Кәсіпорында фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 08:14, реферат

Описание

Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 55.99 Кб (Скачать документ)

 Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының бірінші орынға жаңашылдық, сапа дизайн, жиі жаңартумен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегісервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

 Микроэкономика  саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс:

 Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;

 Екіншіден, фирма  жаңа технологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандары көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын, әсіресе, фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;

 Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.

 Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

 Фирма анықтамасын іздеу жолында экономикалық жүйені кәдімгідей экономистің баян етуіндей қарастырғанымыз ыңғайлы болар. Экономикалық жүйенің сэр Артур Салтер берген сипаттамасын қарастыруға көшелік. Нормалдық (әдеттегі) экономикалық жүйе өзімен өзі жұмыс жасайды. Өзінің күнделікті операциялары үшін ол орталық басқарманың қол астында болуды, орталық бақылауды қажет етпейді. Автоматты, сезімтал және икемді процесс көмегімен адами белсенділік пен адами мұқтаждығының барлық диапазонында ұсыныс-сұранысқа, өндірістік тұтынысқа бейімделеді. Экономистің пікірінше экономикалық жүйе бағалық механизм арқылы үйлесімді болып тұрады да, қоғам ұйым болмай организм болып қалыптасады. Экономикалық жүйе өз бетінше жұмыс жасайды». Бұдан жеке адамдардың жоспарға ұатысы болмайды деген ұғым тумаса керек. Олар болжамдар жасап, бәсекелер арасынан керектісін таңдайды. Жүйеде тәртіп болсын десек бұл қажетті нәрсе. Алайда, осы теория ресурстар қозғалысын бағалық механизмге тікелей байланысты деп жорамалдайды. Расында, осы жағдай экономикалық жоспарлауға қарсылық ретінде жиі қарастырылады, өйткені экономикалық жоспарлау бағалық механизм атқарған істі қайтадан қайталауға тырысып бағады. Сэр Артур сипаттамасы, алайда біздің экономикалық жүйенің мүлдем толымсыз суретін береді. Фирма төңірегінде бұл сипаттама жалпы үйлеспейді. Мәселен қндіріс факторларын әртүрлі қолдану тәсілдерінің арасында орналасуы бағалық механизммен анықталатынын біз экономикалық теориядан көріп отырмыз. А факторларының Хтегі бағасы У тегі бағасынан жоғары болсын. Нәтижеде А У-тен Х-ке қарай Х-пен У-тегі бағалар айырмасы жойылғанға дейін- бұларада айырма соншалықты басқадай әр түрлі артықшылықтармен орнын толтыратын жағдайларды есептегенде- жылжиды. Зайыр дүниеде әлі де болса осы айтылған жайттар қолданылмайтын салалар кездесіп тұрады.

 Егер, жұмыскер У бөлімінен Х бөліміне ауысса, ол оны салыстырмалы бағаның өзгеруінен емес, қайта өзіне берілген бқйрық бойынша істейді. Мәселе бағалардың қозғалысымен шешіледі деген негізге сүйенген экономикалық жоспарлауды жақтаушыларға біздің экономикалық жүйенің ішінде жоғары келтірілген және экономикалық жоспарлау дегенге төркіндес ұғымнан мүлдем қзгеше болатын, жекешеленген жоспарлаудың кездесетінін көрсету арқылы жауап беруге болады. Бұл біздің экономикалық жүйедегі үлкен іскерлік аумаққа тән мысал. Әрине, бұл факт экономистер назарынан тыс қалмады. Маршалл ұйымды өндірістің төртінші факторы ретінде енгізеді; Дж. Б. Кларк үйлестіру функциясын кәсіпкерге ұсынады; профессор Найт үйлестіруші менеджерлерді енгізеді. Д. Г. Робертсон көрсеткендей, біз «піскектегі шайқалған май сияқты саналы биліктің аралдарын санасыз кооперациялау мұхитынан» тауып отырамыз. Әдетте, үйлестіру дағалық механизм көмегімен орындалады деген дәлелдеме факт ретінде қарастырылса, осындай ұйым не үшін қажет? «Осындай саналы күштер аралдары не себепті кездеседі?» Фирма сыртындағы бағалар қозғалысы өндірісті нарықты айырбас мәмілелер сериялары арқылы бағыттып отырды. Фирма ішінде осы нарықтық мәмілелер жойылып, айырбас операцияларымен бірге күрделенген нарықтық құрылым орнына өндірісті бағыттайтын үйлестіруші (координаор) отырғызылады. Осы жайт өндірісті үйлестірудің бәсекеләк тәсілдері екендігі түсінікті. Бірақ та егер өндіріс бағалар қозғалыстарымен реттелген жерде өндіріс жалпы ешбір ұйымсыз-ақ жалғасатынын ескерсек, онда кез-келген ұйымның болуы міндеттіме деген сұрақ туады.

 Әрине, бағалық механизмді ығыстыру дәрежесінің құбылуы әжептәуір. Әмбебап дүкенінде әр түрлі секциялардың ғимаратта орналасуы жоғарыдан көрсетілуі мүмкін бағалардың күрес нәтижесі болуы да мүмкін. Лакширде, мақта иіру саласында тоқымашыэнергия мен дүкен үшін баспананы жалға ала алады, және тоқымашының станоктар мен жіптерді несиеге алуына да болады.

 Өндірістің әр түрлі факторларын осылай үйлестіру әдетте бағалық механизмнің қатысуынсыз орындалады. «Тік» интеграциялау саны саладан салаға, фирмадан фирмаға көшкен кезде қатты өзгеріске ұшырауы түсінікті де.Рональд Коуздың ойынша, фирманың өзгеше бет әлпеті – бағалық механизмнің басты бөлігі болып табылады. Ол, әрин, профессор Роббинстің атап өткеніндей, «салыстырмалы бағалар мен шығындардың сыртқы торымен байланысты», бірақта ол осы өзаралық байланыстардың дәл табиғатын ашу үшін құнды. Қорларды фирмада орналастыру мен экономикалық жүйеде орналастыру арасындағы алшақтықты Маурисс Добб мырза капиталист Адам Смиттың концепциясын талқылау барысында өте айқын сипаттап берді: «кәсіпкермен басқарылатын әрбір фабрика немесе бірлік ішіндегі қатынастардан да өте маңызды бір нәрсенің бар екендігі белгілі бола бастады; кәсіпкердің өзінің төңірегінен тыс экономикалық әлеммен қарым-қатынастары бар болғаны ғой... Кәсіпкер әрбір фирма ішінде еңбекті бөлумен айналысады және ол саналы түрде жоспарлап, ұйымдастырады», бірақ, «ол өте үлкен мамандандыру мен байланысқан, өзі де маманданған бірлік болып табылады. Осы жерде ол үлкен организмнің жеке ұясы рөлін атқарып, көп жағдайда өзінің өте кең роль атқаратынын сезбейді».  

Информация о работе Кәсіпорында фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру