Еңбек нарығы: ҚР-да қалыптасу ерекшеліктері мен проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2012 в 09:00, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының нарық қатынасына өту кезеңінде ерекше, инфляциялық жұмыс бастылықтың қолдауының түрі, ол кезде жұмыссыздық жасырынды болады. Осы негізгі мәселелерді мен өзінің курстық жұмысымда қарастырамын.

Содержание

Кіріспе 1
1. Еңбек нарығы 2
1.1 Еңбек нарығының пайда болу теориясы және формасы мен маңызы 2
1.2 Еңбек нарығының ерекшелігі 4
1.3 Еңбек нарығы жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың реттеушісі 12
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы және аймақтарындағы еңбек нарығының ерекшеліктері. 15
2.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мониторингі және жұмыс бастылығының бағалау методологиясы 22
2.3 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасын шешу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты 24
ЕҢБЕК АҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ 29
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 34

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс.doc

— 181.50 Кб (Скачать документ)

     Графикте  жалақының берілген мөлшерінде жұмысшының істейтін уақытының жалпы мөлшері  берілген. Бұл қисық сұраныс немесе ұсыныс қисықтарынан өзгеше.

     W

      L SL қисығы Li 

     I нүктесінде бізді қызықтыратын қисықта еңбек күшіне ұсыныс көлемінің жалақының жоғары мөлшерінде жоғары екенін анықтаймыз. Бірақ

     I нүктесінен өткеннен соң SL қисығы бағытын өзгертеді. Қисық өз бағытын кері бағытталып ордината осіне барынша таянады. Бүл өте қызық парадокс, жалақының жоғары мөлшерінде жұмыс күшінің ұсынысы азаяды. Осыдан жалақының тек белгілі бір мөлшеріне дейін ғана ұсыныс көлемі артады, ал одан кейін кеми бастайды. Жалақы мөлшерінің өсуі ұсыныс көлемінің үлғаю мен кішіреюіне әкеледі. Бүл сонда қалай?

     Жалақы  мөлшері ұлғайған сайын бір сағаттағы істелген жұмыс көлеміне төлем де жоғары болады, ал әр бос өткізілген уақыт жұмысшы үшін бос, далаға кеткен уақыт, сол уақытта табыссыз қалдық дейді. Осы табыс бос уақытты жұмыс уақытына айналдырған кезде ғана мүмкін болады. Сәйкесінше, бос уақыт жұмыс уақытымен ауыстырылады, осы қосымша уақыт аралығында қосымша өнім өндіріледі. Жоғарыда айтылғандарды алмастыру эффектісі деп атаймыз. Берілген графикте I нүктесіне дейінгі аралықта алмастыру эффектісі көрсетілген.

     Табыс эффектісі алмастыру эффектісіне  қарағанда керісінше және жұмысшының жоғары материалды қамтамасыз етілуі кезінде байқалады. Күнделікті нан табудың мәселелері шешілген кезде бос уақытты өткізу жайлы біздің көзқарасымыз өзгереді. Оған бос уақыт бүрынғыдай қосымша жалақы сияқты көрінбейді. Жоқ, бүл демалу уақыты болып көрінеді және жалақыға қосылмай қалған қаржыны есептемейді. Жоғары деңгейлі жалақы да бүған мүмкіншілік береді. Осыдан тек қана көбірек тауарлар сатып алу ғана емес, көбірек бос уақыт алуға да талаптанады. Ал осыны еңбекке ұсыныс көлемін азайту арқылы ғана іске асыруға болады. Ол үшін бос уақытты қода бар ақшаға емес, бос уақыт үшін жалақыдан алынатын алымға сатып алу керек. Қисық I нүктесінен өткеннен кейін табыс эффектісі басым бола бастайды, бүл жоғары жалақы мөлшерінде ұсыныстың төмендеуіне әкеледі. Жүмысшы көбірек дем алуға үмтылады.

     Қай эффектінің басымырақ екеніне жауап  табылмаған. Бірақ айта кететін бір  жайт, бүл қарастырып отырғанымыз  тек жеке индивидтің ұсынысымен байланысты.

     Ұсыныс  және сұрныс қисықтарын біріктіре отырып өз зерттеуімізді әрі қарай жалғастырайық.

     

     Сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу Е  нүктесіне көңіл аударайық. Бұл  нүктеге графиктеде көрсетілген  жалақы мөлшері WE мен осы мөлшердегі LE ұсынысты көрсетеді. Е нүктесінде еңбекке сұрныс көлемі еңбекке ұсыныс көлеміне тепе тең жағдайда. Бүл дегеніміз осы мөлшерде жалақы төлейтін кәсіпкер өзіне қажетті жұмыс күшін ала алады, яғни жұмыс күшіне сұрныс толығымен қанағаттандырылады. Нарықтық тепе - тең жағдайында барлық жұмысшылар жұмыспен қамтамасыз етілген. Е нүктесі жұмысшылардың толығымен жұмыспен қамтылғанын көрсетеді.

     Жалақының WE басқа мөлшерінде еңбек нарығындағы тепе - теңдік жағдайы бұзылады. Еңбекке сұрныс пен ұсыныстың сәйкес келгенінде жалақы нарықта тепе - теңдік мөлшері ретінде анықталады.

     Жалақы  мөлшерінің тепе - тең жағдайынан жоғары болуы W еңбек нарығындағы ұсыныстың сұрныстан жоғары болғанын көрсетеді ( О - Ls ) . Осы жағдайда толық жұмыспен қамтылудан ауытқу болады, барлық жұмыс күшін сатушыларға жұмыс орны жетіспейді.Жүмыс күшіне ұсыныс артып кетеді, графикте абцисса осінде LD - Ls көрсетілген.

     Жалақы  мөлшерінің нарықтық тепе - тең жалақы мөлшерінен төмендеген кезінде ( мысалы W ) еңбек нарығындағы сұрныс ұсыныстан асады Ls - LD . Себебі ретінде төменгі жалақы мөлшеріне келіспейтін жұмысшылар жетіспегендіктен бос жұмыс орындары пайда болады.

     Осы екі жағдай да ( жұмыссыздық пен  бос жұмыс орындарының болуы ) жетілген бәсекелі нарықта тұрақты  бола алмайды, олар нарық механизмдері әсерінен толық жұмыспен қамтылуға  дейін өзгертіледі.

     Шындығында  да, еңбекке ұсыныс сұраныстан жалақы мөлшерінің тепе - тең деңгейінен жоғары болған жағдайында көп болғандықтан жұмыссыздар төмен жалақы деңгейіне қарамастан жұмыс істеуге дайын тұрады. Сондықтан жұмысы барлар жұмысынан айырылып қалмау үшін төмен жалақы мөлшеріне жұмыс күшін ұсынуға мәжбүр болады. Кәсіпкерлер төмен жалақы деңгейінде көбірек жұмысшыларды алуға ынталанады. Осыдан жалақының төмендеуіне тек сұрныс емес, сонымен қатар ұсыныс та әсер етеді.

     Сүраныс ұсыныстан асқан жағдайда жұмыс  берушілер бос орындарды толтыру  үшін жалақы деңгейін көбейту арқылы жұмысшыларды жұмыс орындарына шақырады. 
 

1.3 Еңбек нарығы жұмыссыздық  және жұмыспен  қамтудың реттеушісі

     Кез - келген елде халық арасында жұмыссыздық  ешқашан бірдей болмайды. Сондықтан  жұмыссыздықты "емдеуде" халық  арасында кең тараған жұмыссыз топтарды анықтау диагностикадағы ең маңызды аспектілердің бірі. Статистикалық мәліметтер көрсеткіші бойынша жалпы жұмыссыздар санының 65 пайызын барлық жастағы әйелдер қүрайды немесе бүл ер адамдардан екі есе көп. Бү_л қазіргі уақыттағы бос орындарға орналасуға үміткер адамдарға қойылған негізгі талаптар арнайы -техникалық мамандыктарды қажет етуіне байланысты. Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы мәліметтер бойынша техникалық саласындағы бос орындарға жұмыс үхынушылар 40 пайызды құрайды. Жұмыссыздық 25 жасқа дейінгі жастар арасында кең таралды. Жүмыспен қамту орталығына жұмыс сұрған халықтың жалпы саны 41,2 пайызды қүрайды. Бүл көрсеткішті "өз тілегі" бойынша жұмысты тез арада таба алмай, жұмыс іздеумен айналысушы жұмыссыздар құрайды. Сонымен қатар жұмыссыдар көрсеткіші нақты қызмет өтілі бар мамандармен бос орындар толтырылғандығымен байланысты. Ал, қызмет өтілі жоқ жастар жұмысқа тұруға мүмкіндіктері жоқ. Осыған байланысты жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте төмен (5,75 пайыз) Германиядағы эдісті қолдану қажет. Онда кэсіптік бағдарлау мектебі және жұмыс орындарындағы тікелей дайындық, кэсіптік білім беру жүйесі өте жоғары дамыған, бүл адамның алғашқы еңбек ету алдындағы жұмыссыздықты азайтады.

     1996 жылы Республикадағы еңбек нарқын  қалыптастыруға күрделі элеуметтік - экономикалық жағдай тікелей эсер етті. Экономика саласында жұмыспен қамту саны барлық жерде төмендегені байқалды. 1996 жылдың қаңтар -желтоқсан айларында кэсіпорындар мен ұйымдарда эр түрлі себептермен 1489,9 мың жұмысшылар жұмыстан шығарылды, немесе эрбір үшінші адам 1995 жылғы мерзіммен салыстырғанда 219 мың адамға көбейген. 1996 жылғы 859 мың (1995 жылы -893,7 мың) адам жұмысқа қабылданған. 1996 жылы 47,7 пайыз жаңа кадрлар компенсацияланған (1995 жылы -70,3 пайыз).

     Ұлттық статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша 1996 жылы барлығы 391,7 мың адам жұмыссыз деп танылған. Осы жылы тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 235,1 мың адам, соның ішінде 60 пайызы эйелдер және 161,5 пайызы жастар (41,2 пайыз ).30,4 мың адамның жоғарғы білімі бар ( олардың ішінде 68,1 пайызы эйелдер, 42,5 пайызы жастар),орта білімі бар — 111,1 мың адам (олардың ішінде 57,3 пайызы әйелдер, 43,4 пайызы жастар).

     Жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуының тағы да маңызды себебі элеуметтік менталитет қүруда халықтың нарықтық экономикаға бейімделмеуі. Нарықтық экономиканы анықтау кезінде мемлекет ішінде үкіметтің халық шаруашылығына бақылауды аз жүргізгендігін байқаймыз. Енді әэрбір жеке және заңды түлғалар республикада субьекті немесе өз алдына тәуелсіз институт деп елестесек, үкімет өз әрекетсіздіктерін ақтап отыратындығы көрініп түрады.

     Әрбір экономикалық шағын институт серіктестігін  өзі табуы қажет, өз қызметінің бағытын  анықтап, институт ішіндегі проблемасын  өзі шешуі керек. Қазіргі уақытта  мәртебесі " жұмыссыз" деп анықталғандар, Кеңес Одағының әлеуметтік құрылымына үйренген, Партия және үкімет экономиканы толық реттеген, олай болса, жұмыссыздық проблемасын шешуге әдеттенгендер әрине, осыған келіспейді. Қазір барлығы көлеңкелі экономикаға бой ұрған "кәсіпкерлер" деп аталатындар, сондай

     -   ақ   шетел   валютасы   және   басқа   да   заңсыз   айла   -   тэсілімен айналысатындар. Мемлекеттің қазіргі уақыттағы  жалғыз проблемасы өндірістердің  тоқтауы.  Осы себепті мыңдаған  Қазақстан азаматтары жұмыссыз  қалды. Егер де өндірістер толығымен жұмыс істесе, адамдар өз қалауларымен жұмысқа тұрып,  өз мамандықтарымен айналысқан болар еді, бүл бәріне белгілі жағдай. Осыған байланысты өндірістің дамуына және жұмысшыларды жұмыс орнымен қамту үшін Республика Үкіметі шетелдік салымшыларды жұмысқа шақырады.

     Осымен  қатар еңбек нарқында бэсекелестік деңгейін сақтау үшін "резервтердің" саны болу керек. Жұмыс орындары көбейген сайын жұмыс күшіне деген сұрныс артады және осыған сай еңбекақы да көбейеді. Біздің мемлекетімізде өндіріс қаржылары есебінен өтемақы ү_сталатындықтан, өндірушілер тауарлар мен қызмет көрсету бағаларын өсіреді, бүл ақшаның құнсыздануына экеледі.

     Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың өсу себептері. 1990

     -  1991 жылдары Кеңес үкіметі таратылған  уақытта жұмыссыздық 4,6 пайыз құраған. Оның бірнеше жылға былай тез өсуіне не себеп болды? Сондай-ақ   1993   жылға  дейін  оның  саны  маңызды  масштабтар қабылданбай-ақ, оның деңгейі "белсенді халықтың" ағынымен ұласты. Нарыққа көшу уақытын еске түсірейік. Тұрақты айлық еңбекақыны құнсызданғаны сонша өзін және отбасын асырауға жетпеді. Халық табысы аз жұмысын тастап, коммерциямен айналысты. Сондай-ақ Кеңестік құрылымдағы еңбекақыны мемлекет қамтамасыз етті. Қазір барлық өндірістер нарықтық экономиканың барлық мәнін өздері көргендіктен, кедейшіліктен қорғану үшін, өндірістің шығынын жабу мақсатында өз штатындағы қызметкерлерін жұмыстан қысқартуларына тура келді, өйткені технологиялық жетістіктер өте төмен болған. Осы себепті жұмыс істегісі келетін мыңдаған адам "көшеде" қалды. 
 
 
 
 
 

2. Қазақстан Республикасындағы  еңбек нарығы

2.1 Қазақстан Республикасындағы  және аймақтарындағы  еңбек нарығының ерекшеліктері.

     Экономикалық  сектордың дамуы, барлық үлттық азық-түліктің өсуі, халықтың экомикалық белсенділік  санының өсуіне әкеліп соқты. 2001 жылдың 2 тоқсанында оның саны 7626,8 мың адамды қүрады. Бүл 9,2 пайызға көп, 2000 жылдың екінші тоқсанында бү_л сан 6983,0 адамды құраған. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың осындай уақыттағы 13,1 пайызға көбейген, ал жұмыссыздардың саны 21,1 пайызға азайған.

     Қазақстан Республикасы статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша 2000.01.07.13,0 пайызға  қарсы, жұмыссыздардың деңгейі 9,8 пайызды  қүраған. Бірақ та жұмыспен қамту  органдарында тіркелгендерін саны 2001 жылдың 1 қыркүйегінде 3,0 пайызға төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда 4,0 пайызға төмен.

     2001 жылдың 1 қыркүйегінде мына нэтижелерге  қол жеткізілді:

     -  1 тоқсанда жұмыссыздардың деңгейі  9,8 пайызды қүрады;

     -эркімдердің  ақпараты бойынша 147,4 мың адамға  жұмыс орны ашылған (жылдың  тоқсандық тапсырма 1,2 есеге артығымен орындалды);

     -  93,4  мың жұмыссыздар жұмысқа  тұрғызылды(жылдық тапсырма 82,6 пайыз);

     -қоғамдық  жұмысқа 104,7 мың жұмыссыз қатысқан  немесе жоспарға 129,9 пайыз;

     -   Кэсіби   мамандандыруға   11,3   мың   жұмыссыз   оқытылған   немесе жоспарға 67,3 пайыз.

     Өткен жылы жұмыспен қамту органына 10,4 пайыз  жұмыссыз адамдар хабарласқан. Сонымен  бірге жұмыс істейтін азаматтардың саны азайған

     (өндіріс  орындарының жиі тоқтап қалуы  мен жабылуына байланысты). Экономикалық  белсенді 0,8 пайыз халыққа қарсы, өткен жылы 1,5 пайыз.

     2001 жылдың 2 тоқсанында өткен жылмен  салыстырғанда экономикада жұмыс  істейтін халықтың саны 6,1 млн-нан  6,9 млн адамға өскен, сонымен  бірге маусым айында жалданып  жұмыс істеушілердің саны 3,65 млн  адамды құраған және 12,0 пайызға өскен.

     Қазақстан Республикасы агенттігінің мәліметі бойынша  табиғи монополиялардың реттелуі бойынша  бэсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын шағын бизнесті қолдау 2001 жылдың 1 тамызында 1,6 млн. адамды құраған, өткен 2000 жылдың осы айында бұл сан 1,4 млн. адам құраған.

     Жұмыспен қамту өкілетті органдары жұмыспен қамту мэселелері бойынша 2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылдың 8 айында жұмыссыз азаматтардың саны 1,2 есеге өскен.

Информация о работе Еңбек нарығы: ҚР-да қалыптасу ерекшеліктері мен проблемалары