Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:56, курсовая работа
Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатынасы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің тағы басқа функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады.
Кіріспе
І бөлім. Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері
ІІ Бөлім. Осы заманғы дүниежүзілік шаруашылық
2.1 Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму ерекшеліктері.
2.2 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы
ІІІ бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта
3.1Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Сыртқы сауда маманданудың себептері туралы мәселен А.Смит те қарастырған, бірақ ол ұсынған шешім тым қарапайым еді. Ол Шотландияда да жүзім шарабымен бірге болады, еңбек шығындары шамадан тыс артық кетеді, сондықтан ол елде мысалы, сұлы өндіріп оны Португалияның өз шығынымен өндірілетін шарабына айырбастаса неғұрлым тиімдірек болады деп жазды. Д.Рикардо маманданудың салыстырмалы шығындар арқылы таңдауды негіздеді. Мысалы Шотландия, Португалияға қарағанда сұлыны да, шарапты да, аз шығынмен өндіреді. Дегенмен бұл елдегі шарап өндірісімен салыстырғанда сұлы өндірісінің артықшылықтары бар, олай болса шығындармен айырбас пропорцияларының белгілі бір қатынастарына сәйкес. Шотландияға сұлы өндіріс неғұрлым тиімдірек те, Португалия үшін тек шарап өндірісі пайдалы болар еді. Бұл қағиданы Рикардо еңбек құн
ІІІ – бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта.
3.1. Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны.
Ұлтаралық өзара тығыз қарым – қатынастар, әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Соңғы қырық жылда дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімінен салыстырғанда 7,5 есе өскен, ал 2000 жылы дүниежүзінде өндірілген өнімнің 30 пайызы халықаралық саудаға түсетін болды.
Адамзат қоғамының дамуының қазіргі кезең анық көрсетіп отырғандай қиында күрделі мәселелердің шешімі – ұтымды ұлтаралық экономикалық байланыстар орнату. Олардың сипаты мен түрлері, қамту аясы мен көлемі қоғамның даму барысында үнемі өзгеріп отырады. Оларға меншіктің сипаты, әсірісе геосаяси жағдай мен экономикалық мамандану және басқа да факторлар тікелей әсер етеді.
Экономикалық ғылымда халықтар мен мемлекеттер арасындағы байланыстардың көбінесе синоним ретінде қолданылады. Біздің ше бұл екі категория бір құбылыстың ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісі ретінде қарастырылуы керек. Экономикалық байланыстар халықаралық еңбек көрінісіне өндіргіш күштердің дәрежесіне және шаруашылықтардың мамандануына сүйенеді. Ал осы байланыстардың үзілмей, сан жағынан өсіруіне экономикалық қатынастар – меншіктің түрлері, қаржы, немесе және түрлі инфрақұрылымда жағдай жасайды.
Демек, экономикалық қатынастар мен байланыстарды сөз еткенде жоғарыдағы методологиялық тетіктерді пайдалану керек. Әсіресе рыноктық экономикаға көшу барысында халықаралық қарым – қатынастар мен алыс – берістерді тиімді, баламалы жүргізуде жалпы теориялық мәселелерді шешіп алсақ, күнделікті өмірдегі ұлтаралық экономикалық қатынсатардағы қателіктер, байланыстардағы ұтылыстар азаяр еді.
Осындай методологиялық алғы шарттардың қатарында сыртқы экономикалық қатынастарға жол ашатын, дұрыстығын, қажеттігін дәлелдейтін теорияларды да білген артық емес. Ойшыл экономистердің халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттық экономиканың ішкі қатынастары, сыртқы сауда, интеграция, қазіргі ашық экономика туралы пайымдауларының да маңызы зор. Халықаралық сауда да айырбасқа түскен тауардың сапасы мен бағасы бірінші кезекке қойылады. Әрине мемлекеттің, үкіметтің саясаты тауар өткізу кезінде көрінуі мүмкін, бірақ ол өз алдына мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық валюта қоры, басқа да әлемдік экономикалық қоғамдастықтар мен ұйымдар байланыстардың баяндылығына айтарлықтай ықпал жасайды. Бұл жерде сыртқы экономикалық қарым – қатынастарды реттейтін өкімет заңдары, кеден заңы да өте қажет. Жалпы ұлтаралық алыс – берістің белгілі экономикалық кеңістігінің қалыптасуы рыноктық қатынастардың өмірге келуінің басты шарты.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуының материалдық шарттары: халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндірістің дамуы, рыноктық инфрақұрылымдардың пайда болуы. Әсіресе ғылымитехникалық прогресс қатынастарының дүниежүзілік экономикалық кеңістік құрудағы орны ерекше.
Макроэкономикалық, бүкіл қоғамдық, мемлекеттік көлемдерді сыртқы сауданың субъектілерін, объектілерін анықтау және ұлттық табыста пайдалану мен кәсіпорындардың, қоғамдық сектордың тауарларын шетелдік рынокқа шығарудың қисынды жүйесін төмендегідей байланыстардан көруге болады.
1 – сурет.
Дүниежүзілік қоғамдастыққа иене бастаған Қазақстанның алғашқы қадамдарын, оның ұлғайып келе жатқан экономикалық байланыстарынан анық көреміз. Мемлекетаралық қоғамдық еңбек бөлінісі, дамыған дүниежүзілік сыртқы сауда, көлік қатынастарының ғылым мен техниканың қанат жаюы сыртқы қарым – қатынасты алыс – берісті одан әрі күшейтеді.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында сыртқы экономикалық қатынастарының негізгі бағыттарына ТМД-дағы (Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы) елдер мен байланыстарды нығайту, содан кейін алыстағы шетелдермен қатынастарды өрістеуге назар аудару жатады. Атап айтқанда: “Азия – Тынық Мұхит аймағы” Пекин – Сеул – Токио арқылы Оңтүстік Шығыс Азияның басқа елдеріне шығуы. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмыс күшін қатыстыру рыногы ретінде үлкен мәні бар. Сонымен қатар ежелгі “Жібек жолы” қалпына келтірудің де маңызы зор. Сыртқы байланыстардың тағы бір бағыты “Азия” деп аталады. Мұнда ықтимал өткізу рыногы және рыноктық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару қажет. Шетелдермен экономикалық байланыстың үшінші бір бағыты “Еуропа” мұнда, әсіресе ГФР-ға басты назар аударылуы керек, ол ТМД-ға басқа дамыған елдермен салыстырғанда мол қаржы жұмсауға әзір.
Біздің елде неміс диаспорасының болуы ГФР-дің Қазақстанмен ірі көлемде экономикалық ынтымақтастық жасау мүмкіндігінің тағы бір кепілі. Оның үстіне ГФР-ді экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық нығаюы керек, ал бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен де өзара пайдалы іс-қимыл жасау тиімді болар еді.
“Дүние жүзінің жетекші экономикалық көш бастаушы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару қажет. Сонымен бірге Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.”
Сөйтіп, Қазақстан президенті талудағы кезеңдегі сыртқы экономикалық келбетіміздің бағыт-бағдарын тайға таңба басқандай көрсетті. Тағы бір атап өтетін жай әлемдік экономикаға, қоғамдастыққа қонақ ретінде қосылмай сапалы тауарларымызбен оларға еркін енуіміз керек. Сондықтан жуық арада біздің экономикалық потенциалымыз тауарлардың 10 – 15 түрі бойынша, жоғары технологиялардың 3 – 5 түрі бойынша лидерлікті бөлісуге береді. Өйткені КСРО-ның ыдырау нәтижесінде мүлдем жаңа геосаяси жағдай туды, онда Қазақстан Еуропаны Азия – Тынық Мұхит аймағының байланыстыратын сыртқы – саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр.
Қазақстанның байтақ территориясы, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын бола тұрса да бұрынғы КСРО экспортының жалпы көлемінде оның алатын үлесі 1,4 пайыз, ал сыртқы экономикалық байланыстардағы үлесі 3 пайыз ғана болатыны қынжыларлық жай.
Қазақстаннан КСРО-ның басты аймақтарына шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі шикізат, қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар болып келеді. Бұл жалпы өнім көлемінің 72,4 пайызына тең болады.
Республика экспортының негізгі көлемі (70 пайызға жуығы) қазбалы байлықтар өндірісінің үлесіне тиеді. Бұлар мұнай, кен, түсті металл, түсті және қара металлургияның жартылай фабрикаттары, химия өнеркәсібінің өнімдері, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған ауыл шаруашылық шикізаттары. Мысалы, Қазақстан хром кені одақтық экспорттың 90 пайызын, фосфордың 90 пайызын, қорғасынның 70 пайызын, мырыштың 40 пайызын, беріп келді.
Рыноктық қатынастарға көшкен сыртқы рынокқа шығуға құқылы Қазақстандағы ұйымдардың саны 1991 жылдың 1 қаңтарында 618-ге жетті. Бұл 1990 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда екі есе көбейді деген сөз. Республиканың сыртқы эаономикалық байланыстарының географиясы жер шарындағы жүздеген елді қамтиды сыртқы саудаға түсті және қара металлургияны, химия өнеркәсібі өнімдерін шығаруға республиканың бес облысының кәсіпорындары қатысады. Мұнда Жезқазған облысының үлесі – 22,7 пайыз, Шымкент – 16,9, Қарағанды – 16,7, Жамбыл – 14, Шығыс Қазақстан – 7,7 пайыз.
Егер 50 – жылдардың алғанда Қазақстан өнімдері не бары 31 шетелге шығарылса, бұл күндері олардың саны 86 – дан асты, оның ішінде 13 бұрынғы социалистік елдер.
2 – сурет.
- азық-түлік тауарлары олардың өндіретін шикізаттар
- машиналар мен жабдықтар
- химия өнімдері
- басқа өнімдер, тауалар
20 дамыған капиталистік елдер, ал 53 дамушы елдер болды. Қазақстан Республикасының экспорты мен импортының құрылымын төмендегі шеңбердерде келтірілген деректерден аңық көруге болады.
Сыртқы сауданы дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім көлемінде алатын үлесі үнемі өсіп келеді. Мысалы, егер 1960 жылы жер шары бойынша жалпы ұлттық өнімдердегі сыртқы сауданың үлесі 7 пайыз болса, 1970 жылы ол 8 пайыз, ал 1990 жылы екі есе өсіп – 15 пайызға жеткен, болашақта 80 пайызға жетпек. Демек, жер шары бойынша ондағы уақытта дайын өніммен сауда жасау шарықтап өссе, бұған Қазақстан да өзінің елеулі үлесін қосары сөзсіз. Ол үшін рыноктық қатынастарға кең жол ашу керек. Осы бағытта Қазақстанның дүниежүзілік экономикалық ұйымдарға мүше болуына маңызы зор. Осы мақсатпен Республикамыз халықаралық валюта қорына кіріп, оның 167 мүшесі болды. Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық қайта құру мен даму банкісінің 163 – і мүше болып тіркелді.
1 – кесте - КСРО тарағанға дейін Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысының құрылымы.
| Елдер | Үлесі (% есеп) |
1. 2. 3. | Дамыған капиталистік елдер Бұрынғы социалистік елдер Басқа елдер | 55. 36. 0,9. |
Егер дүние жүзі елдерін олардың әлеуметтік құрылысына қарамай аумақтық орналасуына байланысты алсақ. 1992 жылы Қазақстанның экспорты мен импортындағы олардың үлесі төмендегідей болатын еді.
2 – кесте - АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы, млн. доллар.
Аймақтар | Сыртқы сауда айналымы | Экспорт | Импорт | Жалпы көлемдегі үлесі % | |
экспорт | импорт | ||||
Еуропа Азия Австралия және Океания Солтүстік Америка Оңтүстік Америка | 119,8
685,8
151,2
0,4 | 923,0
450
116,0
0,3 | 196,8
235,8
36,1
0,7 | 62,0
30,2
7,8 | 42,0
50,3
7,7 |