Еңбек нарығы: ҚР-да қалыптасу ерекшеліктері мен проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2012 в 09:00, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының нарық қатынасына өту кезеңінде ерекше, инфляциялық жұмыс бастылықтың қолдауының түрі, ол кезде жұмыссыздық жасырынды болады. Осы негізгі мәселелерді мен өзінің курстық жұмысымда қарастырамын.

Содержание

Кіріспе 1
1. Еңбек нарығы 2
1.1 Еңбек нарығының пайда болу теориясы және формасы мен маңызы 2
1.2 Еңбек нарығының ерекшелігі 4
1.3 Еңбек нарығы жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың реттеушісі 12
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы және аймақтарындағы еңбек нарығының ерекшеліктері. 15
2.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мониторингі және жұмыс бастылығының бағалау методологиясы 22
2.3 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасын шешу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты 24
ЕҢБЕК АҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ 29
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 34

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс.doc

— 181.50 Кб (Скачать документ)

     Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралы қазақ-түрік университеті 

     Жаратылыстану-педагогикалық  факультеті 

     Экономика кафедрасы 
 
 

     КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 

     Тақырыбы: Еңбек нарығы: ҚР-да қалыптасу ерекшеліктері мен проблемалары 
 
 
 

     Орындаған: Исаев Е, СҚЖ-111до

     Қабылдаған: аға-оқытушы Оспанова Ғ.З. 
 
 
 
 
 
 

     Түркістан 2011

     Мазмұны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Менің бүгінгі таңдаған тақырыбым «Еңбек нарығы». Еңбек нарығының тек өзіне тән қасиеттері, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы - бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі - нарықта маңызды институттардың                     ( мемлекет, корпарациялар, кәсіби одақтар )

     болуы. Осы институттарды ескермей еңбек  нарығында ұсыныс пен сұранысқа  анализ жасай алмаймыз. Еңбек - ресурс, өндіріс факторы. Еңбектің басқа  факторлардан, яғни жер мен капиталдан айырмашылығы , еңбек - адамның қызмет, әрекет етуі. Сол себептен нарықта еңбек нарығының мәселелерін қарастырғанда ресурсқа сұрнысты білдіріп, шешім қабылдайтын тек фирма ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті, ырқы бар экономикалық субъекттер. Субъекттер еңбек нарығында ұсынысты қалыптастырады.

     Еңбек нарығының құрылуы, оның ерекшеліктерінің д эл өту кезеңіндегі маңызы зор, өйткені бул кезеңге өндірістің кенет төмендеуі мен қарқынның  тез өсуі, көп бос жұмыс орындары, жұмысшылардың өндіріс өрісінен қызмет ету өрісіне өтуі және жекешелендіру мен мемлекетті тарау басқаруына шығарумен байланысты мэселелері тэн болады.

     Осыған  байланысты жаңа эдістермен жұмыс бастылықтың  зерттеуін жақындатып өңдеу керек, сонымен қатар, Қазақстан еңбек нарығының даму мэселесін және негізгі тенденциясын табу керек.

     Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының нарық қатынасына өту кезеңінде  ерекше, инфляциялық жұмыс бастылықтың  қолдауының түрі, ол кезде жұмыссыздық  жасырынды болады. Осы негізгі  мәселелерді мен өзінің курстық жұмысымда қарастырамын. 
 
 

1. Еңбек нарығы

1.1  Еңбек нарығының  пайда болу теориясы  және формасы мен  маңызы

     Еңбек нарқы дегеніміз не? Дұрыс атауы  қандай, Еңбек нарқы, жұмыс күшінің  нарқы, еңбек ресурстарының нарқы  ма?

     Осы сұрқтарға жауап беру үшін сатып алу-сату обьекті, мүлік құқықтары беру құқығы обьектісі бола алатын тауарды анықтап алу керек. Осындай тауар түрінде жұмыс күші екен. Осы тауарға бүгінгі күнде ғылым мен тэжірибенің жаңа мәліметтері есебімен айтылады. Жүмыс күшін алу жұмысшының өзінің еңбек қабілеттерін белгілі бір мерзімде оларды өндіріс процесінде қолдануға жұмысшының эділет бостандығын сақтау жұмыс берушіге тапсырылады. Жұмыс күшінің қолдану тауарлары ағымында жұмыс күшін қолдану тауарлар нарығында кіру рүдсатын беретін төлем арқылы өтеді. Жүмыс күшін қолдану марапаттау арқылы, ақша төлеу арқылы жүзеге асады, нарық тауарларына рүқсат берілетін келісім, яғни бүл жұмыс күшін сату немесе тұрмысқа қажетті қаражат.

     Тұрмысқа  қажетті қаражат дегеніміз не?

     Тұрмысқа  қажетті қаражат-бүл жұмысшының еңбек процесінде жоғалтқан дене күштері және ақыл-ой қабілетін, сондай-ақ өзінің отбасын асырауға қажетті тауарлар жинағы. Тұрмысқа қажетті қаржатқа бірінші кезекте тамақ, киім, аяқ-киім, баспана, дэрі-дэрмек, білім алуға қажетті қаражат, мамандық және т.б. жатады. Бірақ та оның тізіміне байлық жатпайды.

     Тауарлы-ақшалай  қатынастардың жиынтығы, жұмыс күшіне ұсыныстар мен тапсырыстар, тұрмысқа қажетті қаражат (жұмысшыларды қызметі  бойынша бөлу), жұмыс күшінің нарқы  деп аталады.Жұмыс күші еңбекте эр түрлі қабілеттілігін барлық жұмыс процесінде қолданады. Жұмыс беруші жұмысшының барлық қабілеттілігіне ақы төлеу қажет пе, әлде өндіріске жұмсаған күшіне төлеу керек пе? Бүгінгі күнде өткен тарихи жылдармен салыстырғанда өндіріске қажетті еңбек көп қырынан өсті, ал жұмыс күні біраз қысқартылды. Мүнда тек еңбек процесінде жұмсаған күшіне ғана төлеу эділеттілік. Басқа сөзбен айтқанда, мүмкіндігін, жұмыс күшін қалыптасуын барлық күштерінің жиынтығы емес, ғана марапаттамай жұмысшылардың нақты еңбегін бағалау қажет (тігіншінің, етікші, программистің еңбектері және т.б).

     Осы  проблемаға  еңбекке  жұмсаған  қабілетіне  ғана методологиялық (ғылыми-теориялық) эдіс жағынан бару қажет.

     Мұндай жұмыс күшінің нарқын жұмыс күшінің қалыптасуы немесе еңбек нарқы деп атауға болады.

     Еңбек нарқы-бүл тауарлы-ақшалай қарым-қатынас, бұл біріншіден жұмыс күшіне сұрныс, өз кезегінде қоғамдық азық-түлікке немесе тауарға деген сұрны, үшіншіден уақытша жұмыс күшін пайдалану. Осында алмастыру обьектілері негізінде еңбек қабілетінің қалыптасуын немесе істейтін жұмыс күші шығады. Еңбек нарығының осындай түсінігін қоғамда өндіріске жеткен кезде дәлелденген деуге болады. Ол қысқа жұмыс күні ішінде жұмысшының тіршілік күштерімен профессионалдық өсуді қалпына келтіруге жұмысшының отбасында дүрыс өмір сүруіне, сондай-ақ бос уақытында пайдалы жұмыспен айналысуын камтамасыз етеді.

     "Еңбек  ресурстарының нарқы" түсінігін  қарастырсақ, ол дүрыс түсінік  емес. Еңбек ресурстары қатарына  белгілі адамдар тобы жатады (мысалға,  оларға жоғарғы оқу орындарының түлектерін жатқызуға болады.) еңбек резервін, қабілетін, болашақта еңбекте пайдаланатын, қазіргі уақытта әлеуметтік еңбек нарқында жария етілмейді. Сонымен қатар еңбек резе рві, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық институттардыңқоғамдық көзқараста болуы қажет. Олар нақты, ресми экономика саласындағы бос адамдарды өздеріне тарту үшін жағдай жасаулары қажет. Олай болмаса, еңбек резерві көлеңкелі экономика үшін, қылмыстық істер үшін база болуы мүмкін.

1.2  Еңбек нарығының  ерекшелігі

     Еңбек нарығының ең негізгі айырмашылығы онда ұсынылған тауар қасиетіне байланысты. Сонда осы нарықта не сатылады, не сатып алынады? Бүл сұрқтың жауабы мынадай - әрине, еңбек. Бірақ еңбек дегеннің өзі жұмысшының қызметі, оның игіліктер өндіргенде дене және ой еңбегіне жұмсалған энергиясы. Еңбек адамнан бөлінбейді, ол - жеке түлғаның өмір сүру формасы. Яғни осыдан еңбекті экономикалық, саяси тұрғыдан еркін қоғамда не сатуға, не сатып алуға болмайды. Ерікті адам сатылмайды (қүлиеленушілік мемлекеттер сияқты) және де адамға тиісті қызметтерді де сату, сатып алуға жатпайды, еңбекті де осы тұрғыдан қарастыруға  болады.          Еңбек  нарығында  еңбек  емес,   жұмыс  күші

     сатылады. Жүмыс күшінің саны мен сапасы көптеген факторларға байланысты: жұмысшының кәсіби дайындылығы, квалификациясы, тәжірибесі, жауапкершілігі және де т.б. Жүмыс күшін сату - сатып алуы ерікті жұмысшының келісіліп алынған шарттар бойынша жұмысқа орналасуы ( алынуы ) арқылы жүзеге асады. Шарттар көбінесе жұмыс күнінің үзақтығына, жалақының көлеміне, лауазымына және т.б. аспекттер бойынша жасалынады. Жүмысшыны жұмысқа алған уақытта - мемлекет немесе кәсіпкерлік қызмет көрсетуді қолдануды сатып алады, ал еңбектің иегері болып жұмысшының өзі қалады. Сол себептен « еңбек нарығы » дегенде біз еңбекті тікелей сату немесе сатып алу емес, жұмыс күшін сату немесе сатып алуды қарастырамыз. Әрі қарай еңбек нарығы дегенде біз осы үғымда қарастырамыз.

     Еңбек нарығындағы сұрныс басқа да ресурстар  нарығындағы сияқты туынды, ол тікелей  осы ресурсты қолданып өндірілген тауарлар сұрнысына байланысты. Мысалға, сапалы жолдарға деген қажеттіліктің жоғарылауы жол жұмысшыларына сұранысты арттырады, ал автокөлікке сұраныстың түсуі автокөлік жасаушы жұмысшылардың қызмет көрсетуіне сұранысты түсіреді.

     Жоғарыда  айтылған тауардың ерекшелігі мен формасының нарықтағы сату, сатып алуы осы нарықтың төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:

     -    біріншіден, сатушы мен сатып  алушының үзақ мерзімді қарым  қатынасы.    Басқа    түтыну    нарықтарында    сатушы    мен    сатып алушының   қарым-   қатынасы   сату   объектісін   сатып   алушының меншігіне берумен аяқталады. Ал еңбек нарығында сатушы мен сатып алушының   қарым - қатынасы келісім - шартта белгіленген уақыт аралығында жүргізіледі. Сатушы мен сатып алушының қарым - қатынасының үзақтығы қызмет көрсетуді  сату мен сатып алу операцияларына байланысты.

     -    екіншіден, еңбектің ақшалық емес  факторлары ( жоғары мәртебе, еңбек  ету жағдайы, денсаулыққа қауіпсіздігі, кәсіби өсу, жұмыс орнындағы  моральді климат) үлкен роль атқарады.

     -    үшіншіден,  әр түрлі институционалды қүрылымдардың      кәсіби бірлестіктер,    мемлекеттің    жұмыспен    қамтамасыз    ету,    кәсіби деңгейін көтеру саясаты, кәсіпкерлер бірлестігі, т.б. Бүл негізінен қызмет көрсетуді сатушылар - жалданған жұмысшылар халықтың басты тобын қүрайтынына тікелей байланысты. Ал жалданып жұмыс істеу олардың табыс көзі.

     Жалақы  түтынушылардың ең негізгі табыс  көзі, сол себептен жалақы түтынушылардың сұрнысы мен тауарлардың бағасына әсер етеді. Жалақы дегенде біз «  еңбек » деген өндіріс факторынан алғандағы табысты айтамыз. Егер түптеп қарастыратын болсақ, жалақы дегенде біз бір уақыт көлеміндегі еңбек бірлігін қолданғанды айтамыз.

     Жалақының номиналды және нақтылы екі түрі бар. Номиналды жалақы дегеніміз  жалданған жұмысшының жұмыс істеген  сағатына, күніне, аптасына, айына, жылына алатын ақша көлемі. Номиналды жалақыныңкөлеміне қарай жалақының деңгейін, табысты біле аламыз.Нақтылы жалақы дегеніміз алынған ақша көлеміне сатып алуға болатын игіліктер мен қызметтер жиынтығы. Ол номиналды жалақыға тікелей байланысты және керісінше, түтыну тауарларының, ақылы қызметтердің қүнына, сонымен қатар жұмысшының төлейтін салығына байланысты.

     Жүмыс күшіне баға сұрныс пен ұсынысқа байланысты қойылады. Еңбек    нарығында    сұрныс    субъектісінің    ролін    мемлекет    немесе кәсіпкерлік, ал үй шаруашылығы - ұсыныс субъектісі болады.

     Жетілген  бәсеке жағдайында кәсіпкерлердің жұмысқа  жалдаған жұмысшылар саны мынадай екі  көрсеткішпен анықталады: жалақының  көлемі мен тауардың шекті қүндылығы ( ақшалай өлшемде ). Жалданған жұмыскерлердің саны көбейген сайын шекті өнімнің көлемі азаяды. Қосымша еңбек бірлігінің көбею шекті еңбек өнімінің ақшалай қүны жалақы көлемімімен теңесетін болған жағдайда тоқтатылады.

     Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста. Жалақының өсуі кезінде басқа жағдайларды түрақты деп алсақ, кәсіпкер тепе - теңдікті сақтау мақсатында еңбекті қолдануды азайту керек, ал жалақы көлемі төмендеген кезде еңбекке сұрныс көлемі көбейеді. Жалақының көлемі мен еңбекке сұрныс көлемінің арасындағы қатынасты еңбекке сұрныс қисығы арқылы көре аламыз.

     Абцисса осінде қажет ететін жұмыс күшінің  көлемі ( L), ал ординат осінде жалақының мөлшері (W ) көрсетілген.

          W

     

     DL қисығындағы әрбір нүкте жалақының әр мөлшеріндегі еңбекке сұрныс көлемін көрсетеді. Қисықтың кері бағыты жалақының өте аз мөлшерінде сұраныс көлемінің көп екендігін және керісінше, жалақының ең көп мөлшерінде еңбекке сұраныс мөлшерінің аздығын байқаймыз.Еңбекке сұраныс көлемінің функциясы басқаша. Абцисса осінде қажет ететін қызмет көрсетудің көлемі ( L ), ал ординат осінде жалақының мөлшері ( W ) көрсетілген.

     W

     

     Еңбек ұсыныс көлемі де жалақының мөлшеріне байланысты. Еңбек нарығында сатушылар жетілген бәсеке жағдайында жалақы мөлшерінің өскен кезінде қызмет көрсетуге ұсыныс көлемін үлғайтуға тырысады. Сол себептен еңбек ұсыныс қисығы оң бағытта.

     Еңбек ұсынысының SL қисығы жалақының мөлшері өскен жағдайда жұмыс күшіне ұсыныс көлемі өскенін, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке ұсыныс көлемі азайғанын көрсетеді. Қоғамдағы көптеген факторлар жалпы ұсыныс көлеміне, саны мен сапасына әсер етеді. Факторларға халықтың жалпы саны, экономикалық белсенді халықтың мөлшері, жұмыс күнінің орташа үзақтығы, кәсіби қүрамы және т.б. жатады.

     Еңбекке сұраныс пен ұсыныс қисықтарын қоспай тұрып тағы да бір өте қызық  экономикалық құбылысқа тоқталайық. Яғни бұлар : алмастыру эффектісі мен табыс эффектісі. Бүл жағдайды біз жеке индивидумның еңбек ұсынысы жалақының мөлшері өскен кезде қалай өзгеретінін зерттегенде көре аламыз. Бір қарағанда, еңбекке ұсыныс көлемі өсу керек. Бірақ олай емес.

Информация о работе Еңбек нарығы: ҚР-да қалыптасу ерекшеліктері мен проблемалары