Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:27, курсовая работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заң» алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары «Жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар» экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда негізгі меншік мемлекеттікі болғанымен жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Работа состоит из  1 файл

Аида.docx

— 79.15 Кб (Скачать документ)

        Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.      

 Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.     

  Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

         Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

       Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

      1) жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

      2) банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

      3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      4) бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;

       5) кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

      Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлік секторды сауықтыру бойынша қатысушылар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес).

       Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды.

      Бірінші бағытты іске асыру тетігі:

      1. Өтініш беруші банкке өтініш береді.

      2. Банк өтінім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуіне алдын ала дербес бағалауды жүргізеді және оған өтініш берілген қарыз сомасына негізделе отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хат береді.

      3. Өтінім беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.

      5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

      6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған жобалардың тізбесін жібереді.

      7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші өтініш берушіге жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

      8. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің хатын алғаннан және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін жобаға кешенді сараптама жүргізеді және жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

     9. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк кепілдік беру үшін қажетті құжаттарды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге және қаржы агентіне жібереді.

      10. Қаржы агенті кепілдік беру алдындағы хатты банкке жібереді.

      11. Банк және өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.

      12. Қаржы агенті өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне ақы төлейді.

      Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

       Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

      1) борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

       2) борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды    Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

       3) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

      Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер  Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының  2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚТЖЖ) сәйкес).

       Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:

       1) минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;

     2) қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;

      3) кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер.

      Екінші бағытты іске асыру тетігі:

      1. Уәкілетті орган мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (бұдан  
әрі – ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңбердегі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.

       2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса беріледі:

       - бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттері мен өзге де берешектері бойынша ақпарат;

      - төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзімін ұзартуға өтініш;

      - кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар).

       3. Борышкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде бұл туралы ҚҚҚ мен қаржы агентін хабардар етеді.

       4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсіпорынның 100 % берешегі бар кредиторлар комитетін құрады. Кредиторлар комитеті борышкердің  
қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Бұл ретте кредиторлар комитеті борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келісім жасасады.

       Егер борышкердің тек бір банкте немесе бір кредиторда ғана берешегі болған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды және  ақпаратты толық ашу келісіміне  тиісті банк қол қояды.

       Борышкердің  тілегі бойынша кредиторлар комитетіне тиісті салалық қауымдастықтың өкілі кіре алады.

        5. Кредиторлар комитеті борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейін қабылданған шешімді тиісті хаттама үлгісінде рәсімдейді.

        6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитеті) борышкер бойынша хаттама мен материалдарды қаржы агентігіне жібереді.

        7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным  әзірлейді және барлық материалды уәкілетті органға жібереді.

        8. Уәкілетті орган Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетімен келісіп, өз ұсыныстарымен бірге  Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.

       9. Мемлекеттік комиссияның жанындағы арнайы жұмыс тобы Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бойынша ұсынымдар әзірлейді және материалдарды  Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.

       10. Мемлекеттік комиссия борышкердің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды:

        -  банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

        - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) төлеу бойынша мерзімін ұзарту;

      11. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жағдайда борышкер әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тіркеледі, оның 7 %-ын борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.

       12. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

       Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

        Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

           Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

        1)   тау-кен өнеркәсібі;

        2) минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.

       Үшінші бағытты іске асыру тетігі:

        1. Экспорттаушы жекелеген тауарлар бөлінісінде  экспорттық жеткізулердің көлемдері мен бағыттары бойынша ақпаратты қоса бере отырып, банктің сыйақы ставкасын субсидиялауға үшін жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

       2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген экспорттаушылардың тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.

        3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес экспорттаушы банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.

        4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба бағдарлама критерийілеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

       5. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша, банк, экспорттаушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен экспорттаушы бойынша сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін банкке төлейді.

       6. Экспорттаушы үш айда бір рет өнімнің экспорты бойынша есепті  тиісті растаушы құжаттарды қоса бере отырып қаржы агентіне жібереді.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі