Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 21:08, реферат
Нарықтық экономика толқын тәрізді немесе циклді дамиды, ол көп факторлардың іс-әрекетімен анықталады. Нарықты экономикамен дамып келе жатқан елдердің бәріне тән белгі экономикалық цикл.
3. Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мыссалы, XIX ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900,1907,1929, 1937 жылдағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы өндірісінің едәуір блігін әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету саласын қамтиды.
Атап өтетін мәселе аграрлық дағдарыс шикізат пен азық-түлікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды. Сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.
Мемлекет экономиканы тұрақтандыру
бағытында антициклдық
Мемлекеттің тұрақтандыру саясаты – ол макроэкономикалық саясаттың экономиканы толық жұмыспен қамту деңгейінде немесе потенциалды өнім шығаруға тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар. Осы шараларды қандай бағытта, қандай механизмдер арқылы іске асыру жолдары жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Олардың сан түрлілігі мен салмақтары бірдей еместігі мемлекеттің тұрақтандыру саясатын қабылдауға кедергі болмай, барлық циклдық реттеу тұжырымдамасын екі бағытқа топтады: неокейнсиандық және неоконсервативтік.
Неокейнсиандық тұжырымдама жиынтық сұранысты реттеуге бағытталса, ал неоконсервативтік – жиынтығы ұсынысқа бағытталады.
13.2. кесте
Белгілері | Бағыты | Мақсаты | Реттеудің бағыттары | Мемлекеттің қызметін бағалау |
Неокейнсиа ндық бағыт | Сұраныс | Макроэкономи калық реттеу | 1.Салық-бюджет
саясаты.
2.несие-ақша саясаты. |
Мадақтау (сұранысты ұлғайтып,өндірісті ынталандыру) |
Неоконсерва тивтік бағыт | Ұсыныс | Микроэкономи каны (жеке фирма) айықтандыру | 1.Несие-ақша
саясаты.
2.Салық-бюджет саясаты. |
Тежеу (екі бағытта да икемді саясат арқылы) |
Тұрақтандыру саясатын іс жүзінде жүргізетін экономистер мен саясатшылардың қай бағытқа– жиынтық сұранымға немесе жиынтық ұсынымға басымдылық бергеніне тәуелсіз, ең күрделі мәселе экономикалық саясат мақсаттарының санымен оны іске асыратын құралдар санының сәйкестігі. Қысқаша оны төмендегідей түсініруге болады: үкімет экономиканы дәл құлдырау фазасында ынталандыра алса, ал дәл өрлеу фазасында экономиканы "қыздырмай" тежей алса. Себебі елдің экономикасы барлық уақытта қозғалыста болады, сондықтан мемлекеттің тұрақтандыру саясаты сол қозғалыс ырғағына дөп түсіп отыра ала ма? Дөп түспеуі де мүмкін. Қорыта айтқанда, барлық нарықтық экономикадағы елдерде қиыншылықтарына қарамастан мемлекетте тұрақтандыру саясаты жүргізіледі. Әрине әр елдің өз ерекшеліктеріне байланысты "экономиканың ұлттық моделі" арқылы жүргізіледі. Себебі, американ капитализмі жапондықтардан, ал жапондықтардан - Қазақстанның өтпелі кезеңдерінің айырмашылықтары бар. Сондықтан, бәрі де бір бағытта жүруі мүмкін емес. Бірақ экономиканың циклды даму заңдылықтарының негізін білу, әрбір елдің үкіметіне макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізу үшін қажет.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға
бейім тұратын нарықтың
3. кесте
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар | Тоқырау фазасында | Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты | Пайыз мөлшерлемесін төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. | Пайыз мөлшерлемесін өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2. Фискальдық саясат | Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. | Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты | Жалақыны өсіру. | Жалақыны төмендету. |
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. | Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. | Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: | Шаруашылық белсенділігін ынталандыру | Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Экономиканың өсуі таяу болашақта қызмет көрсету саласын, өңдеу өнеркәсібін , тұрғын үй мен құрлысын, көлік инфрақұрлымын озық қарқынмен өркендету есебінен қамтамасыз етуге болады. Өтпелі кезеңдегі экономикалық өсудің бір көзі қолда бар өндірістік әлеуметті тиімді пайдалану
Жасыратыны жоқ , осы кезде өндіріс қуаттары , ғимараттар , техникалар, комуникациялар толық көлемде пайдаланылмай келді. Сайып келгенде , мұның өзі қосымша шығынды қажет етпейтін ресурстар. Сонымен қатар , кәсіпорындар деңгейінде толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайында қызмет ететін жұмыс күштері бар.
Аймақтардың
Қазақстан Республикасында
шетелдік әріптестермен
бірлесе отырып құратын
жұмыс орындары қолдауға
стратегиялық бағыт ұстауы
жеке өңірлердіңдамуына
жәрдемдесер еді.
Оңтүстік Қазақстан облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысына келетін болсақ ол төмендегідей:
Өнеркәсіп. 2009 жылы облыста 247,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 21,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 53,4% өсіп, 53,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнім өндіру көлемінің ұлғаюы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің 54,3% артуының есебінен орын алды.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 68,3%) өнімінің нақты көлем индексі – 104,5%, немесе өнім көлемі 169,2 млрд. теңгені құрады.
Аса маңызды өнімдердің ішінде ет өндіру – 0,6% (өндірілгені 8,1 мың тонна), сүт – 1,0%-ға (14,7 мың тонна), ұн өндіру – 25,3% (583,9 мың тонна), нан – 0,4% (160,2 мың тонна), мазут – 7,6% (785,8 мың тонна), цемент – 8,8% (953,9 мың тонна), электр энергиясы – 20%, (1,4 млрд.кВт/сағ.) және табиғи су – 5,1% (62,6 млн. м3 ) артқан.
Сонымен қатар, бензин өндіру – 3,8%-ға (өндірілгені – 810,6 мың тонна), керосин – 12,6% (240,1 мың тонна), газойльдер – 9,4% (1276,3 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 57,2% (112,1 мың текше метр), әк – 47,8% (36,2 мың тонна), мақта иірімжібі – 28,4% (8,7 мың тонна), мақта маталары – 13,6% (34 млн. шаршы метр) кеміген. 97,2 мың тонна мақта талшығы өндірілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 70,7% құрады.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,1% құрайтын электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,9%, немесе 25 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, (ағымдағы республикалық бағада) 158,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артты.
Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің – 17,2%, немесе 27,2 млрд. теңгесі – Мақтаарал ауданының тауар өндірушілеріне, Сарыағаш ауданы – 16,4%, немесе 25,8 млрд.теңге, Сайрам ауданына – 13,4%, немесе 21,1 млрд.теңгесі тиесілі.
2009
жылы облыстың барлық
2010 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 765,3 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 106,9%, қой – 3174 мың бас, немесе 105,7%, ешкі – 416,9 мың бас, немесе 101,0%, жылқы – 151,5 мың бас, немесе 105,2%, түйе – 16,4 мың бас, немесе 108,2%, шошқа – 35,4 мың бас, немесе 107,5%, құс саны – 2332,7 мың бас, немесе 109,8% құрады.
Көлік және байланыс. Жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 69,3 млн. тонна – жүк және 1115,1 млн. – жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 100,0% және 105,2%.
Әуе
көлігімен жүк тасымалдау – 53,6%-ға,
жолаушылар тасымалдау – 40,7%-ға артып,
тиісінше, 596 тонна – жүк және 450,2 мың –
жолаушы тасымалданды.Байланыс кәсіпорындары
7409,1 млн. теңгеге қызмет көрсетті, бұл
2008 жылды салыстырғанда 1,1% кеміген. Халыққа
көрсетілген қызметтің үлесі 67,3%-ды құрады.
Бұрынғысынша жалпы табыс көлемінде басым
үлес – халықаралық және қалааралық телефон
байланысына (34,6%), жергілікті телефон
байланысына (32,9%), интернет – 15,8%, телерадиобағдарламаларды
Шағын кәсіпкерлік. ОҚО статистика департаментінің мәліметі бойынша 2010 жылдың 1-қаңтарындағы облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 111,4 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,8% құрады.
2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 153,5 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 97,0% құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 261,7 мың адамды құрады (98,1%).
Инвестиция саласы. 2009 жылда облыс экономикасын дамытуға, жасырылған және формальді емес қызметті қоса есептегенде, негізгі қорға 311,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды, бұл 2008 жылымен салыстырғанда 52,2%-ға кем.
Сурет 3
Облыстың басым аймақтарында инвестиция көлемінің ұлғаюы байқалады. Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің Шардара (14,0 есеге), Қазығұрт (10,7 есеге), Түлкібас (7,4 есеге) аудандарында айрықша өсімі орын алды.
Облыстың 8 аймағында инвестиция көлемінің кемуі байқалады. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан қаласында – 42,5% және Ордабасы ауданында – 61,1% деңгейінде орын алды.
Негізгі
қорға бағытталған
Кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржылары есебінен тартылған инвестициялардың үлесі 16,5%, немесе 51,2 млрд. теңгені құрады, жергілікті бюджет қаржылары есебінен, тиісінше, 3,7%, немесе 11,7 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 22,5%, немесе 70,2 млрд. теңге.
Инвестиция салымының басымды салалары көлік және байланыс (жалпы инвестиция көлемінің – 49,7%), білім (9,1%), өнеркәсіп (22,9%), жылжымайтын мүлікпен операция жасау, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету саласы (4,5%), құрылыс (1,8%) болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялар. 2009 жылы кешендердің құрылысы мен қайта құрылысына қаралған бюджет қаржысының жалпы көлемі 50 887,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
Жалпы қаралған қаржының негізгі бөлігі (49,6%) «Білім беру» саласына тиесілі. Аталған салаға 2009 жылы 25 230,7 млн. теңге қаралды.
Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы