Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:55, курсовая работа

Описание

Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..3
1. Халықтың өмір сүру деңгейі..............................................................4
1.1 Халықтың өмір сүру деңгейін және кедейшілікпен күрес түсінігі,теориясы........................................................................................4
1.2 Халықтың материялдық әл-ауқатты..........................................7
1.3 Қазакстандағы демографиялық ахуал......................................11
2. Қазіргі кедейшілік жағдай...............................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні........................16
2.2 Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу..............18
2.3 ҚР-ның әлеуметік-экономикалық даму көрсеткіші................21
Қорытынды.......................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………...…27

Работа состоит из  1 файл

kursovoooooi.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

5. Халықтың  әр түрлі әлеуметтік топтарының  өмір сүру сапасы мен деңгейін  бағалау үшін олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің сапасын бейнелейтін көрсеткіштер тізбегі әзірленді. Олардың қатары әл-ауқаттың түрлі категорияларына  сәйкес халықтың тұтынушылық бюджетінің табыс деңгейі, тұтынушылық шығындағы тамақтың үлесі салмағы, оның жеткіліктілігі, білім мен біліктілік, бейімделу деңгейі, экономикалық белсенді халық саны және басқалардан құралатындығы нақтыланды.

6. Халықтың  әр түрлі әлеуметтік топтарының  өмір сүру сапасы мен деңгейін  бағалау және реттеу үшін тұтынушылық  бюджет жүйесін пайдалану қажеттілігі негізделді, себебі олардың шамасы мен құрылымы көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге бастапқы негіз болып табылады. Тұтынушылық бюджет адамның негізгі материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру дәрежесімен ерекшеленеді. Ол ең төменгі өмір сүру деңгейі – халықтың ұдайы өндірісінің төменгі шекарасын айқындап, материалдық, әлеуметтік және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтынудың қолайлы деңгейін бейнелеп, адамның қажеттіктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Осылайша, әлеуметтік сала тек материалдық  қана емес, сонымен қатар рухани игіліктер мен қызметтерді де тұтыну деңгейін бейнелейтін ерекше объект.

7. Макроэкономикалық  тұрақтылық сақталып, нақты табыстар  өскен сайын елдің адами әлеуетін  дамыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін әлеуметтік минимум болып есептелетін жаңа тұтыну стандартын қолдануға біртіндеп көшу оң шешім болмақ. Тауарлар бағасының, әсіресе тұрғын үй-коммуналдық, көлік және қызметтің басқа да түрлері тарифтерінің тұтынушылық бағаларының үнемі өсуі тұтыну қоржынының құнын арттырады және оның құрылымын өзгертеді. Сол сияқты оның құрамына міндетті төлемдерден бөлек олардың жаңа түрлерін енгізу қажеттігі туындайды. Әлеуметтік минимумды пайдалану тек тұлғалық және ақыл-ой шығындарының орнын толтыру үшін ғана емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік ұдайы өндірісі, оның әлеуеті сапасының дамуы мен артуы, өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі орта мерзімді бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді, себебі бұл тұтынушылық бюджет ең төменгі өмір сүру минимумына қарағанда неғұрлым жоғары деңгейлі норматив болып есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1. Ақиқат. 2009. №5, 40 бет

2. Егемен Қазақстан. 2009. 23 ақпан, 2 бет

3.Сембеков Е., «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана,  2004, №2

4.Л.Е.Басовский Прогнозирование и плонирование в условиях рынка

Москва  ИНФРА-М 2003 г.

5. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.

6. Селезнев А. Макроэкономические факторы роста производства // Экономист. 1999 №5.

7. О. Баймұратов Қазақстан қаржы нарығы.Алматы «Экономика» 2007 ж

8.Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов Нарықтық экономика негіздері Алматы  1994 ж  
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай