Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:02, реферат

Описание

«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.

Содержание

І КІРІСПЕ...................................................................................................................3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру..................4
2.2 Әдебиеттік оқу. 2-4 сыныптар.............................................................................
2.3 Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқытудың екі циклінің әрқайсысына арналған білім беруден күтілетін нәтижелер..........................................................................10
2.4 Әдебиеттік оқу пәнінің базалық мазмұны........................................................13
2.5 Сынып бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар......................................................................................................................16
2.6 Оқытудың екі циклінің әрқайсысына арналған оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері..........................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................23

Работа состоит из  1 файл

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ.doc

— 210.50 Кб (Скачать документ)

2. «Әдебиеттік  оқу» курсының пәні. Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, соған сай мақал-мәтел айта алу немесе мақал-мәтелдің мағынасын ашатындай оқиға ойластыру т.б.) қалыптасады. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасы ҚР МЖБС (Астана, 2008)  талаптарына сәйкес жасалды.

   3. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты. Оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, оқушыны мәтінді тудырушы автордың көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу.

4. «Әдебиеттік  оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиетттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп)  жетілдіру;
  • ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар  әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
  • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын,   жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
  • талданып отырған  мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
  • әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
  • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;
  • оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;
  • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

5. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздерінің басты ұстанымдарына стандартта аталған базалық құзырет, түйінді құзырет, пәндік құзырет алынады. Осы айтылғандардан басқа «Әдебиеттік оқу» оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының,  С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының, Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар  жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.

Оқу материалдары 2-4 сыныптардың  барлығында бірдей қайталанатын тақырыптар түрінде беріледі. Олар маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша жүйеленеді. 1-сыныпты бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып, жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік касиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.                                                                                                                                                                                      

Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл, тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым – қатынасын байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің 2-деңгейінде оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.

6. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұндық желілері.   Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізгі қағидаларының 3 тармағына, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 7 тармағына сәйкес «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу материалдары  өзара логикалық байланысты негізгі білімдік желілерден тұрады:

  • тілдік деректер, заңдар мен ережелерді  2-4 сынып оқушылары ұсынылып отырған бағдарламаға сәйкес оқуы қажет;
  • сөйлеу қызметі және оның түрлері оқу қызметі мен күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттардағы  айтылым мен жазылымды игеруде байқалады;
  • тілдің әлеуметтік-мәдени қызметі  әдебиеттік оқу пәнін оқыту үдерісінде тұлғаны әлеуметтендірудің құралы ретінде жүзеге асырылады;
  • көркем әдебиет – тілдің жоғарғы көрсеткіші оқушылардың тілдің көркемдігін түсінуі мен бағалай білуінен көрінеді.

Мұның барлығы «Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұнында көрініс тапқан.

7. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесі

ҚР МЖБС (Астана, 2008) базистік оқу жоспарына сәйкес (Қосымша Б, Оқыту қазақ тілінде  жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының  типтік оқу жоспары. Бастауыш білім беру) әдебиеттік оқу пәні 2-3-сыныптарда бірінші жарты жылдықта аптасына 4 сағаттан, екінші жарты жылдықта аптасына 3 сағаттан, 4-сыныпта аптасына – 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

2-сыныпта  – аптасына 3,5 сағат, жылына оқу  аптасы – 32, барлығы -112  сағат;

3-сыныпта  – аптасына 3,5 сағат, жылына оқу  аптасы – 32, барлығы - 112 сағат;

4–сыныпта  – аптасына 3 сағат, жылына оқу  аптасы – 32, барлығы - 96 сағат.

Бастауыш білім беру деңгейінде барлығы – 320 сағат.

8. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнының вариативті бөлігі.  «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын толықтыруға, оқушының пәні бойынша білімін көтеруге, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек білу үшін оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мәселен:

2-сыныпқа:   «Ертегілер  еліне саяхат»; 

3-сыныпқа:   «Ұлттық  шешендік өнер», «Сөздер сөйлейді»;

4-сыныпқа:   «Фантастикалық  әлем», «Өлең - сөздің патшасы», т.б.

 

Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқытудың екі циклінің әрқайсысына  арналған білім беруден күтілетін нәтижелер

Оқу пәні бойынша  білім берудің күтілетін нәтижелері бастауыш білім берудің деңгейлері бойынша оқудың 2 циклына сәйкес белгіленген білім беру мақсаттарына сай құрылған.

Бастауыш  білім берудің әр циклы білім  алушылардың белгіленген деңгей бойынша оқу жетістіктерін оқу процесінде ұйымдастыруға бағытталған:

Оқу жетістіктерінің  І деңгейі – 1-2-сыныптардан кейін;

Оқу жетістіктерінің  ІІ деңгейі – 3-4-сыныптардан кейін.

Оқушылардың барлық білім салаларында екі  деңгей бойынша оқу жетістіктері ҚР МЖБС (Астана, 2008) түйінді құзіреттерге: ақпараттық, коммуникативтік және проблемалардың шешімін табу құзіреттеріне сәйкес белгіленген. 

Оқу жетістігінің бірінші  деңгейі бойынша (1,2-сыныптардан  кейін) оқушылар мыналарды біледі:

  • Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері туралы қарапайым түсінігі бар: мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады; оқылған шығармадағы негізгі ойдың басталуын, жалғасуын және аяқталуын таба алады;
  • Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын көлемдегі мәтіндердің түрлерін жағдайға сәйкес пайдаланады: мәтіндегі оқиға желісі туралы практикалық түсінігі болады;
  • Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: өз ойын ауызша және жазбаша білдіруге тырысады; табиғат құбылыстарын суреттеуге қажетті сөздік қорды игереді.
  • Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау  құралы ретінде ана тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: мұғалім әңгімесін, қатарластарының сөзін, пікірін түсінеді және бағалай алады; балаларға арналған радио, телехабарлардағы айтылған мәселелерді ұғады.
  • Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады: мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелі және хабарлы сипатта шағын мәтіндер құрастырады.
  • Қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың қарапайым  тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаның аяқталмағандығын, жалғастыруға болатындығын түсінеді; мәтіндегі белгілі мен белгісіз жағдаяттарды ажырата алады;
  • Кез келген жағдаяттарды қарапайым талдау, бағалау және шешу үшін сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасы тұрғысында баға береді; екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра біледі.
  • Кез келген жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін қарапайым сөйлеу дағдыларын пайдаланады: танысу, құттықтау, алғыс айту, сәлемдесу сияқты қарапайым этикеттік диалогтарға қатысады; мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жаза алады.

Оқытудың II циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (4-сынып):

  • Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері туралы қарапайым түсінігі бар: мысалдағы аллегорияны түсінеді; өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алады; шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын түсінеді;
  • Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын көлемдегі мәтіндердің жағдайға сәйкес пайдаланады: қажетті ақпарат табылған тілдік материал және мазмұнына сай мәтінді саналы түрде оқиды (жылдамдық есебінсіз); қосымша ақпарат көздерін (түсіндірме сөздіктерді, балаларға арналған энциклопедияларды, кітаптар мен сайттарды т.б.) өз беттерінше  пайдалана алады;
  • Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: оқыған шығармалар негізінде хабарландыру мәтінін, нұсқаулар мен жаднама (8-10 сөйлемнен тұратын) құрастыра алады; ғылыми-танымдық және публицистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметтерді таба алады және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелейді;
  • Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау  құралы ретінде ана тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі:  оқылған мәтінге жоспар құрады; мәтін бойынша өздері сұрақтар қоя алады; мәтінді  тапсырмаға сәйкес теріп оқи алады; мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.
  • Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады: табиғат құбылыстарын суреттеуге және өмірлік жағдаяттарға қажетті сөздік қорды игереді;  мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысады. 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелей алады.
  • Қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың қарапайым  тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаны өз бетінше әрі қарай жалғастыра алады; мәтіндегі белгілі мен белгісіз жағдаяттарды ажырата алады; оқылған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінеді;
  • Кез келген жағдаяттарды қарапайым талдау, бағалау және шешу үшін сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алады; таныс мәтіндегі оқиғаға, оқиға кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіре алады;
  • Кез келген жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін қарапайым сөйлеу дағдыларын пайдаланады: оқуда және күнделікті қарым-қатынаста тілдік этикет нормаларын (сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту) игереді; ата-анасына, жақындарына, ұстазына, достарына алғыс хат жаза алады. таныс мәтіндегі (монологты) кейіпкерлер арасында 7-8 сөйлемнен тұратын диалог құра алады;

 

Әдебиеттік  оқу пәнінің базалық мазмұны.

Оқытудың екі  циклының әрқайсысына арналған базалық  мазмұн бөліктеріне сипаттама.

        Пәннің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптарда қамтылады:

       1. Кел, балалар, оқылық!

      Оқу  - балалар үшін басты еңбек.  Оқудың пайдасы. Мектептегі  оқудың  басталу кезеңі- күз мезгілі. Күзгі  табиғат сипаттары, еңбек түрлері.  Мектептегі өмір. Ұстаздар мен  құрбылар арасындағы қарым-қатынас. Қазақстандағы алғашқы оқу мен бүгінгі өмір. Бәріне білім керектігін үндейтін өлеңдер мен әңгімелер.  Ғылым мен техника жаңалықтары сөз болатын ғылыми-танымдық шығармалар.

2. Ыстық қой,  шіркін, туған жер! 

      Тәуелсіз  Қазақстан- біздің Отанымыз. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұландары.  Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Елді, жерді сүю, туған жер байлықтарын ысырап етпеу-ұрпаққа аманат. Туған жер суреттері. Пейзаждық сурет пен мазмұнның идеялық бірлігі.  Тілге құрмет- елге құрмет.Тілі ойнақы, түсінікті, айқын, әсерлі, әрі қысқа азаматтық лирика.

    3. Ерте, ерте, ертеде...

     Ертегілер- халық даналығының ғажайып туындысы. Ертегілердегі халық қилы, арманы, даналығы.Ертегілер – балаларды қиялдауға, жақсылықтан үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрететін танымдық, тәрбиелік мәні күшті құрал.

     Аңыздардың  ертегілерден айырмашылығы. Халық  үшін қызмет еткен, тарихта  болған адамдардардың ел намысын  қорғаған әр алуан істері. Балалар  түсінігіне жақын, аңыздардағы  күлкі туғызатын қызықты оқиғалар.

     Шешендік  сөздер – замана ағымына қарай ұсынылатын мораль, этика, ұлттық педагогика мұраттарынан туындаған халықтық ой-толғамдар, қанатты сөздер, өсиеттер, тілек баталар,нақылдар.

      Батырлар  жырындағы батырдың  жаудан өз  елін қорғауы, ерлік жорықтары.

      Халық  шығармаларының жазылу стиліндегі  ерекшеліктер, балаларды таапқырлыққа  баулудағы ролі.

4. Шынықсын  денеміз

         Салауатты өмір салты. Тазалық – денсаулық кепілі. Спорттық қысқы балалар ойыны, қызыққа толы  іс-әрекеттері. Қысқы табиғат сипаттары. Балалардың үлкендер еңбегіне қатысуы,еңбекті бағалауы. Қысқы мейрамдар.

5. Ата жолы – үлгі маған

     Балаларға  арналған шығармалардағы ел басынан  өткен тарихи кезеңдердің суреттелуі. Тарихи тұлғалардың тағылым аларлық  істері. Отаншылдыққа тәрбиелеу. Ұлы адамдары бар өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын шығармалар.

6. Әдептілік,  ар-ұят – адамдықтың белгісі

Информация о работе Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру