Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................................................3

I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ.................................................................................................................5

1.1. Экономикалық өсудiң эволюциясы ...........................................................5
1.2. Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары .....................................8
1.3. Экономикалық өсудiң түрлерi және...................................................17

IIДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ................................................................................................21

2.1. Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктері.............................................................................................21
2.2. Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi ...........................28

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................

Работа состоит из  1 файл

Экономикалык осу (Дамушы ел) курс жұмысы.doc

— 211.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.

Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:

      еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;

      негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;

      өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;

      табиғи ресурстардың  айналымының сандық және сапасының артуы;

      қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.

Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:

      нарықты монополизациялаудың төмендеуi,

      өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,

      пайдаға салықтың төмендеуi,

      несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б.  /2/.

Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек ал екiншi экономикалық өсу бұл халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi.

Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе  алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:

1.   Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды.

2.   Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады.

3.   Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс

4.   Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты.

5.   Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.

              Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:

1.   Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс.

2.   Бос уақыттың өсуi.

3.   ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi.

4.   Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi /8/.

Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:

      өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар

бойынша нақты бөлу;

      шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды

бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.

              Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі  ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.

Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.

Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.             

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің  экстенсивті түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.             

Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының  бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу  абсолюттік және салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді.

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.                           

              Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

              ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.                   

Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

Ү=Үt –Yt-1  немесе    Yt =Yt /Yt-1, 

                                                               t- уақыт индексі.

Егер экономикалық өсу  сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз   экономиканың өсуінің  өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор  үлгісі болып  табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.

Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

Информация о работе Экономикалық өсу