Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 15:57, дипломная работа
Дипломдық жүмыстың мақсаты кәсіпорындардың қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Кіріспе.................................................................................................3
I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22
ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
Қорытынды....................................................................................77
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................81
Ескертпе: Кәсіпорьш ақпараттары бойынша дайындалған
Осы ретте кәсіпорын капиталының, инвестициялардың тиімділігін бағалау орынды. Талдау жүргізіліп отырған тоқыма және кілем кәсіпорындарына тартылған инвестициялардың жалпы капиталдың рентабельдік көрсеткіштері бағаланды.
18 кесте - Кәсіпорындардағы 2005-жылғы капиталдың рентабельділік көрсеткіштер деңгейін бағалау
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | "Алматы кілем"АҚ |
1 | Қарыз капиталының рентабельділігі | % | 0,82 |
2 | Меншік капиталының рентабельділігі | % | 8,58 |
3 | Инвестицияланған капитал рентабельділігі | % | 5,7 |
4 | Қаржылық тетік | % | 0,03 |
Ескертпе: Кәсіпорын ақпараттары бойынша дайындаған автор.
"Алматы кілем" АҚ-дарындағы қарыз капиталының рентабельділігі 2005 жылы 0,82 —ден 3,9 арасында анықталған. Бұл көрсеткіш кәсіпорынға тартылған несиелердің нақты құнын анықтамайды, себебі бұл жерде салық төлеуден болатын үнем көрсетілмейді. Кәсіпорындар қарастырылып отырған мерзімде қысқа мерзімді несиелерді айналым капиталындағы ақша қаражаттарының аздығынан қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге алып отырған.
Қарастырылып отырған мерзімде меншік капиталының рентабельділігі "Алматы кілем" АҚ-нда оң шаманы меншік капиталын тиімді пайдалану мақсатында шаралар жүргізу керектігі анықталды. Кестеде қаржылық тетік кәсіпорын айналымына қарыз тартқаннан меншік капиталының қанша пайызға көрсетеді. Осы ретте кәсіпорындардың қарыз қысқа мерзімге, айналым капиталына емес, ұзақ мерзімге және ұзақ мерзімге капиталға салынғаны тиімді болар еді. Зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімінде "Алматы кілем" АҚ-ның мысалында инвестициялық жобаны есептеу арқылы, инвестициялардың тиімділігін көрсетпекпіз.
"Алматы кілем" АҚ-ның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды бірінші бөлімде ұсынған әдістеме арқылы талдау қорытындыларын, жиынтық экономикалық бағасын 19 кестеде шоғырландырдық.
19 кесте -Кәсіпорындардың жиынтық экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды бағасы
№ | Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды құраушы көрсеткіштер | "Алматы кілем" АҚ-ы |
1 | Өндіріс әлеуеті дағдарысқа қарсы басқаруды | - |
2 | Еңбек әлеуетінің дағдарысқа қарсы басқаруды | + |
3 | Шығындарды дағдарысқа қарсы басқару | + |
4 | Өндірістік дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалу | - |
5 | Өнім дағдарысқа қарсы сапасы және бәсеке қабілеттілігі | + |
б | Инвестициялар және инновациялар дағдарысқа қарсы басқару | - |
7 | Қаржылық қауіпсіздік | + |
| Іскерлік белсенділік кауіпсіздігі | + |
9 | Барлығы | + |
Ескертпе:
1. "+" —экономикалық қауіпсіз деңгейде;
2. "-" —экономикалық дағдарыс жағдайында.
Маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері кәсіпорын дағдарыс жағдайында деп бағаланса ғана есептелетінін бірінші бөлімде сипаттағанбыз.
19-кесте мәліметтері "Алматы кілем" АҚ-ның, қызметтерін экономикалық қауіпсіз. Бұл жерде ағымдағы өтімділік коэффиценті тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорыны болмауы керек. Сол жағдайда ғана кәсіпорынның қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қабілеті бар деп есептеледі.
Дипломдық жұмысымызда кәсіпорындағы бизнес-реинжиниринг үрдісін өткізу бағыттарын, тоқыма және кілем өнімдері әлемдік нарығының қазіргі жағдайы және дамуы жолдарын және кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын нығайту жолдарын қарастырамыз.
3.2 Қазақстан экономикасының әлемдік дағдарыстың әсеріне қарсы тұру шаралары және оны жетілдіру шаралары
АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы соңғы уақытта Еуроодақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржы нарығын түралатып тастады. Ресейдегі, өзге де көршілес елдердегі қаржы дүмпуінің нақты экономикаға қалай әсер етіп жатқанын көзіміз көріп отыр. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өтпеді. Бізге де қамданбаса болмайды. Үкіметтің 2009-2010 жылгы жұмысының басты бағыты осы болуы тиіс. Елбасы өз сөзінің қазақша кіріспесіндегі түйінінде атап көрсеткеніндей, "қамданбаса болмайды". Үкіметтің, Ұлттық банктің, өзге де мемлекеттік органдардың дер кезінде тиісті іс-шаралар қолдануының аркасында, деп Нұрсұлтан Әбішүлы қадап айтқанындай, мемлекетіміз қамсыз отырмаған екен.
Тұтастай алғанда 2007-2008 жылдары экономикаға қолдау көрсетуге Президенттің тапсырмасы бойынша 540 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл - 2008 жылғы болжанып отырған ІЖӨ көлемінің үш жарым пайыздан астамы. Сонда орасан зор қаржы қайда жұмсалған? Тұрғын үй рыногын тұрақтандыруға 175 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл қаражат бірінші кезекте үлескерлерге қолдау білдіруге жұмсалды, деді Президент. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 2008 жылы 135 миллиард теңгедей бөлінген. Шағын жэне орта бизнесті қолдауға 2008 жылы барлық көздерден 165 миллиард теңгеден астам бөлінді.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау білдіру үшін 2008 жылдың республикалық бюджетін нақтылау кезінде екінші жарты жылдықтан бастап базалық зейнетақының мөлшері 14 пайызға ұлғайтылды. Ең төменгі зейнетақы төлемдерінің мөлшері 24 пайызга өсті. Мемлекет басшысы бұдан әрі қазіргі экономикалық жағдайға тоқталып өтті. Экономиканың тұрақты бес пайыздық өсімі бар, бұл орташа әлемдік өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыздан аспайды. Экономикаға салынған инвестицияның артуы 10 пайызды құрады. Тұтастай алғанда тұрақтандырушы бағалар, үстіміздегі жылдың қыркүйегіндегі инфляция деңгейі 2007 жылғы желтоқсанға қарағанда 8,1 пайызды қүрады, бұл жыл қорытындысы бойынша инфляция 10 пайыздан аспайтын мөлшерде болады деп үміттенуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі қиын экономикалық жағдайда іске асырылғанына қарамастан, біз өз резервтерімізді сақтай алдық. Мәселен, осы жылдың 1 қазанында елдің халықаралық резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі 51 жарым миллиард АҚШ долларынан асып түсіп, жыл басынан бері 34 пайызға үлғайған.
Елбасы мемлекеттің ең күрделі экономикалық сынақтарды қарсы алуға әзір болғанын айта келіп, Үкіметтің, Ұлттық банктің жэне Қаржылық қадағалау агенттігінің өткен кезеңнің басты міндетін - экономиканың өсу қарқынының кілт құлдырауына және қаржы жүйесінің дағдарысына жол бермеу міндетін атқара алды деп санайтынын атап көрсетіп, олардың жұмысына қанағаттанатынын білдірді.
Сонымен қатар қаржы рыноктарында өткен жылда басталған оқиғалар әлемдік қаржы дағдарысы сипатына ие болғаны белгілі. Президент сарапшылар бұл жолғы дағдарыстың аукымы мен әсер ету деңгейі жөнінен тіпті өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ұлы дағдарыстан да терең болатынын айтып отырғанын алға тартты. Дағдарыс банктерді ғана емес, сонымен бірге экономиканың нақты секторын қамтып отыр. Компаниялар мен қаржы институттары банкрот болғанын жариялауды жалғастыруда және орасан залалдар шегуде. Америка мен Еуропаның күні кешеге дейін мызғымастай болып келген аса ірі банктері бүгінде не банкротқа ұшыраған, не мемлекет меншігіне алынуда. Айталық, ХВҚ бағалаулары бойынша, АҚШ-та орналастырылған қаржы құралдарының залалдары 1,4 триллион АҚШ долларына дейін өседі. Тұтастай алғанда, соңғы бір жарым айда американ компанияларының акциялары кұндық тұрғыда үш жарым триллион доллар дерлік жоғалтқан.
Осының бәрі әлемдік каржы жүйесін басқаша қалыптастыруға мәжбүрлеуде. Соңғы жүз жыл бойына қалыптасқан оның сыртқы сұлбасы біздің көз алдымызда өзгеріп барады. Көп кешікпей бұл жүйе мүлде басқаша болып құрылады. Қазақстанның жаһандық экономикамен тығыз интеграциялануы себепті бізде әлемдік қаржы дағдарысының салқыны білінбей қоймайды. Олай болса, біз басқа, біз үшін дағдылы емес экономикалык ортада әрекет етуге әзір болуға тиіспіз.
Көптеген мамандардың пікірінше қаржы дағдарысынан Америка экономикасы келер жылдың басынан бастап толық шығатынын алға тартып отыр. Американың экономикасының өсуі, дағдарыстан шығуы – шикізатқа деген сұранысты арттырады. Біз – енді шикізатты елміз ғой. Мұнай, газ, қара металдарға сұраныс артса, экономикамыздың тұрақты өсу бағытына жол ашылады. Оған кемінде жарты жыл уақыт керек, яғни біз 2010 жылдың екінші жартысынан бастап тұрақты даму жолына шыға аламыз. Қаржы жүйесіне келетін болсақ, дүниежүзіндегі банктерде жақсы нышандар көріне бастады. Бірақ аталмыш жүйенің дағдарыстан қашан шығатыны әлі белгісіз. Еліміздегі ірі банктердің екеуі банкрот болудың алдында тұр. Бүгінде алғашқы келіссөздер ғана жүргізілді. Келіссөздің іске асуы оған қанша қаржы салынады, қандай инвесторлар келеді, қаржының өтелуі сияқты факторларға байланысты. Қарыз толық өтелмей, банк жүйесі тұрақты даму сатысына шыға алмайды. Сондықтан ол күзде қабылданатын Үкіметтің қаржы саласын дамыту саясатына байланысты. Сонда дамудың жаңа стратегиясы анықталады. Қазір шетелдік инвесторлар келгелі жатыр, банктеріміздің бірін Ресейдің Жинақ банкіне сатқалы жатырмыз. Бұйыртса, мемлекеттік банктер пайда бола бастайды. Қазіргідей жағдайға жеткеніміздің бірден бір себебі – бәрін жекешелендіріп асығыстық жасағанымыз. Ресей алпауыт банктерін мемлекеттің қолында сақтады. Қытай реформалар жүргізе келе, банк жүйесінің негізгі арқауы мемлекеттік банктер болуына қол жеткізді. Қытайдың немесе Жапонияның банктерін алып қарайықшы, әртүрлі банктер бар: дамушы банктер, сауда банкі, ауыл шаруашылығы банкі, пошта банкі. Ал бізде шала сауаттылық, нарыққа көз жұма қараудың салдары бүгінгідей жағдайға алып келді. Жалпы, еліміздегі банктердің қаржы рейтингтері әлі төмен. Сыртқы қарыздарымыздан құтыла алмай отырмыз. Ішкі мәселелеріміз шешілген жоқ. Қазір еліміздегі банк жүйесі қиын-қыстау кезді бастан кешіруде. Онымен күресуде үлкен шаруалар атқарылып жатыр. Негізінен, БТА мен Альянс банктің жағдайына байланысты жалпы еліміздегі банктердің көрсеткіштері төмен болып отыр. Онымен қоса, банктер сапасы төмендеп барады. Алайда біртіндеп банктер жағдайын жақсарта бастайды деген үміт те жоқ емес. Шамамен екі жылдан кейін бірте-бірте банк жүйесінің жағдайы жақсара бастауы мүмкін.
Ең бастысы - дағдарыстың дабылы көш жерден естілген кезеңде де елдің ырысы шайқалған жоқ. Құдайға шүкір, тумысында уызға жарыған халық болғандықтан, аузымыз ақтан арылмады. Әлеуметтің әлеуеті әлсіреген жоқ. Тұтастай алғанда ертең тарихқа айналатын 2009 сиыр жылында да еліміз дағдарысқа қарамастан саяси, әлеуметтік-экономикалық һәм мәдени-гуманитарлық, спорт, сондай-ақ басқа да салаларда ауыз толтырып айтатындай табыстарға жетті. Бұлай деуімізге мына цифрлар айғақ бола алады: дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қазақстан экономиканы сауықтыруға бас-аяғы 14 млрд. АҚШ долларын жұмсап үлгеріпті. Соған қарамастан, еліміздің алтын-валюта қоры ортайған жоқ. Мәселен, ол 2008 жылдың соңында 48 млрд. АҚШ долларын құраса, бүгінде 52 млрд АҚШ долларына жетіп отыр. Яғни, жұмсалған шығындарға қарамастан, Ұлттық қордың қаржысы өсті. Бұның өзі мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін білдірсе керек. Бұдан бөлек, биыл халықаралық ынтымақтастық аясында Оңтүстік Корея, Қытай, Италия, Франция, Түркия және Беларус компанияларымен Қазақстан аумағында құны 25 млрд. АҚШ долларынан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластық жасалды. Бұл дағдарысқа қарамастан шетелдік инвесторлардың Қазақстан нарығында жұмыс істеуге аса ықыласты болып отырғандығының айғағы. Бұдан Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын байқауға болады. 2009 жылы Қазақстан экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасайтын, елге капитал ағымының үдеуіне ықпал ететін жаңа Салық кодексімен жұмыс істей бастады. Бұдан бөлек 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін тиімді құрал бола алды.
Банк секторының бақуаттылығы ел экономикасының негізгі тірегі. Ашығын айтқанда, дағдарыстан Қазақстанның экономикасының басқа нақты секторларына қарағанда қаржы секторы айтарлықтай зардап шекті. Сондықтан да банк секторының басынан бағы таймасы үшін Үкімет Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жыл басында бірқатар қатаң шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шешімдердің негізгі мақсаты - экономиканың игілігін, халықтың қамын ойлауды көздеді. Сөйтіп мемлекет жыл басында «БТА», «Альянс банкі», «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» сынды еліміздегі ірі жүйе құрушы банктердің капиталына кіру жайлы шешім қабылдады. Үкіметтің қаулысымен «Самұрық-Қазына» қоры дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы ретінде ұйғарылып, Ұлттық Қордан осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген 1 трлн. 87,5 млрд.теңгенің 486 млрд. теңгесі қаржы секторын тұрақтандыруға бағытталды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы бағыты - қаржы секторын тұрақтандыру үшін жоғарыдағы ірі төрт банкке 476 млрд. тенге бөлінсе, оның бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға, келесі бір бөлігі экономиканы несиелеуге бағытталды. Бөлінген бұл қомақты қаржылар өз кезегінде банктердің төлемпаздығын сақтауға және экономиканы несиелеуге септігін тигізді. Бұдан бөлек келіссөз жүргізуші команда «БТА», «Альянс» және «Темір банк» сынды қаржы институттарының сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау бойынша шетелдік кредиторлармен табысты уағдаластыққа қол жеткізді. Еліміздегі ірі банктер БТА, Альянс және Темір банк сынды үш проблемалы банктер бойынша сыртқы кредиторлармен келіссөз жүргізуші команда приципті шешімдерге қол жеткізе алды. Альянс банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау бойынша 100 пайыз шешім қабылданды. БТА мен Темір банк бойынша принципті келісімдерге қол жеткізілді. Ендігі жерде заңдық процедуралардан өту ғана қалды. Тұтастай алғанда осы үш банк бойынша, мен цифрларды жинақтап айтып отырмын, 15 млрд. доллар қарыздың 10 млрд. доллары жабылатын болады. 5 млрд. доллар қарыз қалады.
Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ