Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:27, курсовая работа
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заң» алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары «Жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар» экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда негізгі меншік мемлекеттікі болғанымен жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
7. Қаржы агенті экспорттаушылардың есептерін ұсынылған деректерге растама алу үшін салық органдарына жібереді /13/.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік қызметін қолдау мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму-Көмек» бағдарламасы қарастырылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» 2009-2013 жылдарға арналған даму стратегиясы.
Бағдарламаның мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыру үшін жағдай туғызу, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдесу.
Бағдарлама міндеттері:
1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздер бойынша оқыту-тренингтеріне қатысуға тарту;
2. Жеке бизнес ашу және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша арнайы әзірленген оқу курстарының (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастырылуын қамтамасыз ету;
3. Мүгедек-кәсіпкерлердің нарық ұстанымдарын бизнес жүргізуге қажетті жабдықтар мен қосымша материалдар ұсынуға бағытталған демеушілер қызметін үйлестіру есебінен күшейту жөнінде жұмыс жүргізу;
4. Халыққа мүгедектер проблемалары туралы көбірек ақпарат тарату, халық арасында дұрыс демеушілік беделін қалыптас-тыру;
5. Мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдаудың жаңа үлгілерін енгізу, мүмкіншілігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
6. Жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен олардың мүліктік қажеттіліктері туралы бірыңғай деректер банкісінің ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ету;
7. Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты қажетті құқықтық ақпаратты «Даму» Қорының веб-сайтында қалыптастыру және орналастыру.
«Даму» Қорының веб-сайт ында «Даму-Көмек» мүгедек-кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бағдарламасына арналған , мынадай шағын бөлімдерден тұратын арнайы әзірленген бөлімдер :
1. Кәсіпкерлік негіздер бойынша оқу курстарын ;
2. Мүгедектер үшін бос орындар туралы ақпарат ;
3. Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктерге қатысты заң актілерінен үзінділер ;
4. Еңбекке жарамды мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын ашу.
Күтілетін нәтижелер:
1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіпкерлік қызметке тарту ;
2. Кәсіпкерлік негіздерге Интернет желісінің мүмкіндіктерін кең пайдалана отырып, арақашықтықтан оқыту әдісі арқылы консультаци ялық қызмет көрсету ;
3. Мүгедек-кәсіпкерлердің құқықтық білім деңгейін интерак - тив тік тәртіпте арттыру;
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жағдайын жақсарту;
5. Жұртшылық назарын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша өткір проблемаларына аудару.
Аталмыш бағдарлама жұмыс жасап жүрген және әлеуетті мүгедек- кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыру және олардың кәсіби деңгейін арақашықтықтан оқыту арқылы арттыру үшін жағдай туғызу арқылы қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Мүгедектер жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде мүгедектерді әлеуметтік қолдаудағы артықшылық денсаулығы мүшкіл адамдардың тіршілік әрекетінің теңдей мүмкіншіліктерін, яғни адамдардың қоғамның бөлінбейтін бөлігі болу құқығына ие болуын және еңбек ету және оқуды таңдау еркіндігі мен оларға қол жеткізу еркіндігіне ие болуын қамтамасыз ету үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық жағдай жасау бірінші жоспар ретінде алдыңғы қатарда тұр.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақты даму қарқыны және мемлекет саясатының әлеуметтік бағыттылығының күшеюі, халықты, бірінші кезекте, әлеуметтік-осал топтағыларды әлеуметтік қорғау деңгейінің артуы, мүгедектер проблемаларын түсіну және шешу үшін жаңа көзқарастарды тану оң әсер етіп отыр.
Мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілуінің жақсарып келе жатқанына қарамастан, халықтың бұл тобының қажеттілігі, әсіресе, кәсіп және кәсіби білім таңдау мүмкіншілігі жағдайында, әлі де толық қанағаттандырылмай отыр. Осы топқа жататын балалар мен жеткіншектерді кәсіби оқыту жалпы еңбек дайындығы заманауи өндіріс және еңбек нарығының талаптарынан әлдеқайда артта қалған, оқып жүргендердің мүдделері мен мүмкіншіліктеріне сай келмейтін арнайы мектептерде жүргізіледі. Мүгедек –жеткіншектерді әдетте дайындайтын дәстүрлі кәсіпке сұраныс аз, жұмыс берушілер талап ететін кәсіпке қол жеткізу өте қиын. Нәтижесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мүмкін болатын кәсіп ортасы тарылып барады, және оларды келешекте жұмысқа орналастыруда беймәлім жағдай туындайды.
Қазақстандағы, сонымен қатар өзге ТМД елдеріндегі мүгедектердің жұмыспен қамтамасыз етілуі едәуір кедергілерге ұшырасады, мүгедектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі басты кедергі болып табылады. Мүгедектерге арнайы құрылған еңбек жағдайын жасау және оларға жалақы беру жұмысберушілер үшін экономикалық тиімсіз. Одан бөлек, мүгедектер білім алу және кәсіби оқу кезінде де қиындықтарға тап болады. Нақты айтар болсақ, мүмкін-діктері шектеулі адамдар тек білікті емес, аз еңбекақы төленетін сәйкес жұмыс-тарға ғана қол жеткізе алады. Сонымен, Қазақстанда 410 мыңнан астам мүгедек тұрады, олар республикамыздағы барлық халықтың 3% құрайды. Оның ішінде жұ-мысқа орналасқан мүгедектер саны 9 мыңнан асады немесе жалпы мүгедектер са-нының 3% құрайды. Дамыған елдерде еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің 40%-ға дейінгісі жұмыс істейді. Мұндай салыстыру Қазақстандағы жұмыспен қам-тылған мүгедектердің жалпы санының азғантай бөлігін ғана құрайтынын көрсетеді.
Көрсетілген себептерге қарай, мүгедектерге материалдық жағдайының деңгейінің артуына, солай болған соң, қоғаммен араласуына жәрдем болатын өз бизнесін ашу және соны алып жүру тәуелсіз өмір қалпын кешу мүмкіншілігі болып табылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мүгедек
жандар проблемаларын тиімді шешу арнайы
мақсаттағы бағдарламаларды іске асыру
шеңберінде мемлекеттің белсенді қолдауын
талап етеді. Қажет /14/.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұның дәлелі Қазақстан Республикасы қалаларындағы дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Мол үшін мемлкеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80% құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің 70% оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себертен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.
Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады және мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік – өзінің қарызға алынған және де басқа да мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар болып табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнерксәіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шартын бекіте алады. Бұл кезде оларды еңбек жағдайымен сәйкес еңбекақысымен қамтамасыз етуі тиіс. Сонымеен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкеліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылық сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дәрменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ,өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азамата бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
бойынша болашақта мынадай нәтижелерге
қол жеткізіледі: жыл сайын кредиттерді
жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге
арзандату; 2015 жылға дейін ЖІӨ-нің құрылымындағы
өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде
12,5 %-ға ұлғайту; жалпы экспорт көлемдегі
шикізат емес сектордың үлесін кемінде
40 %-ға ұлғайту; шикізат емес экспорттың
көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық
өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін
кемінде 5 есеге ұлғайту.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі