Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 23:13, курсовая работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудыњ қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы єлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудыњ маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы …...............5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері.................................................................................8
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын алдау......................................................................................................13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту.........17
2.3.«. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық жағдайы........21
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.................................................................................................................26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары...................30
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................35
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды:
-біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-
-екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.
Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру.
Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.
Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.
Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.
Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі - концессиялық келісім.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б. Қазіргі таңда 212 млрд. теңге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.
Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.
Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.
Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.
Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.
Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80-жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2008 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9℅), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0℅), Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35℅), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25℅), ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0℅) болып отыр. Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр
Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
КӘСІПКЕЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1.Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын талдау.
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.
Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сегмент - бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциялық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.
Кесте 1 Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру
Көрсеткіштер |
2006ж. |
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. | 2010 ж. 2007 жылға өсу/кему қарқыны (%) |
Жалпы ішкі өнім, млрд. Теңге | 7 590,60 | 10 213,70 | 12 849,80 | 15907,0 | 209,6 |
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. Теңге | 21 527,40 | 24 799,90 | 26 835,50 | 34 761,6 | 161,5 |
жалпы ішкі өнімге пайызбен | 0,28 | 0,24 | 0,21 | 0,22 | - |
Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны | 390 | 437 | 438 | 421,0 | 107,9 |
Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), Адам | 18 912 | 19 563 | 17 774 | 16 304,0 | 86,2 |
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
Зерттеушілер | 11 910 | 12 404 | 11 524 | 10 780,0 | 90,5 |
одан: |
|
|
|
|
|
Ғылым докторлары | 1 106 | 1 157 | 1 166 | 1 191,0 | 107,7 |
Ғылым кандидаттары | 3 018 | 3 147 | 3 058 | 2 861,0 | 94,8 |
Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге | 14 584,20 | 19 247,70 | 18 782 | 19 176,7 | 131,5 |
Зерттеулер мен әзірлемелер | 41 512 | 51 400 | 64 108 | - | - |
Жоғары білім | 30 312 | 36 007 | 45 557 | - | - |
|