Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:47, реферат
Ұлы жиын демекші, мәртебелі басқосудың соқталысы «ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы өтті Астанада. Қуат көзі қашаннан тіршілік нәрі сияқты аса қат, аса құнды, қастерлі. Сондықтан ғой, «Қуатты қайдан аламыз?» деген асқан өзекжарды, тағдыршешті сауалға жауап іздеген кез-келген алка-қотан отырыстың орны ерек. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жиында әлемге әмірін салып, билігін жүргізген 58 жуан компанияның белді-белді өкілдері бас қосты.
Ұлы жиын демекші, мәртебелі
басқосудың соқталысы
«ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы өтті Астанада. Қуат көзі қашаннан тіршілік нәрі сияқты аса қат, аса құнды, қастерлі. Сондықтан ғой, «Қуатты қайдан аламыз?»
деген асқан өзекжарды,
тағдыршешті
сауалға
жауап іздеген кез-келген
алка-қотан
отырыстың
орны ерек. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған
жиында әлемге әмірін
салып, билігін жүргізген 58 жуан компанияның
белді-белді өкілдері бас қосты. Қуат көзі дегенде ең алдымен
жанар-жағар майдың түйткілі кесе көлденеңдейді. Астаналық аузы дуалы шенеуніктердің
шақшадай
басын шарадай еткен биылғы басқатырғаны осы.
«Ештен кеш
жақсы» демейтін бе еді? Бүгінгідей бензин
тапшылығына тап келмес үшін, қазақ Үкіметі
төртінші мұнай өңдеу зауытын салмақшы.
Кәсіпорынның нақты қай аймақта салынатыны
белгісіз әзірге. Белгілісі – мерзімі.
2020 жылға қарай сәтін салса іске қосылса,
елде бар ендігі 4 бірдей шикізат өңдейтін
өнеркәсіп орындары ішкі нарықты 17 млн.
5 мың тонна бензинмен қамтамасыз етеді.
Ол ашылғанша, қалған үш зауыт жаңартудан
өтпек.
«ҚазЭнержи» Еуразиялық
форумы әлемдік 58 алпауыт компанияның
басын босқа қосып отырған
жоқ. Мұнай мен газды өндіру және
оны өңдеу, жаңа қуат көзін іздестіру,
қауіпсіз атом энергиясын өндіру сияқты
өзекті мәселенің бәрі осы форумда
көтеріледі. Яғни, жаһандық мәселелер
қамтылған. Сондықтан да бұл форумда шетелдік
компаниялар белсенділік танытуда.
Гюнтер
Оттингер, Еуропалық
одақтың энергетика
жөніндегі комиссары
Еуроодақ
қазақ елін Транскаспийлік
газқұбыры жобасына
қатысуға шақырады.
Мұндай ұсынысты Еуроодақ
басқа елге бірінші
рет жасап отыр. Оңтүстік
коридорды дамыту бәріміз
үшін тиімді. Еуропа
елдеріне мұнай өнімдері
тікелей жететін болады.
Ал, қазақ елі үшін бұл
құбыр жаңа нарық ашып
бермек.
Екі күндік форумға
қазақ елі де айрықша мән береді.
Алқалы отырыстың ашылуына Үкімет басшысы
Кәрім Мәсімов, «Самұрық-Қазына қорының
төрағасы Тимур Құлыбаев, мұнай және газ
министрі Сауат Мыңбаев қатысты. Форумның
алғашқы күні Еуразияның энергетикалық
геосаясатына арналды. Мұнда әрине жанар-жағар
май тапшылығы сөз болды.
Сауат
Мыңбаев, ҚР мұнай және
газ министрі
2001
жылға дейін мұнай
өндіру саласы
төмен еді. Кейіннен
бұл көрсеткіш
көтеріле түсті. Бұл,
әрине, жаңадан ашылған
мұнай көздерінің арқасы.
Ол, ең әуелі Қашаған
мен Теңіз кең орындары.
Ресми деректерге қарағанда,
мұнай қоры бойынша
қазақ елі әлемде 9-шы
орында тұр. Еліміз 20
жыл ішінде мұнай өндіруді 3
есеге, газ өндіруді 5
есеге арттырды.
Бір сөзбен айтқанда,
шүкір мұнаймыз да, көгілдір отынымыз
да жеткілікті. Алайда, бір абсурд бар.
Мұнай мен газға бай қазақ елі биыл бензин
тапшылығына тап болды. Мамандардың айтуынша,
бұған ресейлік мұнай зауыттары кінәлі.
Бағаны көтеріп, бензинді тығып отырған
солар көрінеді. Ал, елде бар үш бірде мұнай
өңдеуші зауыттар ішкі нарықты қанағаттандыра
алмайды. Яғни, өз бензиніміз өзімізге
жетпейді. Ендігі қызықты қараңыз. Осы
тығырықтан шығу үшін Үкімет жақында Ресейден
50 мың тонна жоғарғы октанды бензин сатып
алмақ.
Айдан
Кәрібжанов, «Самұрық-Қазына»
АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры
басқарма төрағасының
орынбасары
Жанар-жағар
май бағасы әлем бойынша
көтеріліп жатқан шақта
біздің бағаны ұстап
тұруымыз мүмкін емес,
әрине. Алайда, Ресей
немесе басқа елдермен
салыстырсақ, біздегі
бензин бағасы әлдеқайда
төмен. Бізде нарықтық
экономика, кейбір қаулылармен
бәрін шеше алмаймыз.
Алайда, уақыт келе бәрі
реттеледі деген ойдамыз.
«Жазда шанаңды,
қыста арбаңды сайла» деген бар.
Болашақта бензин тапшылығы қайталанбас
үшін Үкімет тағы бір мұнай зауытын салмақ.
Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ол зауыттың
құрылысы 2019-2020 жылдары басталуы тиіс.
Ал, қазіргі 3 мұнай өңдеу зауыттары 2014
жылға дейін толық жаңартудан өткізіледі.
Оған, 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде
қаржы бөлінеді. Бұл зауыттар ішкі нарыққа
17,5 млн. тонна бензин шығарады деген болжам
бар.
Ал қазіргі
бензин тапшылығы жуық арада шешілу
керек. Павлодардағы мұнай өңдеу
зауыты жақында өз жұмысын бастады.
Жиында айтылған тағы бір жаңалық – Қашаған
кен орнының 2012 жылдың аяғына қарай іске
кірісетіндігі. Ол, мұнай тасымалын 40 миллион
тоннадан арттыра түспек. «Теңіз» мұнай-газ
кен орнын кеңейту мәселесі де қарастырып
жатыр.
«Атом электр стансасы
керек пе?» деген сұраққа
Жанболат
Сәрсенов, «Kazenergy» қауымдастығының
бас директоры
Менің
ойымша, ол, әрине, салынуы
керек. Неге десеңіз,
уран шығарудан біздің
ел алдыңғы орында
тұр. Біріншіден, ол
қуат көзі технолгия
әкеледі. Жалпы жоспарланып
отыр. Бұл мәселе кеше
айтылып кетті. Бірақ
ол әлі зерттелуде.
«ҚазЭнержидің»
VI Еуразиялық форумына көптеген елдің
алпауыт компаниялары үлкен қызығушылық
танытқанын айттық. Бұл жиынға шетелдік
ақпарат құралдары да назар аударды. Дәл
осы форумға келген 20-ға тарта шетелдік
журналистермен бүгін мұнай және газ министрі
Сауат Мыңбаев пен «Самұрық-Қазына» қорының
басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев кездесті.
Кездесу баспасөз мәслихаты ретінде емес,
дастархан басындағы әңгіме дүкені ретінде
өтті. Шетелдік тілшілерді Тәуелсіздігіне
20 жыл ғана толған қазақ еліндегі жетістіктер
қызықтырды. Олар сондай-ақ біздің елдегі
инвестициялық климат жағдайын, мұнай
мен газ экспортын және ұлттық компания
акцияларының халыққа да сатылатын сұрап
білді.
Тимур
Құлыбаев, «Самұрық-Қазына»
әл-ауқат қорының басқарма
төрағасы
Бұл
бағдарламаның мақсаты
– біздің ел азаматтарын
нарық қорына кеңінен
қатыстыру. Осының арқасында
қазақ халқы тұрақты
даму жолына түскен
ұлттық компаниялардың
акциясын сатып ала
алады. Яғни, халық құнды
қағаздар саудасына
қатысып, ақша табатын
болады. Әрине, біз алдымен
халықтың бұл нарықтағы
сауатын арттыруымыз
керек. Ұлттық банк осы
бағытта жұмыс істеп
жатыр.
Қауіпсіз атом
энергиясы мен жаңа қуат көздері
мәселесі де кеңінен талқыланды. Қазақ
елі атом энергиясын, балама қуат көздерін
және дәстүрлі жылу электр қуатын дамытуға
мүдделі. 2015 жылға қарай елімізде 100 миллиард
киловатт сағатты құрайтын электр қуаты
өндірілетін болады. Бұл энергия 500-ге
тарта зауытты тұрақты қуатпен қамтамасыз
ете алады. Осы бағыттағы бағдарламаға
5 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаражат
ескерілген.
Үкімет мұнай өнімдері бағасын реттеп отыратын болады |
Оның
баяндауынша, аталмыш құжатта өкілетті
ұйымдардың функциялары барынша нақтыланып,
реттеліпті. Бұл мұнай өнімдерінің өндірісі
мен оның айналымы саласындағы мемлекеттік
басқару жүйесін тәртіпке келтіруге мүмкіндік
беретін көрінеді. Екіншіден, мұнай өнімдерінің
бөлшек саудадағы бағаларын мемлекеттік
реттеу тетігін құру көзделіп отыр. Осыған
байланысты заң жобасының өлшемдерін
іске асыру мақсатында «Табиғи монополиялар
және реттелетін нарық туралы» заңға өзгеріс
енгізілді.Үшіншіден, көтерме сауда нарығына
енуі үшін қажет біліктілік талаптарын
бекіту арқылы мұнай өнімдері нарығын
тәртіпке келтіру қарастырылды. Осыған
орай, заң жобасына мұнай өнімдерін жеткізушілерді
аккредиттеу рәсімі енгізіліп отыр. Министр
мұны нарықтағы бәсекелестікті дамытуға
кері әсерін тигізетін делдалдық құрылымдарды
нарықтан кетірудің тиімді жолы деп атап
көрсетті. Төртіншіден, заң жобасында
мұнай өңдеу зауыттарына тауар жеткізушілердің
бірдей деңгейде қол жеткізуіне мүмкіндік
беретін бірқатар өзгертулер бар. Бесіншіден,
мұнай өнімдерінің өндірісі мен оның айналымын
реттеу тетігі еліміздің аймақтарына
отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделген
мұнай өнімдерінің кепілді түрде жеткізілуін
қамтамасыз етеді. Алтыншыдан, Қаржы министрлігі
арқылы мұнай өнімдері айналымына жүйелі
бақылау жүргізілетін болады. Бұл мұнай
өнімдері айналымы бойынша декларациялардың,
ілеспе жүк құжаттарының және есептік
бақылау құралдарының мәліметтерін талдауға
жол ашады. Мұның нәтижесінде мемлекеттік
тараптардың мұнай өнімдері айналымын
бақылау жеңілдейді. Жетіншіден, мұнай
өнімдерінің барлық түрін ішкі нарықта
толық көлемде қамтамасыз ету және олардың
сапасын ең үздік әлемдік стандарттарға
жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялық
қондырғыларды енгізуді жүзеге асыратын
жекелеген мұнай өнімдерін өндірушілерді
елеулі ынталандыруға қатысты жаңа өлшемдер
бар. Сонымен қатар, құжат мұнай өндіру
зауыттарына мұнай жеткізуден бастап,
дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге
дейінгі аралықтағы жұмыстың мониторингін
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл
өз кезегінде өніммен республиканың барлық
өңірлерін тиісті деңгейде қамтамасыз
етуге жағдай туғызады Заң жобасына жанармай бекеттерінде ғана емес, сонымен қатар, мұнай өнімдері базалары резервуарларында өнімдерді көпшілікке сатуға жол ашатын жаңа ереже енгізілді. Бұл дегеніміз, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар және тұтынушылар өз жеке қажеттіліктері үшін мұнай өнімдерін қоймадан және резервуарлардан ала алады деген сөз. Сауат Мыңбаев бұл өлшемнің депутаттар ұсынысымен енгізілгенін айтты. Жалпы, депутаттар тарапынан заң жобасына үш жүзге жуық өзгерістер жасалыпты. Осы ретте министр «олардың бәрі заң жобасының мазмұнын жақсартты» деген пікірін жеткізді. Жалпы, мұнай – қай кезде болмасын экономиканың жанды жері. Әсіресе, шетке осы қара алтыннан басқа шығаратын өнімі жоққа тән, бюджетінің дені мұнайдан түсетін табыстан құралатын Қазақстан үшін бұл тақырып қашан да көкейкесті мәселе. Оның үстіне, қымбаттап бара жатқан халық тұтынатын тауарлардың құны тікелей мұнайдан шығатын өнім, нақтылап айтқанда, жанар-жағармайға тәуелді болғандықтан, оның төңірегінде айтылатын әңгіме өзекті өртейді. Мұны өз кезегінде заң жобасына қатысты сауал тастаған, пікір білдірген депутаттар да атап көрсетті. Алдымен сөз алған депутат Владимир Нехорошев тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толса да, жеріміздің асты толған қара алтын болса да арзан да сапалы жанар-жағармайға жарымай отырғанымызды бір түйреп өтті. 2009 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді ойламаған бейғамдығымыз салдарынан осы уақыт ішінде мұнай өңдейтін тым болмаса тағы екі зауыт сала алмағанымыз өте өкінішті-ақ. Біздің еліміз, шетелдіктер үшін орасан мүмкіндіктер мекені болып отырғанымен, мұнда тұратын халық жеріміздегі байлықтан пайда көрмей отырғанын айтты осы ретте депутат. Сосын, жуырда қабылданған «Сауда қызметі туралы» заңда белгіленген өлшемдер бойынша азық-түлік бағасы үкімет тарапынан реттеліп отыру керектігін, алайда, бүгінгі қымбатшылыққа қарап, оның құр сөз болып қалғанына тоқтала келіп, қаралып отырған заң жобасының сапалы да арзан жанармайды тұтынуға қаншалықты ықпал ететінін сұраған. Сонымен қатар, Владимир Анфианович министрдің соңғы кезде жиі айтып жүрген Ресейдегі мұнай өнімдері бағасының біздегі бағаға әсер ету заңдылығына қатысты пікірін дәйектеуді өтінген. Министр бұл жолы да жанармайға қатысты жасап жүрген мәлімдемесін қайталады. Оның айтуынша, Кеден одағы жағдайында Ресей нарығындағы бағаға орай бейімделу жүзеге асыралытынын атап көрсетті. Өйткені, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шикізаттың жартысы Ресейден алынып отыр. Сонымен қатар, сапалы бензин мен авиакеросиннің жиырма пайызын осы көршімізден импорттап отырмыз. Бұл жағдай тек өз ішкі нарығымызды өзіміз толық қамтамасыз еткен кезде ғана реттелетін болады. Депутат Зейнолла Алшынбаев еліміздегі мұнай өңдейтін үш зауыттың әлі күнге толық жаңартылмай, технологиялық дайындықтан өтпей отырғанына алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, депутат шағын мұнай өңдеуші зауыттарды іске қосу ішкі нарықты сапалы да арзан өніммен қамтамасыз етудің бір мүмкіндігі болатындығын айтып, осы тұрғыда министрлікте қандай бағыт барлығын сұраған. Бұл тұрғыда министрдің жауабы 2015 жылға қарай мұнай өнімдерін өндіру стандартын Еуро-5-ке жеткізу қажеттігі, сондықтан, аталмыш үш зауытты қалай да жетілдіруді аяқтауға күш салынып жатқанын айтумен шектелді. Ал, кіші зауыттар құру жайы олардың тиісті талап деңгейінде өнім өндіру мүмкіндігіне қарай шешілмек.Елімізде жұмыс істеп тұрған отыз екі осындай өндірістердің Еуро-2-ні өңдеуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, министрлік қазіргі таңда бар күшті мұнай өңдеп тұрған үш зауытты жаңартуға жұмсап жатыр. Министрден, сонымен қатар, соңғы кезде «Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты Ресейге сатылады» деген алыпқашпа сөздің ақиқаты сұралды. Ол бұл өндірістің «ҚазМұнай» компаниясына тиесілі екендігін айтып, бұл қауесетті жоққа шығарды. Депутат Кенжеғали Әбенов «мұнай өңдейтін зауыттардың неге осынша уақыт тиісті талаптарға сай келтірілмей жүру себебі қаржы тапшылығында ма, технология жоқтығында ма, әлде сұраныстың болмауында ма?» деген сауалын қоя келе, «егер барлығы ақшаға тірелсе, неге қайтарымы бар бұл салаға коммерциялық банк депозиттерінде жатқан 13 млрд теңгені, зейнетақы қорларындағы қаржыны салуға болмайды?» деген сауал қойып еді, министрдің жауабы қысқа болды. Ол бұл ретте Атырау мен Шымкенттегі зауытты Қытай мемлекетінің қаржыландырғанын, ал, Павлодардағы зауытқа қажет қаражат жыл аяғына дейін шешілетінін айтты. Өз сауалдарына осындай жауаптар алған халық қалаулылары ақыры заң жобасын тұтастай мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. |
Жанармай бағасының тұрақтылығы неге байланысты? |
01.09.11. Жуырда қарапайым бір ауыл тұрғыны: «Елімізде үш үлкен мұнай өңдеу зауыты бар. Бірақ Павлодар мұнай өңдеу зауыты тек қана орыс мұнайын өңдейді екен» демесі бар ма. Бұл жанармай мәселесі бүгін бір саланы ғана емес, бүкіл елді алаңдататын үлкен мәселеге айналып отырғанын көрсетеді. Қазақстан бір қарағанда мұнайлы ел. Жылына 80 миллион тонна төңірегінде бүкіл экономиканың тамырларына жан беретін осынау бағалы көмірсутек өнімін өндіреді. Бұл
өзімізді жанар-жағармаймен
толық қамтамасыз
етуге ғана емес,
оларды мол көлемде
сыртқа сатуға да мүмкіндік
беретін мөлшер. Өйткені
ішкі тұтынуға бар-жоғы 14-15
миллион тонна ғана
шикі мұнай жұмсалады.
Демек, біз ел қажетінен
алты есе артық мұнай
өндіріп отырмыз. Оның
үстіне өз мұнайымыздың 85-90
пайызын сыртқа шығара
отырып, 6 миллион тоннадай
мұнайды Ресейден сатып
аламыз. Ендеше, неге
ішкі нарықта жанармай
қатшылығы орын алып,
баға тұрақталмай тұр? |