Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 09:43, курсовая работа
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
КIРIСПЕ ...............................................................................................................3
I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ.................................................................................................................5
1.1. Экономикалық өсудiң эволюциясы ...........................................................5
1.2. Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары .....................................8
1.3. Экономикалық өсудiң түрлерi және...................................................17
IIДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ................................................................................................21
2.1. Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктері.............................................................................................21
2.2. Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi ...........................28
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................
Сурет-7 – Елiмiздегi 1996-2006 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң өсу динамикасы
Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.
Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.
Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер баршылық.
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде. Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/.
2006 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті Жолдауында Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал бұл бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен ерекшеленетін инвестициялар болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.
Осы уақытқа дейiн жүргiзiлiп келген экономикалық бағдарламалар өз жемiсiн бере бастады, жекешелендiру өзiнiң нәтижесiн берiп, нарықтық қатынастар орнап, экономикалық адамдар пайда болды. Сондай-ақ ел экономикасы 1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен жаңа даму сатысына өттi. Елде жұмыссыздық деңгейi азайып, инфляция деңгейi төмендедi. Қазiр елiмiз ТМД елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Сонғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10% деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш.
Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.
Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:
демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;
бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;
өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;
ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;
халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;
ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;
елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы;
Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
3. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
4. Шумпетер Й. / Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.
5. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 338 бет.
6. Соколова М.С. Управление наукойи техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
7. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
8. Купешова Сауле Телеухановна “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан.” – диссертация. Алматы, 2002 г.
9. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
10. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
11. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
12. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
14. Статистика Казахстана. Алматы, - 2006 г.