Ұлттық есеп шоттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:19, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі, ҰЕШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе болғандықтан экономикалық саясаттың барлық сферасында кеңінен қолданылады. Құрылымдық, конъюктуралық саясат мәселелерін шешу үшін, экономикалық өсуді, табысты реттеу үшін, әлеуметтік және қаржы саясатын дұрыс жүргізу үшін алғашқы ақпарат ретінде ҰЕШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады. ҰЕШЖ мәліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам жасайтын талдаушыларға, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға да қажет. ҰЕШЖ-нің көрсеткіштеріне халықаралық ұйымдар да қызығушылық танытады, өйткені халықаралық ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға төлейтін осы елдің жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының даму деңгейіне байланысты болады

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1Ұлттық есеп шот жүйесінің мазмұны мен құрылымы....................................5 1.2 Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары...........................9 1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттары..12
2 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2.1 ҰЕШЖ-ін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы.......................18
2.2 ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтары...............................................................................................23
2.3 Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде.......27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық есеп шоттар жүйесі.doc

— 283.50 Кб (Скачать документ)

    Қаржы операцияларының анықтамалық кестесі, қандай қаржылық құндылықтың көмегімен  жасалатынын, яғни ҰЕШЖ көрінісі; қаржы нарығындағы құрылымының өзгеруі және әр топ шарушылығының теңдестігінің қаржы ресурстарындағы құрылымы. [5]

    Ұлттық  баланс кестесі өз мазмұнында бухгалтерлік баланс кәсібіне жасырынды түрде болады,және бұл өзінің ұлттық шаруашылығында құрылады. Ол өз кезегінде  мемлекеттің ұлттық байлығының жыл сайынғы балансын көрсетеді.

    Ішкі  экономикалық шоттар бір-бірімен байланысты болып келеді, бір шоттан екінші шотқа ауысу мүмніндігі болады. Бұл шотттардың бір-бірімен байланысының мазмұнын келесідегідей сызба кесте түрінде көрсетуге болады:

           

    Кесте 1   ҰЕШЖ-гі ішкі экономикалық шоттың қысқаша мазмұны

Шоттың  аты және №  Ресурстар Қолданылуы Баланстық басқаруы
1.Өндіріс  шоты Қызмет көрсету  және азық-түлікті жалпы шығару Аралық тұтыну

Жалпы қосылған бағасы

Жалпы шығару -  аралық тұтыну Жалпы қосқан бағаға тең
2.Табыстардың  қалыптасу шоты Жалпы қосқан бағасы Еңбекақы 

Өндіріске салық салу

Жалпы табыс(жалпы  аралас табыс)

Жалпы қосылған құн - еңбекақы және өндіріске салынған салық жалпы табысқа тең(жалпы  аралас табыс)
3.Бірінші  реттеу табыс шоты Жалпы табыс (жалпы  аралас табыс)

Жекеменшіктен түскен табыс (иеленген) Өндіріске таза салық салу

Еңбкеақы

Иеленген жекеменшіктен  түскен табыс  
 

Жалпы алғашқы  табыс

Жалпы табыс (жалпы  аралас табыс) + жекеменшіктен түскен сальдо табысы + өндіріске салынған таза салық және еңбекақы алғашқы  табысқа тең
4.Екінші  реттеу табыс шоты Жалпы алғашқы  табыс

Ағымдағы иеленген трансферттер,олардың түрлеріне  қарай

Ағымдағы берілген трансферттер,түрлеріне қарай 

Орнықталған жалпы  табыс 

Алғашқы жалпы  табыс + ағымдағы трансферттер сальдосы, орнықталған жалпы табысқа тең
5.Табыстарды  қолдану шоты Орнықталған жалпы табыс Соңғы тұтыну(өзіндік  тұтыну),сонымен бірге тұтынушы түрлеріне  қарай(секторларға)

Жалпы қор

Орнықталған жалпы  табыс + соңғы тұтынылуы, жалпы қорға  тең
6.Капиталдық  жұмсау шоты Жалпы қор 

Иеленген капиталдық трансферттер

Негізгі фондтардың жинақталуы

Материалдық ауытқу фондтарының толысуы 

Таза жер иелену және матнриалдық емес активтер

Иеленген капиталдық тарнсферттер

Таза несие(+) немесе таза қарыз(-)

Жалпы қор + капиталдық трансферттер сальдосы – негізгі  фондтардың жинақталуы – таза жер иелену,бірақ материалдық емес активтер, таза несиеге(+) немесе таза қарызға(-) тең
7.Қаржылық  шот Таза несие(-) немесе таза қарыз 

Қаржылық міндеттерді  қабылдау

Қаржылық активтерді иелену  
 
 

    Сонымен қатар, ҰЕШЖ құрамына азық-түлік шоты және қызмет көрсету кіреді,бұл басқа көрсеткіштер негізінде құралады,кейбір жағдайларда бұл шот статистикалық-есептік мәліметтер негізінде құралады, қорытынды шот көрсеткіштері қалған шоттың құрылуына қолданылады. Сонымен қатар ҰШЖ ішінде ашық және жабық баланстық ведомостьтар құрылады,олар актив және пассив топтары көлемі жөніндегі мәліметттерді сақтайды, яғни шаруашылық субъектілер (салалар, секторлар) жыл басына не аяғына қойылады.

    Актив және пассив арсындағы айырмашылық  жеке секторлар немесе экономикалық (институционалдық) бірліктерді қазіргі кездегі көлемін анықтаудағы бірлігі және оның өзіндік капиталы. Баланстық ведомость актив және пассив құнының 3 түрін көрсетеді:

    Институциялық бірлік арасындағы операциялық нәтежиенің актив және пассив иеленуі;

    Актив және пассивтің біржақты өзгеруі;

    Жеке  активтің немесе жалпы бағаның өзгеруі  нәтежиесінде актив және пассив құнының  өзгеруі. 

    1.2 Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары

  

    Ұлттық  есеп жүргізушілік дегеніміз әдістемелік  принциптердің бірлігіне негізделген, ұлттық шот жүйесін макродеңгейде және секторлар деңгейінде салумен аяқталатын, барлық экономикалық қызметтерді камтитын алғашкы, оперативті, бухгалтерлік жөне статистикалық есеп жүргізудің жұйесі.

    Ұлттық  есеп шот жүйесі (ҰЕШЖ) - экономикалық процестер-мен олардың нәтижелерінің бір-бірімен байланысының баланстық өдістемесінің жиынтық мазмұндамасын көрсетеді. Әдістеменің бірлігі барлық шот көрсеткіштерінің жинақталуын, салыстырылуын, ақпарат арқылы бір-бірін толтыруын қамтамасыз етіп, экономикалық әрекеттің жиынтық суретін құрайды.Макроэкономикалық қызметтің нөтижесін сипаттайтын, бір-бірімен байланысты статистикалық көрсеткіштер жүйесін, белгілі шотгар жөне кестелер жинағы арқылы көрсету ұлттық шот жүйесі деп те анықтауға болады.ҰЕШЖ меншіктің барлық түрінде әрекет ететін институционалдық бірліктермен шаруашылық субъектілердің қызметін камтып, шығарылған жөне шығарылмаған, қаржылық және қаржылық емес, материалдық жөне материалдық емес активтердің операцияларын есепке алады.

    ҰЕШЖ негізінде экономикалық қызметтің өндіріс процесінің әр түрлі сатысындағы қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесінде жатыр, мысалы, өнімдер мен кызметтерді өндіру, табыстарды құру, кайта бөлу және соңғы пайдалану, әр түрлі активтерді қолдану, жалпы сақтауды пайдалану (қорлану шоты), сыртқы экономикалық байланыс, т.б.Экономикалык процестер мен олардың нәтижелерінің мінездемесін, процестер арасындағы байланысын қамтуҰЕШЖ-гі көрсеткіштер негізінде жасалады. [6,125б]

    Сонымен, ҰЕШЖ - мемлекеттің, оның аймақтарымен секторларының экономикалық қызметін, әр түрлі экономикалық операциялар процесіндегі экономикалык агенттердің арасындағы өнімдердің ағымын және оның қаржыльгқ эквивалентінің бір-бірімен байланысын баланс (шот) негізінде көрсетіп, жинақты зерттеуге арналған экономиканың өзара моделі.

    ҰЕШЖ ағымдағы бағамен өңделген бірқатар негізгі шоттардан тұрады:

    1.Ішкі экономиканың шоттары:

    А.өнімдер  мен қызметтерді өндіру шоты; 

    Б.табыстарды құру және бөлу шоты;

  • табыстарды құру шоты;
  • алғашқы табыстарды бөлу шоты;
  • табыстарды екінші рет бөлу шоты;

    В.табысты  пайдалану шоты;    

  • жалпы қолдағы бар табысты пайдалану шоты;
  • түзетілген қолдағы бар табысты пайдалану шоты;

    Г.қорлану  шоты;

  • капиталмен жасалган операциялардың шоты;
  • қаржы шоты;

    Д.тауарлар және қызметтер шоты;

    2.Сыртқы  экономикалық байланыстардың шоты:

  • ағымдағы операциялардың субшоты;
  • капиталдық шығындардың субшоты.

    Баланстық статьяны есептеу арнайы ресурстар  жене пайдалану көлемінің арасында теңдік пайда болады, яғни жүйеге кірген әрбір шот баланс болып саналады.

    Экономикалық  процестердің нәтижесінің сипаттамасында әрбір шоттың баланстық статьясының өз алдына мағынасы бар және ол өткен шотты келесі шотпен байланыстырады.

    Экономикалық  талдауда өзіндік мағынасы бар жиынтық  баланстық шоттар макроэкономикалық  көрсеткіштер жүйесінің нәтижелерін білдіреді. Бір  әдістемелік  принциппен   есептелген   шоттар   жүйе   болып саналады, себебі, біріншіден олар бір-бірімен байланыста, екіншіден, бір әдістемелік принциппен құрылады, үшіншіден, байланыстағы көрсеткіштердің жүйесінен тұрады.

    Шоттағы көрсеткіштердің әрбір операциясы институционалдық бірліктердің арасындағы құндық ағымды камтып көрсетеді. Операция-лардың жүзеге асырылуы өндірістік циклдің сатыларымен сәйкес болғандықтан, олар өндірістік, бөлу, айырбас, тұтыну, сақтау деп бөлінеді.

    Сонымен, тауарлар және қызметтердің алмаспайтын құндық қозғалысын өндіріс циклінің сатыларынан — өндіруден бастап тұтыну және қорлануға дейін ҰЕШЖ қамтып көрсетеді.

    Ұлттық  шотты кұрудың негізгі принциптері: [7,15б]

    •шоттар бухгалтерлік есеп принципі бойынша құрылып, ҰЕШЖ-ң әрбір операциясы екі рет белгіленеді: бір рет алдыңғы шоттың "Пайдалану" бөлімінде, екінші рет келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінде;

    •жеке шот екі бетті кесте балансы түрінде көрсетіледі; ресурстарды құрайтын көрсеткіштер кестенің оң жағында бейнеленеді,ал  оны  пайдалану  кестенің  сол  жаганда көрсетіледі;

    •ұлттық шоттар белгілі бірізділікпен құрылады, ол ұдайы өндіріс циклінің жүйесіне сәйкес болуы керек;

    •шоттар барлық экономикалық ақшалардың баланс түріндегі бейнесі болып табылады;

    •жүйеге енгізілген екі рет жазылу принципіне  қатысты, ресурстар   операциясының нәтижесі мен пайдалану шотттары  баланстық статьяның көмегімен балансталады; Баланстық статьяның экономикалық талдаудағы  рөлі  маңызды,  яғни ол келесі шотқа ауысу үшін қызмет етеді.

    Шоттың оң және  сол жақ бөліктерінің  балансын  қамтамасыз  етіп  отырған  баланстық статьяны  есептегенде, ресурстар көрсеткіштерінің сомасынан оны пайдаланудың сомасын  алу  керек.Сондықтан  ҰЕШЖ  баланстық әдіс сияқты қарастырылады.

    •«Пайдалану" бөлімінде бейнеленген алдыңғы шоттың баланстық статьясы келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінің алғашқы көрсеткішін құрайды;

    • баланстық, статьялар — әрбір шотта ресурстардың көлемін және  оны   пайдаланудың   арасындағы   балансты   қамтамасыз ету үшін ғана  емес,   берілген  шотта бейнеленген экономикалық процестің нәтижелерін сипаттау үшін де қолданылады, олар экономикалық дамудың негізгі макро-экономикалык көрсеткіштері.

    Ұлттық  шотты жүргізудің әдістемелік принциптері  ҰЕШЖ негізінде экономиканың нақты жағдайын сипаттайды және алынған ақпараттың мемлекеттік және халықаралық деңгейінде салыстырмалылығын қамтамасыз етеді. 

    1.3 Ішкі экономикадағы  Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттары 

    Жеке  шот экономикалық әрекеттің белгілі  бір процесін бейнелейді. Шоттар жүйесі ресурстардың бастапқы қалыптасуы мен табыстар ағымын, оларды пайдалану және соңғы қаржы нәтижелерінің әрекеті арасындағы байланысты көрсетеді. Шоттарды ағымдағы операция шоттары және қорлану шоттары деп екіге бөлуге болады. Біріншісінде, ағымдағы жылда аяқталатын операциялар бейнеленеді: өндіріс құрылу, табыстарды бөлу және пайдалану шоттары. Екіншісіне, капиталмен жүргізілетін операциялардың шоттары, қаржылық шоттар, актив және пассив баланстары жатады.Бірқатар шоттар өндіріс шотынан басталады. Өндіріс процесін талдап, оның операцияларын қамтып көрсету үшін өндіріс шоты қолданылады. Өндірістің нәтижесі тауар және қызметті шығарумен аяқталады.Өндіріс шотының ресурс бөлігінде тауар және қызметті шығару, пайдалануда - аралық тұтыну, ал баланстаушы статьясында - жалпы қосылған құн көрсетіледі.

    Табыс шоттары − шот жүйесінің ортаңғысы, олар өндіріс нәтижесін капитал  құру процесімен және қаржылы актив  пен пассив өзгерістерін байланыстырады. Табыс шоттары үш топқа бөлінеді. Бұның себебі - табыс айналымының  үш негізігі сатысын белгілеу: құрылу, бөлу, қайта бөлу және де тұтыну мен сақтауда пайдалану. Осы процестерді зерттеу жалпы экономикада ғана емес, институционалдық секторлар бойынша да жүргізіледі. [8,216б]

    Бірінші топтың мақсаты — кең көлемде  түсінілетін өндіріспен байланысты барлық табыстарды бөлу. Жалпы қосылған құн табыстардың сомасын бейнелейді, ол ішкі экономиканың қарауына тапсырылған өндіріс факторының төлемі, өндіріс және өнімдерге салынған салық - мемлекеттің табысының қосындысы. Бірінші шотта - табыс құрылуының шотында - бұл сома үш бөлікке бөлінеді: жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы − еңбек табысы, өндіріске салық және қалған факторлық табыстардың сомасы - пайданы, ал үй шаруашылық секторы үшін - аралас табысты бейнелейді.

    Бірінші топтың келесі шотында - бастапқы табысты бөлу шотында - қалған факторлық табыстардың белгіленуі жүреді − жекеменшік табысы (проценттер, дивиденттер, рента, бөлінбеген пайда жөне т.б.). Шотта өндіріске тікелей және жанама катысатын өндірушілердің үш тобының бастапқы табыстары көрсетіледі:

    •тұрғындардың - жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы, жекеменшік табысы, іскерлік (аралас) табыс;

    •  кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасы;

    •  мемлекеттің өндіріс пен импортқа салығы;

    • "басқа мемлекеттерден" алынған меншіктен табыс. Табыстың екінші рет бөлінуінің шоты бастапқы табыстардың қайта бөлінуін көрсетеді, яғни, әр түрлі трансферлер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты бойынша табысты қайта бөліп бастапқы табыстың сальдосын өзгертеді, қолдағы бар табысты құрайды.

    Табысты пайдалану шоты табыс шоттарының тобын аяқтайды. Ол үй шаруашылықтары, мемлекеттің басқару органдары және үй шаруашылық-тарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдардың қарамағындағы табыстың қай бөлігі тұтынуға және сақтауға пайдаланатынын көрсетеді. Басқа секторларда қолдағы бар табыс сақтауға тең.

    Тұтыну мен жинақтаудың арасындағы қатынас экономиканың дамуының негізгі сипаттамасы болып есептеледі. Бұл шоттағы соңғы тұтыну экономиканың дамуына жасалған шығындарды көрсетеді, оның нақты тұтынудан айырмашылығы осымен белгіленеді.

Информация о работе Ұлттық есеп шоттар жүйесі