Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 08:14, реферат
Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді.
Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................
2.2Экономистер бағалық механизмді үйлестіруші құрал деп есептеумен қатар, «кәсіпкердің» үйлестіру функциясын жоққа шығармауына байланысты: неліктен үйлестіру – бір жағынан бағалық механизмнің жұмысы, екінші жағынан кәсіпкердің жұмысы болып табылады деген заңды сұрақ туындайды. Осы мақалада экономикалық теориядағы қорларды бағалық механизм құралдары көмегімен орналастыру туралы жасалған (кейбір мақсаттар үшін) болжам мен осы орналастыру кәсіпкердің үйлестіруіне тәуелді деген болжам (басқа мақсаттар үшін) арасындағы үзілісті жалғастыру көзделіп отыр.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батис Сэй (1767-1832жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
«Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез – келген қызмет түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым да бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той – думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылықпен , коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Демек, бизнес бұл – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы президентінің «Шаруашылық серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- - толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- - жаупкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
- Коммандитті – аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);
- Қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік жіне қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және әрі қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір – бірінен айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтык ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процессті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Кәсіпкерліктің түрлері Артықшылығы Олқылығы
1.Бір тұлғалы жекелеген шаруашылықтар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі. Қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүделілігі. Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс- әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.
2. Серіктестіктер Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс- әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік- психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
Информация о работе Кәсіпорында фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру