Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 18:26, курсовая работа

Описание

Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін , сонымен қатар кәсіпорынның өмір сүруі де екі талай болуы мүмкін. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек.

Содержание

Экономикалық дағдарыс түсінігі
Экономмикалық дағдарыстың пайда болу себеп-салдары....................3
Кәсіпорындағы дағдарыстың түрлері, ерекшеліктері және сипаттамалары.............................................................................................5
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын теория жүзіндегі көзқарастар мен қойымдылары.......................................................................................8
«Сұлтан» ЖШС қызметі және дағдарысқа қарсы саясаты
«Сұлтан» ЖШС-нің қызметі....................................................................11
«Сұлтан» ЖШС-нің қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және ынталандыру шаралары...........................................................................16
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары........................................19
«Сұлтан» ЖШС-на дағдарыстық жағдайларда реструктуризациялау.23

Работа состоит из  1 файл

курсовой 111111.docx

— 124.04 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР:

  1. Экономикалық дағдарыс түсінігі
    1. Экономмикалық дағдарыстың пайда болу себеп-салдары....................3
    2. Кәсіпорындағы дағдарыстың түрлері, ерекшеліктері және сипаттамалары.............................................................................................5
    3. Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын теория жүзіндегі көзқарастар мен қойымдылары.......................................................................................8
  2. «Сұлтан» ЖШС қызметі және дағдарысқа қарсы саясаты
    1. «Сұлтан» ЖШС-нің қызметі....................................................................11
    2. «Сұлтан»  ЖШС-нің қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және ынталандыру  шаралары...........................................................................16
  3. Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары
    1. Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары........................................19
    2. «Сұлтан» ЖШС-на дағдарыстық жағдайларда реструктуризациялау.23
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    1. Дағдарыстың пайда болу себеп-салдары

    Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде  пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға  болмайды.

    Кәсіпорынның  нормалды дамуы түрлі ауытқуларға  ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін , сонымен қатар кәсіпорынның өмір сүруі де екі талай болуы мүмкін. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек.

    Дағдарыстың процесі байланыстар - қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуын білдіреді.

    Кәсіпорынның  дағдарысы әдетте уақыты жағынан  шектелген болады. Күйзелістен процесінің кәсіпорында  оның құрылымына инновациялық әлеуетіне және т.б. байланысты түрлі  созылмалығымен, интенсивтілігімен  және түрлі ауырлығы түрлі дәрежеде салдармен сипатталады.

    Нарық экономикасына қарама – қайшылықтар, дамудың тұрақсыздығы тән. Бірақ, бұл қайшылықтардың жиынтығы қаншама үлкен болғанмен, экономика қозғалысын былыққа, қайталамалы тоқырауға әкелмейді, яғни, өндірістің тез өсу кезеңі мен баяу өсу кезеңдерімен немесе өндірістің абсолюттік құлдырауымен кезекті ауысу қозғалысы арқылы кезеңдік қозғалыс тәрізді белгілі бір заңдылықта дамиды.

    Кезеңдік  тербелістердің себептерін түсіндіретін экстеральды және интеральды теорияны бөледі.

  1. Экстеральды теория ең бастысы сыртқы факторы бар экономикалық кезеңді түсіндіреді.
  2. Интеральдық теориялар сол экономикалық жүйеге тән, экономикалық кезеңде туындаған ішкі факторларды қарастырады.

    Ішкі себептерге экономикалық оқиғалардың кезеңді қайталануын шақыратын және экономикалық жүйеден тыс жататын объективті және субъективті жағдайлар жатқызылуы мүмкін.

     Бұлар:

  1. соғыстар, революциялар және басқа да саяси сілкіністер;
  2. алтынның, уранның, мұнайдың және басқа да құнды ресурстардың ірі кен орнының ашылуы;
  3. елдің көшуімен байланысты жаңа аумақты игеру, жер шары тұрғындарының санының өзгерістері;
  4. қоғамдық өндіріс құрылымын тамырынан өзгертуге мүмкіндік беретін, технологиядағы қуатты дамулар, өнертабыстар және жаңартпалар.

    Экономикалық  кезеңді туындататын ішкі себептер:

  1. негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі;
  2. жұмыспен камтамасыз етілу мен өндіріс көлеміне ықпал ететін өсуі қысқаруы, жеке тұтыну;
  3. инвестициялау, яғни, өндірісті кеңейту үшін, оны модернизациялау үшін, жаңа жұмыс орнын құру үшін;
  4. сұраныс пен тұтыну, өндіріске тікелей және жанама ықпал ететін мемлекеттің экономикалық саясаты

    Оның  әлеуетті көлемі төңірегіндегі өндірістің нақты көлемінің тербелістері экономикалық тербелістер немесе экономикалық кезеңдер деп аталады. Кезеңдер сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтін әр түрлі нысанында пайда болатын нарықтық жағдаяттың кезеңдік құлдырауы мен көтерілуін сипаттайды.

    Кезеңнің  негізгі сипаттамасын оның себептерімен, фазасымен, өту уақытымен, қайталаным көрсеткіштерімен, параметр серпінімен, экономикалық белсенділік көрсеткіштерінің кеңдігімен байланыстырады. Кезең ерекшеліктерінің ортасындағы ең бастысы ұлттык өнімнің ( табыс) тербелістері түсінігіне жатады.

    Түрлі тұрпаттағы тербелістер қанша болса, кезендер сонша болады. Күрделі қаржы салымдарының, жаңғыртпалардың, өнеркәсіптің және т.б. қарқын (толқын) кезеңдері болады. Сонымен бірге, экономиканың ең маңызды агрегаттарының қозғалысын көрсететін кезеңдер болады. Осы кезеңдер нысандары ішінде мыналарды бөліп алады:

  1. ғасырлық – олар бір немесе бірнеше жүз жылдық үрдістерін жазады;
  2. ұзын толқынды – бірнеше ондаған жылдарды қамтиды(50 жыл шамасы жаңа технологияның пайда болуына байланысты, Кондратьев толқындары);
  3. қалыпты немесе орташа – 8–10 жылдық. Оған ақша айналымы аясында, анығы кредиттерде және негізгі капиталды жаңарту болып табылатын материалдық негіздердегі себеп болып табылатын Жугляр кезеңі жатады;

    4) алтынның әлемдік қорының тербелістеріне байланысты: 
    Китчин кезеңі немесе шағын кезеңі – 2–3 жылдық;

  1. маусымды – жарты жылдық;
  2. қысқа мерзімді салалық жағдаятты тербелістер (қордың,тұрғын үйлердің, пайыздың, сатудың және т.б.) бір-екі күннен бір айға және жылға дейін.
  3. кесте.Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж. Китчиннің қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік  қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың  «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы  өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне, инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің  циклдары 18-25 жыл Экономикалық  циклардың себептері күрделі  құрылыспен байланысты.
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі  технологиялық базаның радикалды  өзгеруі мен оның құрылымдық қайта  құрылуы.
5. Форрестердің  циклдары 200 жыл Энергия куаты  мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің 

циклдары

1000-2000 ж. Цивилизацияның  дамуымен, олардың 

жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

    
 
 
 
1- кестенің жалғасы.

    Дағдарыс  түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар  оның әр-түрлі салдары: ұйымның жаңаруы  немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың  пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан  позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі   бір   саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз  екі    факторға   байланысты:   

    Дағдарыс  салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі  өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына  келу немесе келмеу

    Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік – экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты көрінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік – экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

    Дағдарыс  мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады:     

  1. Макродағдарыс – едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән.
  2. Микродағдарыс – тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды.
 
    1. Дағдарыстың түрлері және ерекшеліктері

    Дағдарыс  тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс  төмендеуін қояды, бірақ өспейді  де. Орта мерзімді кезеңдерді сол сияқты өнеркәсіпті кезеңдер деп атайды. Өнеркәсіптік кезеңнің материалдық негіздері негізгі капиталдың жаңаруы болып табылады. Басты себеп – тауарларды қайта өндіру. Мұндай кезеңдердің ұзақтығы негізгі капиталдың ескіруімен байланысты.

    Өнеркәсіптік кезеңнің фазалары:

  1. Дағдарыс: тауарларды қайта өндіру, өндіріс көлемінің тез қысқаруы, өндіруші күштердің жекелей бұзылуы, кәсіпорынның жаппай банкрот болуы, негізгі капиталдың құнсыздануы, жұмыссыздықтың орасан зор өсуі, еңбек-ақының құлдырауы, кредиттің тез азаюы, жинақтарды жаппай қайта алу, банктердің күйреуі, пайыздың ең жоғары деңгейі.
  2. Депрессия немесе тоқырау: өндіріс құлдырауының тоқтауы, яғни, тоқырау жағдайы, тауар қоры өспейді, баға құлдырауының тоқтауы, жаппай жұмыссыздық, төмен еңбекақы, несие пайызының төмен деңгейі.
  3. Жандану: дағдарыс алдындағы өндіріс деңгейіне бірте-бірте қол жеткізу, негізгі капиталды жаппай жаңаландыру. бағаның аз көтерілуі, жұмыссыздықтың кейбір мөлшерінің қысқаруы.
  4. Көтерілу: дағдарыс алдындағы өндіріс деңгейіне қарағанда оның көтерілуі. бағаның елеулі өсуі, жұмыссыздық мөлшерінің қысқаруы, Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

    Экономикалық  цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

    Дағдарыс  тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы  азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына  әкеледі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.Қысқаша айтқанда:

    Дағдарыс фазасының сипаттамасы:

  1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
  2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
  3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
  5. Кредит мөлшерінің кеңеюі.

    Тоқырау фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
  2.   Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
  3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

    Жандану фазасының сипаттамасы:

  1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
  2. Инвестициялар өседі.
  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
  4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

    Өрлеу фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
  3. Тауарлардың бағасы өседі.
  4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
  5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

    Ауыл  шаруашылығын дамытудың ауыл шаруашылығы өндірісінің табиғи немесе техникалық ерекшеліктерімен ғана емес, олардың аз монополиялануымен, өндірістің шоғырлануының өте төмен деңгейімен қорытындыланатын қоғамдық жағдайымен де шартталған. Аграрлық дағдарыстың басты ерекшеліктері:

Информация о работе Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары