Кәспорын табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:47, реферат

Описание

Ұлы жиын демекші, мәртебелі басқосудың соқталысы «ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы өтті Астанада. Қуат көзі қашаннан тіршілік нәрі сияқты аса қат, аса құнды, қастерлі. Сондықтан ғой, «Қуатты қайдан аламыз?» деген асқан өзекжарды, тағдыршешті сауалға жауап іздеген кез-келген алка-қотан отырыстың орны ерек. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жиында әлемге әмірін салып, билігін жүргізген 58 жуан компанияның белді-белді өкілдері бас қосты.

Работа состоит из  1 файл

ернар материал.docx

— 82.14 Кб (Скачать документ)

«2010 жылға (мұнай  өңдеу бойынша -) 4,5 млн тонна деген  көрсеткіш белгіледік. Бұл көлемнен 1 350 мың тонна бензин және 1 300 мың  тонна дизель отынын шығаруды жоспарлап  қойдық», - деді ол KIOGE – 2010 халықаралық  мұнай және газ конференциясында.

Ш. Данбайдың  ақпараты бойынша, 2009 жылы ПМХЗ 4 124 мың  тонна мұнай өңдеді.

Павлодар мұнай  химия зауыты – Қазақстанда мұнай  өңдеумен, мұнай өнімдерін өндірумен  және сатумен айналысатын ірі  кәсіпорын. ПМХЗ бензин, дизель отынын, реактивті отын, мазут, газ, мұнай  битумын, мұнай коксы мен күкірт шығарады. Кәсіпорында мұнай өңдеу  тереңдігі 85%құрайды. Зауыт Батыс  Сібір мұнайына маманданған.

KASE мәліметтеріне  сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша,  «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ («ҚазМұнайГаз»  ҰК» еншілес компаниясы) еншілес  «Refinery Company RT» ЖШС арқылы ПМХЗ  акцияларының 58%-на иелік еткен,  зауыт акцияларының қалған 42% «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының иелігінде.

Павлодар  мұнай өңдеу зауыты мемлекет меншігіне өтті 

«ҚазМұнайГаз» кәсіпорынның 58 пайыз  акциясын индонезиялық компаниядан сатып  алды. Бұған дейін  Павлодардағы жанар-жағармай шығаратын зауыт  «Маңғыстаумұнайгаз»  компаниясының қарамағында  болған. 
 
Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 05.08.09 ж, 21:00  
Павлодар мұнай өңдеу зауыты мемлекет меншігіне өтті. «ҚазМұнайГаз» кәсіпорынның 58 пайыз акциясын индонезиялық компаниядан сатып алды. Бұған дейін Павлодардағы жанар-жағармай шығаратын зауыт «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қарамағында болған. «Маңғыстаумұнайгаздың» қожайыны - Индонезияның «Централ Азия Петролеум» компаниясы. Ал оның меншігіндегі «Маңғыстаумұнайгаздың» акцияларын толықтай сатып алу жөніндегі келісім белгілі бір себептерге байланысты кейінге шегеріліп отыр. Мұның нақты қандай себепке байланысты екенін «Қазмұнайгаздың» баспасөз қызметі түсіндірмеді. Естеріңізге саламыз, «Маңғыстаумұнайгаздың» 100 пайыз акциясын индонезиялық инвестордан қазақтың «Қазмұнайгазы» мен Қытайдың «СиЭнПиСи» компаниясы сатып алуға әрекет етіп жатыр. Биыл сәуірдің он алтысында Бейжіңде «СиЭнПиСи» «Қазмұнайгазға» 5 миллиард доллар көлемінде қарыз берген. Осы қаржының бір бөлігі «Маңғыстаумұнайгазды» сатып алуға жұмсалады. «Маңғыстаумұнайгаздың» құрамында 36 кеніші бар. Ол - Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін компаниялардың бірі.
 

  • Ақпарат
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Замана
  • Мирас
  • Ресми бөлім
  • Ретро
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тіршілік
  • Тұлға
  • Экономика
  • Құқық
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Хат қоржын
  • “ЕТЖЕҢДІ”
  • Басты мақалалар

Жұма, 13 Қараша, 2009

МҰНАЙ-ХИМИЯ  КЕШЕНІНІҢ ДАМУ КӨКЖИЕГІ

Бөлісу…

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев үстіміздегі жылғы мамыр айында өткен “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде сөйлеген сөзінде “Мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамытқан жөн. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай өнімдеріне – жанармай мен авикеросинге деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге тиіс” деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты елімізде мұнай-газ саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, қолда бар үш мұнай өңдеу зауыттарын технологиялық жағынан қайта жарақтандырып, өндіріс қуатын бүгінгі жоғары сұранысқа сай қайта құру мақсатында үлкен жұмыстар қолға алына бастады.

Биылғы жылдың өткен тоғыз айында елімізде 56,24 миллион тонна мұнай және газ  конденсаты өндірілген. Мұнай және газ конденсатын өндірудің мұндай өсіміне “ТеңізШевройл” ЖШС-ның – 16,1 млн. тонна (130,3 пайыз), “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-тың 4,55 млн. тонна (104,5 пайыз), “Қарашығанақ Петролеум Опер. Б.В.” 8,81 млн. тонна (100,3 пайыз) және “РД ҚазМұнайГаз” АҚ-тың 6,75 млн. тонна (95,5 пайыз) өнім шығарған табысты жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді.

Осы мерзім ішінде еліміз бойынша 50219,1 мың тонна мұнай экспортталды. Оның ішнде 20556,8 мың тоннасы Каспий мұнай құбыры консорциумы арқылы, Атырау – Самара құбыры арқылы 12987,6 мың тонна, Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 4025,3 мың тонна, ал Ақтау порты арқылы 8398,7 мың тонна, темір жол арқылы 3028,4 мың тонна  мұнай тасымалданған. 1222,2 мың тонна шикі мұнай Орынбор мұнай өңдеу зауытына жөнелтілген.

Атырау мұнай  өңдеу зауытын модернизациялау және қайта жарақтандыру мақсатында үлкен жобалар жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, “Петро Казахстан Ойл Продактс” зауытын қайта жарақтандыру үшін “Honeywel” компаниясымен техникалық-экономикалық негіздеме жасау жөнінде келісім жасалынды. Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес осы зауыттың базасында жағармай өндірісін жолға қою міндеті қарастырылуда. Павлодар мұнай-химия зауытын қайта жарақтандыру жұмыстары өткен жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өткен жылы Францияның “Аксенс” компаниясы зауытты қайта жарақтандырудың қаржылық-сметалық құнын анықтау жұмыстарын қолға алды. Сөйтіп Павлодар мұнай-химия зауытын модернизациялау және қайта жарақтандырудың 2010-2014 жылдарға арналған жұмыс жоспары жасалынды.

2009 жылдың 9 айында  елімізде 25785,8 млн. текше метр  газ өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады. Мұнай кен орындарында әлі де ілеспе газды жағу көлемі азаймай келеді. Биылғы жылы жағылған ілеспе газ көлемі 1,3 миллиард текше метрге жетті. Биылғы жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша республикамыздың жер астындағы газ қоймаларында 2654,5 млн. текше метр газ қоры сақталған. Осы сәйкес кезеңдегі еліміздің өнеркәсіп орындарының, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарының, тұрғындардың барлық тұтынған табиғи газ мөлшері 5743,4 млн. текше метрді құрады. Республикамыздан сыртқа экспортталған тауарлы газ көлемі 5285 млн. текше метр болды. Үстіміздегі жылдың бюджетінде қарастырылғандай, биыл Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы елді мекендерді газдандыру мақсатындағы 24 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 6892,5 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Елді мекендерге табиғи газ жеткізу мәселесі белгіленген кесте бойынша жүргізіліп келеді.

Еліміздің мұнай-химия  саласын дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған әрі басымдыққа ие бағдарламасына сәйкес 2009 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап Қазақстанда әлемдік дәрежедегі мұнай-химия кешенінің құрылысы басталмақ. Бұл ғасыр жобасы Елбасының арнайы Жарлығымен құрылған “Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі” арнайы экономикалық аймағының шеңберінде жүзеге асырылады. Атырау облысында қуаты жылына 1,3 млн. тонна базалық мұнай-химия өнімдерін, оның ішінде 800 мың тонна полиэтилен және 500 мың тонна полипропилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы салынады. Бұл құрылыс нысаны “Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” мемлекеттік бағдарламасының құрамына кіргізілген. Үкімет қаулысына сәйкес газ-химия кешенінің инфрақұрылымдары нысандарының құрылысы республикалық бюджеттен берілетін  несие есебінен қаржыландырылады. Осы шешімге сәйкес 2008 жылы “Қазақстанның Даму банкі” АҚ арқылы 10 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын. Қазір  “HSBC Bank” банкі арқылы бұл жобаға басқа қаржы көздері арқылы инвестиция тарту шаралары қарастырылуда.

Мұнай-химия  өнеркәсібін дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын тағы бір үлкен жоба Ақтау пластикалық масса зауыты негізінде битум шығару зауытын салу болып табылады. Осы жобаға сәйкес Ақтау пластикалық масса зауытында Қазақстанның барлық ауа райы ерекшеліктеріне жауап беретін битумның үш түрлі маркасы бойынша қуаты 420 мың тонна өнім шығаратын өндіріс ошағы жұмысқа қосылатын болады. Бұл жобаның жалпы құны 317 млн. АҚШ доллары көлемінде белгіленіп отыр. Өндіріс толық қуатында 2011 жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге  Атырау мұнай өңдеу зауытында  ароматты көмірқышқылын шығаратын өндіріс кешені іске қосылмақ. Өндіріс кешенінің қондырғылары Атырау облысының Қарабатан стансасының аумағында орналастырылмақ. Ал бензол, параксилол сияқты өнімдер шығаруға арналған қондырғылар тікелей Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында іске қосылады. Жобаның жалпы құны 886 млн. АҚШ доллары көлемінде белгіленіп отыр. Өндіріс кешенін толық қуатында пайдалануға беру кезең-кезеңмен 2009-2013 жылдары жүзеге асырылады. Содан кейін бұл өндіріс орнында жылына 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилол шығарылады деп күтілуде.

Мұнай-химия  өнеркәсібін дамыту бағдарламалары негізінде қолға алынғалы отырған  бұл жобалар еліміздің экономикасын дағдарыстан кейін серпінді алға бастыру барысында ерекше қозғау беретіндігі даусыз. Елбасы атап көрсеткеніндей, Қазақстанның индустриялық-технологиялық даму үрдісінде мұнай-химия кешені саласында жүзеге асырылатын бұл инновациялық жобалар ел экономикасының қалған салаларын да алға бастыруға мол мүмкіндіктер туғызады.

Жылқыбай  ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

ОЗЫҚ  ТЕХНИКА – ӨНІКТІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Астанада “Faіr Expo” көрме компаниясы мен “Қазақстан автожолдары қауымдастығы” ЗТҚ-ның  ұйымдастыруымен және Көлік және коммуникациялар министрлігі мен қала әкімдігінің қолдау көрсетуімен “Қазавтожол-2009” атты VІ халықаралық көрме өткізілді.

Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Словакия, Германия мен басқа да елдерден 100-ден астам компаниялар қатысып, аумағы 2 300 шаршы метр болатын көрме алаңында өз өнімдерін ұсынды. Онда отандық және шетелдік компаниялардың кейбірі жол-құрылыс, жер қазу жұмыстарының арнайы техникасы, коммуналдық техника, бөлшектеу техникалары, автокөлік жолдары, көпірлер мен жол жиектерін қалпына келтіру, жөндеу және күтуге арналған өнімдер ұсынса, өзге кәсіпорындар жол қозғалысы қауіпсіздігінің техникалық құралдарын, оның ішінде, жол белгілері мен бағдаршамдарын, жол және көпір қоршауларын, жол саласының арнайы киімдерін, геофизикалық, инженерлік-геологиялық, бұрғылау және жару жұмыстары мен мамандарға білім беру және оларды дайындау жүйесін көрсетті. Бұдан басқа көрмеде Чехия, Германия, Италиядан әкелінген кіші механика құралдары мен қосалқы бөлшектер, геоталшықты материалдарды қолдану мен жол және құрылыс техникасын бақылаудың жоғары дәлдік жүйесі сынды техникалардың соңғы буыны мен қазіргі үлгілері көрсетіліп, осы кезге дейін ТМД елдерінің алаңдарында болмаған геодезиялық, құрылыс және лазер құрал-жабдықтары ұсынылды. Осы жерде “Азия-Тех”, “Астанабелазсервис К”, “Ата-Су”, “Ак machіnery”, “Ротор”, “Автобан”, “Зубр”, “Казахдорстрой” сынды отандық және шетелдік компаниялардың соны өнімдері көрме алаңында алғаш рет орын алып, келушілер назарын өзіне аударғанын атап өткеніміз жөн. Көрме кезінде “Ак machіnery” компаниясының сату жөніндегі директоры Талғат Аманқосты әңгімеге тартқанымызда, ол келушілердің компания өнімдеріне қызығушылық танытып, техникаларды саудалау жөнінде ұсыныстарын білдіріп жатқанын атап айтты. Оны біз көрмеге кірер алдында “Volvo” экскаваторлары мен басқа да жол-құрылыс мәшинелеріне көпшіліктің қызықтап, компания өкілдерінен техникалар туралы мәлімет алуға тырысып жатқанынан байқай алдық. Талғаттың айтуынша, ЖШС-ның құрылғанына 2 жыл болғанымен оларға қаржы дағдарысына байланысты осындай ірі көрмелер болмаса жол техникасын сату қиынға түсіп тұр. “Мәселен, биыл 50 экскаватор сатылды, – дейді ол. – Соның ішінде 38 техниканы “Казстройсервис” компаниясы сатып алды. Қазір осы жағдайға байланысты ЖШС елімізде тек техника сатумен ғана айналыспай, жол саласына қызмет көрсету, техникаға қосалқы бөлшектер сату, тас жолдар  төсеу сияқты жұмыстармен айналысуда”. Ал көрме туралы айтқанда ол бұған компанияның алғаш рет қатысып отырғанын, мұндай шаралар жол-құрылыс кәсіпорындарының өздерін таныстырып әрі өзге әріптестерімен тиімді байланыс орнатуы үшін керектігін атап өтті.

Көрмеде көпшілікке техника мен басқа да құрал-жабдықтарды  ұсыну ғана емес, сонымен бірге  оларды жасау, сату, мамандардың осыған байланысты пікір алмасып, өзара тәжірибе жинақтауына арналған семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Соның бірінде, “Заманауи құрал-жабдықтар, техника және жол шаруашылығы кешеніне арналған материалдар” атты семинарда Ресейдің Мәскеу қалалық жолшыларының үкіметаралық кеңесіне мүшелер түрлі тақырыптарда баяндама жасап, қазақстандық әріптестерімен ой бөлісті.

Сөйтіп, бір аптаға созылған көрме отандық және шетелдік мамандар мен кәсіпкерлердің жол саласын дамыту үшін әлі де өзара тәжірибе алмасуы керектігі жөнінде уағдаластықпен аяқталды. Жалпы, көрменің ашылу салтанатында оның мән-маңызы туралы өз ойларымен бөліскен Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағыновтың сөзімен айтсақ, бұл көрме жол құрылысы және құрылыс индустриясын дамытудағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. Қазір елімізде жол саласын дамытуға баса назар аударылып келеді. Республикада 2010-2012 жылдары бюджеттен автожолдарды салуға, жөндеуге, күтуге 9,3 млрд. доллар бөлінді. Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізінің қолға алынуының өзі Қазақстанда жол құрылысының қарқынды жүріп жатқанын білдіреді. Сондықтан Қазақстанда жол саласын дамыту үшін осындай шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, өз өнімдерін таныстыру мақсатында өткізілетін көрмелер өте-мөте қажет.

ИНВЕСТИЦИЯ  КӨЛЕМІ – 300 МЛН. ДОЛЛАР

Талдықорған қаласында  мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен “Розавэл Таун” құрылыс кешені жұмысын бастады.

2007-2010 жылдарға  арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында облыс әкімдігі мен кореялық “ELD Global” компаниясы арасындағы аталған жоба бойынша алғашқы ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылы басталып, екі жақты меморандумға қол қойылған болатын. Нәтижесінде қалалық әкімдік Талдықорған қаласының шығысынан тұрғын үй құрылысына қажетті 43 гектар жер телімін бөлген еді. Бұл жер телімін корейлер сатып алып, заңдастырып үлгерген.

Жобаны жүзеге асыру мақсатындағы басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов, кореялық “ELD Global” компаниясының бас директоры Юн Джон Сон алдағы атқарылатын жоспарлы жұмыстар жайлы бағдарламаларды ортаға салды.

Құрылыстың жалпы  көлемі 260 мың шаршы метрді құраса, салу мерзімі 2009-2014 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы Мемлекет басшысының бақылауында екенін де инвесторлар жақсы түсінгендей. Елбасына бұдан үш жыл ілгеріде аталған жоба ұсынылып, қолдауға ие болғандықтан корейлер оған тас-түйін дайындалып, құрылысқа қажетті бетон зауытын іске қосуды алдын ала ойластырса, оның тиянағын келтірген қадамдарын сәтті деуге болады.

Информация о работе Кәспорын табысы