болады.  Сондықтан  капитал  айналымының  бір  сәт  үзіліске  ұшырауы  басқалардың  тағдырына  әсерін  тигізеді.  Қорыта  айтқанда,  жай  тауар  өндірісіне  қарғанда  сату  мен  сатып  алу  арасындағы  сабақтастықтың  үзілуі  экономикалық  дағдарысты  шындыққа  айналдырады.

         Екінші  факторы: ол  тауарды   несиеге  сатудың  жалпылама   құбылысқа  айналуында.  Етек  алған  бұл  құбылыс  қоғамның  бүкіл  шаруашылық  жүйесіне  әсер  етіп,  дағдарысқа  итермелейді. 

         Дағдарыстың  шынайы  мүмкіндігіне  айналуының  келесі  факторы  қоғамдық  капиталдың  ұдайы  өндірісі  жағдайынан  туындайды.  Демек,  қоғамдық  жиынтық  өнімді  сатып  өткізу  үшін,  өндіріс  құрал-жабдықтары  мен  тұтыну  заттарын  өндіру  көлемі  арасында,  сондай-ақ  осы  өндірістің  ішкі  бөліктерінде  белгілі бір пропорциялардың сақталуы  қажет.  Ал  капитализмде  пропорцианалды  даму  мүмкіндігі  жоқ.  Сондықтан экономиклық дағдарыстың шынайы  мүмкіндігі  қоғамдық  жиынтық өнімді  сатып өткізудің шарттарының бұзылуынан  туындайды.  Қорыта  айтқанда  тауарды  сату  мен  сатып  алу  арасында  үзіліс  болғанықтан  дағдарыста  сөзсіз  болады. 

         Экономикалық  даму  үшін  бұл   мәселелердің  маңыдылығы  ерекше  болғаны  соншалық,  XIX-XX  ғасырларда  жтекші  экономистердің  бірде-бірі  бұл  мәселеге  тоқталмай  өте  алмады.  Олардың  еңбектерінен  циклдық  дамудың  байланыстылығы  мен  объективтігін,  экономиклық  процестерге  әсерін  мойындаған,  циклдық  дамудың  себептерін  анықтауға  ұмтылған  әр  түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер  мен  болжамдарды  кездестіреміз.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Экономикалық  цикл және оның факторлары.

       Техникалық прогресс пен адамдар  мүддесінің арасындағы алшақтық  экономикалық  жүйеге көптеген  оқыс сілкіністер әкеледі.

    Ол  адамзат қоғамының  ерекшелігіне қарай белгілі  ырғақ пен  тербеліске түсіп,  толқуларға ауысады. Экономикалық  теорияда экономиканың мұндай құбылыстары  «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

       Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар  арасындағы мерзім және осы кезде оның  төрт фазасы ауысады.

Сурет-1. Экономикалық цикл.  
                                                       4                                          
 
 

                      1      

                                           3

 

                          Экономикалық  цикл

 

 Циклдың фазалары

  1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия).
  2. Тоқырау (стагнация).
  3. Жандану.
  4. Өрлеу (бум).

Дағдарыстың сипаттамасы.

  1. Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
  2. Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.
  3. Бағалы  қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.
  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлемесі өседі.

Тоқырау фазасының  сипаттамасы.

  1. Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
  2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
  3. Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлемесі азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.

Жандану  фазасының сипаттамасы.

  1. Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.
  2. Инвестициялар өседі.
  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
  4. Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.
  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлем есі өседі.

Өрлеу фазасының  сипаттамасы.

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.
  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
  3. Тауарлардың бағасы өседі.
  4. Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.
  5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.

     Дағдарыс  – тауарлардың  шамадан  тыс  артық  өндірілу  салдарынан  бағасының  күрт  төмендеуімен, өндірістің қысқаруымен, жалақының  азайып  және  жұмыссыздықтың  көбеюімен, кәсіпорындарының банкротқа  тап  болуымен, пайда  нормасының  төмендеуімен  ақша  айналысы  мен  несие  және  қаражат  жүйесінің  ретсіздігімен, сауда  мен  нарықтың  берекесіздігімен, пайыз  нормасының  артуымен, күрделі қаржының  азаюымен  бейнеленеді.

     Тоқырау – кезінде  тауарды  артық  өндіру  қысқарады, бірте – бірте  сатып  өткізу  жүзеге  асады. Бағаның  құлдырауына  тосқауыл  қойылады. Тоқыраудан босану  жолы - өндірістің  құлдырауын  тоқтату  және  шаруашылық  механизмдері  даму  факторларын  ретке  келтіру. Дағдарысты  болдыратын  жағдайлар  мен  факторларды  және  одан  шығудың, тоқырауға  ұласудың  әдістері  бола  алады. Демек, тоқырау  фазасында  дағдарыста  болған келеңсіз – кернау  саяси, әлеуметтік – экономикалық  құбылыстар  жөнделеді  және  реттеледі. Алайда  өндірістің  молаюы  байқалмайды.

     Циклдік  тоқырау  бірте – бірте  өндірістің  жандану  фазасына  көшеді. Құрал  – жабдықты  шығару  көбейеді  және  жұмысшы  күшіне  деген  қосымша  сұраныс  күшейеді. Жұмыссыздар  саны  біршама  азаяды, халықтың  тұтыну  сұранысы  және сатып  алу  қабілеті  біршама  өседі. Тұтыну  бұйымдарын  өндіру  молайып, дағдарысқа  дейінгі  деңгейіне  жетеді.

    Жандану кезеңі  өндірістің  секірмелі  түрде  шапшаң  өсуіне  ауысады. Бұны  циклдың  өнеркәсіптік  өрлеу  фазасы деп  атаймыз.  Кәсіпкерлер  бар  мүмкіншіліктерді  түгелдей  пайдаланып  тауар  өндіру  көлемін  осы  циклдың  ішіндегі  ең  жоғарғы  деңгейге  жеткізеді. Деңгей  бұрынғы өндірістік циклдегі  деңгейден  анағұрлым  жоғары  болады. Нәтижесінде  өндірілген  тауарлардың  көлемі  мен  бұқара  еңбекшілердің  сатып  алу  қабілеттілігі  арасындағы  сәйкессіздік  кенеттен  қайта  күшейеді. өнеркәсіптің  өсу  қарқыны, сөзсіз  төлемпаздық  қабілеті  бар сұраныстың  шеңберінен  асып  төгіледі. Сөйтіп  экономикалық  дағдарыс  тағы  да  қайталанады.

        Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда  басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841ж., 1847ж. АҚШ, Англия   мен Франция, Германияны  қамтыды. 1857 жылғы  дағдарыс бірінші  дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды.

     «Ұлы тоқырау» атын алған   ең жойқын дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Экономикалық  дағдарыстың себептері: ішкі және сыртқы.

       Нарықтық  экономика  толқын  тәрізді  немесе  циклді  дамиды,  ол  көп факторлардың  іс-әрекетімен  анықталады.  Нарықты экономикамен  дамып келе  жатқан  елдердің  бәріне  тән белгі экономикалық  цикл.

         Экономикалық  цикл  дегеніміз   тұрақты  дүркін-дүркін  нарықтық  конъюнктураның, экономикалық  белсенділіктің  өрлеп,  қайта  төмендеп  қайталанып  отыруы.  Ал, цикл экономиканың  өрлеуден  қайта  дағдарысқа  дейінгі  қозғалыс  уақыты.  Циклділіктің  ерекше  өзіне  тән  қасиеті,  қозғалыс  дөңгелек  айналымымен  емес,  спираль  бойымен  қозғалыста  болады, ал әр  жаңа  спираль қоғам дамуын  жоғары  сатыларға көтерумен сипатталады. 

         Нарықтық  шаруашылықта  циклділік   экономикалық  дағдарыстың  артық   өндіру  түрінде  көрініс   табады.  Белгілі  жай,  ұдайы   өндірістің  қалыпты  жағдайы   қоғамдық  ұдайы өндірісінің әр  түрлі бөліктерінің  арасында  белгілі бір тепе-теңдік,  қатынас болғанда  ғана  мүмкін,  ең  бірінші,  өндіріс пен тұтынудың арасындағы  теңдік  болып табылады. 

         Экономикалық  дағдарыстың  негізгі   және  абстрактылық  мүмкіндігі  сонау  жай  тауар  өндірісі  жағдайында-ақ  пайда  болған.  Ақшаның  айналыс  және  төлем  құралы  ретінде  атқаратын  қызметіне,  сонымен  қатар  жай  тауар  өндірісіндегі  жеке  және  қоғамдық  еңбек  арасындағы  қайшылыққа  тікелей  байланысты. Жеке  тауар  өндірушілер  қоғамдық  қажеттілікпен  сұраныстарды  білмей  және  еске  алмай-ақ  тауар  өндіре  береді.  Осыдан  барып  тауарлар  өздеріне  деген  сұранысты  таппай,  артық  тауар  болып,  нарықта  өтпей  қалуы  ықтимал.  Бұның  бәрі  дағдарыстардың  жай  тауар  өндірісіндегші  абстрактылық  мүмкіншілігі.

         Абстрактылық  мүмкіншіліктер  нарықтық  жағдайда  айқындала  және  нақтылана  түседі.  Шынайы  мүмкіндікке  айналады.  Бұған   екі  жағдай:  капитал  айналымы  мен  ұдайы  өндірісі  әсер  етеді. 

         Нарық  жағдайында  капитал   айналысында  жеке  капиталдар  тұтасып,  бір-біріне  тәуелділікте  болады.  Сондықтан  капитал   айналымының  бір  сәт   үзіліске  ұшырауы  басқалардың   тағдырына  әсерін  тигізеді.  Қорыта  айтқанда,  жай  тауар  өндірісіне  қарағанда  сату  мен  сатып  алу  арасындағы  сабақтастықтың  үзілуі  экономикалық  дағдарысты  шындыққа  айналдырады.

         Екінші  факторы: ол  тауарды   несиеге  сатудың  жалпылама   құбылысқа  айналуында.  Бұл   құбылыс  қоғамның  бүкіл  шаруашылық  жүйесіне  әсер  етіп,  дағдарысқа  итермелейді. 

         Дағдарыстың  шынайы  мүмкіндігіне  айналуының  келесі  факторы   қоғамдық  капиталдың  ұдайы   өндірісі  жағдайынан  туындайды.  Демек,  қоғамдық  жиынтық  өнімді  сатып  өткізу  үшін,  өндіріс  құрал-жабдықтары  мен  тұтыну  заттарын  өндіру  көлемі  арасында,  сондай-ақ  осы  өндірістің  ішкі  бөліктерінде  белгілі  бір  пропорциялардың  сақталуы  қажет.  Ал  капитализмде  пропорцианалды  даму  мүмкіндігі  жоқ.  Сондықтан экономикалық  дағдарыстың шынайы  мүмкіндігі  қоғамдық  жиынтық өнімді  сатып өткізудің шарттарының бұзылуынан  туындайды.  Қорыта  айтқанда  тауарды сату  мен сатып алу арасында  үзіліс  болғанықтан дағдарыста  сөзсіз  болады. 

         Экономикалық  даму  үшін  бұл  мәселелердің  маңыздылығы  ерекше  болғаны  соншалық,  XIX-XX  ғасырларда  жетекші  экономистердің  бірде-бірі  бұл  мәселеге  тоқталмай  өте  алмады.  Олардың  еңбектерінен  циклдық  дамудың  байланыстылығы  мен  объективтігін,  экономикалық  процесстерге  әсерін  мойындаған,  циклдық  дамудың  себептерін  анықтауға  ұмтылған  әр  түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер  мен  болжамдарды  кездестіреміз. 

Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы