Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 21:08, реферат
Нарықтық экономика толқын тәрізді немесе циклді дамиды, ол көп факторлардың іс-әрекетімен анықталады. Нарықты экономикамен дамып келе жатқан елдердің бәріне тән белгі экономикалық цикл.
«Ауыз сумен жабдықтау» саласының үлесі – 9,8%, немесе 2009 жылы бұл саланы дамытуға 4 975,1 млн. теңге қаралды.
Жалпы қаралған қаржының 10,1% «Денсаулық сақтау» саласына тиесілі. Аталған саланың кешендерінің құрылысына 2009 жылға 5 123,5 млн. теңге қаралған.
Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2009 жылда тұрғын үй құрылысына 5 765,6 млн. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2008 жылымен салыстырғанда 71,2%-ға кем.
Барлық меншік түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар және халықтың қаржысы есебінен жалпы алаңы 178,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер салынды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 70,6%-ға кем. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 69,1% халықтың өз қаржысы есебінен тұрғызылды.
Облыс бойынша іске қосылған тұрғын үй көлемінде едәуір үлесті Шымкент қаласы (41,8%), Түркістан қаласы (6,6%) және Мақтаарал ауданы (7,9%) алады.
Сурет 5
Отырар ауданында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге өскен. Бірақ, облыстың басым аймақтарында пайдалануға берілген үй көлемінің кемуі орын алды.
Сыртқы сауда. Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 2009 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2192,2 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 2008 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 29%-ға кем.
Сыртқы
сауда айналымының негізгі
Импортталған тауарлар – тиісінше, 851,9 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 19,4% кеміді. Сыртқы сауда айналымындағы импорттық түсімдердің үлесі 38,9% құрады.
Сауда балансының оң қалдығы қалыптасып, 488,4 млн. АҚШ долларын құрады (2008 жылдың қаңтар-қарашасында оң – 971,3 млн. АҚШ доллары).
Салықтық-бюджеттік сала. 2009 жылда мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 120,4 млрд. теңгені құрады, немесе жоспар 16,8% артық орындалды. 2008 жылмен салыстырғанда түсімдер – 5,2%-ға өсті.
Республикалық бюджетке 80,5 млрд. теңге түсті, бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 66,9% құрайды. Жоспар 25,4% артығымен орындалып, 2008 жылмен салыстырғанда 6,8% кеміді.
2009 жылда жергілікті бюджетке 40,0 млрд. теңге түсіп, жоспар – 102,5% орындалды және 2008 жылына 102,6% құрады.
Ақша-несие саясаты. Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер 40,8 млрд. теңге көлемінде несиелер берілді, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 45,4% кем. Ипотекалық несиелендіруге 4 128 млн. теңге сомасында несие берілді, немесе 1,6%-ға кем.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 18,2 млрд. теңгені құрады, немесе 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 45,5%-ға кем.
Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен сауда саласын дамытуға – несие салымдарының жалпы көлемінің 41,0%, ал жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында – 30,2%, қызмет көрсету саласына – 7,6%, өнеркәсіпке – 7,0%, құрылысқа – 6,5%, ауыл шаруашылығына – 2,6%, көлікке – 1,4%, басқа да салаларға – 3,7% берілген.
Халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне байланысты олардың облыстың банктеріндегі салымдары мен депозиттері артуда. 2009 жылдың 1-желтоқсандағы жағдай бойынша, облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 33,5 млрд. теңгені құрады, яғни, 2008 жылдың 1-желтоқсанымен салыстырғанда 21,9% артық. Халық салымдарының басым бөлігі (65,9%) ұлттық валютада.
Бағалар. Тұтыну бағасының индексі 2009 жылда 2008 жылымен салыстырғанда 106,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 4,9%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 9,7%, ақылы қызмет бағасы – 4,3%-ға өскен.
Азық-түлік тауарларының ішінде қант және кондитерлік өнімдер – 24,0%, ет және ет өнімдері – 7,6%, балық және теңіз өнімдері – 6,2%, сүт және сүт өнімдері – 6,3%-ға қымбаттады. Май және тоң май бағасы 9,3%, жемістер мен көкіністер – 4,1% төмендеді.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде киім және аяқ-киім бағасы –8,3%-ға; ақылы қызметтен – денсаулық сақтау қызметі – 21,9%, байланыс қызметі – 11,5%, көлік қызметі – 7,3%-ға қымбаттады.
Жұмыспен қамту. Статистика органдарының мәліметі бойынша, 2009 жылдың ІІI тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1 133,3 мың адамды, жұмыссыздар саны 73,0 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады.
2010 жылдың 1-қаңтарында облыс бойынша 9 560 жұмыссыз тіркелген, ал тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,84% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсанында жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 36 200 жұмыссыздың – 30 288, немесе 83,7% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 9 771 ресми тіркелген жұмыссыздар тартылды.
Облыста 19 070 жаңа жұмыс орны, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 1 515, денсаулық сақтау саласында – 1 889, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларында – 2 297 жұмыс орны құрылды.
Қазақстан Республикасындағы жұмыс орындарын құратын қаражатын тауар өндірушілер шетелдік фирмаларды , бірлескен кәсіпорындарды қолдау еңбек ету аясын кеңейте түсері сөзсіз.
Дамудың екі нұсқасы немесе сценарийі болуы мүмкін
Біріншіде, нақты сектордың ауқымы ең алдымен оның ішкі төлем қабілетімен және әлемдік нарықтық талабымен анықталатын болады. Мұндайда мемлекеттің араласуы негізінен қаржылық –несиелік реттеумен шектеледі.
Екіншісінде, экономиканы мемлекеттің өзі белсене реттеуі, мақсатты құрлымдық , инвестициялық сырқы экономикалық және ішкі әлеуметтік саясатты жүйелі жүргізуі , өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің салааралық , аймақаралық легін жасақтау үрдісіне тікелей атсалысуы, отын –энергетикалық ресурстармен шикізаттардың негізгі түрлерінің , бірінші кезектегі қажетті тұтыну тауарларының бағаларын қатаң реттеп отыруы қажет.
Отын өнеркәсібі өнеркәсіптік өндірістің және жалпы алғандағы экономиканың дамуна маңызды ықпал етеді. Шикізат түріндегі мұнай экспортының өсуінің арқасында мұнай өңдеу көлемінің төмендеуі мүмкін .
Құрлымдық саясат отандық өңдеу өнеркәсібінің , жоғары технология қажет ететін салалардың мүмкіндігінше дамуына , ал шаруашылық саясат экономиканың инвестициялық белсенділігінің деңгейін көтеруге бағытталуы тиіс . Сыртқы сауда саясатында алыс шетелдерге бағыт ұстануы басымырақ болуы мүмкін. Бұл жағдайда ТМД елдерімен сауда байланыстары қалдық принциптері бойынша қалыптасады.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту , олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделеді.
Ел Президенті : «Прибалтика елдерінде шағын және орта бизнесті » әжептеуір дамуында үлкен тәжірибие жинақталғанын ашады. Осы елдерде бюджеттік кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік рынокта ауытқуларға төмендегі деңгейде тәуелді.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзіргі осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрлымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа , бірінші , екінші , үшінші және төртінші сатылырын құруда, ауыл шаруашылығы өңдеу өнеркәсібінін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.
Мұнай өндіру ұйымдастыру , мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру , мұнай өңдеу жене мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері койылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі –бәсекеге қабілетті баға мен технология сапаны қамтамасыз ету , мынадай міндет қойылды –бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы диспропорциялық және әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялық оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдарлары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл
шаруашылығы мен өнеркәсіптің
әлі іске жаратылмаған
әлеуметінде жаңа жұмыс
орындарын құруды , шағын
және орта бизнесті
дамытуда қарастыратын көш
–қон саясатын жасау
міндеті қойылды. Осыған
байланысты тағы да
мәселе , яғни кәсіпкерліктің
өмір сүруі мен одан
әрі даму мәселесі қойылды.
Осы жерде халықты
жұмыспен қамту , азаматтық
құқық халықтың табыстары
, рыноктың коньюнктурасын
жақсарту, нарықтық бәсекені
қажетті деңгейде ұстау
және дамыту сияқты
үлкен проблемалардың бастаулары
қиылысады.
Мемлекет дағдарыстан шығу
Негізгілердің бірі ретінде инвестиция қалады. Себебі, капиталдың қорлануы ағымдағы тұтынудан, қор жинаусыз, бас тартпайынша мүмкін емес. Сондықтан үкіметтің алдындағы басты мақсат, ол, қажетті қор жинауды қамтамасыз ететін саясатты (салық салу) дайындау және оны іске асыру болып табылады.
Белгілі жәй капиталдың өсуі экономиканың жеке секторларында да, қоғамдық секторда да жүріп жатады. Сондықтан, бірінші жағынан қоғамдық сектордағы жобалардың (жол, аурухана т.с.с.) инвесторы ретінде үкімет өзі болады, сонымен қатар, шығындардың көп бөлігін білім беру және кадырларды қайта дайындауды үкімет өзіне алады.
Екінші жағынан бұл жағдай жеке инвесторларды ығыстырмауы керек. Бұл кезде әр бір варианттың тиімділігін ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Жеке инвестицияларды көбейтуге болады, егер үкімет инвестицияға жағдай (климат) жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етсе және оның өсуін жасанды әрекетермен тежемесе. Осындай жағдай жасамаса жеке инвестициялар барлық ғылыми-техникалық жаңалықтар өнер тапқыштық нақты игіліктерді өндіруде көрніс табады.
Атап өтетін жай, микроэкономикалық деңгейде ұсынысты ынталандыру әдістерінің атқаратын қызметінің маңызына, мәніне нем құрайлы қарауға болмайды. Себебі, тарихи технологиядағы жіберілген ірі олқылықтарды, ғылыми және конструкторлық зерттеулерді іс жүзінде пайдаланудың нәтижесінде экономикалық өсуді негізгі кезеңдері басталып отырды. Мысалы: ұшақтардың жаңа түрлері, компьютерлер, жаңа дәрі-дәрмектер, пайдалы өсімдіктердің жаңа сорттарын табу, малдар селекциясы т.с.с. – бәрі ғылым мен техниканың нәтижесі. Экономикасы дамыған елдерде ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық зерттеулердің шамамен жартысына жуық бөлігін фирмалар қаражаттандырады, ал қалған бөлігін ( әсіресе әскери-өнеркәсіп кешеніндегі зерттеулер) мемлекет қаражаттандырады.
Сонымен,
үкімет ғылыми-зерттеу және тәжірибе
конструкторлық зерттеулердің нәтижесін
іске асыруда үлкен қызмет атқарады
және оларды әрбір өнім өндірушіге
жеткізу қызметін атқару керек.
Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы