Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 19:01, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Экономика"
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Экономикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Қаржы жүйесінің құрылуының екі қағидасы белгілі: а) демократиялық орталықтандыру; б) қазынагерлік федерализм. Демократиялық орталықтандыру кезінде жергілікті органдар өз бетімен қаржы қорларын жұмсай алмайды. Қазынагерлік федерализм кезінде орталық және жергілікті қаржылар қатаң шектелген және жергілікті өкімет қаржылық шығындарды өз бетімен белгілейді.
Салықтар – бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мемлекет пен жергілікті бюджетке міндетті төлемдері. Салық жүйесі – қаржылық құралдарды алымдау әдісі мен нысанының жиынтығы.
Салық салудың қағидалары:
Салықтың негізгі түрлерін келесі белгілер бойынша жіктелімдеуге болады:
Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың таза көлемінің өсуі мемлекеттің инвестициялық және мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор салықтық түсім көлемінің өзгерістеріне таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) өзгерістерінің қатынасы ретінде анықталады.
Бірақ мемлекет фирмалардың табысына шектен тыс салық мөлшері, соңғыдан капитал жинауға ынтасын жоғалтады. Бұл Лаффер қисығының графигінде көрнекі көрсетіледі (18.3.-сурет).
R
100 %
У
14.3.-сурет.
Лаффер қисығы
Алғашқыда салық мөлшерлемесінің өсуімен бюджетке түсімдер де өседі. Бірақ кейбір сәтте, салықтардың шектен тыс мөлшерлемесі өндірістің дамуына кедергі жасайды, ал жүз пайыздық салық мөлшерлемесінде кәсіпкерлер қандай да бір ынталандырудың болмағандығынан өздерінің өндірісін тоқтатады және бюджетке түсім тіптен тоқтайды.
Қазақстанда ҚР Салық кодексімен белгіленген келесі салықтар бар:
Бұл салықтардан басқа бюджетке алымның 13 түрі, 9 әр түрлі төлем, мемлекеттік баж салығы және кедендік төлемдері түседі.
Бюджеттік үдеріс мемлекеттік табыс пен шығындардың жағдайын теңдестіруді қарастырады. Мемлекеттік шығындардың табыстардан жоғары болуы мынадай себептермен бюджет тапшылығын әкеледі:
а) мемлекеттің өмірдің әр түрлі аясындағы рөлінің өсуі;
ә) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шығынның өсуі;
б) мемлекеттік аппараттың санының өсуі;
в) шаруашылық жағдаятының толқуы, кезеңдік құлдырау мен өндірістің көтерілуі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістері:
Мемлекеттік
заем шығару нәтижесінде және оны
мемлекеттік орналастыру
Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардабын келесі төрт сәтке бөлуге болады:
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
15-тақырып.
Экономикалық өсу.
Лекция
мақсаты: Экономикалық өсудің мәнін
ашу.
Лекция сұрақтары:
1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
2. Экономикалық
өсудің факторы. Экономикалық
өсудің жағымды және кері
3. Экономикалық
өсудің моделі.
15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
Экономикалық өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық көбейтуімен, сапалы жетілдірілуімен және оның өндірістік факторымен көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық өнімнің көбеюінен, елдің экономикалық күшінің нығаюынан табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынының көрсеткішінің көмегімен сипатталады – бұл белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетілген.
Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:
Бірінші
жағдай төменде келтірілген суретпен
көрсетіледі. Экономика ішкі нүкте К-ден
шекарадағы өндірістік мүмкіндігі Н нүктесіне
ауысады (15.1.-сурет
Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы СД жағдайынан СД жағдайына өзі жылжиды (15.2.-сурет
Осыдан экономикалық өсуді екі түрге бөледі: экстенсивті және қарқынды.
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі.
Экономикалық өсудің қарқынды түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.
15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:
Экономикалық өсудің факторларын 3 топқа бөлуге болады: ұсыныс факторы (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология); сұраныс факторы (жиынтықты шығындардың деңгейі) және бөлу факторы (ресурстарды тиімді пайдалану).
Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:
Экономикалық өсудің факторының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1.-кесте):
15.1.-кесте. Экономикалық өсу
Фактор | Фактордың сандық көрсеткіші | Толық пайдаланудың тәсілі мен тиімділікті көтеру | Тиімді пайдаланудың көрсеткіші |
Табиғи ресурстар (жер, пайдалы қазбалар, ауа, су және т.б.) | Әрбір нақты түрдің көрсеткіші | Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өңдеу | Өнімнің материалдық сыйымдылығы |
Еңбек ресурстары | Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны | Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру | Еңбек өнімділігі |
Негізгі капитал (кәсіпорынның жабдықтары, халық шаруашылығы барлық аясының транспорт көліктері) | Бағасы | Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру | Қордың қайтарымдылығы |
ҒТП | Шығындар | НИОКР аясын дамыту, нәтижелерін пайдалану | Өндірістің тиімділігін көтеру |