Дүниежүзілік шаруашылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:56, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатынасы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің тағы басқа функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады.

Содержание

Кіріспе

І бөлім. Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері
ІІ Бөлім. Осы заманғы дүниежүзілік шаруашылық
2.1 Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму ерекшеліктері.
2.2 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы
ІІІ бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта
3.1Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

Кеңестер одағы тарап, Шығыс Европа елдерінде революциялық өзгерістер болғаннан кейін әлемдік шаруашылық біртұтас құрылым сипатын ала бастады. Қалыстасып келе жатқан әлемдік шаруашылық, біркелкі емес, және оның құрамына, өндірісі дамыған, дамушы және өтпелі экономикалық жүйедегі елдер кіреді. XXI ғ. қарсаңындағы әлемдік шаруашылық XX ғ. ортасындағыға қарағанда, өзінің көптеген қарама – қайшылықтарын және әртүрлі даму үрдістеріңн сақтай отырып, біртұтас, интеграцияланған серпілді болып табылады.

ХХІ ғасырдың қарсаңындағы әлемдік шаруашылық - өзінің көлемі жөнінен ғалами, нарық экономикасы принциптеріне, халықаралық еңбек бөлінісінің объективті заңдылықтарына, өндірістің интернационалдауына негізделген. Әлемдік шаруашылықтың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықтардағы басты даму бағыттарының бірі болып, көптеген елдердің тұйық ұлттық шаруашылықтан, сыртқы нарыққа бейімделген ашық үлгідегі экономикаға көшуі табылады.

Осы заманғы қарқынды еларалық экономикалық байланыстар деңгейін төмендегілер көрсетеді: әлемдік шаруашылықта халықаралық еңбек бөлінісі дәрежесінің тереңдігі.

Әлемдік шаруашылықтың байланыстардың серпінділігінің күшеюі және көлемінің өсуі. Оған 90 – жылдардағы әр жылға әлемдік сауда көлемінің тұрақты өсуі (6% дейін), 10 трлн долларға жақындаған абсолюттік көлемі куә. Бұндай қорытынды жасауға шетел инвестициясы және халықаралық капитал қозғалысы көлемінің өсуі, халықаралық өндіріс көлемінің және технология мен ғылыми – техникалық және экономикалық ақпаратпен айырбас ауқымының артуы мүмкіндік береді;

Дәстүрлі халықаралық дайын бұйымдармен сауданың көлемінің артуы, сипатының сапалық өзгеріске ұшырауы ол таза комерциялық сипаттан ұлттық өндірістің үдеріске қызмет көрсету құралына айналды;

XX ғ. соңғы ширегінде бүкіл әлемді орап алған қаржы капиталының қарқынды өсу сипаты. Осы заманғы халықаралық экономиканың XX – XXІ ғғ. Тоғысындағы қаржылық сипаты. Халықаралық ақша айналымы көлемін нақты экономиканың жалпы өнімінен 10 есе басым. Қаржы капиталының толқыны әлемдік экономика көлемін суға батыруға жақын. Ол елдік, аймақтық, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында халықаралық қаржы капиталы дүниежүзілік жалған капитал “пирамидасын” онан сайын тарқатып отыр. Қаржы капиталы көлемін нақты экономикадан бұрынғыдан да көп қашықтауда. Бұл қарама – қайшылықты теңдестіру үшін “пирамида құрылысына”, “дамып келе жатқан қаржы нарықтарын” оның ішінде бұрынғы социалистік елдер нарықтары тартылуда.

“Пирамидаға” әлемнің көптеген елдері қатыстырылып отыр. Жақын болашақта оның құрылысына жаңадан  кімді болса да қосу мүмкін емес. Халықаралық экономиканың елеулі сілкіністерін болдырмау үшін жаңа қаржылық тетіктер ойлап табу керек. Оның мақсаты жалған және нақты экономикалар арасындағы айырмашылықты жою, немесе пирамиданың негізін кеңейту, болмаса қаржылық саудагерлердің жаппай сәтсіздіктерін болдыру. Үш варианттың икемді үйлестіріліп қолданылуы да мүмкін; өзіндік “салық революциясы” жолымен халықаралық инвестициалық ахуалды ырықтандыру. Ол үшін көптеген елдер арнайы экономикалық аймақтар ұйымдастырады;

Елдер, компаниялар, олар өндіретін және өткізетін тауарлар арасындағы бәсекенің интернационалдануы. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі бәсекенің басты субъектісі әлемдік нарықта белсенді қызмет жүргізуші компаниялар болып табылады.

Әлемдік шаруашылықтың дамуының басты үрдісі болып планетааралық ортақ капитал, тауар және қызмет нарығын құруға ұмтылу, жеке елдердің дүниежүзілік шаруашылықтың кешенгі экономикалық жақындауы және бірігуі табылады.

Бұл ғаламдық экономикалық жүйе, халықаралық экономикалық қатынастардың басқа кешені, өте жоғары деңгейлі. Ғаламдану құбылысын екі тараптан қарауға болады:

Макроэкономикалық деңгейде ғаламдану елдердің және жеке аймақтардың өз шекараларының сыртында экономикалық белсенділікке жалпы ұмтылуы. Мұндай ұмтылыстардың белгілері: ымырашылдық, сауда және инвистициялық кедергілерді алып тастау, еркін кәсіпкерлік аймақтар құру және тағы басқа.

Микроэкономикалық деңгейде ғаламдану деп кәсіпорындардың ішкі нарығының сыртындағы қызметінің кеңеюі түсінімді. Кәсіпкерлік қызметтің ұлтаралық немесе көп ұлттық бағытталуынан айрықша ғаламдану “Әлемдік нарықты” немесе әлемдік үштіктің нарығын (Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония ) игеруге бірдей тәсілді қолдануды көрсетеді.

2.2. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы.

Біртұтас дүниежүзілік шаруашылық негізінде көптеген объективті факторлар жатыр, олардың ішіндегі аса маңыздылары шаруашылық өмірдің халықаралық сипаты, әлемдік ғылыми – техникалық революция, тасымал, байланыс, информатика құралдарындағы терең өзгерістер, космос кеңістігін игерудің қажеттігі.

Халықаралық мамандану мен еңбек бөлінісінің дамуына негізделген объективті процесс бола отырып, шаруашылық өмірдің интернационалдануы тек өндірістің ғана емес, сондай – ақ бөлу, айырбас және тұтыну процестерінің ажырамас элементіне айналуы. Экономикалық құрылымы әр елдер арасындағы кедергілердің жойылуына байланысты болып отыр. Жалпы шаруашылық өмірдің интернационалдануы халықаралық экономикалық қатынастардың барлық түрлері дамуының негізін құрайды.

Ұлтаралық  экономикалық  байланыстар  өнекәсіп  капитализмінің  машиналы  сатыға  өту  дәуірінде, ХЕБ-салыстырмалы  жоғары  дамыған  кезде  ерекше  мәнге  ие  болды. Ал  өндірістің   ұлтаралық  сипатының  күшеюінің  жаңа  кезеңі  монополиялық  капитализмнің  қалыптасуымен  байланысмты.Бұл  кезде  халықаралық  экономикалық  қатынастарда  капиталды  сыртқа  шығару  және  халықаралық  монополиялардың  құрылуы, артта  қалған  елдердің  халықаралық  шаруашылық  айналымға  тартылуы, дүниежүзілік  шаруашылықтың  шикізаттық-шикізат  сипаттағы  шет аудандарының  қалыптасуы  сияқты  түрлері  дамиды. Келесі  кезеңде (ХХ  ғасырдың  40-50 жылдары)  экономикасы  орталықтандырылған  елдер  тобы  (ең  алдымен  өзара  көмек  елдер  кеңесіне  кіретіндер) шеңберіндегі  ерекше  қатынастардың  қалыптасумен  және  бұрынғы  отарлардың   экономикалық  тәуелсіздікке  жетуге   ұмтылыстарымен  байланысты  өңдірістің  ұлтаралық  мән-мазмұны  жаңаша  сипатқа    ие  болды. Шаруашылық  өмірдің  халықаралық  сипатының  60-жылдардан  бастап  күшеюі  негізінде  ғылыми-техникалық  революцияның  әсеріне  байланысты,Ғылыми- техникалық  революция  жағдайында  ұлттық  шаруашылықтардың  ашықтығы  арта  түседі, Ашық  экономикалық  саясатын  қағидаға   айналдырған  және  жоғары  дәрежеде ХЕБ-ке  тартылған  елдердің  экономикасының  өсу  қарқындары  жоғары  болады. Ұдайы  өңдірістің  ашық  типіне  көшу  процесі  өседі,соның  әсерімен  ірі  ХҚР, индонезия, кішігірім  Албания  сияқты  елдердегі авторкиялы (өзін-өзі қамтамасыз ету) даму әрекеттері күйрей бастады. Әрине дүниежүзілік шаруашылыққа “тартылу” барлық елдер үшін бірдей емес. Ол елдердін тарихымен, дәстүрімен, экономикасының даму ерекшеліктерімен және қоғамдық экономикалық құрылымымен, соған сәйкес қоғамның материалдық және еңбек ресурстарын бөлудегі басты мақсат бағыттарымен анықталады. Қазіргі уақыттағы оқшауланған халық шаруашылығы кешендерінің жеке дара өмір сүріп, іс-әрекет ету туралы айтудың өзі мүмкін емес.

Ұлттық рыноктар дүниежүзілік рыноктың бір бөлігіне айналды және кәсіпорындарда өндірілетін өнімдердің сапалық стандартары мен техникалық – экономикалық көрсеткіштері дүниежүзілік шаруашылықтың талаптарына сай аңықталатын болады. Халықаралық маманданудың және бірге ХЕБ – ке қатысудың өсуі жағдайында тауарлар өндірісіне қажетті шикізаттың, жартылай дайын өнімдердің, технологиялар мен құрал – жабдықтардың рыногына шетелдік тауар өндірушілер де қатысады. Мұндай өзара экономикалық байланыстардың қалыптасып, мейлінше тереңдейі халықаралық еңбек бөлінісінің талаптарына сай келеді.

Халықаралық өндірістік байланыстардың өзінде де сапалық өзгерістер пайда болуда. Қазіргі уақытта интеграциалық процестер тек Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары дамыған елдері ғана емес, сонымен қатар осы уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылықтың “шет” аймақтары болып келген елдерді де қамтиды.

Ғылыми – техникалық зерттеулердің халықаралық деңгейінің өсуіне байланысты оның жетістіктерін пайдалану дүниежүзілік рыноктағы бәсеке күресіне қатысатын барлық елдер үшін өте қажетті болып отыр. Әлемнің барлық елдері мен аймақтарын қамтыған интернационализм экономикалық өзара тәуелділік жүйесінің негіздерін жасайды. Бірақ оның (өзара тәуелділік жүйесінің) тенденциясы елдер мен аймақтар бойынша біркелкі емес, елеулі айырмашылықтары бар. Неғұрлым дәрежедегі экономикалық, өнеркәсіптік өзара тәуелділік дамыған елдер тобына тән, бұл елдерде ғылыми техникалық революцияның дамуына сәйкес терең технологиялық еңбек бөлісіне, негізделген. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамыған орталығы мен шет аймақтары арасындағы қатынастарды ассиметриялы өзара тәуелділік деп айтуға болады. Мысалы: үшінші дүние елдерінің дүниежүзілік шаруашылыққа тәуелділігі олардың ТМД мен Шығыс Еуропа мемлекеттеріне тәуелділігімен анағұрлым жоғары. Бұл жағдай осы елдердің шаруашылық құрылымының жаңаруына сыртқы экономикалық байланыстарының дамуына, яғни ХЕБ-ке қатысу формаларының өзгеруіне және олардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тартылу дәрежесіне байланысты өзгереді.

Ұлттық шаруашылықтың халықаралық сипат алу салдары туралы айтсақ, ол жалпы алғанда әртүрлі елдердің даму деңгейлерінің теңесуіне, өндіріс шығындары көмегінің жақындасуына, сөйтіп еңбек өнімділігін дүниежүзілік көлемде өсуіне әкеледі. Ол жеке мемлекеттер мен кәсіпорындардың ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін пайдалану мүмкіндіктерінің артуына халықаралық сауда саласындағы ұлттық кедергілердің жойылуына, ұдайы өндірістің ашық типінің қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен бірге мұндай дамуды бағыт - бағдар ретінде түсіну керек, өйткені интернационалдануы мен ғылыми техникалық прогрестің жағдайындағы экономикалық дамудың әркелкілігі қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды сипаттарының бірі болып отыр.

Дүниежүзілік инфрақұрылымның пайда болуы шаруашылық өмірін интернационалдануының айқын белгісі болып табылады. Дүниежүзілік инфрақұрылымның кейбір элементтері (транспорт, байланыс және т.б.) ертерек пайда болып, өздерінің қызметтері арқылы дүниежүзілік рыноктың қалыптасуына жағдай жасады. Д.Рикарданың салыстырмалы шығындар теориясының негізінде Дж. Ст. Милль. Халықаралық маманданудың тиімділігін дәлелдей отырып, тасымал шығындарының роліне арнайы тоқталады.

Байланыс пен тасымал құралдарының жаңа түрлерінің (автомобиль, әуе, құбырмен тасымал) пайда болуы салдарынан туындаған инфрақұрылым дүниежүзік шаруашылықтың дамуына жеке, тәуелсіз элементіне айналды.

Қазіргі замандағы дүниежүзілік инфрақұрылымға дүниежүзілік тасымал жүйесі, информациялық коммуникация мен байланыстың дүниежүзілік тораптары кіреді. Транспорт, байланыс, информатика құралдары ондаған жылдар бойы ғылыми техникалық жетістіктердің табыстарын қолдана отырып, өзінің дамыту деңгейіне байланысты планетарлық сипатқа ие болды, кеңістік пен уақытты “қысқатуды” жүзеге асырды. Қазіргі заманғы инфрақұрылымның арқасында, дүниежүзінің тығыз және өзара байланысы өзара артып, “алыс елдер” ұғымы өзінің бастапқы мағынасынан айрылды.

  Ұлттық шаруашылықтардың біртұтас әлемдік шаруашылыққа бірігуінің негізінде халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) жатыр. Ол жеке елдердің өнмдінің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандануы болып табылады, солар арқылы елдер өзара өнім айырбасын жүзеге асырды. Халықаралық еңбек бөлінісі капитализм дамуының мауфактуралық сатысында пайда болды.  

Өнеркәсіп төңкерісі дәуіріндегі ұлттық шаруашылықтардың өзара байланыстары нығайып, олардың дүниежүзілік рынокқа тартылуы өсті. Ірі машинаның, индустрияның дамуы, өндіріс көлемінің нығаюы, өнеркәсіптің өзінің машандандырудың тереңдеуі жағдайында жекелеген елдер шеңберінде қазіргі заманғы өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаймауы ұдайы өндірісін қалыптастыру мүмкін емес. Дүниежүзілік өндіргіш күштердің одан дамуы, өндіріс көлемінің халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі тенденциясына жағдай жасайды. Өнеркәсіп салалары ішінде мамандандырудың неғұрлым даму түрлері кеңінен тарала бастайды, (заттық, бөлшектік, технологиялық). Ал мұның өзі өнеркәсіп өнімдерінің халықаралық айырбасын өсуінің көрінісін тапты. Дүниежүзілік шаруашылықтың байланыстардың барлық мүшелері өздеріне пайданы қалай алады және әлемдік шаруашылық өндіретін өндіргіш күштерін тиімді пайданаланудың өсуіне қалай жағдай жасайды? Бұл сұраққа осыдан 170 жылдан астам уақыт бұрын салыстырмалы шығындар теориясын жасаған Д.Рикардо жеткілікті түрде нақты жауап берді. П.Самуэльсон, егер теориялар қыздар сияқты сұлулық сынағына қатысатын болса, онда салыстырмалы шығындар теориясының жеңіске жетері сөзсіз, ол өйткені әрі сымбатты, әрі қисынды теория деп жазды. Әрине біз оны асығыспен және ешқандай қисынсыз қолданатын болсақ, онда ол өте қара дүрсін сияқты көрінер еді. Рикарданың идеяларын қарапайым мысалдармен көрсетейік. Әрқайсының: табиғи байлықтың өнеркәсіптік тауарлардың, белгілі бір көлемі жинақталған екі елді алайық. Бұл елдер арасында орын алатын арбайыстың қажеттігінің бірінші дәлелі олардың өндіріс жағдайларының әртүрлілігі. Климат жағдайларына сәйкес Солтүстік елдерде тропикалық жемістерді өсіру қолайсыз, немесе жекелеген бір ел табиғи байлыққа, айталық мұнайға зәру. Ал екінші бір елде оның өте мол қоры бар. Сондықтан басқа елдерге қарағанда белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіруге мүмкіндігі бар ел үшін де мамандану пайдалы. Айталық кенеп өндірісінің шығыны Англияда Португалиямен салыстырғанда аз, ал шарап өндіруші шығыны керісінше. Бұл жағдайда артықшылықтары бар тауар өндірісіне машандану осы тауардың дүниежүзілік өндірісі мен сауда көлемін ұлғайтумен қатар әрбір елдің осы екі тауарды тұтыну мүмкіндігін де жоғарлатады.

Информация о работе Дүниежүзілік шаруашылық