Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 15:57, дипломная работа

Описание

Дипломдық жүмыстың мақсаты кәсіпорындардың қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22


ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58



Қорытынды....................................................................................77

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................81

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ. ДИПЛОМ.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)

Бір сөзбен айтқанда, 2009 жыл Қазақстанның қаржы секторы тұрақтандырылған жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, жыл басында айтылған торыққан болжамдардың барлығы теріске шығып, банк секторы дефолтқа ұшыраған жоқ. Керісінше қиын-қыстау кезеңде мемлекет қолдауының арқасында Қазақстанның банк секторы әлемдік қаржы дағдарысының қысымына лайықты төтеп берді. Ал әгарәки мемлекет қол ұшын бермегенде, онда банктер банкротқа ұшырап, миллиондаған қазақстандықтардың қалталарымен қоса жүйкелері де жұқарып, әлеуметік көңіл-күй ширыға түсер еді. Абұйыр болғанда мемлекет шапшаң қимылдап, тиімді шешім қабылдай білді.

Қорытындылай келе, дағдарыс кезiнде қаржылық ұйымдар мемлекеттiң меншiгiнде болуы тиiс. Нарықтық экономика жағдайында қаражаттың мақсатты бағытқа дер кезiнде жұмсалуы және жетуi үшiн қаржылық ағынды тиiмдi басқаруға баса назар аударылады. Мұндайда маңызды рөл атқаратын – мемлекет. Осы себептi, банк жүйесiндегi мемлекеттiң ықпалын күшейтiп, олардың белгiлi бiр бөлiгiн мемлекеттiк меншiкке өткiзу қажет болатын. Былтыр Үкiмет екiншi деңгейлi 4 банктiң 25 пайыз қарапайым акцияларын – 1 млрд. долларға, ал қосымша қаражат тартуды мақсат ететiн акциялар мен облигацияларын 3 млрд. долларға сатып алу туралы мәселе көтергенде, банктердi несиелеуге қажеттi қаржымен қамтамасыз ете отырып, ел экономикасының негiзгi салаларына қаржылық тұрғыда қолдау көрсетудi көздеген. Бiрақ бәрi керiсiнше болды. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорынан бөлiнген 10 млрд. доллардың 7 млрд. доллары – банктерге, 3 млрд.-ы құрылыс компанияларына бұйырды. Басқаша айтқанда, халық қазынасынан бөлiнген қыруар қаржы билiк төңiрегiнде жүргендердiң қанжығасында кеттi.

Макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтылығы, инфляция деңгейi, жалпы iшкi өнiм көлемiнiң барысы да инвестициялық ахуалға әсер ететiн шешушi факторлар. Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айында орташа жылдық инфляция 7,8 пайызды құраған. Ол 2008 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 11,4 пайыздық тармаққа төмен. Үстiмiздегi жылы қыркүйекте 2008 жылғы желтоқсанға қарағанда инфляция 4,7 пайызды құраған. Бұл 2008 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 3,7 пайыздық тармаққа төмен. Иинфляциялық үдерiстердi реттеу бойынша қабылданған шаралар тұтыну нарығында бағаның өсуiн тежеуге әсер еттi.
Сол секiлдi iшкi жалпы өнiм көрсеткiштерi де көңiлге үмiт ұялатады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елiмiздегi iшкi жалпы өнiмнiң өсуi 1,5 пайызды құраған. Жалпы алғанда экономикадағы оң үрдiстердiң нығаюы жыл қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiндiгiн көрсетедi.
Әрине елдегi қолайлы ахуалдың сақталуы өзiнен-өзi болып отырған жоқ. Мәселеге дер кезiнде назар аударып, уақтылы шешiмдер қабылдап, оны тиiстi қаражатпен қамтамасыз ете отырып, жұмысты үйлесiмдi түрде жұмыла атқарудың арқасы. Елбасымыздың жүргiзiп отырған саясатына, атқарушы билiктiң дағдарысқа қарсы атқарып жатқан кәсiпқой iс-қимылына тiкелей байланысты. Үкiметтiң дағдарысқа қарсы сауатты жұмысы өз жемiсiн беруде. Бұл экономиканың жанданып, өндiрiстiң баяу болса да өсуiнен көрiнедi. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүргiзу нәтижесiнде, елiмiзде жұмыс орындары сақталды. Жұмыссыздық көлемi кемiдi. Банктер жұмысы жүйеге түсiп, кредиттер берiле бастады. Баға тұрақтанды. Әлеуметтiк қамсыздандыру әлсiреген жоқ, керiсiнше күшейе түстi.

Елiмiзде дағдарысқа қарсы арнайы бағдарлама жұмыс iстеуде, оған осы мақсатқа деп жинақталған Ұлттық қордан тиiстi қаражат бөлiнген. Ол нақты нәтижесiн көрсетуде. Әрине кез келген қарапайым халықтың екіден бірі, «Банк жүйесi күйрейдi, жұмыссыздық көлемi өседi, өндiрiс күрт құлдырайды» деген секiлдi терiс жорамалдар жасаған едi. Бірақ бұндай жағдайдың орын алуына жоб берілмеді. Бұның бәрi дағдарысқа қарсы қабылданған бағдарлама бойынша күнделiктi тынымсыз жұмыстың жемiсi.
Әрине, қайта қалпына келу деген ұзаққа созылатын процесс. Әрi бұл әлемдiк экономиканың оңалу деңгейiне де байланысты. Дағдарыстың екiншi толқыны жүруi де ықтимал. Жаман айтпай жақсы жоқ. Егер дағдарыстың толқыны қайыра соғатындай болса, соған дайындық жасаған ләзiм. Сондықтан көрiнiс бере бастаған экономикалық өсiмнiң қарқынын тоқтатпау, оған қуатты әрi ұзаққа созылатын әсер беру iсi маңызды болып қала бермек. Бұл үшiн экономиканы әртараптандыру, бизнеске қолдау көрсету, инвестициялық ахуалдың қолайлылығын сақтау iсiн жалғастыра берген жөн деп есептейміз.

 

 

3.3 Дағдарыстарды       мемлекеттік         реттеу:  шетел және          отандық     тәжірибелері

 

Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі .

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады .

Дағдарысқа қарсы басқару үрдістерін мемлекеттік реттеудің дамыған елдердегі тәжірибесін талдай отырып, қолданылатын тәсілдердің ортақтығына қарамастан әр мемлекеттің заңдылығы ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, қалыптасқан менталитетті, этикалық дәстүрлерді  ескеретінін   айта   кету   орынды    сияқты .

Біз осы зерттеу жұмысымызда нарықтық экономикалы, транзитты экономикалы елдердің және Қазақстан Республикасының дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибелерін  қарастыра отырып, кәсіпорын үшін оңтайлы, ұтымды жақтарын анықтауға, жалпы дағдарысқа қарсы заңдылықтарды қандай да бір белгілері арқылы жіктеуге тырыстық.

Осы жерде мынадай орынды сұрақ туады - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қандай белгілермен бағаланады және қандай көрсеткіштер бойынша дәрменсіздікті алдын-ала болжауға болады?

Жалпы түрде, кәсіпорынның банкроттығының ресми белгілері борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі-яғни төлем қабілетсіздігі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу үрдісін бастау үшін төлем қабілетсіздік белгісі Германияда- кәсіпорынның өзінің тез өтімді қаражаттарынан көп соманы 1 ай ішінде төлемеуі, Францияда несиегер куәлаган төлемді тоқтату фактісі, Англияда шаруашылық жүргізуші субъект бір немесе бірнеше қарыздар бойынша ең кемі 750 фунт стерлинг, АҚШ - та 5 мың доллар борышы болу керек. Бұрынғы социалистік елдерде банкроттықтың ресми белгілерін-дәрменсіздікті белгілеуде негізгі назар уақыт аспектісіне жасалады. Мысалы, Болгарияда, дәрменсіз болып, 60 күн бойы өз міндеттемелерін банк шоттарында ақша қаржылары болмағандықтан орындамаған фирма - төлем қабілетсіз деп жарияланады. Венгрияда дәрменсіз болып, мойындаған қарызын 60 күн ішінде немесе талап қойғаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге кедергі болған себептерді кредиторға үсынбаған борышкер табылады. Румынияда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнмен шектеледі. Басқа бұрынғы социалистік елдермен салыстарғанда дәрменсіздік институты ұзағырақ қызмет ететін Чехия мен Польшада банкроттықтың ресми белгілері-кәсіпорынның бірнеше кредитор алдында өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі болып табылады. Ресей мемлекетінде, Қазақстан Республикасында үш ай мерзімде өз міндеттемелері бойынша төлем төлемеуі саналады.

Банкроттықтың ресми белгілерімен қатар, мүмкін банкроттықты білдіретін ресми емес белгілері бар. Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы елдердің бірі - Германия мысалынан бастадық. Ел экономикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің
жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру шығындарын               анықтайды.              Осындай макроэкономикалық тенденциялар төлем              қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру, әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі. Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем дегенде 35 % - ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.

Германияда, банкроттық механизм жетік әзірленген. Арбитрлық соттың конкурстық өндірісті ашуына негіз болып кредиторлардың немесе борышкердің өз арызы табылады. Кәсіпорын басшылығының арызды өз уақытында бермеуі қылмыс ретінде қабылданады-мемлекет төлем қабілетсіз элементтердің экономикадан кетуін қатаң бақылайды. Барлық сұрақтар кредиторлар жиналысының бақылауымен қызмет ететін конкурстық басқарушының құдіретіне жатады.

Заң жүзінде несие қарызын жабудың келесі кезектілігі белгіленген:

                       мемлекетке салық борыштарын өтеу;

                       әлеуметтік төлемдер, оның ішінде еңбек ақы (Германияда азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесі әрекет етеді, жұмысшыларға еңбек ақы қарыздарын төлеуге    кәсіпорында қаражат жетпеген жағдайда мемлекет төлейді);

                       басқа да несиегерлер.

Дегенмен, коммерциялық банктермен несиелеу, әдетте, жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы жүргізілетіндіктен, конкурстық өндірісті ашқан кезде кепілден бос мүлік аз қалады. Сондықтан, кредиторлар шешімінің кең таралған түрі болып кәсіпорын санациясын жүргізу табылады.

Неміс заңдылығы конкурстық өндірісті екі талап орындалған жағдайда қарастырады: банкпен несиелеу тоқтатылғанда және активтерден пассивтер артып кеткен жағдайда. Елдің жоғары сотының шешіміне сәйкес, кәсіпорынды, егер оның активтері қарыздарын өтемесе немесе өз дамуына негізделген дәйекті бизнес-жоспары болмаса банкрот деп табады.

Әрине, кәсіпорынның дәрменсіздігін анықтаудың мұндай критерийлері    өте    қатал.     Сондықтан,     кәсіпорынның    нақты қаржылық жағдайын анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау жолымен жүргізіледі:

                       кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық - құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін   қалыптастыратын құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;

                                                               кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын  талдау өндіріс жағдайларының    және    өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;

                       кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау
барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны анықталады;

                       кәсіпорынға   қаржы  ресурстарының  қажеттілігін   талдау және қаржылық  жоспарлау  кәсіпорын   активтерін   бағалауға,   олардың өтімділігін, нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың стратегиясын бағалауға және бизнес - бағдарламаны   қаржыландырудың   ең   тиімді   көздерін   анықтауға бағыттылған;

                       ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін, менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның    біліктілік   деңгейін,  акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;

                       кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор - салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі, бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің әсері.

Осы аталған факторлардың және заңдылықтың ресми мөлшерлерінің жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.

Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше құқықтық нормаларды бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару органдарын күштеп жою.

Германия тәжірибесінде белгіленгендей кәсіпорынды қаржылық сауықтыру нысандарына ұқсас, бұл нормалар дәрменсіз фирмалардың құрылымын қайта құрудың қатаң шараларын реттейді. Банкроттық- басқару және бақылау функцияларын меншік иесінен тартып алуды, сондай-ақ оның мүлкін тікелей сатуды  қарастыратын  ең  өктемді  шара  болып  табылады.   Оның үстіне, Италия банкроттығының еркіндік саясын және банкроттық құқық қабілеттілігін шектейтін дербес салдары бар.

Кредиторлармен келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар шарттарды орындаған соң кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе басқа заңмен белгіленген кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін ымыралы шешім болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін бақыланатын басқару болып табылады.

Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.

Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық. капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ