Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 00:02, курс лекций
1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.
d) ақшаға сұраным азайса.
2.Несие ақшасы , бұл:
a) айырбас монетасы.
b) қағаз, ақша.
c) вексель
d) алтын және асыл металдар.
3.Ақша мультипликаттары мынаған жағдай жасайды:
a) процент ставкасын өзгерту.
b) құнды қағаздарды сату және сатып алу.
c) ақша ұсынымын реттеу.
d) әлеуметтiк әдiлдiктi орнату.
4.Егер ЖҰӨ көлемi өссе. Онда ақша жалпы сұраным графигi:
a) оңға жылжиды
b) солға жылжиды
c) өзгермей қалады
d) дұрыс жауабы жоқ.
5.Ақша-несие саясатына мыналардың қайсы кiрмейдi:
a) несиенi басқару
b) халықтың өмiр сүру деңгейiн көтеру
c) ақша мөлшерiн реттеу.
d) проценттi реттеу.
Төмендегi пiкiрлер дұрыс па ?
1. Ақша – қоғамның ақша деп жарияланатын заты.
2. Ақша мультипликаторын айналымға қажеттi ақша мөлшерiн көбейту
үшiн қолдануға болады.
3. Жазылған чектер ақша болып табылады.
4. Ақша нарығы бұл тауар ретiнде қолма-қол ақша және қолма қолсыз ақшалар жүретiн нарық.
5. Нарықтағы ақша ұсынымы оған сұранымға байланысты.
Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1. Ақша - несие саясатының құралдарын сипаттау.
2. Қазақстанның бiр немесе бiрнеше банктерiнiң банктiк жүйесiн оқу
Бақылау түрлерi:
1. текстiлiк тапсырмалар.
2. Қысқаша хабарлама.
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек
Ақша; Тауарлық ақша ; Өтiмдiлiк; Ақшаға сұраныс; Ақшаға ұсыныс;
Айырбас құралы; Қор жинау құралы; Төлем құралы; Вексель;
Ақша айналымы; Несие; I және II деңгейлi банктер;
Ақша массасы ақша агрегаттары М1, М2, М3; Ақша-несие саясаты
Хабарлама тақырыптары:
1. Қазiргi кездегi ақша теориялары және мемлекеттiң ақша-несие саясаты.
2. Қазiргi кездегi Қазақстанның ақша-несие саясатының ерекшелiктерi.
Студенттің өзіндік жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1. Ақша - нсие саясатының құралдары және басқа да мемлекеттердiң
пайдалану спецификасы.
2. Қазақстан банктерi.
Бақылау формасы: қысқаша конспект.
Әдебиеттер:
1. Әубакіров Я. Экономикалық теория негіздері. Алматы :Санат.
1998 ж.3 – бөлім, бет 384-401.
2. под редакйией Камаева В.Экономическая тоерия.Москва
Владос,2003г.351-371-бет
3. Макконнелл К,Брю.С.Экономикс.Москва:
14-тақырып. Қаржы жүйесі және қаржы саясаты
Сабақтың мақсаты:
Қаржының қажеттілігін, мәнін, қызметтерін жете түсіну. Фискалдық саясаттың құралдарын және ықпал ету механизмін талдау.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Қаржының қажеттілігі, мәні, қызметтері.
2. Мемлекеттік бюджет.
3. Салықтар. Лаффердің қисық сызығы
4. Үкімет шығындары және жиынтық сұраныс
5. Мемлекеттік борыш
6. Өтпелі экономикадағы фискалдық саясат.
Қайталау сұрақтары:
1. Мемлекеттiң нарықтық экономикаға араласуының қажеттiгi және мәнi. Қазіргі экономикалық теориядағы әр түрлі көзқарастар.
2.Экономикалық саясат: түсінігі, негізгі принциптерi және қызметтерi. Экономикалық теория – экономикалық саясаттың негiзi.
3.Экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары және тиiмдiлiгі. Экономиканы реттеу құралдарының жүйесі.
4. ҚР- ның қазіргі кезеңдегі экономикалық саясатының негізгі бағыттары және мәселелері.
Тестілік тапсырмалар:
1.Егер үкімет нақты ТҰӨ деңгейін жоғарлатса, онда ол ......
а) салықты төмендетеді.
б) мемлекеттік тауарлар сатып алуды төмендетсе.
с) трансферттік төлемдерді төмендетсе.
д) бюджеттік тапшылық деңгейін төмендетсе.
2. Үкіметтік саясат шығындар мен салық салу облысында былай аталады:
а) ақшаның сандық теориясына арналған саясат.
б ) монетарлық саясат.
с) фискальдық саясат.
д) табыстарды бөлу саясаты.
3.Антиинфляциялық фискальдық саясат, мынаны болжайды:
а)салық салу деңгейін көтеру және мемлекеттік шығындарды
қысқарту.
в) салық салуды да,мемлекеттік шығындарды да қысқарту.
с) салықтың өсуі және мемлекеттік шығындардың жоғарылауы.
д) салықтың төмендеуі және мемлекеттік шығындардың жоғарылауы.
4.Егер экономика тепе-теңдік жағдайда болса, онда
а) тұтынушы шығындары инвестицияға тең болуы тиіс.
в) кәсіпкерлердің табысы жалпы инвестицияларға тең болуы тиіс.
с) тұтынушы шығындарын өсіру инфляциялық үзіліске әкеліп соғады.
д) барлық бюджеттің деңгейі балансталған болу тиіс.
Төмендегі пікірлер дұрыс па?
1.Мемлекеттік шығындар төмендейді,фискальдық саясатты қолданғанда.
2.Мемлекеттік салықтардың өсуі сұраныс қисығын солға жылжытады.
3.Мемлекеттік шығындар салықтық төлемдерден жоғары болса, онда бюджеттік тапшылық пайда болады.
4.Мемлекеттік трансферттік төлемдердің өсуі ЖҰО-ң тепе- теңдік деңгейіне ешқандай әсерін тигізбейді.
Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
Мемлекеттік фискальдық саясаттың механизмдерін оқыту.
Бақылау түрлері:
1.Ауызша сұрау.
2.Категориялар бойынша сұрау.
3.Рефераттар.
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек
Фискальдық саясат; Дискрециондық фискальдық саясат;
Дискрециондық емес фискальдық саясат; Мемлекеттік бюджет;
Бюджеттік экспансияның саясаты; Бюджеттік тапшылық;
Ығыстырып шығару эффектісі; Таза экспорттық көлемнің эффектісі;
Бюджеттік баланстың мультипликаторы.
Реферат тақырыптары:
1.Қ.Р.қаржылық жүйесі және оның құрылымы.
2.Салық салудың принциптері және концепциялары.
3.Макроэкономикалық бюджеттік тапшылықтың салдары және мемлекеттік қарыз.
Студенттің өзіндік жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны жеңу жолдары.
2.Бюджеттік баланстың мультипликаторы.
Бақылау формасы: қысқаша конспект.
Әдебиеттер:
1. Әубакіров Я. Экономикалық теория негіздері. Алматы :Санат. 1998 ,
3 – бөлім, 176-184 бет.
2. Шеденов Ө. Қ, Байжомартов Ү. С Жалпы экономикалық теория. Алматы – Ақтөбе, 2002 ж, 5- бөлім. 283-285,309-316 бет.
15-тақырып. Экономиканың циклмен дамуы экономикалық өсу
Сабақтың мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, өлшемдерін, негізгі факторларын және модельдерін білу және түсіндіре алу. Алған білімдерін студенттер Қазақстан экономикасының өсуінің динамикасын және ұзақ мерзімдік тұрақты өсу мәселесін қарастырғанда пайдалануға үйрету.
Талқылауға қойылатын сұрақтар
5. Экономикалық цикл және оның кезеңдері.
6. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
7. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
4. Экономикалық өсудің критерийлері (өлшемдері) факторлары және көрсеткіштері
5. Экономикалық өсу мен ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП).
Төмендегі кестені толтырыңыз
Кесте - Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар | Тоқырау фазасында | Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты | Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.
| ? |
2. Фискальдық саясат | ? | Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты | ? | ? |
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. | Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. | ? |
ОСӨЖ мен СӨЖ-на тапсырмалар
1. Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Кез келген ұлттық табыстың көбейуін экономиканың өсуі деп санауға болама?
2. Экономиканың өсуінің негізгі өлшемдеріне нелер жатады?
3. Экономиканың өсудің негізгі көздерінің құрылымы қандай?
4. Әртүрлі елдерде экономиканың өсудің әркелкі болуы қандай факторлармен анықталады?
5. Техникалық прогресс экономикалық өсуге қалайша әсер жасайды: эндогендік пе әлде экзогендік пе?
6. Солоудың эконогмикалық моделіндегі ҒТП-тің рөлі қандай?
7. Ұзақ мерзімдік өндірістің құлдырауынан кейін Қазақстанда 1999 жылдан қазірге дейін ІЖӨ-нің мөлшері жоғары қарқынмен ұлғайды. Осылай экономиканың жоғары қарқыниен өсуінің факторлары мен көздерін анықтап, оларды дәлелді түрде түсіндіру керек.
8. «Мальтузиандық тұзақты» ауызша және сурет түрінде түсіндіру керек.
9. Сіз, қандай шаралар жүйесін Қазақстанда экономикалық өсуді тұрақты түрде дамыту үшін ұсынар едіңіз?
Тестерге жауап беру керек
1. Экономикалық өсуді төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді:
А) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисық солға қарай қозғалады; В) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисық оңға қарай қозғалады; С) Белгілі бір нүкте өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисықтың бойымен жылжиды; Д) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисықтың ішінде бір нүктеден екінші нүктеге қозғалысты көрсетеді.
2. Экономикалық өсудің негізгі факторларына қайсыларын жатқызуға болады:
А ) көне замаңда; В) орта ғасырларда; С) жаңа тарихта; Д) индустриалдық және постиндустриалдық қоғамда.
3. Экономикалық өсудің экстесивті факторы:
А) Жұмысшы санының өсуі; В) Өндірісті басқару немесе ұйымдастыру; С) Білімді және білікті маман; Д) Ғылыми-техникалық прогресс.
4. Төмендегі құбылыстардың қайсысы экономикалық өсуге сай келмейді:
A) нақты капитал өсімі; B) пайыздық мөлшерлеме өсімі; C) салықтық түсімнің қысқаруы; D) жұмыссыздыққа жәрдемақы көлемінің азаюы; E) несиеге сұраныстың артуы.
1. Экономикалық циклдың дамуы.
2. Дағдарысқа қарсы саясат шаралары.
3. Экономикалық дамудың циклдарының себептері.
4. Экономикалық циклдардың типтері.
5. Экономикалық өсудің типтері.
6. Экономикалық өсудің мағнасы.
7. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуге жетудегі міндеттер.
Міндетті әдебиет
1. Әкімбеков С.Ә., Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана, 2002. - Б. 240-255.
2. Мамыров Н.К., Тілеужанова М. Макроэкономика. – Алматы, 2004. – 255-272, 308-322 Б.
3. Осипова Г. М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы: 2002. – Б. 230 -240.
4. Шеденов Ө.К. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. 2-ші басылым.Ақтөбе, 2004- Б. 182-191.
Қосымша әдебиет
1. Баймуратов У. Национальная экономическая система. – Алматы, 2000 - 536 с.
2. Бағытымызды бағамдаған бағдарлама. /Егемендік Қазақстан. - 12. 10. 2005. - Б. 1-2.
3. Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег / Антология экономической классики. – М., 1992, т.2.
4 Макконелл К., Брю С. Экономикс. - М: " Республика " , 1993. гл. 11-13.
5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика //Егемендi Қазақстан.- 16.12. 2004. 6. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы /Егемендік Қазақстан. – 19. 02. 2005.
7. Назарбаев Н.Ә. Азия асқарлары. Қазақстан жолы. //Егемендi Қазақстан. - 15.12.2005. – 16б.
«Экономикалық теория негіздері» пәнінен реферат тақырыптары
1-блок
1. Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық ой-пікірлердің маңызы
2. Нарықтық экономика: мән-мағынасы және қазіргі кезеңдегі модельдері.
3. Ақшаның шығу тарихы және даму кезеңдері.
4. Меншіктің құқықтық экономикалық теориясы, оның Қазақстандағы жеке
меншіктің қалыптасу мәселесін талдауда қолдану.
5. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі, оның тәжірибелік маңызы.
6. Фирма және оның нарықтық экономикадағы рөлi.
7. Трансакциондық шығындар теориясы.
8. Қазақстандағы фирмалардың ұйымдық- құқықтық түрлері.
9. Шаруашылық серiктестiктер және олардың түрлерi
10. Акционерлiк қоғамдар және олардың түрлерi
11. Өндiрiстiк кооперативтер – кәсiпкерлiктiң ұйымдық- құқықтық түрі ретiнде
12. Жетілмеген бәсекелі нарық: олигополия
13. Нарықтық экономикадағы сыртқы әсерлер
14. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі мен оның негізгі реттеу бағыттары.
15. Фирманың өндіріс шығындары мен табысы туралы теориялық концепциялар.
16. Табиғи монополиялар және оларды Қазақстанда реттеу тәжiрибесi.
17. Монополияға қарсы заңдар және оларды Қазақстанда қолданудың мәселелері.
18. Нарықтық тепе-теңдiк және қоғамның әл-ауқаты.
19. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау.