Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:47, реферат
Ұлы жиын демекші, мәртебелі басқосудың соқталысы «ҚазЭнержи» Еуразиялық форумы өтті Астанада. Қуат көзі қашаннан тіршілік нәрі сияқты аса қат, аса құнды, қастерлі. Сондықтан ғой, «Қуатты қайдан аламыз?» деген асқан өзекжарды, тағдыршешті сауалға жауап іздеген кез-келген алка-қотан отырыстың орны ерек. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жиында әлемге әмірін салып, билігін жүргізген 58 жуан компанияның белді-белді өкілдері бас қосты.
“Розавэл Таун” тұрғын үй кешенінде сәнді пәтерлер ғана емес, білім беру, мәдениет ошақтарымен қатар шопинг, медицина орталықтары салынып, қалаға сән беріп, сұлулығын арттыратын сәулетті нысандар бой көтереді деп болжануда. Аталған тұрғын үй кешенінің басқарушысы Хан Кхэ Дон жиналғандарға жобаның келешегі жайлы әңгімелеп, оның көлемі 444 мың шаршы метрді қамтып, құрамы тұрғын үймен бірге өңдіріс пен коммерциялық құрылымдармен толығатынын нақты мысалдармен тиянақтады. Тұрғындарға түрлі қызмет көрсететін медициналық, тұрмыстық нысандар да бой көтермекші. Алып құрылыс 1818 пәтерден тұратын 56 тұрғын үй 7 және 15 қабатты құраса, алғашқы пайдалануға беру мерзімі 2009 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың наурызы деп көзделуде. Тұрғын үй кешендерінің айналасы абаттандырылып, саябақ, гүлзарлар орналастырылып, саламатты өмір салтын қалыптастыратын орындарымен ерекшеленбекші. Алғашқы жоба бойынша көлемі 74550 шаршы метрге монолитті құрылыс тұрғызылса, бұдан кейінгі жобаның ауқымы да едәуір.
Құрылысқа қажетті бетон зуытын іске қосудағы жұмыстар жайлы “Кейкон” ЖШС директоры Ли Эн Мун әңгімелеп, мұндағы жұмыстардың толық автоматтандырылғанын, әрі жұмысшылардың арнайы киіммен жабдықталып, еңбек қауіпсіздігін сақтауға мән берілгенін жеткізді.
Осылайша қалада аумағы 6 гектар жерді алған тағы бір бетон зауыты іске қосылды. Зауыт “Розавэл Таун” тұрғын үй кешенімен бірге басқа да құрылыстарды бетонмен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын осы жұмыспен шектелмей алдағы уақытта кірпіш, табанжолға арналған плита, су және кәріз желілері, темір жол, тағы басқа мемлекеттік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қажетті құрылыс материалдарын шығаруды қолға алу мақсатында ізденісті істерді бастады.
Тұрғын үй кешені құрылысына 120 адам жұмысқа тартылып, заманауи үлгідегі сәнді, жан-жақты жабдықталған пәтерлер тұрғындарды қуантатын болады. Құрылыс материалдарының денін өздері шығарғандықтан компанияның пәтер бағасын әдәуір арзандататыны да айтылды. Талдықорғандықтардың баспанаға деген зәрулігі біртіндеп оң шешімін табатынына жыл өткен сайын көз жеткізілуде.
Күмісжан БАЙЖАН.
“ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ” ЖАҚСЫЛЫҒЫ
Үкіметтің “Жол картасы” бағдарламасын іске асыру аясында Атырауда қолға алынған 47 инвестициялық жобаның құны 9 миллиард 286 миллион теңгені құрайды. Бұл әрине, бір өңір үшін аз жоба емес. Жоба бойынша игерілетін қаржы көлемі де қомақты деуге болады. Инвестициялық жобалар сан- алуан, соған орай оған жұмысқа орналасуға ниет еткендер үшін 10724 жұмыс орны ашылған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Руслан Әдиетовтің мәлім еткеніндей, аталған басқарманың жолдамасы негізінде 8570 адам тұрақты кәсіппен қамтылып, “Жол картасы” бағдарламасының жақсылығын көре бастады.
Осы бағдарлама бірнеше тармақтар бойынша іске асырылуда. Мәселен, жергілікті мамандарды қайта даярлау бойынша жыл басынан бері өңірдің 10248 жұмыссыз адамы белгілі бір кәсіптің қыр-сырына қанығып, түрлі отандық, шетелдік кәсіпорындардың белді маманы болуға мүмкіндік алған. Бұлардың ішінде 5547-сі бос жұмыс орындары бойынша кәсібін шыңдаса, 1500-і қызметтен босағандар санатына жатады. Өңірдегі шетелдік кәсіпорындардағы өзге елдің мамандарын ауыстыру және экспорттық мамандықтар негізінде 2500 адам біліктілігін жетілдірді. Дегенмен, шетелдіктерді отандық мамандармен алмастыру оңайға түсе қоймайды. Соған қарамастан өңірдегі 22 компаниямен түзілген келісім негізінде қайта даярлау курсынан өткен 2500 адам үшінші санаттағы жұмыспен қамтылмақ. “Бонатти СпА” кәсіпорны 100 адамды, “ГАТЕ Иншаат” кәсіпорны 74 адамды жұмыспен қамтып, соңғысына тағы да 61 адамның құжаттары жолдануға әзірленген. Бұған қоса Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бағдарламасы шеңберінде шетелдік жұмыс күші көптеп тартылатын мамандықтар бойынша отандық 2102 адам қайта даярлық курстарында оқыған.
Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыс орындарын да көптеп ашу көзделгенін ескерсек, “Жол картасы” бағдарламасының науқандық шара еместігі аңғарылады. Осыны дәлелдейтін дерекке жүгінер болсақ, жыл басынан бері өңірде 1570 әлеуметтік жұмыс орнын ашу жоспарланған екен. Бағдарламаның бұл тармағымен нақтысында 2115 адамға жұмыс орны ашылды. Ал жастар тәжірибесінің маңыздылығы тіптен айрықша. Өйткені жоғары оқу орнын бітірген жастардың дені өз мамандығымен жұмысқа орналаса алмайды. Себебі, мұнай-газ өнеркәсібі, өзге де салалардағы отандық, шетелдік кәсіпорындар ең кемі 3-5 жылдық еңбек өтілінсіз жұмысқа қабылдауға ынталы емес. Міне, мәселе астарына осы тұрғыдан үңілгенде, “Жол картасының” жастар тәжірибесі деп аталатын тармағымен 882 жасты арнайы жұмыспен қамтуға бекем бел байланғанмен, бұған 1047 жас маман тартылған. Демек, өңірде жастардың жұмысқа орналасуында өзіндік қиындық кездеседі деп түйін жасауға толық негіз бар.
“Жол картасының” кең ауқымда іске асырылуы өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне оң ықпал еткенін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Р. Әдиетов жасырмайды. Оның айтуынша, биылғы 9 айда жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құраған. Өткен жылдың осы кезеңіндегі жұмыссыздық деңгейінің 6,1 пайыз болғанын ескерсек, биыл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда айтарлықтай қадамдар жасалған.
Қорыта айтқанда, әр деңгейдегі әкімдер “Жол картасының” жұмыссыз жандардың кәсіби даярлықтан өтіп, тұрақты кәсіпке орналасуына жақсылығы мол бағдарлама екеніне әлде де көңіл аударса артық етпес еді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.
Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары
Қазақстан Республикасының Үкіметі www.government.kz
Ішкі істер министрлігі www.mvd.kz
Қорғаныс министрлігі www.mod.kz
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі www.nature.kz
Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz
Сыртқы істер министрлігі www.mfa.kz
Денсаулық сақтау министрлігі www.darі.kz
Көлік және коммуникация министрлігі www.mtk.gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі www.enbek.kz
Қаржы министрлігі www.mf.mіnfіn.kz
Экономика және
бюджеттік жоспарлау
Әділет министрлігі www.mіnjust.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі www.emer.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі www.sana.gov.kz
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі www.memr.gov.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі www.mіnagrі.kz
Индустрия және сауда министрлігі www.mіt.kz
Туризм және спорт министрлігі www.mts.gov.kz
Жер ресурстарын басқару агенттігі www.auzr.kz
Байланыс және ақпараттандыру агенттігі ww.alc.gov.kz
Статистика агенттігі www.stat.kz
Көші-қон және демография
агенттігі www.demomіgratіon.kz
Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру қондырғысының
кешенiн салу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң
қаулысы 26 тамыз 1992 ж. № 706
Атырау химия зауытының пропилен өндiру жөнiндегi жұмыс iстеп тұрған қуаттарын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жылдық қуаты
65 мың тонна пропилендi
2. Павлодар мұнай
өңдеу зауытына 1992-1995 жылдары мұнай
өнiмдерiн қосымшаға сәйкес
Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi квоталарды ресiмдесiн, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Павлодар мұнай өңдеу зауытына аталған өнiмдi экспортқа шығаруға лицензия берсiн.
3. Қазақстан
Республикасының Кеден
... ШЕТЕЛДIК
ИНВЕСТОРЛАРҒА
ШIДЕР САЛУ МА?
Мұнай
мен газ саласында
өзгерiстер көп. Мұнай
нарығында аттап
басқанды аңдып отырған
компаниялардың, олардан
бұрын осынау сала инвесторларының
жағдайы қандай күйде?
Жаман еместiгi анық,
әрине. Бiрақ елiмiздегi
инвесторларға тосқауыл
қою керек пе? Қазақстанда
инвестициялық әлеуеттi
жақсарту арқылы, шетелден
қаржы тарту жаппай
жүргiзiлiп жатса да,
мұнай саласы бұл ретте
сақтық таныту керек
деп отыр.
“Мұнай-газ секторы бойынша Қазақстандағы
Қытайдың үлесi 24 пайызды құраған”, –
дейдi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев.
Әйтсе де ресми деректен тыс, отандық атауды
жамылған қытайлық компаниялар көп секiлдi.
Сондықтан министр бұл салада таңдаулы
инвесторлармен ғана қарым-қатынас жасау
керек деген пiкiрде. "Ұлттық қауiпсiздiкке
байланысты Қазақстан әлемнiң әртүрлi
аймақтарындағы инвесторлардың қатысуын
шектейдi", – дедi министр Bnews порталындағы
онлайн-конференция барысында. Қытайлық
компаниялардан тыс еуропалық, америкалық
топтар елiмiзде пропорционалды түрде
жұмыс iстеп отырғанын айта кеткен жөн.
Әсiлi, министр елiмiзде инвесторларды "iрiктеуде"
бiр кiрбiңнiң әсер еткенiн жасырмады. Ұлттық
қауiпсiздiкке қатер төндiретiн шетелдiк
алпауыттар жұмысынан ақау табылса, жергiлiктi
халықтың зардап шегетiнi анық. Оған айқын
дәлел ретiнде, Мексика шығанағында орын
алған апатты айтуға болады. Техниканың
iстен шығуы барысында қоршаған ортаға
орасан зор зиянын тигiзсе де шығанақтағы
бұрғылау тоқтаған жоқ. Нелiктен? Мiне,
осы мысалдан кейiн республикадағы жағдайды
да ойлағанымыз жөн. Айтқандай, Қарашығанақ
кенiшiнiң Үкiметпен дау-жанжалы әлi аяқталған
жоқ. Естерiңiзде болса, КРО (Karachaganak Petroleum
Operating) басшылығына 2002-2007 жылдары мұнай
өндiру кезiнде шығынды көбейту арқылы
187 миллиард теңгенi қымқырды деген айып
тағылып, Қаржы полициясы жауапкершiлiкке
тартқан едi. Сауат Мыңбаевтың айтуынша,
бұл мәселе бойынша келiссөздер әлi аяқталған
жоқ. Осы келiссөздердiң нәтижесi екi тарапқа
да тоқтам болмақ.
Қазақстан Қарашығанақ кенiшiн игерудiң
үшiншi фазалық концепциясын қарастыруда
деген сыбыстың ел аузында жүргенiне де
бiраз болды. Министр бұл жағдайды да түсiндiрiп
бердi: "Кенiштi игерудiң үшiншi фазасы
туралы бүгiнгi таңда ешбiр келiсiм жоқ.
Бұл ұсыныс берiлген соң ғана Қазақстан
оны қарастырады. Келiссөздер барысындағы
шығындар 23 миллиард долларға бағаланған.
Әр тараптың өз экономикалық пайдасын
қарастырғанда бұл туралы әңгiме болған
емес", – дедi. "Қазiргi кезде келiссөздер
бойынша нақты ештеңе айта алмаймын. Себебi
олар әлi де жалғасуда. Соңғы рет бiз осыдан
екi апта бұрын кездесiп, барлық мәселелердi
талқылаған болатынбыз. Менiңше, бiрiншi
жартыжылдықта бiз нақты бiр шешiмге келемiз.
Бiздiң негiзгi кездесулерiмiз 10 мамырға
белгiленiп отыр", – деп атап көрсеттi
С.Мыңбаев.
Қарашығанақ – нарықтың майшабағы емес.
Алып "шортан". Қарашығанақтың мұнай
қоры – 1,2 миллиард тонна, конденсаты 1,35
триллион текшеметрден астам қоры бар.
Дүниежүзiндегi мұнайгазконденсаты бар
iрi ошақтардың бiрi саналады. Бұл кенiште
Қазақстандағы барлық газдың 49 пайызы,
ал мұнайдың 18 пайызы өндiрiледi. Мiне, сондықтан
да елiмiз бұл мұнай компаниясына бей-жай
қарай алмайды. Министрдiң сөзiне қарағанда,
бүгiнде Қазақстан осы консорциум бойынша
20 пайыз табысқа ие. "Бiрақ оның басым
бөлiгiн салық төлемдерi құрап отыр",
– дейдi министр.
Қазақстан бұқаралық ақпараттарында "ҚазМұнайГаздың"
Қарашығанақты игерушi үлескерлер қатарына
кiретiнi туралы айтылып жүрдi. Бүгiнде консорциум
құрамында BG Group, Eni, Chevron және ЛУКОЙЛ компаниялары
бар. Десе де министр консорциумның үшiншi
кезеңi бойынша ұсынысын жедел дайындап
бередi деп меселi қайтпай отыр. Бұл алыптың
өз есебi түгел. Бұлай деуге Қарашығанақтың
2008-2010 жылдар аралығында 773 миллион доллар
экспорттық баж салығын "наразылық
режимiмен" төлеп келгенi түрткi болып
тұр. Яғни олардың төленген соманы қайтарып
алу мүмкiндiгi бар. Мыңбаевтың айтуынша,
бұл қомақты сома екi ортада жүзiп жүруi
мүмкiн.
“Конференция барысында көтерiлген мәселелердiң
бiрi – жанармай бағасы. Қазақстанның iшкi
қолданыстағы жанармайының сапасы өте
нашар. Осы ретте министрге сауал жолдаушы
Алматыдағы 183 жанармай құю бекеттерiнiң
барлығы дерлiк сапасыз өнiм сататынын
жеткiздi. Бұл мәселе "Мұнай өнiмдерiнiң
айналымы" туралы заң жобасында қаралуда”,
– деп түйдi төтесiнен Сауат Мыңбаев мырза.
Елiмiзде жанармай бағасында сәл қымбатшылық
болуы мүмкiн. Себебi республикадағы үш
мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жұмыстары
жүргiзiлмекшi. "Қазiргi кезде тек Павлодардағы
мұнай өңдеу зауыты бойынша ғана шешiлмей
жатқан түйткiлдi мәселелер бар. Бұл мәселелер
үнемi талқыланып келедi. Жалпы, Қазақстанның
мұнай өңдеу зауыттарын жаңартудың нәтижесiнде
елдiң iшкi сұранысы 100 пайызға қамтамасыз
етiледi", – деп атап көрсеттi С.Мыңбаев.
Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытын
жаңарту бойынша тиiстi жұмыстар басталды.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында да бұл
iс-шараларды қытайлық инвесторлармен
бiрлесiп атқару жоспарланып отыр. Аталмыш
өңдеу зауыттарын жаңартуға 4 миллиард
АҚШ доллары бөлiнiп отыр.