Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 18:26, курсовая работа
Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін , сонымен қатар кәсіпорынның өмір сүруі де екі талай болуы мүмкін. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек.
Экономикалық дағдарыс түсінігі
Экономмикалық дағдарыстың пайда болу себеп-салдары....................3
Кәсіпорындағы дағдарыстың түрлері, ерекшеліктері және сипаттамалары.............................................................................................5
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын теория жүзіндегі көзқарастар мен қойымдылары.......................................................................................8
«Сұлтан» ЖШС қызметі және дағдарысқа қарсы саясаты
«Сұлтан» ЖШС-нің қызметі....................................................................11
«Сұлтан» ЖШС-нің қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және ынталандыру шаралары...........................................................................16
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары........................................19
«Сұлтан» ЖШС-на дағдарыстық жағдайларда реструктуризациялау.23
Кезеңдерді реттеудің барлық тұжырымдамасы екі бағытқа тіреледі: неокейнсиандыққа және неоконсервативтікке (классикалық мектеп негізінде) (8-кесте).
Тұтастай алғанда осындай айырмашылықтың болуына қарамастан, кезеңдік ауытқуларды реттеуге бағытталған, мемлекеттің жүргізетін бағытын жалпы түсінушілік бар.
Құлдырау фазасында мемлекеттің барлық шаралары іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталуы тиісті. Салықтық – бюджеттік саясат төңірегінде – мөлшерлеменің төмендеуі, жаңа инвестицияға салықтық жеңілдік беру, тездетілген өтелім саясатын жүргізу қажет. Кредиттік – қаржылық саясат кредиттік экспансия(өктемдік) жүргізуді қарастырады. Оның мақсаты - елде қосымша кредиттер арқылы экономика өмірін жандандыру. «Арзан ақша» саясаты жүргізіледі. Берілетін несиелерге пайыздық мөлшерлемелер төмендейді, капиталдық салымдардың көбеюіне әкелетін, банктердің кредиттік ресурстары көбейеді, іскерлік белсенділік күшейеді, жұмыссыздық төмендейді.
9-кесте. Кезеңдерді реттеудін неокейнсиандық және неоконсервативтік бағыттары
Белгілері |
|
|
Бағалар |
|
|
Мақсаттар | Тұтастай шаруашылықты фирма қызметтерін реттеу (макроэкономика) | Жеке фирмалардың( |
Реттеудің басымдылығы | Салықтық – бюджеттік
саясат
Кредиттік – ақшалық саясат |
Кредиттік – бюджеггік саясат Салықтық-бюджеттік саясат |
Мемлекеттің рөлін бағалау | Мадақтау | Шектеу |
Мемлекет экономикалық жағдайларының көтерілуі кезеңінде экономиканың «қызып» кетуін болдырмау үшін және шаруашылық өмірінде осыған байланысты болатын ауыр жағдайларды болдырмау үшін, салықтық –бюджеттік және кредиттік – қаржылық саясатының осыған қарам - қарсы шараларын қосатын, тізгіндеу саясатын жүргізеді. Салықтық – бюджеттік саясат салық мөлшерлемесін көтерумен, мемлекеттік шығындардың қысқаруымен. Өтелім саясатын өткізу төңірегіндегі шектеу саясатымен сипатталады. Кредиттік – қаржылық саясатында кредиттік шектеу элементтері басым бола бастайды, яғни, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуін, банктің кредиттік ресурстарының қысқаруын білдіретін, «қымбат қаржы»саясаты жүргізіледі.
Сонымен біз дағдарыстық жәйт түсінігін кеңейтуді және дағдарыс пен банкроттық (қабілетсіздік )түсініктерін ажыратуды ұсынамыз. Төменде берілген тұжырымдама маневр жасаудың үлкен бостандығы мен заңнамалық антидағдарыстық реттеу процесімен асырылатын шаралармен салыстырғанда дағдарысқа қарсы процедуралардың кең таңдауын беретін – кәсіпорын толығымен меншік иегері мен тартылған мекеме менеджерлерінің бақылауында болу жағдайындағы негативті тенденцияларға сәйкесінше бейімделу мақсатымен дағдарыстық жайтты ертеректе идентификациялауды көздейді. Дағдарыстық жайтты – кәсіпорын иелерінен ақша қаражаттарының басқа жаққа кетуіне себепші болатын активтерді және кешелік берешекті тиімсіз басқару реттінде сипаттауға болады. Осыған орай біз дағдарыстық жайыттын келесі жіктемесін ұсынамыз:
«Кәсіпорын иелері үшін дағдарыс» - несие берушілермен есеп айырысу кезінде көрінетің кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының нашарлауымен сипатталады, оны анықтау критериі ретіңде бізбен меншік иелері құқықтарының дискриминациялануы тандалған,яғни меншікті капиталға инвестицияланған ресурстар бойынша жоғалтулар. Ал салыстыру базасы ретінде тәуекелдері теңдес альтернативті инвестицияларды алуға болады. Сөйтіп, кәсіпорын иелерінің зардаптарын анықтау үшін меншікті капиталдың негізделген ағымдық нарықтық құнын тәуекелі теңдес инвестициялық жұмсалымы ретінде жарғылық қорға кеткен капиталды қолдану кезіндегі жарғылық капиталға бастапқы жұмсалымның ағымдық құнымен салыстыру керек.
Егер альтернативті
«Несие берушілер үшін дағдарыс» сатысы несие берушілердің талаптарын уақытылы және бөліктерімен қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл жағдайда шаруашылық субъект меншік иелері мен жалдамалы менеджмент көмегімен басқарылатын дербес кәсіпорын болады. Анықталған несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін белгілілерді белгілі бір сандық көрсеткіштерде бейнелеу қиын болып табылады.
Жалпы осыған орай несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін біздің пікіріміз бойынша қарыз алушының міндеттемелерін қазір орындау үшін меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі кезіндегі «банкроттық туралы» ҚР – ның заңына сәйкес 150 минималды есептік көрсеткіштен төмен емес кешіктірілген міндеттемелер сапасын бар екенін көрсетіп бейнелейтін критерий ретінде қолдануға болады.
«Заңнамалық реттеу» сатысында кәсіпорынның иелері тарапынан дағдарысқа ықпал ету шаралары несие берушілердің мүдделерін қорғау үшін заңнамалық тұрғыда шектеуге ұшырайды. Оның басы банкрот туралы арызды сотпен қабылдауы арқылы анықталады. Осы кезден бастап, коммерциялық құпия болып келген ақпарат банкроттық жөніндегі іске қатысушылар үшін ашылып беріледі. Берілген сатыда кәсіпорын толық дербес шаруашылық субъект бола алмайды. Себебі, оның қызметі арбитраждық сотпен, несие берушілердің жиналысымен және арбитражды басқарушылармен бақыланады.
Дағдарысқа қарсы басқарудың әдістері мен инструменттері. Батыстық экономистер дағдарысқа қарсы басқаруды аман қалу басты мақсат болу кезіндегі кәсіпорынның өмір сүруіне қатер төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті қызмет ретінде анықтайды. Бұл қызмет кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жайттардан өтуден интенсивтілігін жоғарлатумен сипатталады. Хаберланд бойынша бұл антидағдарыстық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын менеджменті қатаң және тез шешуші шараларды жүргізумен байланыста қысқа мерзімді проблемаларды шешу үшін барлық назарын аударады. Кейбір ғалымдар дағдарыстардың оңды сипаттамаларын көрсету арқылы дағдарысқа қарсы менеджментті – келе жатқан дағдарысқа алдын – ала анықтап, жаңа даму курсын әзірлеуге мүмкіндік беретін инструменттерді жасау болып табылады.
Сондай - ақ дағдарысқа қарсы менеджмент түсінігі уақыттық сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, мұндай анықтау дағдарыстық процестен өту, оны әлсіретуге алып келетін дағдарыс кезіндегі шараларды әзірлеу мен жүргізудің барлық міндеттерінен тұрады. Коппаның пікірі бойынша бұл антидағдарыстық басқарудың мағынасы. Екіншіден, бұл түсінік кең мағыналы болу үшін оған дағдарысқа профилактика мен терапия жасауды қосу керек.
Бұл бітіру жұмысында «Дағдарысқа қарсы менеджмент» түсінігі ең кең мағынада қарастырылады. Яғни ол мақсаттылық пен уақыттылық сипаттамаларын ескереді. Сондықтан «Антидағдарыстық менеджментті » кәсіпорындағы базалық айналмалы көрсеткіштерді сақтау бойынша шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру болып табылады.
Өтімділік, табыс немесе айналым сияқты айнымалы базистік көрсеткіштерді сақтауды қамтамасыз етуге тікелей ықпал ету салдарынан «Реактивті дағдарысқа қарсы менеджменттің » жекелеген құрамдас бөліктерін нақты мақсаттылығы сипатталады, мәселен өтімділік пен табыстылықтың белгілі бір деңгейіне жету. Бұл мақсаттылық және сонымен қатар уақыттың жетіспеушілігі дағдарысқа қарсы салмақталынған тұжырымдаманы әзірлеуді, сондай – ақ бұрынғы мақсаты мен нормаларды қайта қарауды қиындатады. «Реактивті дағдарысқа қарсы менеджментті» жағдайда қалпына келтіруге бағытталған жоспарлау мен критерийлердің көп емес санына негізделген шараларды енгізу ретінде «Антиципативті дағдарысқа қарсы менеджмент» нақты шараларды әзірлеу міндетіне қарағанда тек қана төмен деңгейде қалыптастырылатын жалпы мақсаттарды әзірлеумен байланысты шараларға бағытталады. Антицепативті қатынас кәсіпорынның барлық облыстарын қамтитын менеджменттің ұзақ мерзімді міндеттері ретінде түсіндіріледі.
Ал «Дағдарыстан өту тұжырымдамасы » түсінігінің мағынасы келесіні білдіреді: нәтижесі жоспарланған және содан соң дағдарыстан өтіп кетуі бойынша жүзеге асырылған шаралары болып табылатын барлық әзірлеу мен басқару процестерінің жүйелі көрінісі. Оны екі категорияға бөлуге болады:
Дағдарыстын өту бойынша тұжырымдаманы әзірлеуге дейінгі ең басында жауапты тұлғалар (кәсіпорын иелері, жоғары басшылық, мемлекеттік органдар) дағдарысқа өздерінің қатынастарын анықтау керек. Бұл өте маңызды болып табылады. Себебі бұл дағдарысқа қарсы шаралардың бүкіл барысына өзінің ізін қалдырады. Дағдарысты қабылдаудың екі тұжырымдамасы болады:
Дағдарыстық жайтта кәсіпорынның тек оның төлем қабілеттігімен жоқтығынан ғана емес, сондай – ақ меншік иелерімен несие берушілердің құқықтарын шектеумен сипатталады:
3.2.«Сұлтан» ЖШС-на дағдарыстық жағдайларда реструктуризациялау.
Нарықтық экономика жағдайында жалпы жүйелер үшін және жекелеген кәсіпкерлер үшін дағдарыстық жағдайы туындайды. Әдетте жауап ретінде жүйе алдымен тәжірибелік апробациядан өткен және содан кейін теориялық тұрғыда негізделген сәйкес механизмдерді шығарады. Осындай механизмдердің біреуіне корпоративтік реструктуризациялау жатқызылады. Жалпылықпен қабылданған теорияға сәйкес оған өндірістердегі, капитал құрылымындағы немесе кәсіпорыннан күнделікті іскерлік циклінің құрамдас бөлігі болмайтынын меншіктегі кез – келген өзгерістер жатқызылады. Реструктуризациялау бойынша қызметті екіге бөлуге болады. Стратегиялық реструктуризациялау кәсіпорын иелері үшін меншікті капитал құнының жоғарлауына, әрекет етуші фирма ретінде оны қолдаумен байланысты міндеттер мен корпотивтік меншікті сақтап қалуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайдағы кәсіпорынды реструктуризациялау төлем қабілетсіз және банкрот фирмаларды әрекет етуші немесе қызметтерін асырушы кәсіпорындар жағдайына қайтару мақсатымен қайтадан ұйымдастыруға (реорганизация) бағытталған шешімдерге шоғырландырылады. Қазақстанда қалыптасқан жағдайға орай басты назар біздің пікіріміз бойынша дағдарыстық жағдайда кәсіпорындарды реструктуризациялау техникасына , қағидаларына, мақсаттарына аударылып шоғырлану қажет.
Реструктуризациялау мақсаттары мен оларға жету критерийлері. Реструктуризациялаудың басты мақсаты – кәсіпорынды дағдарыстан шығару болып табылады. Бұл жерде ең бастысы өндірістің тиімділігіне жету, активтерді басқару сипаттамаларын өзгеру және заемдық қаржыландыру мүмкіндіктерін қолдану сияқты бағынысты мақсаттарға жету керек.
Кәсіпорынның қызмет етуі бойынша тиімділігінің маңызды көрсеткіші ретінде меншікті капитал құнын жоғарылату болып табылады. Сондықтан реструктуризация әдетте осы бағыт бойынша жүзеге асырылады. Осы жердегі кәсіпорынның құнын көрсеткішін реструктуризациялау критериі ретінде алу кездейсоқ емес. Кәсіпорынның иелерін түпкілікте өндірістің типі мен технологиясы, өнімнің параметрлері, өткізу нарықтары сияқты проблемалар аз қызықтырады. Олардың капиталы салымдарының тиімділік критериі ретінде кәсіпорын иесінің жеке әл – ауқат деңгейінің жоғарлауы мен фирманың тұрақты дамуына себепші болатын салымдар құндарының тұрақты өсуі болады.