Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:47, реферат
Ұлы жиын демекші, мәртебелі басқосудың соқталысы «ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы өтті Астанада. Қуат көзі қашаннан тіршілік нәрі сияқты аса қат, аса құнды, қастерлі. Сондықтан ғой, «Қуатты қайдан аламыз?» деген асқан өзекжарды, тағдыршешті сауалға жауап іздеген кез-келген алка-қотан отырыстың орны ерек. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жиында әлемге әмірін салып, билігін жүргізген 58 жуан компанияның белді-белді өкілдері бас қосты.
Мұнай өңдеу және мұнайгаз саласы инфрақұрылымын дамыту
Қазақстандағы мұнай өңдеу салаларының негізгі міндеттері:
Қазақстан
инвесторларға не ұсынады:
Шикізат қоры
Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 11-ші
орынды, ал газ қоры бойынша 17 орынды алады.
Республикада 2010 жылы мұнай шығару 79,6
млн. тонн және газ конденсатын шығару
көлемі 37,4 млрд. куб. м. құрады. Мұнай және
газ конденсатын шығарудың тәуліктік
орташа мөлшері 200 мың. тонн. құрап отыр.
Этан фракциясы 13 - 16% және одан жоғарғыны
құрайтын республикадағы табиғи және
леспе газ кен орындары (Теңіз, Каспий)
этилен, базалық мұнай-химия өнімдерін
өндіруге арналған экономикалық және
технологиялық негізгі басымдылық болып
табылады.
|
Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі
Инфрақұрылым
Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 мұнай өңдейтін
зауыт Павлодар, Шымкент, Атырау қалаларында
жұмыс істейді. Сонымен бірге Қазақстанда
көмірсутек шикізатын терең өңдейтін
толық технологиялық цикл жоқ. Сондықтан
да Үкіметте МӨЗ технологиялық және модернизациялық
жаңалау бойынша жұмыстар жүргізілуде;
жаңа инновациялық мұнай-химиялық өндіріс
құрылуда.
Мұнай және газ конденсаттарын тасымалдау
мұнай құбырлары (79%), темір жол (8%) және
теңіз көліктері (13%) арқылы жүргізіледі.
Бәсекеге
қабілетті кластер
Мұнай-газ саласының негізгі кәсіпорындары
минералдық-шикізат базасының және мұнай
мен газ өндірудің орналасу аудандары
болып табылатын батыс облыстарда және
Қызылорда облысында орналасқан. Жаңа
өндірістерді перспективалы орналастыру
Каспий теңізінің қазақстандық секторының
кен орындарын игерумен байланысты болады.
Бұдан басқа Атырау облысында «Ұлттық
индустриялық мұнай-химия технопаркі»
арнайы экономикалық аймағы құрылған
болатын.
Шағын және орта бизнес мұнай-химия кәсіпорындар
орналасатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия
технопаркі» АЭА инфрақұрылымының құрылысы
республикалық бюджеттік қаржы есебінен
жүргізіледі. Сонымен бірге интеграцияланған
газ-химия кешені инфрақұрылымының объектілерін
(нақты 11 объект) салу мемлекеттің қаржылық
қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
Құрылды | ҚР Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №495 Жарлығы |
Жұмыс істеу мерзімі | 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейін |
Аумағы / Кен орны | Атырау облысы, ауданы - 3475,9 га |
Қатысушылар | 1 қатысушы: «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС |
Жобаны құру мақсаты | көмірсутек
шикізатын терең өңдеу және қосылған
құны жоғары үлкен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша әлемдік деңгейде мұнай-химия өндірісін дамыту |
Қазақстанда 2020 жылы жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ
BAQ.kz. Мамырдың11-і. - Қазақстанда 2020 жылы жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
«Біз тағы да бір зауыт салмақпыз. Бізде осындай ой бар. Бірақ оның құрылысы 2020 жылы басталмақ», - деді С.Мыңбаев.
«Біздің ойымызша, 2020 жылға дейін үш зауыттың қуаттылығы сұранысты қанағаттандыра алады», - деді министр.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде үш МӨЗ-дің мұнай өңдеу көлемі жылына 13 млн тоннаны құрайды. Зауыттарды жаңғыртқаннан кейін 2015 жылы бұл көрсеткіш жылына 17 млн тоннаны құрайтын болады.
Еске салсақ, республикада үш мұнай өңдеу зауыты бар: Павлодар, Атырау, Шымкент.
2010 жылы мұнай өңдеу зауыттары 13,7 млн тоннадай шикі мұнайды өңдеді.
Ресей
нарығына
жүгінбей,
жанармай бағасын
реттеу мүмкін
емес
Мұнайы мол саналатын Қазақстанда жанармай бағасына қатысты мәселе де мол. Билік соңғы жылдары жанармай бағасының құбылуымен күресіп әлек. Әйтсе де түпкілікті шешімнің тиімсіздігінен баға құбылысы жағаға жармасудан тыйылған емес. Бұған дейінгі әңгіменің бәрінде де баға тұрақсыздығына қатысты себеп сыртқы нарықпен байланыстырылып, оп-оңай түсіндіріліп келді. Бұдан кейінгі себеп те солай жалғаса беретін тәрізді. Ендеше, кешегі мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың Мәжіліске мақұлдатқан мұнай өнімдерінің айналымын реттеуге бағытталған заң жобасынан не күтеміз?!
Мұнай өнімдерінің
жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеуге
бағытталған заң 2003 жылы қабылданған болатын.
Одан бері нарықтық ахуал мүлдем өзгерді.
Жағдайға икемдеп арада тиісті нормалар
да қамтылып отырды. Алайда мемлекеттік
реттеудің тиімді тетігі кешенді қаралмағандықтан
әрі сыртқы нарықтың әсер етуінің салдарынан
2004 жылдан бері жанармай бағасы бірден
құлпыратын әдет шығарған-тын. Сондай
«созылмалы дертке» айналған кезекті
«аспандаулардан» кейін Үкімет 2009 жылы
арнайы тетікті іске қосып, бағаны ырыққа
көндіргендей болды. Әйтсе де, бұл – уақытша
шара. Ал мұнай және газ министрі Сауат
Мыңбаев жіліктеп шыққан кешегі заң жобасы
сол 2009 жылдан бергі жанармай бағасын
ырықтандыру тетігін заңмен шегелейді.
«2009 жылдан бері мұнай өнімдерінің негізгі
түрлерін республика аймақтарына жеткізу
біршама тұрақтанды. Одан бұрын аймақтарда
орын алған бағалардың 30-40 пайыздық айырмашылығы
жойылды. Бағалардың динамикасы, әрине,
құбылмалы болды. Дегенмен аяқ астынан
өзгеретін сипаты жойылды. Алайда қазіргі
таңда бұл тетіктің заңнамалық қамтымдығы
болмай, тек келісімшарттық негізде жұмыс
істеп келеді. Сонымен қатар бұл тетіктің
заң жобасы арқылы жойылатын кемшіліктері
де баршылық», – деді С. Мыңбаев. Сөйтіп,
заң жобасының ең әуелгі мақсаты жанармай
бағасын тұрақтандыру тетігін нығайтуға
арналады. Тұрақтандыру демекші, мұнда
сыртқы әсер туралы еш ұмытуға болмайтыны
тағы бар. Бұл әлімсақтан солай болса,
алдағы күні де одан қашып құтылудың жолы
көрінбейтін түрі бар. Мұны мұнай министрінің
өзі де мойындайды.
Жанармай бағасын
шайқалтпай ұстаудың
жалғыз ғана жолы бар
Бірақ теріскей көршісімен етене ықпалдасқан
Қазақстан үшін мұнай министрі Мыңбаев
көрсеткен сол жалғыз жолға түсу де еш
болмайтын «барсакелмес» тәрізді. Өйткені
мол мұнай қоры бар Қазақстанның сыртқы
әлеммен, яғни нарықпен байланысы күшті.
Қазіргі таңда ішкі нарықта тұтынатын
13 млн тонна мұнайдың 6,5 млн тоннасын Ресейден
импорттап отырмыз. Сонымен қатар жоғары
октандық бензин мен әуе керосинінің 20
пайызынан астамын да сол елден импорттаймыз.
«Жанармай бағасына қатысты Ресейдегі
бағадан Қазақстан тәуелсіз бола ала ма
дегенге келсек. Иә, тәуелсіз боламыз,
тек жалғыз ғана жағдайда – өзіміздің
жеткілікті мұнайды өз ішімізде өңдеп
пайдалансақ қана. Осындай мүмкіндік бар.
Жанармай бағасын ұстап тұрудың басқа
еш жолы жоқ. Рас, біз дизельдік отынмен,
төмендеу сападағы бензинмен өзімізді-өзіміз
қамтамасыз ете аламыз. Басқасы импортталады.
Сондықтан Ресейге қарамастан, өз алдымен
бағаны реттей аламыз деген еш мүмкін
емес. Оған күшіміз де жетпейді. Сол үшін
алдағы уақытта да баға бойынша белгілі
бір үйлесімділікті Ресей мен Қазақстан
өзара салыстырып, салмақтап отыратын
болады», – деп түсіндірді Сауат Мұхамбетбайұлы.
Бір сөзбен айтқанда, теріскейдегі алып
көршіден жанармай бағасын үлкен айырмашылықта
ұстай алмайды екенбіз. Оның үстіне Кеден
одағы арқылы ықпалдаса түсетін мемлекеттер
болғандықтан, алдағы үйлесім одан сайын
күш алмақшы. Бұл – айқын жол. Қазіргі
анық та, келешектегі айқын да – осы. Қысқасын
айтқанда, «Кеден одағы шеңберінде Қазақстандағы
баға қандай болмаққа» келсек, бұл баға
Ресейге қарағанда, сәл төмендеу болатыны
айқын. Алайда бағалар арасындағы белгілі
бір үйлесім, белгілі бір арақатынас бәрібір
болады. «Сонда біздің мұнай өңдейтін
үш зауытымыз қайда? Олардың күші жетпесе,
жаңадан неге зауыт салмасқа?» дерсіз.
Бұл сауалдарға да министр мырза жауап
берді.
Жаңа зауыт тек 2020
жылдан кейін ғана салынуы
мүмкін
Мұнай өңдейтін үш зауыт бар. Олардың аймаққа
жіберілетін квотасы да бекітулі. Барлығы
белгілі бір деңгейде қадағаланып отырады.
Әйтсе де, депутат Зейнолла Алшымбаев
«осы қолда бар үш зауытты келістіріп
пайдалана алмай жүрген мемлекетпіз»
дегенді алға тартады. «Бұларды жаңғырту
жобалары да таусылып бітпеді, түге. Ендеше
неге шағын зауыттар салынбайды. Министрліктің
бұған көзқарасы нешік? Бұған дейін Маңғыстауда
салынады деген зауытты да тоқтаттық,
Жаңаөзенде зауыт салынады деп еді, ол
да қалды. Біз бағаны айтып отырмыз ғой.
Бәлкім, шағын зауыттарды іске қосып, сол
арқылы өнім көлеміне әсер етсек, өнім
көлемі де бағаға жақсы әсер берер?» –
дейді депутат. Айта кетерлігі, Қазақстандағы
мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту туралы
бағдарлама 2009 жылы қабылданған болатын.
Содан бері техникалық-экономикалық негіздеме
секілді ұсақ-түйек жұмыстардың айналасынан
әңгіме өрбіген емес. Тек министр С.Мыңбаевтың
сөзіне қарағанда, Атырау мұнай өңдеу
зауытын жаңғырту жұмыстары енді басталған
тәрізді. Оның бастапқы құны – 1 млрд 200
млн долларды құрайды. Биыл Шымкенттегі
мұнай өңдеу зауытының техникалық экономикалық
негіздемесі бітіп, сараптамаға берілген.
Ендеше жақын аралықта Шымкент зауытын
жаңғырту жұмысы да басталады деген сөз.
Ал Павлодар зауытын жаңғырту келесі жылға
қарайтын тәрізді. «2015 жылға қарай осы
үш зауыттың жаңғырған кезіндегі толықтай
қуаты мұнай өңдеу көлемін 17 млн тоннаға
жеткізеді. Қазіргі ішкі нарықтың сұранысы
13,5 млн тонна болса, 2015 жылға қарай 17 млн
тоннаға жеткізсек, ішкі сұраныс толық
өзімізден қамтылады деп ойлаймыз. Тағы
бір зауыт салатын мәселе бар, бірақ ол
зауыт 2020 жылдан бастап салынуы керек
деген ойдамыз. Соған дейін қолданыстағы
үш зауыттың қуатын пайдалана алсақ, сол
жеткілікті. Ал шағын зауыттарға келсек,
егер олар еуростандарттарды сақтаса,
оларды да қолдауға болады. Жалпы, біз
ішкі нарықта еуро-2 стандартын қолданып
келеміз. Шағын зауыттардың бұны орындауға
еш мүмкіндігі жоқ. Ал егер жаңа технологиялар
пайда болып, стандарттарды игере алатын
шағын зауыт саламын дейтіндер болса,
біз оны қолдаймыз. Тіпті жеңілдіктер
көрсетіп, ынталандырамыз. Саламын дегендер
салсын, стандартты сақтап», – дейді Сауат
Мұхамбетбайұлы. Депутаттар сауалына
жауап беру барысында министр Павлодар
мұнай өңдеу зауытының тағдырына қатысты
алаңдаушылықты да сейілтті. Жұрт арасы
зауыттың Ресейге сатылатынын әңгімелеген
екен, министр бұған бір ауыз сөзбен жауап
берді: «Павлодар зауытын Ресейге беру
туралы еш жоспар жоқ. Бұл зауыт 100 пайыз
«Қазмұнайгазға» тиесілі». Әйтсе де, Мұнай
және газ министріне депутат Кенжеғали
Сағадиевтің сауалына толық жауап беру
оңайға соқпады. «Нешеме жыл бойы зауыт
саламыз, не болмаса қолданыстағыны жаңғыртамыз
деп жүрміз. Құры сөз, бәрін кейінге ысырып
келеміз. Бұған не себеп? Біріншіден –
технология жоқтығынан ба? Екіншіден –
бізде ақша жоқтығынан ба? Үшіншіден –
сұраныс жоқтығынан ба? «Технология жоқ»
дейін десеңіз, дүниежүзінде дәл осындай
зауыттар бар, олардың ешқайсысы жабық
жұмыс істемейді. «Ақша жоқ десеңіз», зейнетақы
қорларын қоспағанда, басқасын айтпағанда
12-13 млрд доллар коммерциялық банктерде
жатыр. Осы қаражатты зауытқа салса, құны
бірден ақталады. «Зауытқа сұраныс жоқ
десеңіз» біз мұнай шикізатын сатқаннан
оны өңдеп, бензин қылып сатқанымыз артық
емес пе? Бұның ретін айтыңызшы?» – деген
болатын К.Сағадиев. Министрдің себепті
түсіндіріп беретін әзір тұрған жауабы
болмай шықты. Ең басты айналшықтағаны
– зауытты жаңғырту бағдарламасы мүлдем
кеш қабылданыпты. Алайда министрлік те,
ұлттық компания да бар назарын осы үш
зауытқа салып жатқанын жеткізіп қалды
ведомство басшысы.
Түйін
Қанат Қазы
Газ тасымалдау жүйесі - республиканың батыс бөлігінде дамыған. 60-шы жылдары көктей өтетін газ қубырларының кұрылысы басталған болатын, олар арқылы газ Батыс Қазақстаннан және Орта Азияның бұрынғы республикаларынан Ресейге жеткізілетін-ді. Ақтөбе облысының аумағы арқылы Бұхара - Орал арналық газ құбырының екі тарамы тартылды. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын Орталық Азия - Орталық газ қубырының 4 тармағы кесіп өтетін. Ба- тыс Қазақстан облысының солтүстігі арқылы «Одақ» немесе «Орынбор - Батыс шекара» газ қубырының 2 тармағы өтетін, олар табиғи газды Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу үшін тартылған болатын; бүл құбырдан бір тармақ Орал қаласына дейін жеткізіліп, одан әрі Еуропа елдеріне кететін. Солтүстік Үстірт өңірінің газы Бұхара - Орал газ құбыры арқылы Орал кәсіпорындарына берілді.
Қазақстанның тұтыну-тұрмыс нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары газбен арналық газ құбырларынан және оның тармақтарынан қамтамсыз етілді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өнеркәсіптік түйіндері мен өзге де тұтынушыларына газ Бұхара газды алабынан Мүбарак - Ташкент - Шымкент - Бішкек - Тараз - Алматы газ құбыры арқылы жеткізілді. Ақтөбе және Қостанай облыстарына газ Бухара-Орал газ қубыры және оның Шалқарға, Ақтебеге, Алғаға, Жітіқараға, Рудныйға, Қостанайға т.б. тартылған көптеген тармақтары арқылы жеткізілді. Ақтау қаласының газға деген өнеркәсіптік және турмыстық муқтаждығын етеу мақсатында Өзен кенорнынан Өзен -Жетібай - Ақтау және Теңге - Жетібай ішкі газ құбырлары тартылған. Ақтөбе облысында Бұхара - Орал газ құбыры арнасына жақын маңда Базой жерасты газ қоймасы бар, ол газ тұтынудың маусымдық әркелкілігін реттеп отырады. 1981-1985 жылдары Қарашығанақ кенорнының газ-конденсатын Орынбордың газхимиялық кешеніне тасымалдау мақсатында 2 газ қубыры тартылды.
Тартылған газ қубырлары мыналар: Бейнеу (Маңғыстау облысы) - Александров Гай (Саратов облысы, Ресей); Бей- неу - Хива (Хорезм облысы, Өзбекстан Республикасы); Прорва (Маңғыстау облысы ) - Атырау; Кеңқияқ (Ақтөбе об- лысы) - Орск (Орынбор облысы, Ресей) т.б. Газдың мол өнеркәсіптік қорларының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі және капиталды аз қажет ететіндігі қысқа мерзім ішінде республиканың отындық балансы қурылымын газдың пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның газ енеркәсібінің даму перспективасы ете жоғары. Қазақстан Республикасы құбырлықтасымалының даму көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген. Республикада мұнай мен газды өндірумен қатар, оларды өңдеу, сейтіп әр түрлі отындар мен өзге де кемірсутек шикізаттарын шығару саласы да дамыл келеді. Қазіргі кезде республикада 3 мұнай өңдеу зауыты және 3 газ өңдеу зауыты жумыс істейді. Отын-энергетикалық бағыттағы мұнай мен газды өңдеу саласы Қазақстанда өткен ғасырдың40-шы жылдарында қалыптаса ба- стады. Республиканың мұнай өңдеу өнеркәсібінің тұңғышы - Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1945 жылдан бастап Түрікменстаннан, Татарстаннан, Башқұртстаннан жеткізілген мұнайларды және Бакудың дизельдік дистиллятын өңдей бастады. Зауыт 1960 жылдан бастап Ембі кенорнының ауыр да шайырлы мұнайларын, 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын, ал 90-шы жылдардың басынан бастап Теңіз кенорнының мұнайын өңдейді. Зауыттың жылдық қуаты жылына 4,5-5 млн. тонна. Өңдеу тереңдігі 63%-ға жетіп отыр. Зауытты қайтадан жарақтау шаралары жүзеге асырылуда, муның өзі мұнайды өңдеу тереңдігін 85-92%-ға жеткізуге және автомо- биль бензиндері мен дизельдік отынды Евро-2005 стандартына сәйкес ендіруге мүмкіндік беретін болады. Республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарынның мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай өңдеу зауыты салынған, ол Қазақстандық және Ресейлік мұнайлардың аз күкіртті қоспасын отындық вариантта өңдей отырып, жылына 7,5 млн. тонна өнім береді. Өңдеу тереңдігі 82%-ға жетеді. Еліміздің оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтары мұнай өнімдерімен Шымкенттің бұрынғы «Мунайоргсинтез» зауытымен қамтамасыз етіледі, бұл зауыт қазір «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» деп аталады. Зауыттың қуаты - жылына 6,5 млн. тонна, өңдеу тереңдігі 78%
Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) 2010 жылы 4,5 млн тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,1%-ға көп. Бұл туралы жұма күні кәсіпорынның бас директоры Шухрат Данбай мәлім етті.