Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:27, курсовая работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заң» алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары «Жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар» экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда негізгі меншік мемлекеттікі болғанымен жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Работа состоит из  1 файл

Аида.docx

— 79.15 Кб (Скачать документ)

      Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің субъектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, мемлекеттік бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр /10/.

        Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті дамытуды ынталандыру мақсатында елімізде 2001-2002 жылдары мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды (07.05.01жыл). Бұл бағдарлама мемлекеттік бизнесті қолдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі негізінде жүзеге асқан.

       Негізгі мақсат – мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің өндірістік саласының дамуының қамтамасыз етуін белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру. Бағдарламаның негізгі бағыттарына:

        - мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдау бағытында құрылған инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін көтеру;

       - мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің қызметі аясындағы номативті-құқықтық актілердің іске асуын қадағалауды кеңейту;

        -   мемлекеттік қолдау саясатының қаржылай – несие және инвестициялық механизмдерін дамыту;

        -  мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті кадрлық, ғылыми-методикалық және ақпараттық қамтмасыз ету;

        -   мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті аймақтық дамыту жатады.

       Бұл бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін мемлекеттік кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдерінің үлесі 22%-ке дейін өседі деп болжам жасайды /9/.

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларының бірі – «Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолауды күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1997жыл). Бұл жарлық бойынша:

         1. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау институты құрылды: Қазақстан Республикасының экономика және сауда Министрлігінің мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау Департаменті құрылды;

         2. «Мемлекеттік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және басқа да заңдар қабылданды.

         3.    Мемлекеттік тексеруші органдар саны азайтылды;

         4.    Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылды.

         5.  Екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік субъектілеріне минималды көлеммен несиелендіру бекітілді (банктің несиелік портфелінің негізгі қаражаттарының, қарызының 10%-нан кем емес мөлшерде).

        Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау Департаменті болып табылады. Оның қарамағында екі сараптау кеңесі құрылған:

         Біріншісі – нормативті және құқықты актілерді зерттеу үшін мемлекеттік бизнесті қолдау жөніндегі кәсіпкерлік құрылымының өкілдерінен;

         Екіншісі – кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық, министрлік өкілдерінен.

         Жоғарыда аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретіндегі заңдар мен құқықтық-нормативтік құжаттармен қатар қаржылай, салықтық, инвестициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар.

         Ақша-несие саясатын ынталандырудың кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуына ықпалы өте маңызды. Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау туралы мәселе қозғалғанда несие мәселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі. Республикада мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше несие жолдар қалыптасқан. Бұл тұрғыда мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі 40-тан астам банктердің жалпы несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жүйесі жүзеге асырылған. Мысалы, «Казкоммерцбанк» жеке тұлғаларға 500$-дан жоғары көлемде және мерзімі 12 айдан асатын уақытқа белгілі бір пайыз мөлшерлемесі несие беруді жүзеге асырады.

         Ел Президенті атап көрсеткендей: «Даму банкі мен Инвестициялық қорға» барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Мемлекетік кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетингке» айналуы тиіс.

         Қазақстан Республикасының Салық Кодексі бойынша салықтардың 11 түрі, ал алымдардың салмақтық көлемі 45-50% құрайды. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің салықтық реттелуіне, елімізде заңдардың, яғни салық туралы заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салық жүйесін белгілейтін негізгі заңның 24.06.1996 жылдары енгізілгеннен кейін оған толықтырулар мен өзгертулер 16 рет болған. Сондықтан бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына орай тұрақсыздық тудырады.

        Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер:

        1. Жоғары мөлшерлемелі салықтар;

        2. Несиелердің жоғары құндылығы;

        3.  Бақылаушы органдармен қатынас;

        4.  Халықтың тұтыну сұраныс төмен;

       5.  Төмен ақпараттық қамтылу;

       6.  Нарықтағы жоғары бәсеке;

        7.  Білікті мамандардың аздығы.

        Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, маңызды сыртқы фактор ретінде салық салу жүйесі екендігі көрініс табады. Сондықтан жоспарланған кезеңдерге салық салу жүйесінің қызметін ынталандыру үшін:

       - әртүрлі салықтар бойынша төлем ережелерін жеңілдету және төлеу уақыттарын бекіту;

        -  қосымша құн салығын төмендету;

        -  салықтарды пайдалануы туралы есептік жариялым;

       - салық салу жөніндегі жаңа құжаттармен салық төлеушілерді ақпаратпен қамтамасыз ету;

         - мемлекеттік бизнестің аймақтық маңызды өнім өндіретін кәсіпорындарын салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз ету;

        -  салық қойылымдарының деңгейін төмендету;

        - салықтың нормативті-құқықтық құжаттардың қабылдануы мен тиімді пайдалануын бақылау қажеттігін жүзеге асыру қажет /8/.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылды 13 сәуіріндегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекет кәсіпкерлік қызметті сауықтыру шаралары бойынша қолдау көрсетеді. Бағдарлама мақсаты - Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру. Бағдарлама міндеттері:

       1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

        2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

        3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

       Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2010-2020 жылдар аралығын қамтиды.          Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде  
400 млрд. теңгеге арзандату;
2015 жылға: ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту; жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту; шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту; өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде  
1,5 есеге ұлғайту.

        Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.      

  Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.      

   Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

  1. Жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
  2. Уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және  (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
  3. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.
  4. Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.
  5. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі – кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
  6. Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар  субсидиялауға жатпайды.
  7. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде  екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын  кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.
  8. Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

          Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.

        Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.

        Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

        Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

         Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

         Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

        Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

  1. Қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
  2. Индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
  3. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі