Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 00:02, курс лекций
1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.
Тесттілік тапсырмалар.
1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады:
a) су асты қайығы;
b) демалыс және қыдыру; d) бiлiм
2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
a) жер, еңбек, капитал, жұмыс күшi, басқару; c) ресурстар, технология, кәсiпкерлiк.
b) жер, еңбек, капитал, кәсiпкерлiк, ақпарат; d) жер, еңбек, капитал, технология.
3.Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығының iшiнде орналысқан нүкте:
a) тиiмдi; b) тиiмсiз; c)бiр технология мен ресурстар көлемiнде мүмкiн емес;
d) тиiмдi, бiрақ оптималды емес.
4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
a) стипендия көлемі; b)мемлекеттің орташа санақтық маманға жұмсайтын шығын;
c) оқуды тастап ,басқа жерде максималды табыс; d) студентті оқытуға жұмсайтын ата-анасының шығыны.
5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
a) басқа бір өнімді өндірудің төмендеуімен; b) басқа бір өнімді өндірудің өсуімен;
c) басқа бір өнімнің тұрақты көлемімен; d) айтылғандардың кез келгенімен.
Есептер:
1-есеп. Фирма 2 түрлi теннистiк доп өндiрiледi. Бiр дана доп өндiруге 3 доллар және 2 доллар шығын жұмсайды. Фирманың доп өндiруге 90 доллар шығын жұмсағандағы фирманың өндiрiстiк мүмкiндiгiнiң қисығын көрсетiнiз.
2-есеп.Қазақстанда бiр жұмысшы 1 тонна ет немесе 20 ц. бидай өндiредi. Қырғызстанда 2 тонна немесе 10 ц. бидай өндiрiледi. Қазақстанда барлығы 400 мың адам бидаймен ет өндiруге мамандырылған , ал Қырғызстанда 100 мың адам.
Екi елдiң ет пен бидай өндiрудегi өндiрiстiк мүмкiндiктерiн қисығы қандай болады.
Студенттердiң оқытушымен өзiндiк жұмысы.
Тапсырманың мақсаты.
1.Экономикалық игіліктер мен қажеттіліктерге сипаттама.
2.Меншік субьектілері мен обьектілері.
Бақылау түрлерi:
1. Ауызша сґрау.
2.Категория бойынша сґрау
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі
негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.
Экономика; Өндiрiс; Ресурстардың сиректiгi;
Өндiрiс факторлары; Қажеттiлiктер; Игiлiктер; Байлық;
Айырбас; Қайта бөлу; Тұтыну; Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы.
Студенттiң өзiндiк жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар.
1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2.Меншік формалары.
3.Қажеттіліктер мен игіліктердің түрлері.
Бақылау формасы: қысқаша конспект.
Әдебиеттер:
1. Әубәкiров Я.Е, Байжұмаев Б. Экономикалық теория. Алматы: Қазақ университетi, 1999 жыл
2. Булатов. Экономика. Москва, 1995 жыл.
3. Макконелл К, Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М: Республика, 1992 жыл.
5-тақырып. Қоғамдық өндірістің нысандары. Тауарлы өндіріс
Семинар жүргізу жоспары:
Семинар сабағы «дөңгелек үстел» түрінде жүргізіледі. Студенттік топ санына байланысты 3-тен 6-ға дейін шағын топтарға бөлінеді. Әр топ 1-2 сұрақты дайындайды және басқа бір топтың жауаптарына оппонент болады. Ал арнайы құрылған топ қорытынды жасап, әр топтың жауаптарына баға береді. Ал 5-ші сұрақ бойынша СӨЖ-да берілген мысалдарды келтіре отырып, әр топ өздерінің жауаптарын беру керек.
Талдау сұрақтары:
1. Еркін бәсекелік шаруашылығы және ұйымдастырылған нарық. Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы тауардың қасиеттері туралы.
2. Субъективті бағалау теориясы салыстырмалы құндылық негізінде тауар айырбасы туралы. Шекті құндылық ұғымы.
3. Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары.
4. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар.
5. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері.
6. Тауарлық өндірістің экономикалқ заңдары. Бағалар ен тарифтер.
Қайталау сұрақтары:
1. Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары;
2. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар;
3. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы.
4. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері;
5. Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер.
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:
1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
3. Реферат: 1 Өркениетті нарықтық экономиканың негізгі белгілері;
Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Ақшаның толық анықтамасын таңдаңыз:
А) адамдар арасындағы келiсiм өнiмi; В) тауар айырбасына түсетiнiң барлығы;
С) ликвидтiлiкке ие тауарлардың барлығы; Д) жалпы эквиваленттiлiк пен абсолютты ликвидтiлiкке ие ерекше тауар; Е) сатып алу.
2. Тауарды қолма-қол сатып алуда ақша қандай қызметтi атқарады:
А) айналыс құралы; В) құн өлшемi; С) қор жинау құралы; Д) әлемдiк ақша; Е) төлем құралы;
3. Ненi, қалай, кiмге өндiру мәселелерi тө-мендегiлердiң қайсысына қатысты:
А) тек әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк жүйеге; В) тек нарықтық экономикаға; С) тек артта қалған экономика; Д) кез-келген экономикалық жүйеге; Е) ақиқат жауап жоқ.
4. Тауардың қандай қасиеттері бар?
А) құны; В) бағасы; С) тұтыну құны мен айырбас құны; Д) бағасы мен тұтыну құны;
Е) құны мен бағасы
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1. Натуралды шаруашылық экономиканы ұйымдастырудың алғашқы
тарихи формасы ретінде.
2. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері мен даму өзгерістері.
3. Айырбас қатынастарының дамуы.
4. Ақшаның пайда болуы, атқаратын қызметтері.
5. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайы.
6. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу белгілері.
7. Тауар және оның қасиеттері.
8. Нарық түрлері.
9. Нарық инфрақұрылымы.
10. Ақшаның ерекше қасиеттері
Міндетті әдебиет
1.Әкімбеков С.Ә., БаймухамбетоваА.С.,Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана, 2002. - Б. 91-108.
2 Әубәкiров Ж.Я. және т.б. Экономикалық теория негiздерi. Алматы, 1998.- Б. 117-168.
3. ҚР-ның Президентi Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. //Егемендi Қазақстан. - 19.02.2005.
5. Осипова Г. М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002. – Б. 93-131.
6. Шеденов Ө.К. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. 2-ші басылым. - Ақтөбе, 2004. – Б. 313-342.
Қосымша әдебиет 1. Әбдіразақов Т., Ғабитов Ж., Елемесов Р., Алшанов Р. Саяси экономика. Қысқаша оқулық – Қарағанды, 1989.
6-тақырып. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы
Сабақтың мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін түсіну және білу, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратынын көрсете алу, айырмашылықтарына талдау жасауға дағдылану.
-нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролін анықтау.
-нарықтық өндірістің ұйымдастырылуы.
Талдау сұрақтары:
1. Нарықтық өндірістің ұйымдастырылуы және өмір сүруінің объективті салдары: шектелген ресурстардың заңы, қоғамдық еңбек бөлінісі және айырбастау.
2. Экономикадағы нарықтың өзара байланыстылығының схемасы: игіліктер айналымы және табыстары.
3. Нарықтың маңызды механизмдері: баға белгілеу және бәсеке.
4. Мемлекетті реттеу функциялары.
Тестілік тапсырмалар:
1. Нені,қалай және кім үшін өндіру мәселелері мынаған тән:
a) тек мемлекеттік жүйеге.
b) тек үкімет органдарға.
c) нарықтық эконномикаға.
d) жеке адамға.
2. Нарықтық экономика үшін не тән емес?
a) кәсіпкерлік қызмет еркіндігі.
b) бәсекелестік.
c) орталықталынған жоспарлау.
d) бағаны нарықтық түрде жасау.
3. Жер, капитал, еңбек – бұл өндіріс факторлары. Капиталға мыналарды жатқызуға бола ма?
a) ақша, акция, облигация.
b) тек акциялар мен облигациялар.
c) ақша мен акциялар.
d) капиталға ақшаның, акцияның, облигацияның қатысы жоқ.
4. Нарықтың дамуына байланысты нарық қалай бөлінеді?
a) ашық және ресми нарық
b) жасырын және көлеңкелі нарық
c) дамыған және дамымаған нарық
d) салааралық нарық
5. Нарықтың қай қызметінде сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының маңызы өте зор?
a) хабарлау
b) санациялау
c) экономиканы реттеу
d) делдалдық
Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың эволюциясын қарастыру.
Бақылау түрлері:
1. Категориялар бойынша экспресс – сұрау.
2. Ауызша сұрау.
3. Қысқаша баяндама.
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі
негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.
Меншік құқығы; Нарық; Ресурстар нарығы; Кәсіпкерлердің бостандығы;
Экономикалық шығындар; Экономикалық пайда; Мамандану; Бағалық механизм
7-тақырып. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
Сабақтың мақсаты: Нарық жағдайында сұраным және ұсыным моделінің қызмет ету ерекшеліктерін түсіну және білу. Сұраным мен ұсынымның бағаға және табысқа байланысты икемділігін қарастырып, оның тәжірибелік маңызын көрсету.
Талдауға арналған сұрақтар:
1. Сұраныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемділігі; Ұсыныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемділігі; Жеке нарықтық тепе-теңдік пен тепе-теңдік баға;
2. Монополия және монополистік бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия;
3. Қазақстандағы монополияға қарсы саясат: бәсекені қорғау және монополистік әрекетті шектеу.
Қайталау сұрақтары:
1. Неліктен нарық жетілген және жетілмеген бәсекелік нарықтық құрылым ретінде көрінеді. Бәсекенің нарықтық жүйедегі рөлін қалай түсінесіз?
2. Сұраным және ұсыным моделі;
3. Сұраным мен ұсынымның бағаға және табысқа байланысты икемділігін қарастырып, оның тәжірибелік маңызын көрсетіңіздер;
4. Жетілмеген бәсеке нарығының әр түрін жеке қарастырып, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіздер;
5. Қазақстандағы монополияға қарсы мемлекеттің әрекетінің заңдық негіздерін анықтап, оларды қолдану тәжірибесін талдау керек;
6. Рынок дегеніміз не?
7. Сұраныс заңының анықтамасын беріңіз және түсіндіріңіз;
8. Ұсыныс заңының анықтамасын беріңіз және түсіндіріңіз;
9. Монополистік бәсекелестіктің негізгі сипаттамасын беріңіз;
10. Олигополия және оның негізгі модельдерін қарастырыңыз;
11. Монополия деген не?
12. Табиғи монополияны қалай түсінесіз?
13. Экономиканы мемлекеттік реттеуде антимонополиялық заңнаманың рөлі қандай?
Жаттығуды орындаңыз:
1-кесте. Консервіленген фасоль нарығындағы жағдайлар
Баға Теңге | Сұраныс көлемі 1 жылда млн. банкі | Ұсыныс көлемі 1 жылда млн. банкі |
8 | 70 | 10 |
16 | 60 | 30 |
24 | 50 | 50 |
32 | 40 | 70 |
40 | 30 | 80 |