Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 18:26, курсовая работа

Описание

Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін , сонымен қатар кәсіпорынның өмір сүруі де екі талай болуы мүмкін. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек.

Содержание

Экономикалық дағдарыс түсінігі
Экономмикалық дағдарыстың пайда болу себеп-салдары....................3
Кәсіпорындағы дағдарыстың түрлері, ерекшеліктері және сипаттамалары.............................................................................................5
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын теория жүзіндегі көзқарастар мен қойымдылары.......................................................................................8
«Сұлтан» ЖШС қызметі және дағдарысқа қарсы саясаты
«Сұлтан» ЖШС-нің қызметі....................................................................11
«Сұлтан» ЖШС-нің қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және ынталандыру шаралары...........................................................................16
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары........................................19
«Сұлтан» ЖШС-на дағдарыстық жағдайларда реструктуризациялау.23

Работа состоит из  1 файл

курсовой 111111.docx

— 124.04 Кб (Скачать документ)

    Кәсіпорынның  құны бизнесті  бағалау  арқылы  анықталады. Бағалаудың  дәстүрлі үш  тәсілдемелер  ішінде  біздің пікіріміз  бойынша  тек  ақшалай  ағымдардың  дисконтталған  құнын  анықтау әдісі  ғана  компанияның ішкі экономикалық  құнын  толық тұрғыда  бейнелеген.  Бұл  ақша  ағымдарының  кәсіпорынның нарықтық  құны көрсеткіші  мен  жоғары  дәрежеде корреляциялаумен  айрықшаланады. Сондай – ақ  ол  операциялық,  инвестициялық және  қаржылық қызметтерге  қатысты  барлық шешімдерді  ескеретін  ақшалай  ағымды  көрсеткішін  экономикалық  мәнімен  айрықшаланады.

    Фирманың  құны  көрсетіші – кәсіпорынның тұрақтану  периоды (есептік период)  бойынша  ақша  ағымдарының  ағымдық  келтірілген  құндары  мен есептік  периодтан  аса ақша  ағымдарын  дисконтталған  құндарының қосындысы  ретінде  анықталады.

    Реструктуризациялаудың  тұжырымдамасы. Реструктуризацияның дәстүрлі міндеті – бизнестің құны  көрсеткішін максимализациялау. Оның  тұжырымдамасын әзірлеу келесі әдістемені  көздейді. Бірінші кезеңде кәсіпорынның  құны   жоғарыда  айтылғандай ақшалай ағымдардың  құнын дисконттау  әдісі арқылы  іске  асырылады. Содан соң кәсіпорынның  операциялық (негізгі), инвестициялық  және  қаржылық  қызметтерін реструктуризациялаудың  түрлі варианттары  әзірленеді.

    Опперациялық (өндірістік)  факторлар  шендерінде  шығарылатын  өнімнің  номенклатурасы,  баға қалыптасуы, шығындардың тиімділігі,  өткізу нарықтары, жарнамалық қызмет пен  өнімді  жылжыту  жүйелері, өнімді  сатқаннан кейінгі қызмет  көрсету  жүйесі  (өнім сапасына  кепіл  беру) туралы  талдауды  қажет етеді.

    Инвестициялық  факторларға  қатысты  құнның   қозғалуын  анықтайтындарға  негізгі  және  айналмалы  құралдарға  жұмсалымдарды  басқаруды, меншікті  айналмалы  қаражаттың  деңгейін  оптимизациялауды  жатқызуға  болады.  Осыған орай  тауарлық  материалдар запастардың  деңгейі,  дебиторлық  берешек жинау, несиелік  берешекті  басқару, қуаттылықтың  көбеюі, капитал  жұмсалымдарын  жоспарлау,  активтерді  сату  талданады.

    Қаржылық  факторларға келетін  болса,  меншікті  капиталдың құны, оның  қарыз  сапасы  мен  ара  қатынасы, капиталдың  құрылымы  жатқызылады. Бұл  қаржылық  қызметті  реструктуризациялау  шеңберінде  іскерлік  тәуекелдің  факторларын басқару,  капиталдың  оптималды  құрылымын  ұстап  отыру  мен үлестік  салым  бойынша  пайда саясаты  талданады. Мәселен,  іскерлік  тәуекелдің  төмендеуі  табыстың  ставкасын төмендетеді.

    Әзірленген  шаралар  тексеру ақшалай ағындардың дисконтталған модельдері көмегімен  жүзеге асырылады. Ал варианттарды іріктеу  критерии ретінде кәсіпорын капиталы ның өсуі алынады. Бұл болса, яғни бизнестің құнын жоғарлатуға  бағытталған стратегиялар реструктуризациялаудың одан ары болатын  варианттарын қарастыруға  негіз болады. Реструктуризациялау  стратегиялары оңай варианттардан  күрделілерге қарай қарастырылуы керек. Ондай жағдайда варианттарға артықшылық  беру кезінде келесілер ескерілуі  қажет.

  1. минималды (тип) капитал жұмсалымы мен  минималды сыртқы қаржылық көздерден  қаражат тарту;
  2. уақыт және кәсіпорынның  потенциалын ескертетін басқа белгілер;

    Алайда  көптеген жағдайларда кәсіпорын  несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыру басты мақсат болатын  жәйттарды ескеру керек.  Оған жету көп жағдайларда реструктуризациялаудың  дәстүрлі міндетімен үйлеспейді. Мәселен, капиталдың құнын жоғарлату немесе максимализациялау, әдетте елеулі капитал  жұмсалымдарын  және қосымша сыртқы қаржыландыруға қажеттіліктен туындайтын тәуекелдің  жоғары деңгейімен сипатталады.

      Дағдарыстық жағдайларда кәсіпорындарды реструктуризациялау стратегияларының варианттары (альтернативалары). Кәсіпорынның ауыр дағдарыс периодында реструктуризациялаудың  тұжырымдамаларын  іріктеу мен таңдаудың бизнес құнының нөлге  жетуі мен нөлге жақын  деңгей кезіндегі тәуекелдің минималды деңгейімен шектелуі мүмкін. Мұндағы басты шарт ақша ағындарын дисконттау моделінде ескерілетін  қарыздық міндеттемелерді кәсіпорын  үшін ең тиімді орындау графигіне сәйкес несие берушілердің талаптарын толық  қанағаттандыру болып табылады.  Берілген тұжырымдама кәсіпорын иелері үшін тартымды болмайды. Дегенмен біздің  ойымыз бойынша бұл стратегияның реструктуризациялаудың бір моделі немесе варианты болуға құқығы бар.

    Жоғарыдағы  альтернатива ретінде біз несие  берушілердің  мүдделерін қанағаттандыратын  және кәсіпорын иелерінің минималды  талаптарын ескеруге екепіл беретін  реструктуризациялау стратегиясын ұсынамыз. Мұндай тұжырымнама  қарыздық міндеттемелердің бекітілген өтеу графигіне  сәйкес несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыратын және тәуекел  мен өтімділік деңгейлері бірдей альтернативті инвестициялардың табыс  ставкасы бойынша ағымдық құнға  келтірілген құрылтайшылардың бастапқы салымдарына шамалы бизнестің құнына  жететін кездегі реструктуризациялау  стратегиясын бейнелейді. Мұндай кезде  қойылған мақсаттарда жету кезіндегі  тәуекел нольдік құн  тұжырымдамасын  жүзеге асырудағы тәуекел деңгеімен  жоғары болады. Алайда осындай тұжырымнама  кәсіпорын иелеріне жұмсалған қаражаттардың  минималды тәуекел деңгейімен инвестициялауды  ескерумен қайтатыны көзделеді.

      Ұсынылған реструктуризациялау  тұжырымнамалары бизнестің құнын  максимализациялауды кздеуді бейнелейтін  стратегиялардың жиынтығында таңдануы  мүмкін.  Нольдік құн,  фирма  иелерінің мүдделерін қорғау  мен бизнестің құнын жоғарлату  стратегиялары несие берушілердің  жиналысы тарапынан дағдарыстық  жағдайдан шығудың альтернативті  тұжырымдамалары ретінде қарастырылуы  керек.  Бұл кезде дағдарыстан  шығу тұжырымнамаларын таңдауда  басты критерийлер ретінде   тәуекел  мен реструктуризациялау  варианттарының қаржылық жүзеге  асыра алушылық  қолдану орынды  болады.

    Кәсіпорынның  дағдарыстық жағдайы  экспресс талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер: Стратегиялық көрсеткіштер. Стратегиялық дағдарыс. Нәтижелердің дағдарысы. Өтемпаздық дағдарысы. Банкроттық.

    1. Ағымдық өтімділік коэфициенті;
    2. Меншікті құралдармен қамтамасыз етілу коэфициенті;
    3. Автономия коэфициенті;
    4. Абсолютті өтімділік коэфициенті;
    5. Таза түсім коэфициенті;
    6. Зияндардың бар болуы;
    7. Жалпы рентабельділік көрсеткіші;
    8. Негізгі құралдардың айналмалылығының индикаторы;
    9. Өткізу мөлшерінің төмендеуі;
    10. Формадағы дағдарыстың жоқтығын алдын – ала конструкциялау;

10-кесте. Дағдарысты экспресс – талдау  үшін  қолданылатын  көрсеткіштер.

  Стратегиялық  дағдарыс Нәтижелер  дағдарысы Өтімділік дағдарысы Банкроттық
Ағымдық  өтімділік  коэффициенті  
Негізгі  құралдар мен қамтылу  коэффициенті
Автономия коэффициенті    
Абсолютті  өтімділік коэффициенті    
Таза  түсім коэффициенті  
Несиелік  берешектің өсуі      
Жалпы рентабельділік көрсеткіші    
Негізгі  құралдардың  айналмалық көрсеткіші      
Өткізу  көлемінің төмендеуі      
Кәсіпорындағы  жоқтығын алдын – ала констатациялау      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

  Дағдарыстан  шығу  формалары:

11-кесте. Дағдарыстан шығудың реактивті формасы:

 
 

 
 
 
 
 
 

 
 

12-кесте. Дағдарыстан шығудың антиципативті формасы:

 

 

       

 
 
 
 
 

    Біз «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006 жылғы және 2008 жылғы қаржылық – экономикалық талдадық. Бұл талдаудан біз бұл серіктестігінің дебиторлық берешегінің 2006 жылдан 2008  жылға қарағанда шамамен 10 есеге өскендігін көрдік, яғни оның шамасы 2286 мың теңгеден 21508 мың теңгеге дейін жетті. Осыған орай жақын болашақта осы ағымдық активтерге қатысты «Сұлтан» серіктестігінде проблемалар туындауы мүмкін. Бұл проблемалар дебиторлық берешектерді уақтылы өтемеуінен активтердің сапасын төмендітіп, айналмалы капитал мен  қаражаттарға деген осы шаруашылық субъектінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Ал бұл «Сұлтан» жауапкершілігі серіктестіктің қаржылық - экономикалық жағдайын төмендетуге септігін тигізізетін потенциалды фактор болады.

    Осыған  орай «Сұлтан»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дебиторлық берешектің 10 есеге өсуіне қатысты потенциалды  проблеманың осы кәсіпорынның жағдайын нашарлатпауы үшін біздің пікіріміз  бойынша оның өнімдері несиеге беру саясатын жетілдіру қажет. Бұл жетілдіру  ең алдымен кешіктірілген дебиторлық берешектер бойынша сақтандыру резервтерін  қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Екіншіден,  дебиторлық берешектің өсуі қаражатты  сыртқы көздерден  тартуы кезіндегі  «Сұлтан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетіп,  несиелік тартымдылығын  төмендетпеу үшін осы проблеманы активтердің өзін қаражаттар тарту  процесіне қатыстыру қажет. Дебиторлық берешекті осы процеске қатыстырудың басты бағыты – басты несие  алу кезінде дебиторлы берешекті  немесе серіктестіктің  қарызды  өтелуін талап ету құқығын  кепілдік қамтамасыз  ету ретінде  несие берушіге ұсыну.

    Біздің  пікіріміз бойынша дебиторлық берешекке  қатысты проблемаларды «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  дағдарыстық симптомдары ретінде  қарастыруға болады. Бұл симптом  осы серіктестіктің жағдайын «латентті  дағдарыс» күйі деп бағалауға  негіз  болады. Сондықтан осы активке  қатысты «латентті» дағдарысты тудырушы проблеманың  ең тиімді жолы біз  ұсынған жоғарыдағы екінші тәсіл  болып  табылады.

    Сонымен қатар, «Сұлтан»  серіктестігінің  тауарлық – материалдық запастары  да көп. Бұл серіктестіктің тауарлық - материалдық запастарын көбінесе егін шаруашылығы бойынша түскен өнімдер құрайды. Мұндай жағдайдың  қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ең алдымен бұл серіктестіктегі өнімді өткізуіне байланысты.

    Сол себепті, яғни өнімді өткізудің дұрыс  ұйымдастырылмағандығынан, «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлық - материалдық запастары 2006ж. 11,5 млн теңгені, ал 2008 ж. 12,1 млн теңгені құрады. Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай «Сұлтан» серіктестігінде 2006 жылы тауарлық-материалдық запастары активтердің 48%-ын, ал 2008 жылы 25,9 %-ды құрады. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда тауарлық-материалдық запастардың сомасы өскен.

    Тауарлық-материалдық  запастардың жоғарыда көрсетілген  үлкен үлесте болуы «Сұлтан» шағын  кәсіпкерлік субъектісінің өнімді өткізу және бизнес процестерін дұрыс  ұйымдастырылмағандығынан. Бұл дағдарыстық  белгілі осы серіктестіктің «латентті» (көрінбейтін) дағдарыс симптомына жатқызуға болады. Сондықтан егер бұл проблеманы шешу бойынша шаралар кешені әзірленіп,  жүзеге аспаса, онда бұл кәсіпорын осыған орай келешекте дағдарысқа ұшыруы мүмкін. Бұл  себепке  байланысты, яғни  тауарлық – материалдық  запастырға  байланысты «Сұлтан»  шаруашылық  субъектісінің болашақта  дағдарысқа  ұшырамауы  үшін  біздің пікіріміз  бойынша  маркетингтік – менеджменттік  шараларды  қолдану  қажет. Бұл  шараларды  жүзеге  асырудың  жолы (біздің пікіріміз бойынша) «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінде  өнімді  өткізу  менеджменті  бола  алады. Осыған  орай  бұл  серіктестікте  өнімді өткізу  бойынша  менеджерді енгізуге  болады. Сондықтан  жоғарыда  берілген 11-суретте «Сұлтан»  жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің  басқару  құрылымға, егер  біз  ұсынған рекомендация  бойынша  жаңа  енгізілім  енгізілсе, онда  ол  келесі  түрде  трансформацияланады:

 

       

 
 
 
 
 
 
 

    12-кесте. «Сұлтан » серіктестігінің модификацияланған басқару

    құрылымы.

    Біз  ұсынған  басқару  құрылымына  осы  жаңа  енгізілімді  енгізу «Сұлтан» обьектісіндегі  проблемаларды  шешу  үшін төмендегі шаралар  мен функцияларды  жүзеге  асыру  керек:

      1. запастарды  басқару;
      2. өнімді  өткізу  каналдарын  диверсификациялау;
      3. несиеге өткізілген  тауарлар  мен  өнімдер  бойынша  қарызды өтеу  бойынша  жұмыс  істеу және  кешіктірілген  өтеулер  бойынша шараларды  әзірлеу  мен  оларды  іске  асыру;
      4. өнімді  өткізу  бойынша  бизнес  процестерді оптимизациялау.

Информация о работе Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары