Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 21:08, реферат

Описание

Нарықтық экономика толқын тәрізді немесе циклді дамиды, ол көп факторлардың іс-әрекетімен анықталады. Нарықты экономикамен дамып келе жатқан елдердің бәріне тән белгі экономикалық цикл.

Работа состоит из  1 файл

кризис.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

         Экономикалық  циклдардың  себебін   шартты  түрде  сыртқы  (экзогенді),  ішкі  ( эндогенді  )  және аралас  факторларға  бөлуге  болады. 

         Сыртқы  (экзогенді)  факторлар  – экономикалық  жүйеден  тыс   болып  жатқан  құбылыстар.  Оған  жататындар: адамдардың  санының   өзгеруі,  жаңалық  табу мен   инновациялар  соғыс  және  басқада  саяси  уақиғалар.

         Ішкі  (эндогенді )  факторлар  – экономикалық  жүйенің  өзінің  ішінде  болып  жатқан  құбылыстар.  Оларға  жататындар:  тұтыну,  инвестициялау   және  мемлекеттің  іс-әрекеттері.

         Аралас  факторлар – циклдің   себебін  ішкі  және  сыртқы  факторларды  синтездеу  арқылы  анықтайды.  Олардың  авторларының  тұжырымдауынша: сыртқы фактор циклдің бастапқы дүмпуін  туындатады, ал ішкі фактор тазалық – ауытқуға әкеліп соғады.

      Пайдаланып  жүрген теорияларға қысқаша тоқталайық.

      1.Нақты  ЖҰӨ циклдік ауытқуының себебін  мультипликаторлар мен акселераторлар  тиімділігінің іс- әрекетінің нәтижесінде  пайда болады– деп тұжырымдайтын  теориялар.

      2.Саяси  іскерлік циклінің теориясы (теория  политического делогого цикла)  бұл теория макроэкономикалық ауытқудың себебі үкіметтің несие – ақша және салық бюджет салаларындағы саясатының нәтижесінде туындайды – деп  ұйғарады.Үкімет макроэкономикалық саясатында екі құралды бірдей пайдалануына мүмкіншілігі бар. Саясатшылардың іс - әрекеті елдің мейірімділігін (симпатия) немесе сенімін жеңіп алу, олар соның нәтижесінде сайлануға тырысады. Сонымен, үкімет сайлаудан кейін қатаң несие– ақша және салық саясатын жүргізуге іс-әрекет жасайды.Үкіметтің бұл саясаты экономиканың құлдырауға әкеліп соғады, осы кезеңде "жұмбақ" макроэкономикалық саясат жүргізу қажет болады, оны келесі сайлау алдында жүргізеді. Осы теорияны жақтаушылардың ойынша цикл кезеңі сайлау кезеңімен тура келеді (әр 5 жылда).

      3.Экономикалық  циклдің тепе– теңдік теориясы. Бұл теорияға сәйкес циклділікті өнім шығарудың потенциалды ЖІӨ- нен ауытқуы мен емес, оның өзінің қысқа мерзімдегі ауытқуымен байланысты түсіндіреді.

      4.Нақты  іскерлік циклінің теориясы. Аталған  теорияға сай макроэкономикалық  ауытқудың себебін экономиканың  бір немесе бірнеше салаларында өнімділіктің "шоктық" (естен тану, сандырақ), өзгеруіне кеңірек айтатын болсақ - өндіріс технологиясының "шоктық"өзгеруіне байланысты болуы мүмкін – деп ұйғарады.

      Соңғы аталған теорияға байланысты атап өткен  жөн, кейінгі кезде көп тараған теория ол импульсты- өрістету теориясы. Бұл теорияны қалыптастырушылар: 1969ж. Нобель сыйлығының лауреаты, Норвегия экономисті Ригнар Фриш (1895– 1973ж.) және орыс экономисті Евгений Слуцкий (1880 – 1948ж.). Импулсті - өрістету теориясының мәні мынаған саяды: экономика өзінің дамуында көптеген импульстар мен  (ғылыми жаңалықтар, соғыс, игіліктерге салыстырмалы бағаның бірден өзгеруі, саяси режимнің ауысуы, ақша массасының бірден қысқырып немесе көбейіп кетуі т.б.) кездеседі, сондықтан олар циклдік ауытқуға қозғау салады.

      Импульсті -өрістету циклдарының теориясы белгілі  бір сатыда циклдың ішкі және сыртқы факторларын интеграциялайды: сыртқы (экзогенді) факторлар – жиынтық  сұранымын немесе жиынтық ұсыным "шоктары" циклдық ауытқуға қозғалыс жасайды, ал ішкі (эндогенді) факторлар (мультипликатор мен акселератордың өзара іс - әрекеті) ауытқуды тарату механизмін анықтайды.

      Қорыта  айтқанда, жоғарыдағы келтірілген теориялардың бәрі белгілі бір дәрежеде циклдық  ауытқудың нақты себептерін көрсетеді. Бірақ– та бүгінгі күнге, әлде бір ауыздан мойындалған теория жоқ. 

Циклдардың  себептерін зерттеген басты бағыттар

  1. К. Маркс артық  өндірудің  циклдық  дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай  жаңаруымен қарастырған.
  2. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің  ойынша: цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз  мөлшері ара қатынасымен  түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда  мөлшері пайыз  мөлшеріне дейін  төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
  3. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің   ақша саясатының нашар  жүргізілуінен туындайды.
  4. Сыртқы факторлардың әсеріне  тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер.

Экономикалық  дағдарыстың  құрылымы. Қысқа  мерзімдік, орта  мерзімдік  және  ұзақ  мерзімдік  дағдарыстар.

           Экономикалық циклдердің  бір  - бірінен ұзақтығына  және  интенсивтілігіне  байланысты  айырмашылықтары  бар. Осыған  орай  әдебиеттерде  үш  мерзімге  бөледі: қысқа, орта және  ұзақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Экономикалық  дағдарыстың түрлері

     Экономикалық  циклдердің  бір - бірінен ұзақтығына  және  интенсивтілігіне  байланысты  айырмашылықтары  бар. Осыған  орай  әдебиеттерде  үш  мерзімге  бөледі: қысқа, орта және  ұзақ.

     1. кесте

Экономикалық  циклдардың типтері

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің  «қысқа  толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік  қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың  тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың  «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы  өзгерістер, несиелік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің  циклдары 18-25 жыл Экономикалық  циклдардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің  «ұзын  толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық  өндірістегі  технологиялық базаның радикалды  өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің  циклдары 200 жыл Энергия куаты  мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің  циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның  дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.
 

     Қысқа  мерзімді  экономикалық  циклдардың  американдық  Уэсли  Митчелл  мен  Джозеф  Китчин  ұзақтығы  3-4 жылға  созылады  және  оның  себебін  тауар мен материал  қорының  ауытқуымен  түсіндіреді. Қысқа  мерзімді  циклді  әдебиетте  Китчин  циклі деп  атайды.

     Орта  мерзімді  экономикалық  циклдың  ұзақтығын   10  жылға  созылады  деп  тұжырымдайды. Бұл  кезеңді  зерттеп  өз  модельдерін  ұсынған  авторлар: К.Жугляр, К. Маркс, Дж. Кларк. Орта  мерзімді  циклді  К.Жуглярдың  атымен "Жугляр  циклы" деп  атайды.  Оның  себебі  циклды  өте  жан – жақты, толығымен  зерттеушілердің  алғашқыларының  бірі. Ғалымдар  қысқа  мерзімді  циклдан  гөрі  орта  мерзімді  көп,  жан – жақты  зерттеген.

     Ұзақ  мерзімді  немесе "ұзын  толқын" циклының  теориясының  негізін  қалаушы  Петербург  университетінің  заң  факультетінің  түлегі  Н.Д.Кондратьев 1928ж. "Экономика институтының"  ғылыми  кеңесінің  жиналысында  "Большие циклы  конъюнктуры" деген  тақырыпта  баяндама  жасап  әлемге  әйгілі  болды.

       Экономикалық  конъюнктураның  үлкен   циклдары  тұжырымдамасының  мәнін   Н.Д. Кондратьев  былай  анықтады:

     Қазіргі  экономикалық  теория  ұзақтығы  7 – 11 жылдық  циклді  ғана  біледі.  Алайда,  шындығында  мұнымен  қатар  ұзақтығы  шамамен 48– 55 жылға  созылатын, конъюнктураның  басқа  да  циклдары  бар.  Біз  оны  үлкен экономикалық  циклдар  деп  атаймыз. Зерделеудің  негізгі  нәтижелері  төмендегідей  болды. Қолдағы  деректердің  көбі  48– 55  жылға  созылатын  циклдік  ауытқулардың  барлығын  көрсетті. Егер есептеуді  XVIII ғасырдың  аяғынан  бастасақ, онда үлкен  циклдардың  кезеңдері  шамамен  мынадай  болған:

     I цикл XVIII ғ. 90 жылынан 1844 – 1850 жылдарға  дейін;

     II  цикл  1844 – 1850  жылдардан  1890 – 1896  жылдарға  дейін;

     III  цикл  1890 – 1896  жылдардан  1914 – 1920 жылдарға (жоғары  толқын) дейін, 1914– 1920  жылдардан (төменгі  толқын).  Байқалған  конъюнктураның  үлкен  толқындарын  кездейсоқ  себептермен  түсіндіру  мүмкін  емес. Оларды  түсіндіруді  шаруашылықтың  капиталистік  жүйесіне  тән  ерекшеліктерден  іздеу  керек.

1810-1817                     1870-1875                            1914-1920

          1.       1890-1896
 
        1. 1970-1975                      2025-2030
            1. 1990-1995

     Алғашқы  болжам  ретінде  мынадай  тұжырымдама  ұсынылды:

     Өндіргіш  күштер  мен  өндірілген  материалдық  игіліктердің  қызмет  көрсетуі  түрліше. Осымен  қатар  оларды  жасауға  кететін  уақыт  әр  түрлі, әрі  әр  түрлі  құралдар  қажет. Әдетте  өндіргіш  күштердің  негізгі  түрлерінің  қызмет  етуі  ұзақ  мерзімге  созылады. Сөйтіп  олар  көп  уақытқа  және  үлкен  көлемде  капиталдың  жиналуын  қалайды. Осыдан  келіп  экономикада  әр  түрлі  кезеңдерде, уақыттарда  қолданылатын тепе– теңдіктің  түрлері, көріністері  болады  деген түсінік  туады. Үлкен  циклдар  дегеніміз  ұзақ  кезеңдердегі  экономикалық  тепе – теңдіктің  бұзылуы  және  қалпына келуі деп қарау керек. Оның  негізгі себебі  қорлану механизмінде, өндіргіш  күштерді  жасауға қажетті капиталдың  жинақталуы  мен жойылуында  жатыр. Алайда  осы негізгі себептің күшеюіне  екінші  қатардағы факторлардың  әсері бар. өрлеудің  басталуы (жоғарылау толқындары) қорланудың  жаңа  өндірістік  құралдар жасауға  капиталды  рентабельді  жұмсау  мүмкіндігімен  сәйкес  келеді. Өрлеу  өнеркәсіптік  дағдарыстың  орта  мөлшередегі   факторларының  қайшылығына  кездеседі. Экономикалық  өрлеу  қарқынының  төмендеуінің (төмендеу  толқындары) жағымсыз  сипаттары  экономикалық  факторлардың  қолануынан  болады. Ал бұлар  жетілген  техниканы  жасауға  және капиталдың  өнеркәсіп – қаржы  топтарының  қолына  шоғырлануына,  осы бағыттағы ізденіс  жұмыстарына  жол  ашады. Мұның  бәрі  жаңа  өрлеуге  алғы  шарт  жасайды  және  бұл  жаңа  өндіргіш  күштерінің  өсуін  қамтамассыз  етеді.

     Экономикалық  дағдарыстың  мына  төмендегідей  түрлері  болады:  жалпы, жарым  – жартылай (частичный), салалық, құрылымдық  және  аграрлық.

     Жалпы  экономикалық  дағдарыс шаруашылықтың  барлық  саласын, әсіресе  өндірістің  көп бөлігін қамтиды. Ол  дағдарыс  өте  тереңдеп, ұзақ  болады.

     Жарым–  жартылай дағдарыс  экономиканың  белгілі  бір  саласын  қамтиды. Мысалы: ақша  айналым  және  несие  саласын  қамтиды. Бұл  кезде  өндірісте дағдарыстың болмауы да  мүмкін  және ол тәуелді  болуы да  мүмкін. Жарым – жартылай  дағдарыс  Германияда  1932 жылы  банк  саласында  болды.

     Салалық  дағдарыс  бір  саланы  өнеркәсіпті, тасымалдау,  ауылшаруашылығын  қамтиды.  Мысалы  1977ж.  тоқымашылық  өнеркәсібінегі  дағдарыс  т.с.с. оның  болу  себебі  әр  түрлі:  құрылымдық  өзгерістер;  диспропорционалдық  ( сәкессіздік  пропорциясыз )  даму,  саладағы  артық  өндіру  т.с.с.  Салалық  дағдарыс- экономиканың  жолсерігі,  ешбір  жыл  салалық  дағдарыссыз  болған  емес.

     Құрылымдық  дағдарыс өндірістік  тікелей  сәйкессіздік       (пропорциясыз) дамуының  нәтижесі.  Бір  саланың  екінші  бір  саланың  экономикасының  ырқын  бұзып,  біржақты  дамуы.  Құрылымдық  дағдарыс  ұдайы  өндіріс циклінің  бірнеше  кезеңін  қамтуы  мүмкін.  70  жылдардағы  энергетикалық,  шикізаттар  және  азық-түлік  салаларындағы  құрылымдық  дағдарыстар. 

     Аграрлық  дағдарыс. Ауылшаруашылығындағы  циклдік  дамудың  ерекшеліктері  бар.  Олар  тек  табиғи  немесе  техникалық  себептерден  туындап  қоймай,  сонымен  қатар  оның  қоғамдық  жағдайлармен  атап  айтқанда  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  шоғырлануының  төмен  деңгейімен,  монополияланбауынан  және  т.б.  байланысты.

     Аграрлық  дағдарыс  артық  өндірудің  ерекше  түрі.  Ауыл шаруашылығындағы  дағдарыстардың  өзгешелігі  тек  өнеркәсіп  дағдарысының  осы  өндіріске  тарауында  емес,  сонымен  қатар  ол  жалпы  циклдық  дағдарыстарға  толық  сіңіспейді.  Мұндағы  дағдарыс  фазаларының  жалпы  кестесіне  сәйкес  емес.  Аграрлық  дағдарыстың  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар:

     1. Аграрлық  дағдарыстар  ерекше  қайшылықтардың  дүмпуі,  ол  рентаға   және  ауыл  шаруашылығының  дәстүрлі  артта  қалуында.

     2.   Аграрлық  дағдарыстардың  ұзақтығы  соншалық  ол  жалпы артық өндіру  дағдарысы мен уақыты  жағынан сәйкес  келмейді  және  жалпы экономикалық  дағдарыстардың  басқа фазаларымен жалғасады.

Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы