Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:02, реферат

Описание

«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.

Содержание

І КІРІСПЕ...................................................................................................................3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру..................4
2.2 Әдебиеттік оқу. 2-4 сыныптар.............................................................................
2.3 Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқытудың екі циклінің әрқайсысына арналған білім беруден күтілетін нәтижелер..........................................................................10
2.4 Әдебиеттік оқу пәнінің базалық мазмұны........................................................13
2.5 Сынып бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар......................................................................................................................16
2.6 Оқытудың екі циклінің әрқайсысына арналған оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері..........................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................23

Работа состоит из  1 файл

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ.doc

— 210.50 Кб (Скачать документ)

Оқу үрдісі оқушылардың  оқу - танымдық әрекеті негізінде  жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті  негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. 
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.

Танымдық іс - әрекет оқушылардың  негізгі іс - әрекеті болып табылатын  күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы  міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.

Бұл қызыға оқыту мен  тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны,  ғылым мен техниканың соңғы  табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың  жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным  әрекетін ұйымдастыру формалары,  құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта  қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- Мұғалім мен оқушы,  оқушы мен оқушы арасындағы  қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік  түрінде орнатып, жүрек жылынуының  болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:

1. Тақырыпты мазмұнына  қарай жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпта  пікірталас тудыру.

3. Оқушылардың логикалық  ойлауын дамытатын ойындармен  берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ,  құрастырмалы ойындар).

4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).

5. Әңгіменің ұқсастығын  салыстыру бөліктерге бөлу, ат  қойғызу.

6. Қиялдау арқылы сурет  салғызу, рөлге бөліп оқыту.

7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.

8. Мәтін, ертегі, әңгімені  өз бетінше аяқтау.

Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойланатын ойындар  «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына  қарап сурет сал» т. б. ойындар  балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты»Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.

- Бір жылда неше  ай бар?

- Қандай жыл мезгілдерін  білесің?

- Жайлау табиғаты қандай? т. б.

Күзге байланысты тарауда  «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ  алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында қолдануға  болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар топ бойынша: 1 - топ – күз ерекшеліктерін, 2 - топ – күздегі еңбек, 3 - топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.

Оқушылардың ана тілі пәнінде танымдық қызығушылығын  арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушылардың кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы артып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, ана тілін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

- тақырып мазмұнына  сай мақал - мәтелдер айтқызу  мәнін ашып өз ойымен жеткізу;

- суретке қарап тақырыпқа  сай жұмбақ, жаңылтпаш айту;

- жұмбақтардың, мәтелдердің  жалғасын айтқызу;

- топқа бөліп мақал  - мәтелдер жарысын өткізу т.  б. мысалы: «Арыстан мен түлкі»  ертегісінде арыстан мен түлкінің  және тағы да басқа аңдардың  іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты  мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.

Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыратын маңызды айғақтардың  бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет. 
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту. 
Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы 
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:

- Жылдың бесінші айын  ата. 
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады? 
- Бүгін аптаның қай күні? 
- Көз адамға не үшін керек? 
- 685 пен 687 арасында қандай сан бар? 
- Есік қандай геометриялық фигура?

Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:

- Балаларға ойдан математикалық  ертегі құрастыруға тапсырмалар  беру.

- Қиялдау арқылы сурет  салғызу.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:

    1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)
    2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).
    3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)
    4. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Дүниетану сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.

Мысалы: Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында  оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер  жасау барысында оқушылар судың  түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей топтастырып құрастырады: 
мөлдіртүссіз сұйық

Су

жұғады 

жабысады

ағады 
Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім:

І топ – эссе жазады «Су – тіршілік көзі»

ІІ топ – сурет салады

ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең»

Эссе «Су – тіршілік көзі»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек. 
Бес жолды өлең

Су

Мөлдір, түссіз

Ағады, жұғады, жабысады

Ол бізге өте қажет

Сусын. 
- «Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпты өткенде ертегі құрастыртуға болады. 
Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үрдісінде қолдану  қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі. Сонымен бірге бастауыш мектептерге арналған мультимедиялық оқулықтарды жасау және пайдалану қолға алына бастады.

Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.

 

Әдебиеттік  оқу. 2-4 сыныптар

Қазақ әдебиетін оқыту  әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру  заңдылықтарын ашу оның қарастыратын басты мәселесі.

Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. 

Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім  беру негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет пәні құрылымын құрайды.

Әдебиет пәні оқушы бойында  биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар  қарым-қатынасындағы үйлесім мен  әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.

Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.

Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің   бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.

Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.

Ол  бағыттар:

- әдеби білімді саралауды  жүзеге асыру, бағдарламаларды  қайта қарап, тұжырымдама негізінде  батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау;

- әдебиетті оқытудың  гуманистік, адамгершілік-эстетикалық  сарынын күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;

- оқушының көркемдік-ассоциациялық,  образдық ойлануына, әдебиетті  өнер табиғатына сай оқи білуіне,  шығарманың идеялық-эстетикалық  мән-мағынасына терең бойлап, тебірене  қабылдауына, кейіпкер тағдырына  ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;

- оқытудың шығармашылық  сипатын көтеру, оқушылардың оқу  еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық  қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;

- оқытуды демократияландыру, сабақта  мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен мақсатты қарым-қатынас,  субъект-субъект дәрежесіндегі еркін  диалог ахуалын туғызу, нақтылы  сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;

- әдебиет пәнінің гуманитарлық  циелдегі басқа да пәндермен,  білім салаларымен пәнаралық,  пәнішілік байланысын тиімді  пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік  өнер, тіл дамыту бойынша тіл  мен әдебиетке ортақ бағдарлама  жасау;

- әдебиет оқулықтарының ,оқу  кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім  берудің жаңа технологиясын ендіру.

Бұл бағыттар жалпы білім беретін  қазақ мектебіндегі әдеби-білім  тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.

1. «Әдебиеттік  оқу» пәнінің нысаны. «Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікті-сезімді түйсінуіне, тілін, қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің образдылығында екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне жетектеуге көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.

Информация о работе Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру