Инновация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 23:13, курсовая работа

Описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудыњ қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы єлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудыњ маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы …...............5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері.................................................................................8

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын алдау......................................................................................................13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту.........17
2.3.«. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық жағдайы........21

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.................................................................................................................26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары...................30

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................35

Работа состоит из  1 файл

инновация.doc

— 405.50 Кб (Скачать документ)

 

Көрсетілген оң көрсеткіштерді жүзеге асыру мақсатында индустриалды-инновациялық қызметтің құрамдас бөліктері ретінде «КТЗ» АҚ техникалық мүмкіншіліктерін жаңарту фаторлары ретінде нарықтық механизмдер лизинг, венчурлық қорлар, франчайзингілік және концессиялық  қызметтер автордың тікелей қатысуымен жүзеге асырылды.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ басшылығы өнім сапасын арттыруға өндіріске жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты екендігін нақты дәлелдеген.

Кесте 5 - Кентау трансформатор зауытының инновациялық өнім өндірудің пайдалылық денгейіне әсер ететін көрсеткіштері

Факторлар

Көрсеткіштер

Бірлік өлшем

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

У

Пайдалылық деңгейі

%

49,2

48,8

63,987

148,81

160,338

162,86

х1

Өнеркәсіптік цехтар мен өндірістің саны

дана

51

52

48

56

60

65

х2

Трансформатор өндіріс көлемі

млн.

теңге

1020,5

1214,6

1816,5

3451,2

5300

6898,1

х3

Қосымша заттар өндіру

млн.

теңге

112,6

133,1

199,6

379,6

583

758,1

х4

Негізгі қызметтегі персонал саны

адам

380

414

465

691

968

1041

х5

Негізгі қызметтегі персоналдың орта айлық жалақысы

мың теңге

26,7

29,626

40,478

50,022

62,648

67,906

х6

Зауыттың негізгі капиталға инвестициялары

млн. теңге

183

67

165

298

280

1246

Ескерту – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның 2007 ж., 2008 ж. Жылдық есебі негізінде құрастырылған


 

Кентау трансформатор зауытының инновациялық өнім өндірудің пайдалылық көрсеткiштерiнің болашақтағы деңгейiн болжауда корреляциялық-регрессиялық әдiстер қолданылды.

Корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізу үшін EXCEL жүйесінде математикалық модель құрылды. Мұнда сызықтық формадағы көп факторлы

 

корреляция теңдеуінен пайдалынылады.

 

Біздің жағдайда сызықтық  функциясын қолдану нәтижесінде мына

 

                                 (1)

 

теңдеуге ие боламыз.

Демек,

 

Осы құрылған математикалық модель бойынша Кентау трансформатор зауытының инновациялық өнім өндірудің рентабельділік дәрежесін анықтау  мақсатында соңғы 2005-2010 ж.ж. статистикалық мәліметтері нәтижесінде факторлардың әсері қарастырылып, оның статистикалық-математикалық үлгісі компьютерде есептеп шығарылды.

              Бұл есептеулерде  детерминация коэффициенті және өңделген детерминация коэффициенттері мына

                       

мәндерді қабылдайды. Детерминация коэффициенті 0,86, яғни бұл есепке алынған факторлардың өзара әсері жоғары екендігін және олардың арасындағы байланыстың тығыз екендігін көрсетеді.

              Осы модельдеуді пайдаланып, зауыттың 2012, 2013, 2014-жылдарға  пайдалылық деңгейінің өсуіне немесе кемуіне болжам жасауға болады

 

              Есептеу нәтижесі    , ,  %

 

Осы х1, х2, және  х6 факторларының рентабельділікке әсерін мына төмендегі трендтен        көруге  болады

             

Сурет 4 - Кентау трансфарматор зауыты АҚ-ның  цехтар саны, өндіріс көлемі, инвестициялық  көрсеткіштерінің пайдалылық деңгейіне әсері

              Мұндағы  х1-факторымен (өнеркәсіптік цехтар мен өндірістің саны) рентабельділік арасындағы корреляция мәні , х2-факторымен (өндіріс көлемі) рентабельділік арасындағы корреляция мәні , ал   х6-факторымен (инвестиция) рентабельділік арасындағы корреляция сандық мәндерге ие болады.

Демек,  бұл математикалық модельдеуде өнеркәсіптік цехтар мен өндірістің саны, өндіріс көлемі және инвестиция сияқты факторларымен  рентабельділік арасында байланыс тығыз екендігі байқалады.

Құбылмалы зерттелген алты фактордың өнеркәсіп өнімінің пайдалылық деңгейіне (рентабельділігіне) әсерлерінің математикалық байланыстылық заңдылық көрінісінен өнеркәсіптік цехтар мен өндірістің саны (х1), трансформатордың өндіріс көлемі (х2), зауыттың негізгі капиталға инвестициялары (х6) факторлары пайдалылық дәрежесіне оң әсерін тигізетін болса,  қосымша заттар өндіру (х3), негізгі қызметтің персонал саны (х4), негізгі қызметтегі персоналдың орта айлық жалақысы (х5) факторлары пайдалылық дәрежесіне  кері әсер етуі байқалады. Сол себепті зауытқа негізгі және айналымнан тыс құралдар көлемін арттыру өнеркәсіп  өнімінің  пайдалылық деңгейін жоғарлатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1.Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

 

Болашақта инновациялық қызмет саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында шаралар бір жүйеге біріктіріліп, ғылыми-техникалық жəне өндірістік əлуеттің өсуіне əсер ету үшін келесі басымдық бағыттары ұсынылады:

1.Қазіргі бар ғылыми-техникалық əлуетті постиндустриалды экономикада қолдану мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг биотехнология, биохимия; ядролық технология; сирек металлдар негізінде жаңа материалдар жасау өндіріс салаларында жасалуы қажет.

2.Жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технология;«тірі жүйелер» технологиясы ғылыми-техникалық бағыттарды жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде қолдау жасау қажет.

3.Өндіріс саласында индустриалды-инновациялық қызметті ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісін жеделдету қажет.

Қазіргі мезгілде тек мемлекет қана экономиканы жаңартудың қозғаушы күші бола алады, өйткені отандық жеке сектор əлі ұзақ уақыт ірі жəне ұзақ мерзімді инвестициялар жасай алмайды. Мемлекеттік қолдау бірнеше салааралық жобалар мен жаңа экспортқа бағытталған өнім шығару шеңберін жүзеге асыруға бағытталуы керек.

2003-2015 жылға арналған стартегияға сəйкес жақын арада мақсатты зерттеу мен жағымды жағдайлар негізінде жоғары технологиялық өнім кешені құрылуы мақсатында төмендегі бағыттарда: бейбіт мақсаттағы атом энергиясы мен басқа да дəстүрлі емес энергия көздері; сирек металлдар негізінде жасалатын жаңа материалдар, ерітінділер , түрлі қабаты бар тот баспайтын болат т.б.; химия, мұнай химиясы, жоғары сапалы мұнай химиялық өнімдері, соның ішінде этилен, полиэтилен, т.б. салаларындағы жетістіктер; қатты денелер физикасы, радиофизика салаларындағы нəтижелер; биотехнология, биохимия шаралар қолдануы ұсынылады.

Шет ел фирмаларымен бірігіп, дүниежүзілік нарықта орын алуларына мүмкіндік беретін Қазақстанда ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген бағыттар бар. Қазақстанның экономикалық түрлі салалары түрлі техникалық деңгейге сай. Олар бəсекеге қабілетті, сондықтан олар үшін де жеке жобалар жасалуы қажет. Мемлекетте ғылыми-техникалық өндірістік орталықтар Алматы, Қарағанды, Өскемен, Астана, т.б. қалаларда шоғырланған. Олардың

кейбіреулерінде қазіргі кездің өзінде технопарктер құрылған. Ал олар өз кезегінде болашақта интеллектуалды өнім, ғарыштық қызмет, ақпараттық технология, радиоэлектроника, атом технологиясында көп мүмкіндіктер береді.

Ғылыми негізде ядролық отын, уран ерітінділерін, мыс-берилл ерітінділерін, тантал-ниобий түрлерін игеруге, титан гупкасы өндірістік базаларын кеңейтуге болады. Бұларға сұраныс атомдық, ғарыштық, радиоэлектронды өндіріс салаларының өсуіне байланысты артып отырады.Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы аяқталған, бірақ тауарлық түрге жеткізілмегендігімен, ғылыми зерттеулер санының көп болуымен сипатталады. Бұл айтарлықтай əлует жəне оны қолдану инновациялық қызметтің дамуының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстандық ғалымдармен 10 жыл ішінде 877 патент алынды, жаңа техниканың 136 нұсқасы өнделді. Ғалымдармен орындалған ғылыми зерттеулер жаңа фундаменталды білімдерге жəне олардың негізінде –отандық ғылым мен технологияның бəсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағдарланған. Геолог-ғалымдармен өткізілген зерттеу нəтижелері қара жəне түсті металлургияның өндірістік кəсіпорындарын шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта ғылыми сыйымды өндірістер қатарын құру мақсатында жобалық-конструкторлық жəне техникалық құжаттама дайын елде отандық технологияларда қолдану негізінде бар химиялық жəне мұнай химиялық өндірістерді қалпына келтіру жəне кеңейту, сонымен қатар мұнай, газ ,көмірді жəне басқаны қайта өңдеу бойынша кіші жəне орта тиімді жəне бəсеке қабілетті өндірістер құрылыс жобалары дайындалуда.

Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоғары тиімді биотехнологияларды құру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп үшін биотехнологиялық өнім өндірісі, теориялар мен технологияларды өңдеу саласындағы қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар қара жəне түсті металлургияның кəсіпорындарында жаңа технологиялық үрдістерді игеру басымдық негізге ие.

2005 жылғы 25 сəуірдегі ҚР Үкіметінің №387 « ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сəйкес келесі мақсаттар мен міндеттері анықталған: ғылыми əлеуетті дамыту, инновациялық кəсіпкерлік ортасын дамытуды құру мен қолдау, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту, ҰИЖ элементтері арасындағы тиімді арақатынасты қамтамасыз ету, заңдық-құқықтық базаны жетілдіру. Осы міндеттерді мемлекет тиімді жүзеге асыратын болса, болашақта экономиканың барлық сферасына жағымды əсер ететін Ұлттық Инновациялық Жүйені қалыптастыруға мүмкін болады. Осының нəтижесінде,2015 жылы келесі жетістіктерге жетуге болады:

-ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтер көрсетудің ЖІӨ-гі үлесі 2005 жылдағы 0,8%-дан 2015 жылы 1,7%-ға өсуі;

- 2003 жылмен салыстырғанда Қазақстанның инновациялық жəне ғылыми-техникалық қызметіне тартылатын инвестициялардың 2015 жылы 10-15 есе өсуі;

- қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды бюджеттік қаржыландыру жүйесін жақсарту.

Президенттің 2004 жылғы Жолдауында ұлттың бəсеке қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады деп көрсетілген.Сонымен қатар «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасын» қабылдау қазақстандық білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігінде шоғырлану үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ғылым мен техниканың жаңа бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдар түйісіндегі жетістіктер жоғары жəне орта кəсіби білімі бар мамандарды дайындау үрдісі құрылымдық қайта қарау қажеттілігін талап етеді. Əлемнің дамыған елдерінің тəжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология жəне тағы басқа облыстарының мамандарына сұраныс аса жоғары жəне тұрақты болады.

Қазақстанның инновациялық əлеуетін көтеру үшін келесі шаралар кешенін ұсынамын:

1) мемлекет бюджетінен тиімділігі жоғары жəне технологиялық даму бағдарламаларын, мемлекеттік маңыздылығы бар инновациялық жобаларды, коммерциялық жағынан тиімді инновациялық жобаларды толығымен жəне үлесті қаржыландыру;

2) жоғары технологиялық өндіріске қаражаттарын салатын инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жəне оларды ынталандыру;

3) əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіпорындарға ( инновацияларды игерген кезеңде) жеңілдіктермен несиелер, субсидиялар, субвенциялар беру;

4) ғылыми сыйымдылығы бар құрал-жабдық лизингін жəне инновациялық өнімді дамыту;

5) инновациялық жобалар мен оларды іске асырушыларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру;

6) экономика саласында шағын, тиімді жəне тез сатылатын инновациялық жобалардың үлестік салмағын арттыру;

7) инновациялық сфераға шағын кəсіпкерлік субъектілерін тарту;

8) заңдық-құқықтық базаға өзгертулер енгізу;

9) экономикалық ынталандыру жүйесін құру, яғни салықтық, несиелік жəне т.б.жеңілдіктер жасау;

10) ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Инновация