Кәсіпорында фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 08:14, реферат

Описание

Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 55.99 Кб (Скачать документ)

 Нарықтың атқаратын рөлі оның жалпы түрдегі қызметі арқылы ашыла түседі.

 Нарықтың атқаратын қызметтері:

- ұдайы өндіріс процессін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;

- ұсынымнің көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі;

- Экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арсын байланыстыратын буын;

- экономиканің жағдайы туралы объективті ақпарат көзі;

- тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;

- бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы суықтыру, санациялау, тазалау;

- құрылымдық тұтыну, тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рациональдіні таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету;

- өндірістік шығындарды төмендетуге тауар өндірушілерді экономикалық ынталандыру және оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;

- тауар өндірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.

 Нарықтың өызметінің көп түрлілігінің ішінде ерекшксі реттеуші рөл атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процессін тиімді және үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөліін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші рөлін жоюға алып барады.

 Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың барометріне әрі айнасына айналды. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.

 Нарықтық механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады.Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.

 Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауарлардың 50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтан ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтың қатынастардың табиғи күй-жайы.Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен айналысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, өндіріске белсене кіріседі.

 Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық мақызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

 Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы

 Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Менің бұл пікіріме әркім күмәнін, өз пікірлерін айта жатар.

Информация о работе Кәсіпорында фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру