Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 15:57, дипломная работа

Описание

Дипломдық жүмыстың мақсаты кәсіпорындардың қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58



Қорытынды....................................................................................77

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................81

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ. ДИПЛОМ.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)

 

Ескертпе:

- Алматы    қалалық    статистика    Басқармасының    мәліметтері    бойынша есептелген.

Қазақстан Республикасындағы жалпы өнеркәсіптің, тоқыма және кілем өнеркәсібінің, Алматы қаласындағы осы саланың дамуын, тоқыма және кілем бұйымдары бойынша экспортты және импортты, Алматы қаласындағы тіркелген жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін бағалай келе біз келесідей тұжырымдарға келдік:

-              Тоқыма  және   кілем өнеркәсібінің  дамуы  жалпы   өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда 2003 жыл мәліметтеріне сүйенсек,  көп кейінде қалып отыр:

а) рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша — 16,6%, тоқыма және кілем өнеркәсібі бойынша -2,5%;

ә)жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша -              27759 теңге, салада - 9095 теңге, Алматы қаласы бойынша - 15647 теңге ;

б) негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде - 41%, салада -51 %, Алматы қаласы бойынша —65,4 %-ды құрайды. Осы көрсеткіштердің даму сипаты тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.

Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының 73 %-ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл жерде киім ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаруға барлық тіркелген кәсіпорындардың 18 %-ы, былғарыдан бұйымдар жасауға және аяқ киім өндірісіне 9%-ы ғана маманданған (басқаша сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық қауіпті жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көңілге қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттық тауарларды тұтынамыз.

-              Ақырғы өнімнің экспорттық үлесі тоқыма және кілем тауарларының   көлемінде  5,3%-ды,   импорттық   үлесі -64,5 %- құрайды.   Сала   бойынша   тоқыма   шикізатын   (мақта талшығы, мақта-мата иірілген жібі, терілер, былғарылар) экспортқа шығарып, дайын   өнімді   импортқа   алып,   отандық   өңдеуші кәсіпорындар нарықта шетелдік  бәсекелестерімен баға, тауарлық     марка тұрғысынан күреске  түсе  алмай  отыр.  Бұл  жағдай, тұтынушылардың    импорттан тәуелді екенін (сәнді де солар анықтайды), азықтық   емес   тұрғыдан   экономикалық қатер бар екенін көрсетеді.

Микродеңгейде экономикалық қауіпсіздікті, оның Қамтамасыз етілу деңгейін келесі бөлімде "Алматы кілем" мысалдарында 1 - бөлімде ұсынылған әдістеме бойынша бағалаймыз.

 


2.2  «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа қарсы басқаруын талдау

 

Дипломдық жұмысымыздың негізгі объектісі  "Алматы кілем" АҚ-ы болып табылады.  Қазақстан Республикасының нарығында тоқыма және кілем  өнеркәсібі кәсіпорындарының жеткілікті санының бар екенін, тіркелгенін және қызмет етіп жатқанына көзіміз жетті. Солардың ішінен кілем өнімдерін шығаратын "Алматы кілем" АҚ-ының  дағдарысқа қарсы басқаруын  талдауды жөн көрдік .

"Алматы кілем" АҚ-ы өз бастауын 1936 жылдан "Ковровщица" артелінен алады. Компания Қазақстан Республикасындағы кілем және кілем өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өндірісі материалсыйымды болып табылатын классикалық жаккардтық кілемдер мен кілем өнімдерін дайындайды. Кілемдер өз технологиясы, әдеби-колористік бейнелеуі, тығыздығы бойынша қолдан тоқылған кілемдерден кем түспейді. Кілемдердің түпнұсқа өрнектері классикалық, сондай-ақ авангардтық стильде жасалады. Кәсіпорынның тәжірибесінің, жолға қойылған технологиясының және табиғи талшықтар үлесінің басым болуына байланысты кілемдер әдемі, тұтынуда дағдарысқа қарсы басқаруын көздейді, төзімді және жақсы жылу изоляциясы, дыбыс жұтқыштығы бар. Эксплуатацияға қолайлы, жанға жайлы және олардың бағасы орта деңгейлі тұтынушыға сәйкес келеді. Кілем өнімдерінің ассортименті кез-келген тұтынушының талғамын қанағаттандырады. Осы ретте кәсіпорын портреттерге, сувенирлерге, әкімшілік, қонақ үй және басқа да интерьерлерге жеке жоғары көркем суреттік тапсырыстарды орындайды. «Алматы кілем» АҚ-ы ТМД елдерінің ішіндегі саусақпен санарлықтай ені 4 метрлік кілемдер шығаратын кәсіпорындардың бірі. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда жабдықтаушылар желісі бар. Кілем фабрикасы республикадағы өндірістік масштабтағы кілем өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын қуаттылығы республиканың сапалы және жүннен тоқылған кілемдерге деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 15 мың тонна мақта талшығын өңдеуге жоспарланған. Негізгі жабықтаушылары болып Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шикізітын мақта талшығына өңдейтін 16 кәсіпорны табылады. Кәсіпорын жартылай фабрикаттарын тұтынушыларының қатарына Өскеменнің, Шымкенттің, Алматының, Талдықорғанның, Павлодардың, Ақтөбенің, Астананың, Атырау, Қарағандының тігін фабрикалары жатады. Дайын тігін өнімдерін негізгі тұтынушылар "Қазақстан темір жолы" жанындағы "Жолаушылар тасымалы" ЕМК-ы, қарулы күштер есептеледі. Кәсіпорында өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін автомобиль және қойма көлігі бар.

"Алматы кілем" АҚ-ында негізгі құралдардың жаңаруы кәсіпорынның Астана қаласындағы өкілдігіне жиһаздар және Қапшағай қаласында демалыс аймағы үшін жер сатып алынғаны есебінен болды. Машиналар және құрал-жабдықтар тобы бойынша 2004 жылы күрделі жөндеу жүргізілгендіктен олардың бастапқы құны артып отыр. Кәсіпорында құрал-жабдықтардың материалдардың жеткізілмеуінен, өндірістің дискретті жұмыс істеуінен бос тұрып қалуы алаң туғызады.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштері еңбек әлеуеті тұрғысынан оң деп бағаланады. Қарастырылып отырған  кәсіпорында "Алматы кілем" АҚ-ы бойынша жыл сайын жалпы персоналдың саны азайып отыр. Дегенмен, орташа айлық еңбек ақы мөлшері кәсіпорында  жыл сайын өсіп отырғаны байқалады. Оның үстіне, орташа айлық еңбек ақы мөлшері  Еңбек өнімділігі жыл сайын артып отыр. Қарастырылып отырған кәсіпорында еңбекті кешенді ұйымдастыру принциптерінің қолданылуы төмен деңгейде деп айтуға болады. Сондықтан, кәсіпорындарда жұмысшылардың өз қызметіне деген қызығушылықтарын арттыруға, ақырғы өнімнің сапасын арттыруға әрбір жұмыскердің араласудағы жауапкершілігін оятуға ұмтылу қажет.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қызметкерлерді басқару тұрғысынан талдағанда, басқару аппаратының жаңашылдыққа бейімділігіне, өндіріске ноу-хауды енгізуіне, корпоративтік рухты қалыптастыруға ұмтылуына, қызметкерлерді ынталандыру жүйесіне назар аудардық. Зерттеулеріміз бойынша, "Алматы кілем" АҚ-ында керек қадамдар енді жасалып жатқанына, басқару кейбір позициялар бойынша нарық талаптарына сай келе бермейтіне көз жеткіздік. Сондықтан, "Алматы кілем" АҚ-ы экономикалық басқару тұрғысынан экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету, қызметкерлерді басқару экономикалық қауіпті деп шештік.

Оған орай: "Алматы кілем" АҚ-ы жұмыскерлер саны бойынша орта кәсіпорындарға жатса, ал ірі кәсіпорынға жатқызылатын өзгерістерге оңтайлы, нарық құбылмашылығына икемді болмауын да ескеру керек. Кәсіпорынның мәліметтері негізінде есептелген коэффициенттер бойынша "Алматы кілем" АҚ-ының қаржылары экономикалық қауіпсіз деңгейде орналасқан деп сипаттауға болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған материалдардың көзқарастары әртүрлі. Бір авторлар кәсіпорынның қызметін, кәсіпорын басшылығының көзқарастарын ақтап ойларын білдірсе, екінші авторлар банк қозғалысын жақтап шығады .

Біз кім қалай десе де, осы шиеленістің кәсіпорынға қолайлы болмағанын айтқымыз келеді. Себебі, біріншіден, кәсіпорынның имиджіне сөз келсе, екіншіден тоқыма компаниясының инвестициялық тартымдылығына нұқсан келді. Сондай-ақ, жабдықтаушылар мен тұтынушылар тарапынан кәсіпорынның болашағына деген сенімсіздік туады.

Шығындарды басқарудың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы шығындарды азайтудың резервтерін анықтауға мүмкіндік туады. Осы ретте "Алматы кілем" АҚ-ы өнімінің мысалында өнімнің өзіндік құнына талдау жүргізілді.

 

11 кесте - Кәсіпорындардың қаржылық  қамтамасыз ету көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

нормативті мәні

"Алматы  кілем" АҚ- ы

2004 ж

2005 ж

1.

Тәуелсіздік коэффициенті

0,5-0,6

0,6556

2.

Тәуелділік коэффициенті

0,4-0,5

0,3444

3.

Қаржылыңдыру коэффиценті

>1

1,9039

4.

Қарыз және меншік қаржыларының өзара катынас коэффициенті

<1

0,5252

5.

Инвестицияларды жабу коэффициенті

0,9-0,75

0,8980

6.

Инвестициялау коэффиценті

>=0,5

0,7790

7.

Оңтайлаңдыру коэффициенті

>=0,5

0,3099

8.

Запастар мен шығындарды меншік көздерімен камтамасыз  ету  кэффициенті

>-0,6-0,8

0,6578

9.

Қысқа мерзімді коэффициенті

-

0,2961

10.

Кредиторлық карыз коэффициенті

-

0,2436

11.

Дебиторлық және кредиторлық карыз қатынасының коэффиценті

2\1

2,5857

Ескертпе: Кәсіпорындардың мәліметтері бойыншаесептелген

12 кесте -"Алматы кілем" АҚ-нда кілемнің өзіндік құнының көрсеткіштерінің талдау

(1 шаршы метрге)

Көрсеткіштер

 

 

2004 жыл

2005жыл

 

 

теңге

%

теңге

%

1

Шикізат және материалдар

601,17

44,1

461,52

44

2

Өндірістік шығындар

379,55

27,8

293,69

27,9

3

Амортизация

39,38

2,8

30,42

2,9

4

Негізгі құралдарды жөндеу

68,28

5

52,45

5

5

Салықтар

138,74

10,2

104,89

10

6

Әкімшілік шығындар

62,1

4,6

47,2

4,5

7

Ғылымға шығындар

33

2,4

25,17

2,4

8

Сақтандыру шығындары

24

1,8

18,88

1,8

9

Несиеге төленген шығындар

10,5

0,8

14,68

1,4

10

Жалпы толық өзіндік кұн

1362,7

100

1048,9

100

11

Сатылым бағасы

1368

100,4

1446,2

137,8

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ