Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:57, реферат

Описание

Инвестиция деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауылшаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай – ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынар ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтады.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................3-4
І тарау. Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі.
1.1. Инвестиция туралы жалпы түсінік және оның экономикалық мәні........................................................................................................................5-8
1.2. Инвестицияның жіктелуі мен олардың сипаттамасы ......8 - 12
ІІ тарау. Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді инвестициялар есебін ұйымдастыру
2.1. Бірлесіп бақыланатын және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі..................................................................................13-16
2.2. Қаржылық инвестициялар есебі........................................16 - 22
2.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнының есебі..................................................................................................................22- 27
Қорытынды................................................................................28-29
Қолданылған әдебиеттер...............................................................30
Қосымшалар.............................................................................31 - 34

Работа состоит из  1 файл

инвестиция.DOC

— 245.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе .......................................................................................................3-4

І тарау. Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі.

1.1. Инвестиция туралы  жалпы  түсінік және  оның  экономикалық  мәні........................................................................................................................5-8

1.2. Инвестицияның жіктелуі  мен  олардың сипаттамасы ......8 - 12

ІІ тарау. Бухгалтерлік есептегі  ұзақ мерзімді  инвестициялар есебін ұйымдастыру

2.1. Бірлесіп бақыланатын   және тәуелді  серіктестіктердің   инвестициясының  есебі..................................................................................13-16

2.2. Қаржылық инвестициялар  есебі........................................16 - 22

2.3. Ұзақ мерзімді  инвестициялардың  ағымдағы  құнының есебі..................................................................................................................22- 27

Қорытынды................................................................................28-29

Қолданылған әдебиеттер...............................................................30

Қосымшалар.............................................................................31 - 34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Инвестиция деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауылшаруашылығына және өндірістің  басқа да салаларындағы  шаруашылық субъектісіне  мүліктей, заттай, сондай – ақ ақша  қаражаты түрінде, яғни  капитал түрінде  салынар ол шаруашылықты әрі қарай  өркендетіп  дамыту үшін  жұмсалатын  шығындардың  жиынтығын айтады.

Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі  күні қолда бар  ақшаны,  мүлікті  және басқа  да  заттарды,  яғни капиталды қандай да  бұл өндірісте  дамыту үшін  жұмсап,  сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент)  түрінде  немесе басқадай үлкен  кәсіпкерлік  табыс  табу болып табылады.

Инвестиция  деңгейі  қоғамның ұлттық  табысының  көлеміне  ықпал етеді,  ұлттық  экономиканың   көптеген  макро  – пропорциялары  инвестиция  қозғалысына тәуелді. Кейсиандық  теория  бойынша  инвестиция  мен жинақ  ахуалы (яғни  көзі немесе  инвестиция  резервуары) әр түрлі  процестер  мен  жағдайлар  арқылы  анықталады.

Осы мақсатты ескере отырып,  бұл тақырыпта көтеріліп отырған  басты мәселе  инвестицияның жалпы  экономикалық  мәнін талдау,  осыған байланысты  ұзақ мерзімді  инвестицияның  ағымдағы құнының  есебін қарастыру. Осы және басқа да мәселелер жұмыстың келесі бөлімдерінде  қарастырылған.

Жұмыстың бірінші  бөлімінде инвестиция  ұғымына  жалпы сипаттама  берілді. Ал, екінші бөліміне  тоқталатын  болсақ,  бұл бөлімде бухгалтерлік  есептегі  ұзақ мерзімді  инвестициялар есебін  үйымдастыру жолдары  қарастырылған.

Курстық жұмысты  жазу барысында келесідей атақты  экономист – ғалымдардыі  еңбектері  негізге алынды: Кеуліжаев К.К., Төлегенов Ә.Г., Байдаулетов М.Б., Құдайбергенов Н.А., Андросов А.М., Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И., Кондраков Н.П.

бұл курстық жұмысты  жазғандағы мақсат – инвестиция есебіне  жалпы сипаттама бере отырып,  қазіргі нарықтағы  бухгалтерлік  есептегі  ұзақ мерзімді  инвестициялар есебін ұйымдастырудың  жолдарын  ашып көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі.

1.1. Инвестиция  туралы жалпы  түсінік және  оның экономикалық  мәні.

Инвестициялар деп  өнеркәсіптің, құрылыстың,  ауыл шаруашылығының және экономиканың  басқа да салаларының  кәсіпорындарына  капитал түрінде  салынып,  жұмсалатын шығындардың  жиынтығын айтамыз. Инвестиция қызметінің мақсаты -  түпкі нәтижесінде  кәсіпкерліктен табыс немесе  процент алу болып табылады.

Инвестицияның  көзі  болып  жаңадан  қалыптасқан  (құрылған)  құн немесе  таза табыстың  жинақталған бөлігі  саналады. Кәсіпкерлер  (кәсіпорындар) оны өзінің табысының  (таратылған)   қаражаттарының  есебінен жұмылдырады. Негізгі каптиталды жаңартуға  арналған инвестиция  көзі болып  кәсіпорынның  меншігінде  қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі  инвестицияны жіктеудің көптеген  критерийлерін  алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция  өзінің пайдалану  мерзіміне қарай,  қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция  өзінің  арналымы немесе  алдыңғы мақсаты бойынша: қаржылық  және нақты болып  бөлінеді.

Нақты инвестициялар -  бұл кәсіпорынның  негізгі капиталын және материалдық -  өндірістік  қорын өсіруге  салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар  – бұл субъектінің  табыс алу  мақсатында  пайдаланатын активті (мысалға,  пайыздар,  роялтилер және  жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын  басқа да  олжалар (мысалға,  коммерциялық  мәміленің нәтижесі). Сондай ақ, қаржылық  инвестицияға  пайдаланбай  тұрған жылжымайтын  мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның  бір түрі болып  бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар  екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды)  болып. Ақшалай бағалы  қағаздарды  алған кезде  ақшалай қағаздарды  алғандағыдай  етіп әсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер,  депозиттер және  жинақ сертификаттар және т.б.  жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша  табыс осы бір мәртелік  сипатқа ие  болады және  өзінің номиналдық  (атауы) құнынан төмен бағаға сатып алудың  есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы  қағаздар,  әдетте,  қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын  уақытқа) беріледі.

Капиталды бағалы қағаздар  кәсіпорынды дамыту үшін,  оның капиталын  (қорын)  құрастыру немесе  ұлғайту мақсатында  шығарылады.

Бағалы қағаздар  құқығы бойынша  кімге  жататындығы  туралы  белгілер  куәландыру  үшін олар  былайша бөлінеді:

- бағалы қағаздар  ұсынушыға – құқықтарын ортату үшін,  бірақ олардың  иелерін  теңестіруді (идентификациялаушы) талап етпейді, ұстаушылардың  атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды  куәландыратын  құқығын басқа адамға  қарапайым жолмен  қолына береді.

- атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның  атына жазылады. Бағалы қағаздарда  куәландырылған  құқықтары ондағы  қойылған талапты  жеңілдету үшін  белгіленген  тәртіппен  басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар  бойынша құқық  беретін адам соған  сәйкес  келетін  талаптардың  орындауы емес,  ондағы тисілі  топтың  заңды  еместігіне  жауап береді.

- ордерлі  бағалы  қағаз – ол ең  алғашында  иемденушінің  атына немесе  оның  бұйрығы бойынша  жазылады. Бұл  онда  көрсетілген  құқықтар  қағаздар  қағазға  түсірілген  тәртіпке байланысты  ауыспалылығын сақтайтындай  етіп -   индоссаментке жазып  береді. Индоссамент  өзінде  құқықтың болғанына ғана емес,  сонымен бірге, оның  жүзеге асуына  жауап береді. Бағалы қағаздардан  алынатын табысқа  қатысты  олардың  борыштық  және инвестициялық  етіп бөлуге  болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (процесттерді)  төлеуді және негізгі  қарыздардың  негізгі сомасын  графике  сәйкес  жабуды  эмитент  өз міндетіне  алады. Бұл кімнің  эмитенті  екендігіне  қарамастан, оған  барлық облигациялар,  векселдер жатады.

Инвестициялы  бағалы қағаздар эмитент  активтерінің  бір бөлігін  иемденуге  құқық  береді,  оларға  элесменттердің  барлық  типтеріндегі  акциялары  тұтастай жаратады.

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша  мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық  Банктің  борышкерлік  міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті қару органдарының  борышкерлік  міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші  субъектілердің  жарғылық капиталын  қалыптастыруы немесе  қаржылық – шаруашылық  қызметін жүргізу  үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен  қолданыстағы  заңға сәйкес  шығарылтын) болып бөлінеді.

Мәсәлеге байланысты  шығарылатын  бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,  облишгациялар)  және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер,  конносаменттер,  кепілдік  міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.

Фондылық бағалы көптеген  шығарылумен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және  олар қор биржаларында  айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерцияллық  бағытқа ие:  олар негізінен сауда  операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды  орын  алмаситыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс  ерекшеліктеріне  байланысты бағалы қағаздарды  нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп  бөлу мүмкін.

Нарықта болатын  бағалы қағаздар  биржалық  немесе  биржыалық емес  айналым шеңберінде  нарықта екінші рет еркін  сатылу  және сатып алуы  мүмкін. Олар сатылғаннан кейін  эмитентке  мерзімінен бұрын  үсынылдмайды.

Нарықтық емес  бағалы қағаздар  бір қолдан  екінші қолға еркін  көше  алмайды,  яғни  екінші рет  айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар  қатарына  оларды  шығару  кезінде  сатылмайды  деген  шарт  қойылса,  онда оларды  тек эмитенттің  өзі ғана  сатып алады. Сондай – ақ  айналысы шектеулі  бағалы қағаздар  да  бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға,  жабық АҚ  акциялары сатып алу және  сату  мәміле  бойынша шектелген  акциялардың  қатарына жатады.

Бағалы қағаздар әрекет ететін  орыны  бойынша ақша нарығының бағалы  қағаздары  және капиталдық  бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз  - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың  алынуы мен  сатылуын көрсетеді және ол қаржылық  нарықтың  бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы  қағаздардың  әрекет ету мерзімі – бір кұннан бастап  бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы  қағаздар,  әдетте,  төменгі төлем  тәуекелімен қатар жүреді,  өйткені қарыз берушілердің  төлем қабілеттілдігі  жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының  бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер,  депозитік,  сертификаттар,  коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдам астам мерзімге  ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай – ақ  инвестициялық бағалы қағаздар  болуы мүмкін.

Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша:  негізгі (акциялар мен  облигациялар), көмекші (чектер, векселдер,  сертификаттар, т.б.) және  негізгі бағалы қағаздардың  алыну мен сақтылу  құқығын куәландыратын  шартты  бағалы  қағаздар болып  бөлінеді (варранттар, опциондар,  қаржылық  фьючерстер, сатып  алу құқығынгың  артықшылғы).

1.2. Инвестицияның  жіктелуі мен  олардың сипаттамасы

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған  міндеті  мен  мақсатына сәйкес  басқа да белгілері  бойынша (құжатты және құжатсыз,  кері  қайтарылатын және  қайтарылмайтын,  тұрақты деңгейде  және әр түрлі  деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі  мүмкін.

 Инвестор  бағалы  қағаздар  нарығында   жұмыс істей  жүріп  салымдарды тараптандырудың (диверсификацилаудың) принципін  ұстауы тиіс:  инвестор  қаржылық  активтердің  әр түрлісін алуға  ұмтылу керек. Бұл салымдардың  тәукелділігін  азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор  өзінің барлық ақшаларын  бір компанияның  акцияларына  салды  делік. Бұл  жағдайда  ол акция курсының  нарықтық  ауытқуына  толық тәуекелді болады. Егер кәсіпорын  қаражаттары  бірнеше  компаниялардың  акцияларына  салытнатын болса,  онда инвестордың  табысы  неғұрлым  аз ауытқитын  біршама компаниялардың  акциясына  тәуелді болады. Егер  инвестор  әр тараптардың (дивнрсификациялау) принципін ұсынатын  болса,  онда ол  инвестициялық (фондылық) портфнл  деп аталатын бағалы  қағаздардың  жиынтығымен  байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялардың  объектілері  ретінде  әртүрлі бағалы  қағаздар:  акциялар,  облигациялар,  бағалы қағаздардың  шартты түрлері  әрекет  етеді. Қоржынның  бір бөлігі  ақша түрінде  ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы  қарыздардың  көлемі де  әр түрлі болады. Қоржындық  инвестициялау  көзінің  құрамына тәуекелді, ол табыс немесе  залал  әкелуі  мүмкін және тап  сондай  тәуекелділіктің  де сол  және басқа да  деңгейіне ие. Қоржынға  енетін  бағалы  қағаздардың тізбегін  де,  көлемін де  инвестор  өзгерте алады.

Қоржынға құрастыру  кезінде  инвестор  келесі  факторларды  есепке алуға тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық  мақсатына  тәуелді  белгілі бір типтерді  қалыптастырады.келесі типтерін бөліп көрсету  қабылданған:  бірінші тип - өсім  қоржыны,  екінші тип -  табыс қоржыны.

Қордынның бірінші типінің мақсаты  өсімді көбіне  дивиденттер мен  проценттер  алу есебінен емес,  бағалы қағаздардың  бағамдық (курстық) өсімінің  есебінен алу  болып  табылады.  ол негізгі салымның  басым бөлігін  акция құрайды. Күтілетін капитал  өсімімен және  тәуекелділіктің  ара қатынасына  байланысты  қоржындық  өсімнің ортасынан, тағы басқа қоржынның  түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа  өсімін  бөліп көрсетуге болады. Агрессивті  өсім қоржындары  капиталдық  максималды  өсіміне бағытталды. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен  байланысы  екенін  көрсетеді,  бірақ эмитент – кәсіпорындардың  қолайлы дамуы  кезінде  ол үлкен табыс  әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез  өсетін  жас компаниялардың  акцияларымен  көрсетілуі мүмкін. Консервативтік  қоржынның  өсімі негізінен ірі,  жақсы белгілі  және тұрақты  компаниялардың  акциясынан тұрады,  бұндай қоржынның  тәуелділігі де аса  үлкен болмайды. Қоржынның орташа  өсімінде  агрессивті  қоржынға  да,  консервативті қоржынға да тән  инвестициялық  қасиеттері болады. Оның құрамына  сенімді кәсіпорындармен  қоса даму  үстіндегі  жас кәсіпорындардың  да акциялары  енеді. Мұндай қордын жеткілікті  жоғарғы табысқа  және тәуекелді  орташа деңгейін  ұстауына қолайлы  жағдай туғызады.

Қоржындардың  екінші типі дивиденттер мен проценттер  есебінен  табыс алу  болып табылады.  Қоржынның бұл типі  тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған  табыстың  деңгейін  қамтамасыз етеді және  онда тәуекелділіктің деңгейі нольге  тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялық объектілері  ретінде  сенімділігі  жоғары  бағалы қағаздар  алынады. Оның құрамында  енетін қорлардың  инструменттеріне  байланысты олар:  конверттелген,  нарықтық ақшалай  және облигациялар  болып бөлінеді. Конверттелген (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан  және облигациялдарынан тұрады.  Мұндай қоржын оны құрайтын  бағалы қағаздардың  есебінен нарық  конктурасы мүмкіндік беретін  болса,  онда оларға  жай акциялардың  өзі де,  қосымша табыс  келуі мүмкін. Басқаша жағдайда   қоржын  ивестиициясы  тек тәуекелділік  төмен  болған кезінде  ғана табыспен  қамтамасыз  етіледі.

Информация о работе Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі