Дүниежүзілік шаруашылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:56, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатынасы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің тағы басқа функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады.

Содержание

Кіріспе

І бөлім. Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері
ІІ Бөлім. Осы заманғы дүниежүзілік шаруашылық
2.1 Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен даму ерекшеліктері.
2.2 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқыны мен болашағы
ІІІ бөлім. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылықта
3.1Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Кесте деректері көрсетіп отырғандай, Қазақстанның геосаяси – экономикалық орналасуына байланысты оның Еуропа және Азия елдерімен қатынасып үлесінің үлкен екендігін көрсетеді. Әсіресе экспортта Еуропа үлесі (62 %), ал импортта Азия елдерінің үлесі (50,3 %), соның ішінде Қытайдың орны ерекше.

1993 жылдың басында Қазақстанда 674 біріккен кәсіпорындар тіркелген. Олардағы шетел инвестициясы үлесі 53 пайыз, қалғаны біздің республика қаржысымен жұмыс істейді.

Жоғарыда көрсетілген біріккен кәсіпорындардың тек 119 – ы, яғни 20,6 пайызы ғана өндіріспен айналысады. Атап айтқанда 91 біріккен кәсіпорындар өнеркәсіп саласында, 7 – і құрылыста, 5–і ауыл шаруашылығында, 17 – і қоғамдық тұтыну саласында. Төрт жүзден астам біріккен кәсіпорындар өндірістік емес салаларда – сауда мен делдалдық қызметтермен айналысады. Расын айтсақ біріккен кәсіпорындардың көбі тіркеліп, кейін экономикалық тиімділікке жете алмай тарап кетуде. Ал “Теңіз шевройл”, “Альф Экитэт”, “Туран Петролеум” сияқты нағыз іспен, өндіріспен айналысушылар әлі де саусақпен санарлық.

Дегенмен, халықаралық кооперацияның түрлі формалар бойынша шетелдің көптеген компаниялары және фирмаларының арадағы байланыстың жобалары жасалуда. Мәселен, Мұнай мен газды барлау және өндеу саласында АҚШ – тың “Шеврон”, “Халибуртон”, Ұлыбританияның “Британия Петролеум”, “Бритиш газ”, “Аймек”, Францияның “Альф Акитэн”, “Сити”, Италияның “Интерсервис” корпарациялары және компаниялармен келіссөздер жүргізілуде, өнеркәсіп өндірісі, өндірістік және әлеуметтік бағыттардағы объектілер құрылысы саласында, халықаралық транспорт құрылымын құру мақсатында “Олибетти” (Италия) “Самсунк” (Оңтүстік Корея) “Тройка Инк” (Жапония) “Нордс Атлантик Деволопмент Корпорейшн” (Голландия) компанияларымен келісімдер жасады.

Қытай халық Республикасының Шынжан – Ұйғыр автономиясымен сыртқы экономикалық байланыстардың кең көлемді дамыту басын сипап алып отыр. 1990 жылдың 23 қарашасында қол қойылған Қазақстан үкіметі мен СУАР арасындағы келісім экономикалық байланыстардың кең ауқымын көздейді. Соның негізінде экспорт – импорт операцияларын жүргізумен қатар 80 – ге жуық бірлескен объектілерін құру жоспарланды. Бұл жобалар электр энергиясы, химия өнеркәсібі, геология, металлургия, ауыл шаруашылығы сияқты және басқа салаларды қамтиды.

1992 жылдың қараша айында Түркияның 117 фирмасы ұйымдастырған көрме Алматыда табысты өтті. Олардың ішінде “Дегерес”, “Неташ”, “Хош Қор”, “Кебела” және тағы басқа үлкен де беделді фирмалар болған. Көрмеге телекомуникация, электроника, электр жабдықтары, медецина, тоқыма, тігін, химия, жүн, кітап, нан, кондитер өнімдері мен өндірістік желілер, автомашиналар мен олардың бөлшектері, цемент және басқа құрылыс материалдары қойылды. Ал Қазақстанның кәсіпорындары кәсіпкерлер мүдделі болған тауарларға жедел шарт жасап, кейін ол өнімдерді жеткізіп, сату мүмкіндігіне ие бола алады. Әсіресе, Түркиядағы ең ірі “Қош”, “Сабаншы”, “Шукурава - холдинг” сияқты фирмалар Қазақстанмен іскерлік байланыстар жасау үстінде. “Туркуаз” фирмасы екі елдін арасында сауда – экономикалық қатынастарды ұлғайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Фирма бізге рыноктың қыры мен сырын ашып, яғни маркетинг, менеджмент, бизнесті үйретіп қана қоймай, сонымен қатар сан түрлі халық тұтынатын тауарлар әкеліп, құрылыстың ең жетік технологиясын өндіріске тікелей еңгізуде.

Рыноктық экономиканы құру үшін білімді мамандар қажет. Сондықтан шетелдермен байланыстарды дамытуда бұл мақсатты да әрдайым есте ұстау керек.   

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Дүниежүзілік шаруашылық