Инновация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 23:13, курсовая работа

Описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудыњ қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы єлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудыњ маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы …...............5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері.................................................................................8

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын алдау......................................................................................................13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту.........17
2.3.«. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық жағдайы........21

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.................................................................................................................26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары...................30

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................35

Работа состоит из  1 файл

инновация.doc

— 405.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудыњ қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы єлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудыњ маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы ќызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындақы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарың, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

Инновациялық кәсіпкерлік ғылымның және оның тәжірибеде жүзеге асуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды бөлігі саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлік, негізінен, жаңа өнімдер мен технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша тәуекелге барады. Сол себепті инновациялық кәсіпкерлік шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оныњ орнына жаңалары пайда болады.Жоғарыда аталғандардың барлығы инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасу және даму мәселелерінің ілімдік және тәжірбиелік мәнін анықтайды.

.

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

КӘСІПКЕЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1.1.Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

«Инновация» ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-жылдарында И. Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген:

- инновация дегеніміз- жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;

- инновация- практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс;

- инновация-əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.

Жалпы алғанда инновация дегеніміз-əкелетін ғылыми-техникалық,ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер,Н.Г.Менкью,Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты. Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған.Қазіргі уақытта инновациялық өнім ді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді. Индустриалды-инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді

мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми-тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай-ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпыұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.

Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік

тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме-дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажет.Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация- жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық процестерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.

Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым. Жаңалық- бұл тек идея немесе жаңа технологиялық процесс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды.Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға немесе процеске айналады.

Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне процестік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз- жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады.Ал процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне,құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

          Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың

бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.

Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар жəне инновациялық орталықтар.

Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді жəне өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді.Жақсы жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған жəне білікті кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.

Технологиялық инкубатор- ғылыми ұйымдардың, инновациялық кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.

Инновациялық орталық-конструкторлық – технологиялық жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға , бəсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды əзірлеу кезінде инновациялық кəсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға жəне бұл құрылымдардың ғылыми- техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар .

Жалпы инновация – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық,консалтингтік, əлеуметтік жəне басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің нəтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық жəне ұйымдық жаңалықтарды құрастыру мен тəжірибелік меңгеру сферасы.

Сонымен инновация дегеніміз- өндірісті жəне қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік,экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі ретінде танылған ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің нəтижесі.

1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың  ілімдік және ғылыми негіздері.

XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің    тәжірибесі көрсетіп отыр.Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Информация о работе Инновация