Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:55, курсовая работа
Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.
Кіріспе……………………………………………………………………..3
1. Халықтың өмір сүру деңгейі..............................................................4
1.1 Халықтың өмір сүру деңгейін және кедейшілікпен күрес түсінігі,теориясы........................................................................................4
1.2 Халықтың материялдық әл-ауқатты..........................................7
1.3 Қазакстандағы демографиялық ахуал......................................11
2. Қазіргі кедейшілік жағдай...............................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні........................16
2.2 Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу..............18
2.3 ҚР-ның әлеуметік-экономикалық даму көрсеткіші................21
Қорытынды.......................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………...…27
Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен шығыстарының құрылымын, табыс бойынша саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен оның деңгейін толық және кешенді қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынан құралады:
Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің» құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. Ол:
Әлеуметтік сала көрсеткіштері адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:
1.3ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
Халық саны проблемасының Қазақстан үшін
айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы
республика бойынша тұтастай алғанда
бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды.
Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы
метрге 140 адам.Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігінің деректері бойынша
2009 жылдың 1 қаңтарына ел халқы 15 394,6 мың
адамды құрады, оның ішінде 8838,1 мың адам
(57,4%) - қала халқы, 6 556,5 мың адам (42,6%) – ауыл
халқы, 2008 жылдың 1 қаңтарына - 15 565 647 адам,
оның ішінде: 8 230 319 (52,8%) адам қалада тұрса;
7 335 328 (47%) адам ауылда тұрады.
2009 жылдың 1 қаңтарына республика
халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа
дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа
дейінгі адамдар - 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары
жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын
құраған. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен
салыстырғанда 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар
саны 0,2%-ға ұлғайған. 15-64 жастағы және 65
пен одан жоғары жастағылар саны тиісінше
1,5% және 1,2%-ға ұлғайған.Қазақстанда әйел
жыныстылар санының басым болуынан көрінетін
гендерлік асимметрия қалыптасты. 1000 еркекке
1078 әйел келеді. 2009 жылдың 1 қаңтарына ерлер
саны 7407,8 (7324,8) адам нмесе барлық халықтың
48,1%-ын, әйелдер тиісінше 7986,8 (7894,5) адамды
немесе 51,9%-ды құраған. 15-64 жастағы әрбір
қайтыс болатын 100 әйелге осы жас тобының
қайтыс болатын 246 ер адамның келуі жағдайды
қиындата түсіп тұр. 15–64 жастағы ерлер
өлімінің жоғары пайызы мен өмір ұзақтығының
аз болуы дағдарысқа әкелетін қазіргі
әлеуметтік-экономикалық қатынастар проблемасымен.2009
жылы республика халқының табиғи өсімі
157 891 адамды ( 2008 жылы 141 876) құрады. Табиғи
өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті
2008 жылдың 1 қаңтарына 10,2 (9,3) адамды құраған.
2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі
өлген адамдар саны 158 931 (157 357) адамды құраған,
оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66
050 (64 932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90
760 ер адам және 68 171 әйел адам өлген, немесе
100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім
коэффициенті 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан
деңгейінде қалды және өлген адамдардың
10,3 санын құрады.2006 жылдан бастап елде
жылына шамамен 250 нәресте дүниеге келеді,
2009 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда
нәресте өлім-жітімінің деңгейі өте жоғары
болып отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын
бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық
индексінің төмен деңгейімен байланысты
болып отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі
төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың
отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда
жылсайын 170мың аборт жасалады.2009 жылғы
қаңтар-желтоқсан ішінде елде 4561 (4172) 1
жасқа дейінгі балалардың өлімі тіркелген,
оның ішінде 2701 (2406) – ұл балалар және 1860
(1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі
коэффициенті 1000 туған балаға 14,5 (14,1) құраған.
Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің
негізгі себебі жатырда өсу кезеңінде
пайда болған жағдайға байланысты болып
отыр, бұдан 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда
2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық нәресте
өлім-жітімінің 47,6%-ын (49,4%).Демографиялық
ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау
саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз және
көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану
деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке
нашар дайындалуына әкеледі.Халықтың
көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып
отыр, 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда ол 10878
(33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен
2989 (26 778). Республикаға келген адамдар
саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер
42431 (33914) адамды құраған.
Қазақстанға келушілер арасында
қазақтардың басым салмағы 78,2%,орыстар
– 12,5%,немістер – 1,0% құраған. Қазақстаннан
тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне
– 69,5%, немістер – 7,1%,қазақтар–5,3%тиесілі.
Статистка агенттігінің деректері
бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарда жастар (15–29
жастағылар) саны халық құрылымы ішінде
4 288 387 адамды құрайды, пайыздық қатынас
бойынша бұл үлес 27,8%. Олардың ішінде ерлері
2 168 347адам,әйелдер–2120040адам.
Осы статистикаға орай жастардың
60%-ы халықтың экономикалық белсенді бөлігін,
30%-ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы
жұмысшылар.
Республика бойынша барлық жұмыс
істемейтін жастар саны 264 652 адамды құрайды
немесе 9,6 %, олардың ішінде 15–24 жастағылар
183 610 адам немесе 10,7%,25–29 жастағылар 81042адам
немесе 6,5 %.
Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық
деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық
деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек
нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың
сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға
кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне
біліктілігінің төмендігі немесе мүлде
жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды.
Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі
айырма сақталып отыр және қиындай түсуде,
бұл да жастардың кетуіне әкеледі. Ауылдағы
кедей халық деңгейі 21,2%-ды, қалада – 5,5%-ды
құрап отыр.
Сонымен,статистика 15-29 жас аралығындағы
жастар саны Қазақстанның барлық халқының
28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте
жастар үшін қоғамның барлық проблемалары
тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар
арасында 2 есеге жоғары болып отырған
жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен салыстырғанда
ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық
бұзушылықтың жалпы статистикасі ішінде
жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.Демография
мәселелерін шешуде экономикалық ынталандыру
келешегін сипаттай отырып, Қазақстанда
нәрестелерге арналған тамақ өнімі мен
тауарлар өндірісі жоқ екенін атап кету
керек. Қазақстанның
өнеркәсіп өндірісі демографиялық проблемаларды
шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға
болады. Сонымен қатар, елде балаларды
мектепке дейінгі дайындау мекемелері
жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек
әлеуетін не аналар әлеуетін іске асыруға
мүмкіндік бермейді.
Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің
үрдісі байқалып отыр. Осының негізінде
кейбір зерттеушілер мұны демографиялық
дағдарыстан шығудың басы деп бағалайды.
Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік
органдарының басшылары қазіргі кездегі
демографиялық дағдарысты, ең бастысы
халық санының азаюын барлық өркениетті
елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі
жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық
өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең жоғары
елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды.
Бұдан екі қорытынды шығады: жалпы әлемдік
үрдістерден қорықпау керек және демографиялық
саясат шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды.Бірақ
бұлардың екеуі де қатеұғым.Ілгерінді
демографиялық өтпелі кезеңнің негізгі
құрамдас бөлігі – бұл бала туудың қат-қабат
төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің жоғарлауы.
Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік елдер
кеңістігінде де өлім-жітім өсіп келеді
және орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен,
ол ерлерде 58 жас, әйелдерде 68 жасты құрап
отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда бала туу ұлғаюда,
жыл сайын 300 нәресте дүниеге келеді. Алайда
1989 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың
жиынтық саны азайған. Тәуелсіздік алған
жылдары Қазақстанға келген және азаматтық
алған жарты миллилон оралман да демографиялық
ахуалды жақсарта алмай отыр. 1989 жылғы
санақ деректері бойынша сол жылдары Қазақстанда
16 199 154 адам болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш
15 565 647 адам.
Еуропа елдеріндегі демографиялық
дағдарысты ескере отырып, бұл елдер экономиканың
барлық саласына иммигранттарды белсенді
тарта бастайтынын болжау қиын емес, әсіресе
бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға
қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері
халқының жоғары зиялы әлеуетіне айрықша
назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық
депопуляция да таяу уақытта иммиграциялық
саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы
КСРО-ның орыс тілінде сөйлейтін халқының
көшуіненегізгі екпін түсірілетін болады.Бұдан
шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа, Канада
мен Ресей елдеріне халықтың белсенді
көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның
халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан
теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.Сондықтан
демографиялық ахуалды
жақсарту жөніндегі
жұмыстарды бірнеше
бағыттар бойынша жүргізу
қажет:
2.Қазіргі кедейшілік жағдай.
2.1 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні
Кедейлiк бейiнi - кедейлiктiң барынша
айқын көрiнiстерiнiң сандық және
сапалық сипаттамасы. 2009 жылы Қазақстанда
ол мынадай деректермен
сипатталады:халықтың 28,4%-ының табысы
ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды;
ел халқының 11,7%-ының табысы азық-түлiк
қоржынының құнынан төмен болды, соның
iшiнде Маңғыстау облысында - 26,7%, Атырау
облысында - 21,6%; халықтың неғұрлым ауқатты
10% және неғұрлым ауқатсыз 10% топтары табыстарының
арасалмағы республика бойынша орта есеппен
11,3 есенi құрады (шектi көрсеткiш - 8 есенi
құрайды);
кедейлiк аумақтар бойынша шалғайдағы
ауылдық аудандар мен шағын
қалаларда орын алып отыр: ауылда халықтың
кедей тобының үлесi орта
есеппен - 38,0%-ды, ал Маңғыстау облысында
- 95,5%-ды құрады; қаладағы
кедейлiк негiзiнен тоқырауға ұшыраған
шағын қалаларда байқалады;
республика бойынша тұтастай алғанда
жұмыссыздық деңгейi 10,4 %-ды
құрады; 2008 жылы туберкулезбен ауру 1996
жылмен салыстырғанда 78,3 %-ға өскен;жүктi
әйелдердiң 55%-ға жуығы қаны аздықтан зардап
шегуде;
табысы аз азаматтардың жалпы санының
iшiнде табысы ең төменгi
күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындардың
48,1%-ы 5 және одан да көп адамнан тұратын
үй шаруашылықтарында тұрған; 30 мыңнан
астам мектеп оқушысы мектепке бару үшiн
3 километрден 40
километрге дейiн жол жүруге мәжбүр болуда,
6 мыңға жуығы жалға алынған
пәтерлерде немесе туған-туыстарының
үйiнде тұрады;
Ішкi iстер министрлiгi тiркеген балалардың
мектепке бармау
оқиғаларының 75%-ы отбасының жайсыз жай-күйiмен
немесе нашар материалдық жағдайымен
байланысты болған; қала халқының 14%-ы
және ауыл халқының 27%-ы сапалы ауыз суымен
қамтамасыз етiлмеген; халықтың 4%-ы тасып
әкелiнетiн суды пайдаланады, республиканың
оңтүстiк аймақтарындағы кедейлiк, негiзiнен,
суландыру үшiн қажет судың болмауымен
байланысты;
халықтың белгiлi бiр бөлiгi қоршаған ортаның
азуы мен ластануынан
зардап шегуде.
Кедейлiк
- бұл халықтың белгiлi бiр
iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi
физиологиялық қажеттiлiктердi
қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен
бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде
қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен
айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.Кедейлiк
проблемасы экономикалық және әлеуметтiк
аспектiлердi,сондай-ақ басқару аспектiсiн
қамтиды.Кедейлiк проблемаларының ауқымын
осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға
мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер
индикаторлар бола алады.Табыстар бойынша
және мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк
қызметтеркөрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi
бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған
өлшемдер мен индикаторлар бар.Табыстар
бойынша негiзгi өлшемдер - бұл ең төменгi
күнкөрiс деңгейi
мен кедейлiк шегi. Кедейлiк деңгейiн анықтауға
негiз болып табылатын және
ең аз тұтыну қоржыны негiзiнде есептелетiн
ең төменгi күнкөрiс деңгейi
азық-түлiк тауарларының 70%-ын және азық-түлiк
емес тауарлардың 30
пайызын қамтиды. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде
азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға
тұтыну шығындарының нақты арақатынасы
2007 жылы 56,3/43,7 болды.
Тұтыну
қоржыны табысы аз адамдар бюджетiнiң
едәуiр бөлiгiн құрап отырған
коммуналдық қызметтер көрсету
мен көлiк шығындарын толық көрсетпейдi.2008
жылы белгiленген кедейлiк шегi ең төменгi
күнкөрiс деңгейiнiң 38%-ын, 2009 жылы - 40%-ын
құрады. Бұл көрсеткiш, ең алдымен, атаулыәлеуметтiк
көмек көрсетудегi мемлекеттiң экономикалық
мүмкiндiктерiн сипаттайды.Кедейлiктiң
табыстар бойынша индикаторлары - бұл
табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен
төмен халықтың үлесi, кедейлiктiң алшақтығы
менөткiрлiгі.Кедейлiктi табыстар бойынша
ғана бағалап қоймаудың негiзгi өлшемдерi-
негiзгi әлеуметтiк игiлiктер мен қызметтер
көрсетуге қол жетiмдiлiгiнiңең төменгi
деңгейi. Денсаулық сақтау саласында -
бұл халықтың жан басынашаққанда медицина
қызметкерлерi мен медициналық ұйымдардың
саны,медициналық ұйымдары жоқ елдi мекендерсаны;
бiлiм беруде - бұл балалардыоқумен қамту,
мектептерi жоқ елдi мекендер саны, оқыту
жүйесiнен тыс қалған балалар, сондай-ақ
бiлiм беру мекемелерiнде материалдық көмеккөрсетілген
балалар саны; әлеуметтiк көмек жүйесiнде
– халықтың әлеуметтiк осал топтарын қамту
және оларға көрсетiлетiн көмек мөлшерi.
Денсаулық, бiлiм, алдағы өмiрдiң
орташа ұзақтығы, әлеуметтiк азу
(маскүнемдiк, нашақорлық, жезөкшелiк, қылмыс
жасаушылық) жөнiндегi
көрсеткiштер, сондай-ақ халықтың көшi-қоны
жөнiндегi көрсеткiштер
кедейлер үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымға
қол жетiмдiлiгiнiң жанама
индикаторлары болып табылады.Алайда
орын алып отырған индикаторлар кедейлiктiң
барлық аспектiсiн толық көрсетпейдi. Коммуникациялардан
шалғайлық,табиғи немесе энергетикалық
ресурстардың шектеулiлiгi сияқты кедейлiк
факторларын ашуға көмектесетiн нақты
инфрақұрылымға қол жетiмдiлiки ндикаторлары
баршылық,бiрақ қажеттi шаралар әзiрлеу
барысында олар жеткiлiктi дәрежеде пайдаланылмайды.
2.2 Халықтың
өмір сүру деңгейін
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін – микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін мақроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді.
Егер
де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін
тауарлар (қызметтер) «қозғалысының» қорытынды
сипаттамасы ретінде
Информация о работе Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай