Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................................................3

I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ.................................................................................................................5

1.1. Экономикалық өсудiң эволюциясы ...........................................................5
1.2. Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары .....................................8
1.3. Экономикалық өсудiң түрлерi және...................................................17

IIДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ................................................................................................21

2.1. Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктері.............................................................................................21
2.2. Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi ...........................28

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................

Работа состоит из  1 файл

Экономикалык осу (Дамушы ел) курс жұмысы.doc

— 211.50 Кб (Скачать документ)

              Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып, ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.

              Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды 1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға бағытталды /7/.

              Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл өнеркәсiпке салынды.  Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.

              Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.

              Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар негiзiнде қызмет еттi.

              Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi.  Шетел инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық негiзде жұмыс iстедi /6/.

              Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар келесi талаптарға жауап бере алса:

      Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);

      Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын 60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);

      Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен араласапауы қажет /7/.

              Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек етедi.

              Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады. Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге белгiлi.

              Корея дамыған елдерден нақты экономикалық көрсеткiштердiң шамасымен оларға жете алмауда. Мысалы, 1991 жылы ЖҰӨ АҚШ-та 4,5 млрд. доллар, Жапонияда 2,7 млрд. долларды құраса, ал бұл көрсеткiш Оңтүстiк Кореяда 119 мың доллар болып отыр. Сондай-ақ iрi компанияларының табыстары әлемдегi дамыған елдер iрi компанияларының табыстарынан көп артта болып табылады. Бүгiнде “Самсунг” компаниясының табысы 20 млрд. доллар, ал “Ниссан” компаниясының табысы 33 млрд. егер Кореяда 1962 жылы жан басына шаққанда ЖҰӨ-нiң көлемi 87$ болса, ал 80-шi жылдары бұл көрсеткiш 3000$-ға жеттi /7/.

              Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары, өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5% , ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын құрайды.

              Коорея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi жұмыс күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi, яғни халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге жауапкершiлiкпен қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның жұмысшыларының еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса, ал Кореяда бұл көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы күшiнiң арзан болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды /6/.

              Сонымен соғыстан кейiнгi жылдары Корея экономикалық өсуiн үш кезеңге бөлуге болады:

              Бiрiншi кезең (1961-1965ж.ж.) – ел алдындағы негiзгi мәселелердi анықтау, дамудың тиiмдi жолдарына экононмиканы бағыттау. Бұл кезеңде кономиканың негiзгi бағыты жылдам және тиiмдi түрде ел экономикасын индустриялау, ол үшiн шетел инвестицияларына қолайлы ортаны қалыптастыру;

              Екiншi кезең (1966-1980ж.ж.) – экономикалық саясаттағы даму модельдерiн жан-жақты қолдау және өсудiң жаңа көздерiн үзбей iздестiру. Экономикадағы өндiрiстi қатаң түрде экспортқа бағыттау, осы мақсатта импортқа қатаң түрде мемлекеттiк реттеу жүргiзу;

              Үшiншi кезең (80-шi жылдардан кейiнгi) – алдағы кезеңдердегi жетiстiктердi максималды деңгейге жеткiзу, әлемдiк экономикалық қатынастарда елдiң тиiмдi стратегияларды қолдануы, әлемдiк бәсекелестiкке төтеп беру үшiн және дамыған елдерден қалмау үшiн ғылыми-техникалық , инновациялық секторды, елдiң сыртқы экономикалық және қаржылық қызметiн, индустриялық дамуға басты көңiл бөлдi /7/.

              Бiрiншi кезеңде елде экономиканы экспортқа ынталандыру мақсатында келесi шаралар жүргiзiлдi:

      Шикiзаттар мен материалдар импортына кедендiк тарифтердi алып тастау;

      Импортталатын тауарларға, жартылай фабрикаттарға, комплекстiк өнiмдерге, экспортқа бағытталған өнiмдерге, делдалдық қызметтерге жанама салықтарды алып тастау немесе жеңiлдiктер беру;

      Экспортқа бағытталған өнiмдер шығарушы компанияларға, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етушiлерге тарифтер мен салықтарды азайту немесе алып тастау;

      Фирма табысына тiкелей салықтарды азайту;

      Экспортқа бағытталған өнеркәсiп орындарына мемлекеттiк субсидиялар мен гранттар бөлу.

Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға, шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж. мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.

       Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін ЖОО  KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology) ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын жүзеге асыруға көмектесті /6/.

     80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.

       Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады /7/.

              Осындай экономикалық өсудi реформалаудың кезеңдер арқылы жүргiзiлiп және нәтижесiнiң орындалуына қатаң түрде бақылау жүргiзу себебiнен, елдегi индустриялық-инновациялық дамуды негiзгi орынға шығарудан бүгiнде Кореяда 50-ден астам әлемге белгiлi iрi өнеркәсiптiк-қаржылық компаниялар мен ұйымдар бар. Олар елдiң ЖҰӨ-нiң төрттен-үш бөлiгiн құрап отыр. Бұл iрi компониялар iшiндегi “Самсунг”, “Хюндай”, “Голдстар”, “Дэу”, “Санкен” және т.б. iрi компанилар әлемдегi бәсеке қабiлеттiлiк деңгейi жоғары екенi белгiлi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2             Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi

 

                            Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.  

                            Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi.

                            Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi.

                            Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:

1)     Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;

2)     Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;

3)     Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;

4)     Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;

5)     Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).

Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол  реформаларға:

1)     Экономиканы жекешелендiру;

2)     Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;

3)     Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;

4)     Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.

5)     Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;

6)     Ауыл шаруашылығын реформалау;

7)     Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;

Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады.

                            ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi. 

                            1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1,7%-ке жеттi. Отандық товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды. Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9,8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13,5%, 2002 жылы 10,5% құрады, 2004 жылы 8,4%, 2005 жылы 9,1% және 2006 жылы 9,6% құрады.    / 13 /.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы елiмiздiң экономикалық өсу динамикасын келесi суреттен көре аламыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Экономикалық өсу