Дүниежүзілік шаруашылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:56, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатынасы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің тағы басқа функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады.

Содержание

Кіріспе

І бөлім. Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері
ІІ Бөлім. Осы заманғы дүниежүзілік шаруашылық
2.1 Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму ерекшеліктері.
2.2 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы
ІІІ бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта
3.1Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

 

І бөлім. Дүниежүзілік  шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар

1.1.           Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері

ІІ Бөлім. Осы заманғы дүниежүзілік шаруашылық

2.1 Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму ерекшеліктері.

2.2 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы

ІІІ бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта

        3.1Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар.

Кіріспе.

І бөлім. Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық    қатынастар.

1.1.           Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері.

1.2.           Халықаралық экономикалық қатынастар.

ІІ бөлім. Осы заманғы  дүниежүзілік шаруашылық.

2.1. Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму ерекшеліктері.

2.2. Дүние жүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы.

ІІІ бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта.

3.1. Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны.

 

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы экономикада елеулі серпінді түрлерінің бірі болып табылады.

Дүниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы – ақша қатынастарымен, егеменді ұлттық мемлекеттік жиынтығы болып табылады.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктық экономиканың обьективті заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір-біріне тәуелді ұлттық экономиканың жиынтық әдістерін көрсететін экономикалық организм.

Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы- осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатынасы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің тағы басқа функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады.

Ал, қазіргі Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтар болсақ, мен бұл курстық жұмысты жаза отырып, оның әрбір бөлімінде дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағын жан-жақты  талқылап , қарастырдым.Яғнии біріншіден, екіншіден, осы заманғы дүниежүзілік шаруашылықты және үшіншіден қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орны туралы көптеген мәселелерді статистикалық көрсеткіштер арқылы сипаттап, талқыладым.

Осы заманғы әлемдік шаруашылық өндірістік төңкерістен кейін , капитализм өзінің монополистік кезеңіне көшумен байланысты пайда болды. ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы әлемдік шаруашылықтан көп айырмашылығы бар.

Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен дамуында сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі бағыты ТМД-дағы елдер мен байланыстарды нығайтып , сонымен қатар алыстағы шетелдер мен қатыныстарды өрістетуде аудардық.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін ақ, қара деп жіктеп, оған капитализм, социализм айдар тағушылықпен қоса жасанды антоголизм деп келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты экономикалық байланыстың жалпы ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Дүниежүзілік шаруашылық жәңе халықаралық экономикалық қатынастар

1.1.           Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері

 

Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық экономикалық қатынастардың  обьективті негізгі және маңызды бөлігі . халықаралық экономикалық қатынастар (ең алдымен сауда саттық қатынастарды) дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Мысалы, Ұлы жібек жолын, Еуропа мен Солтүстік Африка , Еуропа мен Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда  қатынастарын атасақта жеткілікті. Бұл қатынастар мемлекетаралық аймақаралық қатыстардың қызмет ауқымы кеңейіп , тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады . халықаралық экономикалық қатынастар өзінің дамуы үшін дүниежүзілік шаруашылыққа ‘ қарыздар‘деп те айтуға болады. Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып , орнығуы оны өз заңдары, қызмет ету нысандары, ішкі механизмдері бар дербес құрылысқа айналдырды.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктық экономиканың обьективті заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір-біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм.

Өзінің қалыптасу және даму жолдарына дүниежүзілік шаруашылық ұзақ ‘ тар жол, тайғақ кешулерден ‘өтті. Мысалы, рим империясының өзі сол кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың сипатында болды, деп есептейтін зерттеушілер бар.

ХХ ғасырдың екінші жартысы дүниежүзілік шаруашылықтың жедел даму дәуірі болды. Бүгінгі қарама-қайшылықты әлемнің тұтастығы көптеген ортақ мүдделерден өз көрінісін тауып отыр.Оларға дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі, халықтар арасындағы дамып келе жатқан мәдени қарым–қатынастар және әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара байланыстары жатады. өздерін дүниежүзілік шаруашылықтың социолистік жүйесіміз деп келген елдер тобының бірнеше ондаған жылдар бойғы оқшаулану тенденциясы тоқталғаннан соң дүниежүзілік шаруашылықтың  бірлігі мен оның экономикалық заңдарының жетекші ролі айқын көріне бастады.

Дүниежүзілік шаруашылық өндіргіш күштердің тарихи ұзақ уақыт дамуының обьективті нәтижесі. Бұл процестің негізінде ұлттық шеңбердегі және халықаралық сферадағы өндірістің қогамдастырылуы жатыр. Өз кезегінде, қоғамдастыру өндірістің қоғамдық сипатының күшеюінің  белгісі болып табылады.Тұтас алғанда, жеткілікті дәрежеде өзіндік, дара халық шаруашылық  кешендері бола тұрса да , дүниежүзілік шаруашылық жүйесімен көптеген арналар арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтар әлемдік өндірістің тұлғалары болып саналары.

Ұлттық шаруашылық шеңберінді қоғамдық , ұдайы өндірістің негізгі процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан дүниежүзілік  шаруашылық ХІХ-ХХ ғасырларда дүниежүзі халықтарының  басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтежиесінде қалыптасты.

Дүниежүзілік шаруашылық пен ұлттық шаруашылық обьективті біртұтас, сонымен қатар қарама –қайшылықты. Дүниежүзілік шаруашылықты ұлттық шаруашылықтардың жай ғана қосындысы депқарастыруға болмайды, ол барлық өзара әрекеттесетін және өзара тәуелді көп укладты экономикалық кеңістік ретінде көрінеді.

Ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әртүрлі деңгейде және әрқилы түр сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық және т.б. байланыстар кешені. Сонымен қатар, дүниежүзілік шаруашылықтың даму процесі өз негізінде қайшылықты сипатта бола отырып,орталықтаналшақтау (ұлттық жіктелу) және орталыққа ұмтылу (ұлтаралық бірігу) процестерінің бір мезгілдегі әрекеттесуінің нәтижесі ретінде де көрінеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастыққа ұмтылу тенденциясы қазіргі кезеңде өте айқын және оның болашағы зор.

Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар, қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатынасы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің тағы басқа функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдер экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрнсетуге болады.

Тағы бір ғалымдар дүниежүзілік шаруашылықтың қызметі ұлы географиялық жаңалықтарашу ғасырларында (XV-XVI) басталғанын дәлелдейді. Шынында XV-XVI ғасырлардағы ұлы географиялық жаңалықтарды ашу кезеңі асыл тастардың, хош иісті дәмдердің, бағалы металдардың, құралдардың халықаралық саудасын жандандырып, дамытты. Бірақ, осы замандағы дүниежүзілік шаруашылық алыпсатарлар капиталы шеңберімен шектелген болатын. Қазіргідүниежүзілік шаруашылық капитализмнің өзінің монополистік кезеңіне аяқ басқан шағында қалыптаса бастады.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. әрине, мұндай «саясат» қатаң «текетірестіктерді» туғызып, дүниежүзілік шаруашылықты тұрақсыздандырды. Бұл қайшылықтар дамыған және дамушы елдердің арасында да молынан кездесті.

ХХ ғасырдың ортасына қарай дүниежүзілік шаруашылық капиталистікң және социалистік болып қақ жарылды. Әлемдік экономикалық жүйеде капиталистік шаруашылық басым позицияларды иемденді.

 

ІІ – бөлім. Осы заманғы дүниежүзілік шаруашылық.

 

2.1. Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму қарқыны.

Осы заманғы әлемдік шаруашылық дегеніміз нарық экономикасының объективті заңдылықтарына бағынантын, өзара тығыз байланысты және әрекеттес тіктегі ұлттық экономикалардың жиынтығы, ғылыми экономикалық организм.

Әлемдік шаруашылық өзінің қалымтасуы мен дамуында ұзақ және қиын жолдардан өтті. Кейбір зерттешілер оның пайда болуы Рим империясы кезеңіне жатқызады. Басқа ғалымдар әлемдік шаруашылықтың пайда болуының есебін XV – XVI ғғ. Ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуынан бастап жүргізеді. Негізінде осы жаңалықтар асыл бұйымдармен, құнды металдармен, құралдармен халықаралық сауданың дамуына алып келді. Бірақ ол кезеңдегі әлемдік шаруашылық, саудагерлік, капиталды саласы ретінде шектеулі болды.

Осы заманғы әлемдік шаруашылқ, өндірістік төңкерістен кейін капитализм өзінің монополистік кезеңіне көшуімен байланысты пайда болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың 60 – 90 жылдарындағы әлемдік шаруашылықтан көп айырмашылығы бар.

XX ғ. Бірінші жартысындағы әлемдік шаруашылық капитал күшіне емес, көп жағдайды ашық күшке, экономикалық емес зорлауға негізделген болатын. Бұл кезеңде әлемдік шаруашылықта оны тұрақсмыз қылатын қарама – қайшылықтар болды. Бұлар империалистік мемлекеттер арасындағы және өнеркәсібі дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы қарама қайшылықтар. XX ғ. орта кезеңінде әлемдік шаруашылық 2 бөлікке бөлінді: әлемдік капиталистік және социалистік шаруашылық. Әлемдік экономикалық байланыстарда әлемдік капиталистік шаруашылық басым орын алды: 90 – жылдардың басында халықаралық сауданың 9/10 әлемдік капиталистік шаруашылықтың шеңберіндегі тауар айналымын құрады, халықаралық экономикалық айырбастың арналары арқылы 80 - жылдардың жалпы өнімнің 1/5 өткізілді.

Бұрынғы социалистік елдерде әлемдік ұлттық табыстың 1/3, оның ішінде өзара экономикалық көмек кеңесіне мүше елдерде 1/4 бөлігі өндірілді.

60 – жылдардан бастап әлемдік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер кірді. Олардың ішінен 70 – жылдардың ортасында Оңтүстік Шығыс Азия және Латын Америкасында “жаңа индустриялық елдер” (ЖИЕ) – ерекшеленіп шыға бастады. Оларға “төрт кіші айдахар” деп аталатын Оңтүстік Корея, Тайвань Гонконк, Сингапур және Бразилия, Мексика, Аргентина жатады.

Информация о работе Дүниежүзілік шаруашылық