Нарықтық
экономикадағы елде құрылымдық және
уақытша жұмыссыздық болғанда ғана,
жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін.
Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі
5-7 пайызды құрайды. Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың
пайда болуы кезінде толық
жұмыспен қамтамасыз етілу бұзылады.
Жұмыссыздықтың
көрсеткіштері:
- Жұмыссыздық
деңгейі – жұмыссыздар санының пайызда
көрсетілген жұмыс күшінің санына қатынасы.
- Жұмыссыздықтың
ұзаққа созылуы.
Оукен
заңы экономикалық белсенділік пен жұмыссыздықтың
арасындағы сандық өзара байланысты сипаттайды.
Осы заңға сәйкес, ЖҰӨ-нің әр жылғы өсу
деңгейі жобамен 2,7 пайызға тұрақты деңгейдегі
жұмыссыздықтың үлесін 1 пайызға азайтады.
Осыған сәйкесті жағдайда: ЖҰӨ-нің өсу
қарқынының 2 пайызға ір қосымша қысқаруы
жұмыссыздық мөлшерінің 1 пайызға өсуіне
алып келеді.
- Жұмыссыздық
экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің
деңгейін төмендетеді.
- Жұмыссыздық
адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір
сүру деңгейін төмендетуге , қылмыстың
көбеюіне, өлімнің өсуіне әкеледі.
- Жұмыссыздықтың
ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы
жоғалады.
- жұмыспен
қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік
секторда жұмыс орындары санының көбеюі;
- жұмыс күштерін
дайындау және қайта әзірлеу;
- жұмыс күшін
жалдауға көмектесу;
- жұмыссыздықты
әлеуметтік сақтандыру.
Еңбек
биржасы – жұмысшылар мен кәсіпкерлердің
арасында жұмыс күшін сату-сатып алу мәмілесін
жасау кезіндегі делдалдықты жүзеге асыратын,
сонымен бірге жұмыссыздықты тңркейтін
мекеме.
13.3.
Қазақстан Республикасындағы
жұмыссыздықтың себептері
мен арнаулы нысандары
ҚР
Үкіметімен бірнеше жыл бойы жүргізілген
қатаң монетарлықсаясат табиғи нәтижеге
– жұмыссыздықтың өсуі есебінен инфляцияны
ауыздықтауға әкелді. ҚР-дағы жұмыссыздық
жоғарыда айтылған барлық нысандарға
көрінді:
- кезеңдік
жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың
нәтижесі ретінде болады;
- уақытша жұмыссыздық
жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге
жаппай көшуінің нәтижесінде болады;
- құрылымды
жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың
көп жыл жабық болуының және нарықтық
қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттігінің
нәтижесінде болады.
Осы
нысандармен қатар жұмыссыздықтың
негізгі пайызын көрінбейтін
жұмыссыздар құрайды. Ол біріншіден,
көп кәсіпорындар толық емес жұмыс
күні тәртібінде жұмыс істеп және
өндіріс көлемін қысқарта отырып,
жұмыскерлерін төлемсіз демалысқа
жіберуге мәжбүр, екіншіден, адамдар олардың
ұйымдастыру жұмыстары жетілмегендіктен,
еңбек биржасынан гөрі өздері жұмыс тауып
алуды жөн көреді.
ҚР
еңбек рыногындағы келесі проблемаларды
бөліп қарастыруға болады:
- еліміздің
әр түрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамысыз
ету деңгейінің біркелкі еместігі өседі;
- жұмыссыздықтың
мерзімінің өсуінің ұзақтығы;
- жұмыспен
қамтылудың әлеуметтік құрылымы өзгереді;
- екінші жұмыспен
қамтылу өседі;
- материалдық
өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс істейтіндердің
саны азайып, өндірістік емес салаларда
көбейеді;
- жұмыссыздықтың
қатары әйелдер мен жастардың құрамында
көбейеді.
13.4.
Инфляция, оның себептері
және қазіргі замандағы
әртүрлілігі
Инфляция
– ақшаның құнсыздануына және
нақты тұтынумен салыстырғандағы
айналымдағы ақша көлемінің артықтығына
соқтыратын, экономикалық саясаттың жетімсіздігі
мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі
үйлесімсіздікпен келетін ақша айналымы
заңының бұзылуы.
Инфляцияның
себептері әр түрлі. Оған кіретіндері:
- жабу үшін
қағаз ақшалар шығарылатын мемлекет бюджетінің
тапшылығы;
- мемлекеттің
өндірістік емес шығындарының жоғары
деңгейі;
- тауарлық
тапшылық;
- өздерінің
тауарлары мен қызметтеріне негізсіз
баға көтеруіне мүмкіндік беретін кейбір
тауар өндірушілердің монополистік жағдайы;
- өндірістің
тоқырауы және т.б.
Сұраныс
инфляциясы мен шығын инфляциясының тұжырымдамасы
инфляцияның әр түрлі себептерін қарастырады.
Сұраныстың
инфляциясы жиынтықты сұраныстың өзгерістерімен
келеді. Ол шығарылатын өнімнің өсу
қарқынынан сұраныстың әр жылғы өсу
қарқыны асып түскен жағдайда пайда
болады.
Ұсыныс
инфляциясы өндіріс шығынының (еңбекақы,
шикізат, материалдар және т.б.) көбеюі
нәтижесінде пайда болған бағаның
өсуіне тәуелді.
Бағаның
орташа жылдық қарқынының өсуіне байланысты
бөлінеді:
- бірқалыпты
немесе жылжымалы инфляцияға – әдетте,
жылына 10 пайыздан көп емес;
- өршімелі
инфляцияға – жылына 200 пайызға дейін;
- гиперинфляцияға
– жылына 200 пайыздан жоғары.
Нысандары
бойынша инфляцияның пайда болуын
ашық және жабық (немесе басылған) деп
бөледі. Ашық инфляция бағаның жалпы
деңгейінің өсуінде анық көрінеді. Жабық
инфляция берік мемлекеттік баға тұрақты
және «ресми» өспейтін орталықтандырылған
экономикаға тән.
Болжанылатын
инфляцияны болжанбаған инфляциядан
ажырата білу қажет. Болжанылатын инфляция
елдің үкіметімен «жоспарланады», сондықтан
оны белгілі бір кезеңде болжауға болады.
Болжанылмаған инфляция бағаның кенеттен
секірісімен сипатталады, ол ақша айналымында
және салық салу жүйесінде кері әсер етеді.
Түрлі
тауар топтары бойынша бағаның
өсуіне байланысты балансталған және
балансталмаған инфляцияны айырады. Балансталған
инфляция кезінде әр түрлі тауардың бағасының
бірі екіншісіне қатынасы бойынша тұрақты
үйлесіммен айырбасталады. Балансталмаған
инфляция әр түрлі тауарларға әр түрлі
өсу қарқынын көрсетеді.
Өз-өзін
бақылау сұрақтары:
- Еңбек ресурстары
еңбекке қабілетті тұрғындардың қандай
бөлігін қамтиды?
- Жұмыссыздық
дегеніміз не?
- Жұмыссыздықтың
түрлерін атаңыз.
- Экономиканың
құлдарауымен жұмыссыздықтың қандай түрі
байланысты?
- Жұмыспен
қамту кезінде жұмыссыздықтың қандай
түрі болуы мүмкін?
- Жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі дегеніміз не?
- Оукен заңы
мәні неде?
- Жұмыссыздықтың
әлеуметтік-экономикалық салдары қандай?
- Еңбек биржасы
дегеніміз не?
- Қазақстандағы
жұмыссыздықтың себептері неде?
- Соңғы кезде
Қазақстанда еңбек рыногыда қандай проблемалар
байқалды?
- Инфляция
дегеніміз не?
- Инфляцияның
себептері неде?
- Сұраныс
инфляцияның шығу себептері?
- Ұсыныс инфляциясы
нені білдіреді?
- Бағаның
орташа жылдық өсу қарқынына тәуелді инфляцияның
қандай түрлерін бөледі?
14-ТАҚЫРЫП
МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ: МӘНІ, МАҚСАТЫ,
ҚҰРАЛДАРЫ.
Лекция мақсаты:
Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің
мәнін ашу.
Лекция
сұрақтары:
1. Нарық
экономикасын мемлекеттік реттеу.
2. Қаржылық-кредиттік
жүйе.
3. Мемлекеттің
қаржылық жүйесі.
14.1.
Нарық экономикасын
мемлекеттік реттеу
Қазіргі
заманғы нарық экономикасының жағдайында
бірнеше қызметті алып жүретін мемлекетсіз
іс жүргізу мүмкін емес. Рыноктың өзінің
атаулы сипатына қарамастан, қоғам
алдында тұрған міндеттерді шешуге
қабілетті, жақсы қалыптасқан тетіктері
бар. Бұл бірақ, мемлекет атқаруға тиісті
рөлді теріске шығармайды. Нарық экономикасын
мемлекеттік реттеудің қажеттілігі бірде-бір
кәсіпкер шешуге қабілетті емес, сондай
проблемалардың пайда болуымен байланысты:
қорщаған ортаның ластануы, жаппай жұмыссыздық,
инфляция, кезеңдік толқулар және т.б.
Мемлекеттік
реттеудің мақсаты, мемлекеттің
барлық экономикалық саясаты тәрізді,
үш деңгейге бөлінеді. Жоғары мақсаты:
ьарлық қоғамның ең жоғары игі жағдайына
жету. Екінші деңгей – негізгі мақсаттар
тобы: қоғамның еркін дамуы және
құқықтық тәртіп. Үшінші деңгей – қолданбалы
мақсаттар: экономикалық өсу, жұмыспен
толық қамтылу, бағаның тұрақты деңгейі,
ұлттық валютаның тұрақтылығы және сыртқы
экономикалық тепе-теңдік.
Мемлекеттің
экономикадағы рөлі оның қызметінде
нақтыланады. Бұл қызметтер айтарлықтай
көпжақты, оның ішінде ең маңыздысы мыналар:
- Экономиканың
құқықтық негіздерін дайындау және бекіту,
яғни, мемлекет парламент пен үкіметтік
құрылымдар негізінде кәсіпорындар мен
рыноктағы тұрғындар арасындағы «ойын
ережесін» анықтайды.
- Макроэкономикалық
дамудың басымдылығын анықтау, яғни, мемлекет
бүгінгі күні ел үшін не маңызды, ол қанша
ресурстарды қажет ететінін, қайтарымы
қаншалықты тез болатынын, қабылданған
щещімдердің әлеуметтік, экологиялық,
микрошаруашылықтық нәтижелері қандай
болатынын анықтайды.
- Әлеуметтік
құндылықтарды орындау, негізгі өтетін
жері үдерісті салық салу болып табылатын
жеке табыстарға салық салу, табыстарды
қайта бөлу және трансферттік төлем жүйесін
жүзеге асыру.
- Қоғамдық
игіліктерді өндіру, өйткені, рынок кейбір
жағдайда қорғаныс мақсатындағы тауарларды
өндіруді қамтамасыз етуге қабілетсіз
болған кейбір жағдайда, құқық қорғау
органдарын, жол құрылысын және т.б. дамыту.
- Сыртқы әсерлерге
өтемақы. Сыртқы әсерлер (экстерналдық)
деп игілікті өндіру мен пайдалануға байланысты,
ол осы рыноктық мәміленің қатысушысы
емес, адамның үлесіне тиген пайда мен
шығындар аталады.
- Трансакциялық
шығындарды азайту. Трансакциялық шығындар
– бұлар өндіріспен емес, оған ілеспелі
шығындармен байланысты (баға туралы ақпараттарды
іздеуге, әріптесті таңдаудағы, шартқа
отырудағы, меншіін қорғаудағы және т.б.
шығындар).
- Экономикалық
қызметті реттеу: экономикалық өсуді ынталандыру
қызметі мен тұрақтандыру қызметі.
Батыстың
«Экономикс» оқулығында бұл барлық
қызметтер үш жаһандық қызметтерге
түйіндестірілген – тиімділік (мемлекет
өндірістің тиімді қызмет етуіне жағдай
жасауы тиісті); әділдік (салық арқылы
табыстарды қайта бөлу, қарт, еңбекке жарамсыз
адамдарды қолдау және т.б., еңбек рыногын
реттеу, жұмыссыздарды материалдық қамтамасыз
ету, ең төмен еңбекақының деңгейін ьелгілеу);
тұрақтылық ( тұрақтылықты қолдау, экономикалық
жағдаяттың ауытқуын жұмсарту).
Мемлекеттік
реттеудің құралдары:
- Құқықтық
реттеушілер.
- Әкімшілік
реттеушілер.
- Экономикалық
реттеушілер (тура және жанама).
- Институциялық
реттеушілер.
- мемлекет
өкіметінің атқарушы құрылымының қалыптасуы;
- мемлекеттік
меншік объектілерін құру және сақтау;
- экономикалық
бағдарламалар мен экономикалық болжауды
әзірлеу;
- экономика
бойынша зерттеу орталықтарын, экономика
ақпараттары институтын, өнеркәсіптік-сауда
палатасын, әр түрлі экономикалық кеңес
пен одақтарды қолдау;
- Кеңесшілердің,
консультанттардың, экономика проблемелары
бойынша сарапшылар кеңесі институтының
қызметін қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлер
мен кәсіптік одақтарды құқықтық және
ақпарттық қолдау, өзара іс-қимылдың ұтымды
нысаны;
- экономикалық
бірігуге қатысу, экономика мәселелері
бойынша халықаралық кездесулерді ұйымдастыру.
Мемлекеттік
реттеудің әдістері тікелей және
жанама болып бөлінеді. Тікелейге -
әкімшілік-құқықтық реттеу (экономиканың
құқықтық негіздерін құру, монополияға
қарсы саясат), қоғам өмірінің маңызды
аясын басқару (қорғаныс, энергетика, пайдалы
қазбалар, ұлттық музей, парк, жолдар және
т.б.), мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік
инвестициялар және мемлекеттік тапсырулар.
Жанамаға – қаржылық саясат, кредиттік-қаржылық
саясат, инвестициялық саясат, әлеуметтік
саясат, сыртқы экономикалық саясат жатады.
Экономиканы
мемлекеттік реттеу моделі нысанында
мынаны келтіруге болады:
- Экономикалық
тиімді мемлекет (америкалық тәжірибе).
Американдық мемлекеттің тиімділігі ұлттық
экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде көрінеді. Мемлекеттің экономикалық
рөлі ұлттық экономика қызметінің сыртқы
және ішкі жағдайларын қамтамасыз етуге
қатысу деңгейінде байқалады. Сонымен
бірге, шаруашылық заңы шеңберінде кәсіпкерліктің
кез келген түрінің тиімді қызмет етуі
үшін елде мүмкіндік сақталған жағдайда
ғана мемлекет экономикалық тиімді деп
саналады. Мемлекет «ойын ережесінің»
кепілі болып көрінеді, рынок пен бәсекелестіктің
кепілдемесі болады және бұл жағында ол
рыноктык қағида тәртібіне кірігеді.
- Француздық
индикативтік жоспарлау. Францияда индикативтік
жоспарлар макрореттеу құралының ішіндегі
бірден-бір сипатты нысаны ретінде өзінің
тиімділігін дәлелдеді. Индикативтік
жоспарлау жүйесі халық шаруашылығындағы
мемлекеттік меншіктің жоғары үлесіне
сүйенеді. Жоспарлау «төменнен» бекітіледі
және кеңесу мен келісуге негізделеді,
өйткені, ол әр түрлі «топтар мүдделері»
өкілдерінің тең құқықтағы қатынасуын
қосады: мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлерді,
кәсіподақтарды, тұтынушылар одағын және
т.б. Көп сатылы итерация нәтижесінде туындайтын
жоспар мен барлық қатысушылар оның өткізілуіне
мүдделі бәтуаластықта өте сирек «жоспарлаудың
демократиялық жүйесі» жүзеге асады.
- Швед моделі
ұлттық табыстың елеулі бөлігінен аз қамтамасыз
етілген тұрғындарды қамтамасыз ету пайдасына
қайта бөлу арқылы елеулі мүліктік теңсіздікті
жұмсартуға бағытталған күшті әлеуметтік
саясатпен ерекшеленеді. Мемлекеттің
рөлі меншіктің шағын үлесіне ие бола
отырып, оның ЖҰӨ-нің елеулі бөлігін әлеуметтік
қажеттіктерге жұмсауымен болуы анықталады.
Мұндай модельдің қызмет етуі салық салудың
тек жоғары мөлшері жағдайында ғана болуы
мүмкін.