Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 14:26, реферат

Описание

Баға стратегиясы дегеніміз – бұл кәсіпорын үшін барынша үлкен табысты қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше баға нұсқаларынан тиімді бағаны таңдап алуын айтамыз. Баға қалыптасуының қазіргі таңдағы тәжірибесінде баға стратегияларының тармақталған жүйесі қолданылады. Оның жалпы бейнесі 2.1-суретте берілген.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Негізгі бөлім..........................................................................................................4
1. Кәсіпорындағы баға стратегиясы..............................................................4
2. Салалардағы тарифтік жүйелер.................................................................7
3. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері және арттыру
жолдары……………………......................................................................16

Қорытынды..........................................................................................................19
Әдебиеттер тізімі................................................................................................20

Работа состоит из  1 файл

1 ргр по экономике.docx

— 161.05 Кб (Скачать документ)

    Біріншіден, дамыған елдермен салыстыруға келмейтін  отандық кәсіпорындарға мемлекеттік  тарапынан көрсетілетін қолдау. Бірінші  кезекте, бұл жерде ішкі нарықтың дамуына себеп болатын және отандық  тауар өндірушілердің халықаралық  деңгейде мүдделерін қорғайтын мемлекеттік  нормативтік құжаттардың, территориялық  экспорттық баж салықтары мен  жеңілдіктерді керек кезінде  қабылдануы түсінуге болады.

    Отандық тауарларды қорғаудың протекционистік  шаралары микродеңгейдегі жағдайдың  жақсаруына дейін жүзеге асыру қажет. Мұндай бағыт кәсіпорындар үшін сауданы  ырықтандырудан және ішкі нарықтың толық  ашықтығынан қолайлырақ болып келеді, өйткені бұл оларға өздерінің  өміршеңдігін сақтап қалуға, өндірістік құралдарға салмақ түсірмеу мәселелерін  шешуге және олардың өндірістік жұмыстар атқаруын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Алайда, бұл жерде кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың  нағыз бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету процессін тежеп тұрған кемшіліктер  жеткілікті.

    Екіншіден, технологиялық жағынан артта  қалғандық. Өнеркәсіп саласындағы  көптеген кәсіпорындар негізгі құралдардың  жоғарғы деңгейдегі табиғи немесе моральдық  тозуына байланысты өндірістік құралдарды түбегейлі қайта құруға және жаңаландыруға  мұқтаж болып отыр. Осы орайда Қазақстанның өнепкәсіптік кәсіпорындарының өндірістік құралдары техникалық деңгейі бойынша  алдыңғы қатардағы мемлекеттердің кәсіпорындарынан тым артта қалып  келеді.

    Үшіншіден, қаржы менеджерлерінің, маркетингтік мамандардың, брокерлер мен дилерлердің  жетіспушілігі. Елімізде қаржы нарығы (несие нарығы, құнды қағаздар нарығы) қызмет етуде, қаржы нарығының кәсіпқой қатысушылары да баршылық, қаржы құралдары  да айналымда бар. Алайда, қаржы активтерімен (бірінші кезекте фьючерстермен  және опциондармен) сауда жасау әрекеттері, өкінішке орай, дамыған елдермен салыстырғанда, төмен деңгейде.

    Төртіншіден, құнды қағаздар нарығының бәсекелестік қабілеті. Барлық елдерде қор нарығы жаңа мәселелермен, атап айтқанда, басқа  нарықтар тарапынан бәсекелестікпен, қақтығысуда. Бұл қысым қор нарықтарын өзінің ішкі құрылымын болып жатқан өзгерістерге икемдеуге итермелейді. Сонымен қатар, нарықты барынша  икемдеуге және технологиялық дамытуға ауқымды инвестициялық бағдарламалар  қажет, ал бұл өз, кезегінде, ірі көлемдегі  қаржы салымдарын қажет етеді.

    Жоғарыда  аталған факторлар, сонымен қатар  отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің күшті жақтарын бағалау, еліміздегі кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

    Бәсекелестік  – экономиканың тиімді дамуы мен жұмыс істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясатының негізгі міндеті – экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал етуге тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 Қорытынды 

     Тариф мемлекет тарапынан реттеледі. Қай саланы алсақ онда тарифтік жүйе бар. Мысалы: энергетика, су жүйесі, ұялы байланыс, еңбекақы, теміржолда және т.б. Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді  оңтайлы     ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының  бәсекеге қаблеттілігін қамтуға мүмкіндік береді. Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуының мақсаты кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі қызметкердің еңбектік салымы мен еңбекақы төлеу шамасының  арасындағы сәйкестілікті қамтамассыз ету, яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту. Су мәселесінетарифтердің жаңа жүйесін енгізу мақсаты –су ресурстарын үнемдеу мен еліміздің қалалық су арналарының тиімділігін арттырады. Жалпы су ғана емес, энергетикада болсын бұл тарифтер арқылы адамдарды үнемдеуге ынталандырады, белгілі бір нормамен төлеуге үйретеді. Қандай сала болмасын жүргізілетін тарифтік саясаттың экономикалық та, әлеуметтік мәні өте зор.

     Бәсекелестік  саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу тәжірибесінің шектен тыс  шоғырлануы мен өсуі жайлы мәселелерді  шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатның  негізгі бағыттары:

     - монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту  және монополиялық тауарлар мен  қызмет көрсетулерді жеткізу,  басқа кәсіпорындардың тауар  және қаржы нарықтарына кіруіне  кедергі жасау, нарық субъектілері  және олардың бірлестіктерін  құру, қайта ұйымдастыру, тарату, нарық субъектілерінің жарғылық  капиталындағы акцияларды (үлестерді,  пайларды) сатып алу жөніндегі  монополистер әрекеттерінің жолын  кесу арқылы басым жағдайға  ие болуына нарық субъектілерінің  асыра сілтеуіне жол бермеу;

     - бірыңғай тарифтер мен бағаларды  белгілеуге, нарықты аумақтық қағидасы  бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің  нарыққа қол жеткізуін шектеуге  немесе нарықтағы бәсекелестік  субъектілер арасындағы сөз байласуға  бағытталған бәсекелестер арасындағы  келісілген әрекеттердің жолын  кесу арқылы  бәсекелестікті жоюға  немесе шектеуге бағытталған  жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестіке  қарсы келісімдерге тыйым салу;

      - мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік  қызметке негізсіз араласуына  жол бермеу. Мемлекеттік органдардың  жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер  беруі, сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің белгілі бір тобына  тауарлар мен қызмет көрсетудің  бірінші кезектегі жеткізілімі  туралы шаруашылық субъектілеріне  нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті  шектеуге бағытталған әрекерінің  жолын кесу.   
 
 

           Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Ниязбекова  Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын  экономикасы: Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2008.
  2. Сәрсенбаев А., «Тұтыну тауарлары нарықтарындағы табыстық стратегиялық факторлар», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
  3. Абильдина А.Ш. Современные концепции управления затратами предприятия // Транзитная экономика. – 2010
  4. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2001 ж.
  5. Экономика предприятия. / Под ред. Горфинкеля В.Я.,  Швандара В.А. - М.: Юнити,2003.-742с
  6. Волков О.И. Экономика предприятия. Курс лекций.- М.: Инфра-М, 2003.
  7. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия.- М.: Инфра-М,2003.  8. Голубицкая Е.А.,  Жигульская Г.М. Экономика связи. – М.: Радио и связь, 2000.-392 с.
  8. Экономика электронной промышленности. Под ред. П.М.Стуколова.- М.: Высшая школа,1976.-338 с.
  9. Новицкий Н.И. Организация производства на предприятиях. - М.: Финансы и статистика, 2004.-392 с.

Информация о работе Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы