Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 18:26, курсовая работа

Описание

Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін , сонымен қатар кәсіпорынның өмір сүруі де екі талай болуы мүмкін. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек.

Содержание

Экономикалық дағдарыс түсінігі
Экономмикалық дағдарыстың пайда болу себеп-салдары....................3
Кәсіпорындағы дағдарыстың түрлері, ерекшеліктері және сипаттамалары.............................................................................................5
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын теория жүзіндегі көзқарастар мен қойымдылары.......................................................................................8
«Сұлтан» ЖШС қызметі және дағдарысқа қарсы саясаты
«Сұлтан» ЖШС-нің қызметі....................................................................11
«Сұлтан» ЖШС-нің қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және ынталандыру шаралары...........................................................................16
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары........................................19
«Сұлтан» ЖШС-на дағдарыстық жағдайларда реструктуризациялау.23

Работа состоит из  1 файл

курсовой 111111.docx

— 124.04 Кб (Скачать документ)
 
    
 
5 - кестенің жалғасы.

    Бұл кестеден көргеніміздей өнімді өндіру жыл сайын артып отыр. Бұл дегеніміз  серіктестіктің жылдан – жылға экономикалық ахуалы артып, өнімді өткізу көлемі де жоғарлауда. Бүгінгі күнде серіктестіктің шаруашылығы дами түсуде.

    Бұнымен серіктестік сүт өнімдері, нан  өнімдері, жүн, тері сияқты өнімдерді  өткізуге де көңіл бөлуде.

      «Сұлтан» ЖШС-ны ауыл шаруашылығы  саласында әмбебаб серіктестік  саналады. Сондықтан да серіктестік өсімдік, мал, бидай шаруашылығы қызметіне ерекше көңіл бөледі.

    Серіктестің даму тенденциясы ретінде ауыл шаруашылығы  өнімдерін дайындаудағы жоғары өнімділік  болып табылады. 2008 жылы алынған өнім 2007 жылға қарағанда 28%-қа өсті. Осындай өнімділіктің  жоғарылығы арқасында Түрік фирмасымен бірігіп диірмен ашып жоспарын жүзеге асыра отырып және осыған байланысты дайындалған инвестициялық жобалар жүзеге асырыды.

    6-кесте.«Сұлтан» ЖШС-ның  басқару құрылымы.

        

     

       

       

     

       

    Серіктестікті басқарудың жоғары  органы – серіктістіктің

қатысушыларының жалпы  жиналысы. Қатысушылардың жалпы  жиналысы серіктестіктегі ғалымдық мәселелерді шешуге және серіктестіктің мақсаты, миссиясының анықтауды  жүзеге асырылады.

    Серіктестіктің көзқарастары: 
Өнім өндіру және оны таратуда тұтынушыға ең жақын және оған ең қымбат құндылықтарды ұсынатын мықты сауда белгісі және жаңашыл көзқарасы, күн сайын артып келе жатқан жұмыс күшінің өнімділігі, стандарт өнімдері, тұрақты және жоғары сапалы өндірісінің арқасында қоғамдық құндылықтарға және мәдениетке деген құрметін жоғалтпастан Қазақстанның табиғи ресурстары үшін ең күшті құндылықтарды жасап шығаратын жаһандық және бәсекелес азық өндіруші көшбасшы фирма дәрежесіне жету.

  Серіктестіктің міндеті: 
1.   Окан Холдинг тобындағы азық-түлік фирмалары мен сауда белгісі төңірегінде шектеліп қалмау; 
2.   Жаһандық бәсекелестікте бәсекелестікке қабілетті Қазақстандық жұмыс күшіне негізделген түсінікпен үнемі даму және жетілу қағидаларын қалыптастыру; 
3.   Көзқарасты қалыптастыратын стратегияларды, мақсат пен саясаттарды қалыптастыру және оны тәжірибеге енгізу; 
4.   Тамыры тереңге кеткен сонау өткен замандардан бері біріккен күш арқылы өнімдерді өндіруші және сатушы көшбасшы фирма болу.

    Серіктестік  қызметінде  қаржылық  экономикалық  ахуал  жылдан – жылға  жақсаруда. 2008  жылдың  аяғындағы 2495,0 мың теңге табыспен аяқтағанын  себебі  ретінде көрініс табады. Егін  шаруашылығы өнімдері  сапалы  әрі қуаттылығы  жоғары  бидай алуға мүмкіндік туғызады.

    Серіктестіктің  экономикалық  шаруашылығы  қызметін  келесі  диаграммадан  көре  аламыз.(%  шамасымен)

    1-диаграмма. 2008 жылғы қорытынды бойынша

    

        Серіктестіктің   экономикалық  шаруашылық  қызметінің  бағыттары.

    Осы  диаграммадан  көріп  отырғанымыздай   серіктестіктің  негізгі  қызметін  егін  шаруашылығы  құрайды.  Бұл  серіктестіктің  табысының  56% - ын  құрап  өзге  қызметтерді  жүргізуге  себепші  саналады.

    Жалпы «Сұлтан»  ЖШС – сы егінді  800га  жерге  егіп,  одан  жылына  1500 тонна бидай алады.

    «Сұлтан»ЖШС – інің  негізгі  қызметінің жартысынан астамын  бидай  (егін шаруашылығы) құрайтындықтан, одан  түсетін  түсімдер  де  2008 жылғы көрсеткіш бойынша жоғары  болды. Атап  айтар болсақ оның  шамасы 2,4 млн теңгеге тең болды. Енді  бұны  келесі  суреттегі   графиктермен  көре  аламыз.

   2-диаграмма. Егін  шаруашылығынан  түскен түсімдердің динамикасы.

     «Сұлтан» ЖШС  – тің  қазіргі  жағдайы 

    «Сұлтан»  ЖШС  ауыл  шаруашылық  саласындағы  кәсіпкерлік  субъект  болып  табылады.  Бұл  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  негізгі (опперациялық)  қызметіне  егін  шаруашылығы,  мал  шаруашылығы,  өсімдік  шаруашылықығы  жатқызылады. Мәселен, өткен  2008 жылдың  қорытындылары бойынша  жоғарыдағы  шаруашылық – экономикалық қызметтердің  бағыттарындағы  егін  шаруашылығы 56 % - ды, мал  шаруашылығы 20% - ды,  өсімдік  шаруашылығы 17% - ды және  де басқа  қызметтер 7% - ды  алады. Шаруашылық  қызметтің  осы  бағыттары бойынша үлестеу  мен ең басымдысынан  бастап ренжирлеу  өткізу  көлемі  бойынша  жүзеге  асырылған. Бұл  мәліметтерден  көріп  отырғанымыздай  шаруашылық – экономикалық  қызметтің бағыттарына  ең  басымдысы  егін шаруашылығы.  Мұндай  жағдайдың  қалыптасуын  ең  бастысы  осы  бағыттың жүзеге  асырудың   басқа  қызмет  бағыттарын асыруға  қарағандағы  жоғары  рентабельділік.  Егін шаруашылығы қызметінің  жоғары  рентабельділігіне  өткен жылғы  бидай нарығындағы  қолайлы конъюнктура, яғни  бидай  ауыл  шаруашылық  өніміне  жоғары Қазақстан  нарығындағы  бағалар  себепші болды.  Көріп  отырғанымыздай  бұл  серіктестіктің опперациялық қызметі  әртараптанғандығымен   және  нарықтың  конъюнктурасына  тез бейімдену  қабілетімен  сипатталады. 

    Осы  баланстан  көріп  отырғанымыздай  сыртқы  қарыздың  көздерден  тартылған  қаражаттар жоқ. Және  несиелік  берешектің  пассивтердегі  үлесі  өте  төмен. Бірақ  несиелік  берешек  2008 жылы күрт  өскені көрініп  тұр, бұл  ең алдымен  кәсіпорынның  инвестициялық  тартымдылығының  жоғарлануынан  болды. Ал  инвестициялық  көркемділігінің  жоғарлауы  серіктестіктің  қаржылық  жағдайының  жақсаруына  байланысты. Соңғы талдауларды  төмендегі  коэффициенттік  талдаудан  көруге  болады.

    Бұл  екі  жылдық  баланс  бойынша  ұзақ  мерзімді  активтер  79,16% - ға,  тауарлық  материалдық  запастар 4,48%  - ға, ақша  қаражаттары – 94,39% - ға, дебиторлық  берешек 840,86% - ға  және  жалпы активтер  93,41% - ға  өскен. Көріп отырғанымыздай   активтердің ішінен ең  жоғары  өсім  қарқыны дебиторлық  берешекте болып тұр. Мұндай  жағдай, яғни  дебиторлық  берешектің  күрт  өсуі «Сұлтан» ЖШС – тің өз  өнімдерін қарызға беруінен  болып тұр. Бұл болса, кәсіпорынның  болашақта сапасыз активтердің көбеюіне  алып  келуі мүмкін. Сондай – ақ  осындай тенденция болашақта айналмалы қаражаттардың   тапшылығына алып  келуі.

    Ал  активтер  ішінен ең  төмен  өсім  қарқыны  тауарлық  материалдық  запастарда  болып  тұр. Бірақ  бұл төмен  деңгей  біздің  пікіріміз  бойынша  қауіпті  емес.

    Пассивтерге  келетін  болсақ, ең  жоғары  өсім  қарқыны несиелік  берешекте  болып  тұр. Бұл  тенденция  біздің  пікіріміз  бойынша несие  алудың шарттары  мен  несиені  сыйақысының  2006 жылмен  салыстырғанда  төмендеуіне  байланысты.  Бұл  жақсы  қарқын, себебі несие  алудың  осындай  күрт  өсуі  «Сұлтан»  ЖШС-тің  инвестициялық  тартымдылығының 2006 жылмен  салыстырғанда  жоғарлауымен байланысты.

    Ал  ең төмен өсім  қарқыны  пассивтер  бойынша  салықтың  берешекке  тиесілі. Салық  берешегі  2006 жылы және  2008 жылмен  салыстырғанда  56,11% - ға азайған. Бұл  болса, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  жоғарлатты.

 
    1. «Сұлтан»  ЖШС-нің қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары ынталандыру  шаралары

    «Сұлтан»  ЖШС – інің болашақтағы  жоспары. Серіктестіктің  басқару деңгейін  жыл сайын жетілдіру басты мәселесі  болып табылады және  де бұған құрылтайшылар аса зор мән беруде. Сонымен қатар болашақта бидайдың  жаңа шыдамды, құнарлы сорттарын егуді жоспарлап отыр. Мал басын көбейту, сүт, нан, жүн өнімдерін көбейтудің  арқасында серіктестіктің  қызметін  жетілдіру көзделуде.

    Қазіргі  күннің  өзінде  шетел  фирмаларымен  бірігіп жұмыс істеуді жоспарлауда. Сонымен  қатар  мал басын көбейтіп, жүнді  жуып өткізу  мақсатын да болашаққа  жоспар етіп  қоюда. Себебі  жуылмаған  жүн  жуылған  жүннен  арзан  болады. Егер  бұл  болашақ  жоспарлар  жүзеге  асырылса,  қосымша  жұмыс  орындары  ашылып,  мемлекетке  де  өз  пайдасын  тигізіп  отырады.

    Жалпы бұл  жоспарлардан  қанша  пайда  алынатынын  есептемес  бұрын  инвестициялық  ахуалды  бақылау  қажет. Ол келесі  кестеден орын алды.

7-кесте. Соңғы  бес  жылға  инвестициялық  көлемі.

Жылдар  Инвестиция  көлемі (млн  тг)
2003 364476
2004 953666
2005 672182
2006 4135061
2007 2930591

    Инвестициялық  қызметті табысты  жүргізудің  арқасында  табыс көрсеткіші  ауыл  шаруашылығына  салынған  өзіндік  капитал  400 000 АҚШ  долларын  құрайды. Жалпы  инвестициялаудың   жоғары  деңгейде  болуы  серіктестіктің  қаржылық  тұрақтылығы  артуда.  Инвестициялық  ахуалдың жоғары  болуы  серіктестікке  жаңа салаларға  диверсификациялануына  мүмкіндік  береді. Жоғарыда   келтірілгендей диірменді  алуға  инвестициялау  көлемі кезең –  кезеңімен  жүзеге  асырылады. Одан  түсетін  ақшалай  түсімдер  2008 жылғы болжау бойынша  келесі  кестеден  орын  алды.

8-кесте. 2008 жылға  болжанған  ақшалай  түсімдер.

Кезең

Ақшалай түсімдер  (АҚШ  доллары мың)

1 тоқсан 2008 8,024
2 тоқсан 2008 11,704
3 тоқсан 2008 4,554
4 тоқсан 2008 17,094

    Ақшалай  түсімдердің  негізгі  көзі  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өткізу мен  диірмен  қызметінен  түседі.

    Серіктестіктің  тұтынуына  әсер  етуші  ақшалай  құралдардың факторлары.

  • болжаланбаған  ірі  көлемді  төлемдер(шаруашылық  қызметіне  байланысты)
  • инвестицияның  мақсатты  жұмсалуы
  • акция құралдарының  өзін  алудың  мүмкіндігі
  • құралдарға  салынған  инвестициядан  түскен  түсімдер.
  • Банктен  несие  алу  мүмкіндігі

    Сонымен  серіктестіктің   үнемі   дамып  отыруы  халық  тұтынатын  негізгі  тағам  саналатын  нан өнімдерін  өндіруге  де  мүмкіндігі  болады. Сүт  өнімдері  де   қолға  алынуда.

    «Сұлтан»  ЖШС – індегі ынталандыру  шаралары. «Сұлтан» ЖШС-нің қызметкерлерінің  орташа  айлығы 35 мың теңге  шамасында  айналады.

    Әрбір  кәсіпорын  немесе  ұйым  өз  қызметкерлерінің  өнімділігін  арттыру  үшін  ынталандыру  шараларын  жүргізіп  отырады.  Сол  сияқты  «Сұлтан» ЖШС – ында да  ынталандыру  шаралары  дұрыс  жолға  қойылған.

Серіктестік  персонал  мәселесінде  ұйымдастырудың  формасы  мен  әдісін  анықтайды.  Жалақы  төлеу және  еңбекті  материалдық  ынталандыру  тарифтік  қойылымдар мен  окладтың  көлемін премиялар мен   серіктестік  жұмысшыларының  айлық  төлемдерін, жұмыс  күні  және  жұмыс  аптасының  ұзақтығын,  төленетін және  басқа  да демалыстардың  тізбегін   жасауда  серіктестік  үнемі  қызметкерлерге  және  жұмысшыларға көп  көңіл  бөледі.

    Жұмысшыларда   әлеуметтік  жағынан  қорғау   серіктестіктің   негізгі  мақсаты.  Серіктестік  жұмысшыларын  ынталандыру  барысында  қосымша  жалақы  төлеу,  қиын  жағдай  туындаса  сол  жұмысшының  отбасына  көмек   беру  сияқты   шараларды   жүзеге  асырады.

    Бұл  шаралар еңбек  өнімділігінің артуына,  жұмысшылардың  отбасылық  жағдайын көрсетуге,  табыстылықтың,  отбасылықтың  артуына  зор  ықпалын  тигізеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         3.1.  Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары

    Дағдарысқа  қарсы және кезеңдерге қарсы мемлекет саясаты экономикалық кезеңдер мен жағдайларды тұрақтандыру сұраныс пен ұсыныстың жиынтықтарын реттеу жолымен жұмсатуға бағытталан.

Информация о работе Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары