Инновация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 23:13, курсовая работа

Описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудыњ қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы єлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудыњ маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы …...............5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері.................................................................................8

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын алдау......................................................................................................13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту.........17
2.3.«. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық жағдайы........21

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.................................................................................................................26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары...................30

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................35

Работа состоит из  1 файл

инновация.doc

— 405.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.

 

Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары:

Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар  елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті  тұр.

Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда  кедергі болатын факторлары келесідей:

     өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;

     инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;

     инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;

     инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі.

Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:

                 инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;

                 инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;

                 инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.

Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:

     инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;

     инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

     инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;

     тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;

     инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

      білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;

      инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.

              Жалпы бүгінде дамыған елдерде инновациялық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау жүйесі мынадай мәселелерді жүзеге асырады: шағын инновациялық кәсіпорындар қызметін құқықтық және заңмен қамтамасыз ету;

-несиелік жеңілдіктер ұсыну;

-салықтың жеңілдетлген түрін енгізу;

-шағын инновациялық фирмалар жобаларын тікелей бюджеттік қаржыландыру;

-ақпараттық консультативтік көмек беру;

-мамандармен қамтамасыз ету т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

              Жалпы жұмысты қорытындылай келгенде мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

              1.Теориялық зерттеулер негізінде кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің негізгі белгілері ретінде инновациялық қызмет келесілерді қамтитындығы анықталды:

       - инновациялық кәсіпкерлік қызмет – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық, консалтингтік, әлеуметтік және басқа қызметтерге деген жаңа тұрғыларды зерттеуді енгізетін техникалық, технологиялық және ұйымдық жаңалықтарды құрастыру мен тәжірибелік меңгеру сферасы.

       - инновациялық кәсіпкерлік қызмет – тәжірибе жүзінде қолданыла алатын ғылыми-техникалық идеяларды, өнертабыстарын құру және олардан нәтиже алу бойынша қызмет.

       - инновациялық кәсіпкерлік қызметті басқару мақсаты жаңа идеяларды бақылау, генерациялау, нарыққа инновациялық өнімді шығару үшін жағдайлар құру.

      - инновациялық кәсіпкерлік қызметтің басты функциясы өзгеру функциясы болып табылады. Теориялық талдау көрсеткендей келесідей типтік өзгерістерді бөледі:

      -  жаңа техниканы, технологиялық үрдістерді қолдану;

      -  жаңа сапалармен өнім өндіру;

      -  жаңа шикізатты қолдану;

      -              өндіріс пен материалды-техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;

      -  жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.

2. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

3. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту көптеген шығындарға алып келуі мүмкін. Өйткені инновация ол әрқашанда жаңа бастама, жаңа идея. Одан қандай нәтиже болатынын болжауға болады. Бірақ нақты тәжірибеде тәуекелді әртараптандыру қажет. Диссертацияда кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктері тиімділігін көрсетті.

4. Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:

              - ғылыми-технологиялық әлеуетті жоғары ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік ұйымдар желісі бар қалаларда ғылымдық және инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;

              - экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамытуда өзімізде бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;

              - бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша отандық зерттеулер негізінде ғылыми-сыйымды өндірісті дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми база бар, оның ішінде, жаңа материалдар, химиялық өнімдер, заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б;

              - отандық тауар өндірушілерге жағдай жасау мақсатында уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын беру, салықтық жеңілдіктер беру және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату.  

5. Венчурлік бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды қолдану қажет: отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік қорларды құру, инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу; инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру; ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу; ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға қатысу.

6. Зерттеулер негізінде концессиялық қатынастарды реттеу, шарттарын жасасудың үлгілері, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібі айқындалды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, болашақта концессия аумағындағы заңдылықты дамыту және жетілдіру керек. Сонымен қатар, концессиялық бизнесті ынталандыру үшін мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану керек:

              - концессиялық жобаларды іске асыруда капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Сол себептен зейнетақы және сақтандыру қорларының қаражаттарын осы бағытта инвестициялау орынды;

- отандық инвесторларға ұзақ мерзімді капитал салымдарын салу барысында салық, кеден және басқа да жеңілдіктерді алу құқығы және концессиялық кәсіпорын мен инфрақұрылымды, кадрларды даярлауды, халық тұтынатын тауарлар өндірісі мен қызмет ұсынуды, қайырымдылық қызметін дамыту мақсатында пайданы реинвестициялау құқығын беру;

- концессиялық кәсіпорынның шығындарын табысты кәсіпорынның есебінен орнын толтыратын консорциумды құру құқығын беру.

7. Инновациялық кәсіпкерлік қызметін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі франчайзинг жүйесін одан ары дамытуға мемлекет тарапынан келесі шараларды қолдану қажет:

-   франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктер қарастыру;

- Қазақстан аумағында санаткерлік меншіктің қорғалуын толық қамтамасыз ету;

- инновациялық қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру шараларын қабылдау, яғни жеткілікті ақпараттармен қамтамасыз ету.

8. ҚР-дағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалы әлі де жеткілікті деңгейде қолайлы болып тұрған жоқ. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

- білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;

- инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметінің реттемелеу деңгейін жоғарылату керек.

9. Құбылмалы зерттелген алты фактордың өнеркәсіп өнімінің пайдалылық деңгейіне (рентабельділігіне) әсерлерінің математикалық байланыстылық заңдылық көрінісінен өнеркәсіптік цехтар мен өндірістің саны (х1), трансформатордың өндіріс көлемі (х2), зауыттың негізгі капиталға инвестициялары (х6) факторлары пайдалылық дәрежесіне оң әсерін тигізетін болса,  қосымша заттар өндіру (х3), негізгі қызметтің персонал саны (х4), негізгі қызметтегі персоналдың орта айлық жалақысы (х5) факторлары пайдалылық дәрежесіне  кері әсер етуі байқалады. Сол себепті зауытқа негізгі және айналымнан тыс құралдар көлемін арттыру өнеркәсіп  өнімінің  пайдалылық деңгейін жоғарлатады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.       Инновациялық қызметті ұйымдастырудағы басымдықты бағыт ретінде инновациялық ортаны жетілдіру. «Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Түркістан қ, 27-29 сәуір 2005, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.

2.       Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»  атты Қазақстан халқына жолдауы, 2011 жыл .

3.       Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары //«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6(70) – Алматы, 2008. 8-11 б.

4.       Индустрия өндірісін интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері //«Ізденіс –Поиск». №4. Алматы, 2008 ж. 5-9 б.

5.       Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008 ж., №4 185-189 б.

6.       Ғылымның даму нәтижелері және стратегиялық басымдықтары //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008ж, №4 189-194 б.

7.       Қазақстанда франчайзингті қалыптастыру және дамыту мүмкіншіліктері //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 (63)-Түркістан, 2008ж.

8.       Венчурлік капитал – ҚР-да инновациялық қызметтің қалыптасу және дамуының негізгі факторы. «Аймақтық экономиканы индустриалдық- инновациялық дамыту мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Академиялық инновациялық университеті, Шымкент, 2009ж.

Информация о работе Инновация